жүрек қан там-1. Жрек ан тамырлар жйесіні ызметі бзылуы кезіндегі мейірбикелік рдіс
Скачать 25.67 Kb.
|
Жүрек қан - тамырлар жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс Жүрек қан – тамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі себептерге байланысты жүректің түрлі бөлімдерінің жұмысының бұзылуымен сипатталып, жүрек қан – тамырлар жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Жүрек қан – тамырлар жүйесі ауруларының маңызды симптомдарына: - жүрек қағуы - жүрек тұсының ауыруы - демікпе - түншығу - жүрек ырғағының бұзылуы - шеткі ісінулер - асцит - артериалды қан қысымының жоғарылауы - артериалды қан қысымының төмендеуі - естен тану жатады. Асцит – іш қуысында сұықтықтың жиналуы. Тұншығу – кенеттен дамитын ұстама тәрізді ауа жетіспеу жағдайы. Демікпе - бронхтар қуысының жіті тарылуынан немесе жүрек ауруының көрінісі ретінде дамитын тұншығу ұстамасы. Жүрек демікпесіне шуылды, ылғалды тыныс алу, көбік сипатты қанды қақырықтың бөлінуіне тән. Бронхты демікпесіне қиындаған тыныс алу және ұзарған дем шығаруға тән. Жүрек қағысының жиілеуін пациенттер жүрек соғысының жиілеуі (тахикардия) ретінде қабылдайды және бұл симптомдар жүрек жетіспеушілігінің алғашқы белгілері болып табылады. Жүрек қағысының жиілеуі байқалған жағдайда медбике тез арада дәрігерге хабарлауы тиіс. Дәрігер себебін анықтап, қажетті ем мен режимді тағайындайды. Кей жағдайларда жүрек қағысының жиілеуі сау, бірақ жүйке жүйесі реттелуінің тұрақсыздығы жағдайында да байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда валериана ертіндісі, тиімді денешынықтыру жақсы нәтиже береді. Жүрек тұсының ауыруы - өте қауіпті ауру, миокард инфарктысының симптомы болып табылады. Стенокардия – кеуде клеткасының артқы жағының немесе одан солға қарай тұсының қысып ауруы болып саналады. Ол шамадан тыс жизикалық жұмыс жасағанда немесе тыныштық жағдайында да болуы мүмкін. Ауырсыну бірнеше минутқа созылып, нитроглицериннің таблеткасын қабылдаған соң басылады. Ұстама ауырсыну симптомының басылуы үшін пациентке 2-3 тамшы 1% нитроглицерин ерітіндісін немесе бір таблетка нитроглицеринді тілдің астына беру керек. 2-3 минуттан соң ауырсыну басылады. Егер нәтиже болмаса 5 минут ішінде қайталап беруге болады. Кейбір жағдайларда ұстама 2-3 тамшы немесе 1 таблетка тілдің астына валидол салумен де басылады. Бірақ валидолдан болатын нәтиже нитрогицеринге қарағанда аздау болады. Миокард инфарктысы – жүрек бұлшық етінің некрозға ұшыраған аймағы, миокардтағы қан айналымының жедел бұзылуынан пайда болады. Ұстама ауырсыну симптомы – кеуде қуысының артқы жағында немесе одан солға қарай өте төзгісіз, шаншып ауыру пайда болады, ауырсыну сол жақ жауырынға немесе екі жауырынға, арқаға, сол қолға немесе екі қолға беріледі. Көбінесе ауырсыну пациенттің өлімнен қорқып үрейленуімен қоса жүреді. Миокард инфарктісінде ауырсыну симптомы бірнеше ондаған минуттан бірнеше тәулікке созылуы мүмкін. Қайталап нитроглицеринді пациентке беру нәтиже бермейді. Миокард инфарктісінің жедел кезеңінде тез арада ауырсыну симптомын басу қажет болады. Ол үшін промедол, омнопон немесе морфинді тері астына 0,1% атропин ерітіндісінің 0,5 мл – мен қоса енгізу керек. Дәрігер келгенше жүрек тұсына қыша қағазын, пациенттің аяғына және қолдарына жылытқыш қою қажет. Егер дәрігер кешірек келетіндей болса, ауырсыну симптомын басу үшін бұлшық етке 2 мл 50% аналгин ерітіндісін енгізу керек. Демікпе –көмірқышқыл газының көп мөлшерде жиналуынан тыныс алу орталығының тітіркенуінен болады. Қанның оттегімен аз мөлшерде қанығуынан және көмір қышқыл газдың көбеюінен кіші қан айналым шеңберінің көк тамырында қанның тұрып қалуы байқалады. Өкпе тмырларында шамадан тыс қанның болуынан жүректің сол жақ жүрекшксінің жетіспеушілігі немесе митралды стеноз (сол жақ жүрекше – қарынша байланысының тарылуы) пайда болып, демікпе ұстамасы мазалайды. Бұл жүрек демікпесі тез арада шұғыл көмек көрсетуді қажет етеді. Тұншығу ұстамасы – көбінесе түнгі уақытта мазалайды. Демді ішке алудың, демді сыртқа шығарудың қиындауымен сипатталып, науқас жағдайының тез арада нашарлауына әкеліп соқтырады. Ұстама кезінде пациент төсектен аяғын салбыратып отырады, мәжбүрлік қалыпта болады. Пациенттің терісінің түсі көкшілденеді, тер басады. Тыныс алу жиілігі бір минутта 30-40 ретке дейін жиілейді. Бастапқы кезде құрғақ, соңынан алқызыл түкірікті қақырықпен жөтел пайда болады. Бұл өкпе ісігінің пайда болғанын көрсетеді. Пульс жиі, кернеуі жоғары, ритмі ретсіз болады. Медбике пациенттің отыру жағдайына көмектеседі, пациентке оттегі беріп, дәрігердің тез арада келуін қамтамасыз етеді. Дәрігердің нұсқауымен тері астына морфин немесе омнопон, көк тамырға жайлап натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде немесе глюкозада 20 мл строфантин немесе коргликон енгізеді. Осы шприцпен көк тамырға фуросемид (лазикс) енгізеді. Осы препараттарды көк тамырға эуфиллинмен қоса енгізу жақсы нәтиже береді. Жеңілдеу жағдайда аяқ қолға түтікті жгут қоюға болады, бұл жағдайда медбике жгут тек көк тамырды ғана қысуын қадағалауы тиіс, ал артерияларда пульстің соғуын ескеруі қажет. Жгутты барлық көктамырлардан бірден алуға болмайды. Ісіктер – жүрек қан – тамырлар ауруларында жүректің оң жақ жүрекшесінің жетіспеушілігінде пайда болады. Үлкен қан айналым шеңберінде қанның шамадан тыс көптігі байқалады. Пациенттің бауыры үлкейеді, тері асты ісіктері пайда болады, қуыстарда су жиналады. /плевра, құрсақ қуысы/ Ісіктің пайда болуымен судың ағзадан шығуының кешігуі сәйкес келеді. Зәрдің сыртқа шығуы азаяды./олигурия/ Ісігі бар науқастар жартылай төсек режимінде болады. Медбике пациенттің суды қабылдауы мен сыртқа шығаруын қадағалайды. Күнделікті диурезді есептеп, ауру тарихына мәліметті түсіреді. Ісінген терінің қоректенуі бұзылады, осының әсерінен оның қорғаныштық қасиеті төмендейді. Тері қабатының тұтастығының бұзылуы ағзаға инфекция енудің көзі болып табылады. Пациентке күтім жасауда мұны ескеру қажет. Пациенттің төсеніші ыңғайлы болуы тиіс, төсеніште тамақ қалдықтары, қиқымдары, төсек қыртыстары болмауы шарт. Керісінше жағдайда ойылулар пайда болады. Ол үшін пациентті төсекте жиі ауыстырып, жамбас пен шынтақ астына үрленген резеңке айналма қою қажет. Ісік болған жағдайда төсекке тиетін жерлеріне камфорлы спирт жағу немесе тальк ұнтағын пайдалану қажет. Гигиеналық ванна немесе душ дәрігердің нұсқауымен ғана іске асырылады. Пациенттің плевра қуысындағы немесе іш қуысындағы суды алу үшін көбінесе пункция жасалады. Жүрек жетіспеушілігі кезінде іш қуысы мүшелерінде қозғалыстың нашарлауы болуы мүмкін. Ол әр түрлі диспепсиялық симптомдардың пайда болуына әкеледі – тәбеттің нашарлауы, лоқсу, іштің жоғарғы бөлігінің қысылуы, қаталау. Медбике пациенттің физиологиялық сыртқа шығаруларына көңіл бөлуі тиіс. Дәрігердің нұсқауымен медбике пациентке сыртқа шығаруды жақсартатын таблеткалар береді, тазалау клизмасын жасайды. Әдетте уақытылы жасалған ішекті тазалау процедуралары пациент жағдайының жақсаруына көмектеседі. Жүрек қан – тамырлар жүйесі ауруларына жасалатын күтім барынша жүрек жұмысының жақсаруына бағытталуы тиіс. Пациентке психологиялық тыныштық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл әсіресе стенокардия ауруы бар пациенттерге өте қажет болады. Себебі кез келген көңіл күйдің толқуы бұл пациенттердің ағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін. Қан айналым мүшелерінің қызметі бұзылғанда науқас келесі шағымдарды айтады: - жүрек тұсының ауырсынуы; - ентігу; - тұншығу (жүрек демікпесі); - шеткі ісінулер; - жүрек қағу; - іштің ұлғаюы (асцит); - АҚ күрт жоғарылауы (гипертониялық криз); - АҚ күрт төмендеуі (коллапс); - Естен тану. - Науқастан дем алу қажеттілігі қанағаттануының бұзылысы туралы мәлімет алу үшін сұрастырған кезде, жүректің ауырсынуын алғаш рет қашан сезгенін, ауырсынудың сипатын (ұстама түрінде, қақсайтын, тесетін), ауырсынудың пайда болуына әсер ететін факторларды (жаяу жұру, күйзеліс, физикалық ауырлық) анықтау қажет. Сонымен қатар, кейбір дәрілерді, мысалы валидол, нитроглицерин қолданғаны туралы, одан қандай нәтиже болғаны туралы сұрастыру қажет. Дұрыс диагноз қою үшін қосымша мәліметтер жинау қажет. Мысалы, тыныштық, жүру, физикалық ауырлық кездерінде ентігу болғаны туралы, тәулігіне ішетін сұйықтық мөлшері туралы, соңғы кезде дене салмағының ұлғаюы туралы сұрастыру қажет. Сұрастыру кезінде науқастың өз қан қысымын бақылайтыны туралы, кім өлшейтінін, кардиолог көмегін қажет етуі туралы сұрастыру өте қажет. Сонымен қатар, қан айналу жүйесі ауруларының дамуында зиянды әдеттердің, кәсіби зияндылықтардың, тұқым қуалаушылықтың маңызы үлкен. Кәсіптік зияндылықтарға түнгі кезекшіліктер, жиі суық тию, шуыл, тербеліс, жоғары ылғалдылық, "ыстық цех", зиянды булар жатады. Науқастан сұрастырған кезде тұрмыстық жағдайы туралы да (пәтердің ылғалдылығы, ауаның төмен температурасы) мәлімет алу керек. Қан айналым жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары: -шылым шегу; - ішімдікке салыну; - аз қимылды өмір салты; - жиі күйзелістік жағдайлар; - көпмөлшердемайқабылдау; - артық салмақ; Науқасты жалпы қарау кезінде келесі өзгерістерге назар аудару қажет: - тері жамылғыларының түсі: бозару, цианоз, гиперемия; - терінің ылғалдылығы: ылғалды, суық тер; - ентігу: тыныштық жағдайда, қимыл-әрекет кезінде; - шеткі ісіктер: тобықтарда, балтырда, бетте; - іштің көлемінің ұлғаюы (асцит), іштің алдыңғы аймағында венозды суреттің күшеюі; 1) дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті көмекті қажет етеді); 2) емделушіге көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшық еттерінің қызметі жеңілдейді); 3) физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі төмендейді, тыныс алу жағдайлары жақсарады): 4) валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) және 30-40 тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нит- роглицерин тамшы түрінде болса, онда 1-2 тамшысын қантқа тамызады; Ескерту: қан қысымы 100мм с.б. төмен болғанда нитроглицеринді беруге болмайды. 5) жүрек тұсына қыша қою (қан айналым мүшелеріне рефлекторлы әсер етеді); б) таза ауа жіберуді қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі төмендейді, тыныс алу жағдайлары жақсарады); 7) дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету; Ескерту: стенокардия ұстамасының созылу уақыты орташа есеппен 1-5 минутқа (сирек жағдайда 30 минутқа дейін) созылады. Егер ауырсыну басылмаса, миокард инфарктісі болуы мүмкін. 8) емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау жүргізу. 9) науқастың жағдайы жақсарғанда ұстама кезінде нитроглицерин немесе валидолды тіл астына қабылдау ережелерін түсіндіру. 10)Науқаспен және оның туыстарымен ауырсынудың алдын алу шаралары, уақытылы көмек шаралары туралы әңгімелесу. Ұстаманы тудыратын қауіпті факторлар (қатты қобалжу, физикалық жүктеме, спиртті ішімдіктер қабылдау, темекі шегу) туралы әңгімелесу. Электрокардиография-жүректе пайда болатынэлектро тогын жазу тәсілі.Электро тогын (биотокты) пайда болуы жүрек бұлшық етінің қызметіне байланысты. Қалыпты ЭКГ-да P,Q,R,S,T деп белгіленетін аралықтар (интервалдар) болады. Аурулар-стенокардия, миокард инфаркті, жүрек аритмиясы. Сфинография- артерия пульсін жазу тәсілі. Пульс түрлері, жылдам және жиілігін анықтау. Флебография- көк тамыр пульсін жазу тәсілі, жүрек оң жақ қарыншаның жиырылу қызметін анықтау үшін қолданылады. Кардиография-жүрек соғысының жазу тәсілі.Жүрек қарыншаларының жиырылу қызметін зерттеу үшін қолдану. 7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының көрінісі: еңтігу, демікпе, жүрек түсының ауруы, жүрек соғысы, жүрек жұмысы кезіндегі іркіліс, перифериялық ісіктер, асцит, АҚ күрт көтерілуі және төмендеуі, талып қалу. 2. Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. 3. Пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасау. 4. Артериалды қысымды өлшеу, пульсты қадағалау. 5. Тәулік диурезді өлшеу және су балансын анықтау. 6. Тері мен сілемейлі қабықтарға күтім көрсету. 7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері: - жұппен жұмыс істеу; - ситуациялық есептер; -тест алу. 7.6. Әдебиеттер: 7.6.1 Негізгі: 2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл 3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год 4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год 5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год 7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері: -ауысша сұрау; -тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету; - тест алу. |