Главная страница
Навигация по странице:

  • Терминальді жағдайдың сатылары

  • Преагония Преагония - артериялық қан қысымының жылдам төмендеуімен сипатталатын ағзаның өлу кезеңі. Ұзақтығы - бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін.

  • Естің сопор немесе комаға дейін бұзылуы;

  • Тері бозғылттығы мен цианоз

  • Терминальды пауза

  • Клиникалық өлімнің белгілері

  • Науқастың ауырлық жағдайын бағалау критерийлері

  • Биологиялық өлімнің белгілері

  • I саты

  • С (circulation his blood)

  • D (drug)

  • III саты

  • Ауыздан мұрынға әдісімен өкпені жасанды

  • Жүректің тікелей емес массажы

  • A (airway)

  • С (chest compressions)

  • Дефибрилляция жасау реттілігі

  • Бифазалық разрядты қою орындары

  • жүрек өкпелік реанимациясы. Жүрек-өкпе реанимациясы. Жреккпе реанимациясы. Жреккпе реанимациясы


    Скачать 0.85 Mb.
    НазваниеЖреккпе реанимациясы. Жреккпе реанимациясы
    Анкоржүрек өкпелік реанимациясы
    Дата20.05.2021
    Размер0.85 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаЖүрек-өкпе реанимациясы.pptx
    ТипДокументы
    #207564

    ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫ.

    ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫ.

    Жоспар

    I.Кіріспе II. Негізгі бөлім а)Терминальді жағдайлардың сатылары, клиникасы б) Диагностикасы в) Науқастың ауырлық жағдайын бағалау критерийлері г) Өкпе-жүректік реанимация түсінігі д) Дефибрилляция е)Кенеттен өлім III. Қорытынды Кіріспе “Өлім” түсінігі “ өмір” түсінігінің логикалық жалғасы. Адамдарда өмірдің өлімге өтуі - зат алмасу процесстерінің субклеткалық және молекулалық деңгейде бұзылуынан болады. Ағза үшін бұл ең алдымен өмірге қажетті функциялардың “өшуі” - қанайналым, тыныс алу, жүйке жүйесінің қызметтерінің тоқтауы. Өлу процесінің ұзақтығы әр түрлі болады. Кейде өлім тез арада бірнеше секунд немесе минуттар ішінде, ал кей жағдайларда баяу және бірнеше ондық минуттардан бірнеше сағаттарға дейін созылады. Терминальді жағдайлар – ағза қызметтерінің өшу және өлу процесі немесе өмір мен өлім арасындағы жағдай. Танатология – өлу мен өлім процесстерін зерттейтін ғылым.

    Терминальді жағдайдың сатылары


    В. А. Неговский, 1986ж., және П. Сафар, 1997ж. бойынша терминальді жағдайлардың 3 сатысы бар:
    • преагония;
    • агония;
    • клиникалық өлім.

    Преагония Преагония - артериялық қан қысымының жылдам төмендеуімен сипатталатын ағзаның өлу кезеңі. Ұзақтығы - бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін.

    • Жалпы тежелу;
    • Естің сопор немесе комаға дейін бұзылуы;
    • Гипорефлексия;
    • Әуелі тахикардия және тахипноэ, кейін брадикардия мен брадипноэ
    • САҚ 50 мм.сын.бағ.-нан төмендеуі;
    • Перифериялық артерияларда пульс анықталмайды, бірақ ұйқы және сан артерияларында пальпацияланады;
    • Айқын ентігу;
    • Тері бозғылттығы мен цианоз

    Бұл - преагонияның агония сатысына өту кезеңі. Ұзақтығы 5-10 с-тан 3-4 минутқа дейін. Преагония кезіндегі тахипноэ немесе брадипноэ осы кезеңде апноэға ауысады.Терминальді пауза ЖҚТЖ жұмысының нашарлауы мен көздің конъюктивальді және мүйізді рефлекстердің жоғалуымен сипатталады. Кезең гипоксия шартында парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсенуімен түсіндіріледі.

    Терминальды пауза

    Агония

    • Есі жоғалған (терең кома);
    • Пульс пен АҚ әуелі жоғарылауы мүмкін,

    • кейін төмендейді немесе анықталмайды;
    • Жүрек тондары тұйық;
    • Тыныс алу беткей (Куссмауль, Биот, Чейн-

    • Стокс патологиялық тыныстары)

    Бұл – өлім алды кезеңі.Ұзақтығы - 20-40 секунд. Бас миының жоғарғы бөлігінің қызметтері жойылады. Физиологиялық прцестердің регуляциясы бульбарлы орталықпен іске асырылып, реттелмеген сипатқа ие болады. Бағаналы түзілістердің белсенуі АҚ мен тыныс алудың біршама жоғарылауына әкеледі.

    Клиникалық өлім


    Клиникалық өлім - өлудің қайтымды кезеңі. Ұзақтығы 5-6 минут. Кейде фармакологиялық әдіспен немесе гипотермиялық жағдайда ұзақтығын 10-15 минутқа дейін созуға боллады.
    • Тыныс алу мен жүрек қызметінің толық тоқтаған сәттен бастап тіркеледі;
    • Егер 5-6 минутта өмірге қажетті қызметтер қалпына келтірілмесе, гипоксияға өте сезімтал бас миы қыртысының жасушаларының некрозы дамып, биологиялық өлімге әкеледі.

    Клиникалық өлімнің белгілері:
    • Есі жоқ;
    • Магистральді артерияларда пульс анықталмайды;
    • Тыныс алу жойылған,кеуде торы экскурсиясы анықталмайды;
    • Тоникалық немесе клоникалық тырысулар;
    • Арефлексия;
    • Адинамия;
    • Мидриаз;
    • Терінің цианозы мен жер түстес болуы.

    Науқастың ауырлық жағдайын бағалау критерийлері


    Параметрлер

    Преагония

    Агония

    Клиникалық өлім

    ОЖЖ

    Есі

    Жартылай тежелген

    -

    -

    Рефлекстер

    төмендеген

    +/-

    -

    Қарашық

    ЖҚТЖ

    Перифериялық пульс

    Жіп тәрізді

    -

    -

    АҚ

    төмендеген

    +/-

    -

    Магистральді артериялардағы пульс

    +

    +

    -

    Жүрек тондары

    +

    +

    -

    Тыныс алу жүйесі

    Жиілігі мен сипаттамасы

    Жиілеген, беткей

    патологиялық

    -

    Биологиялық өлімнің белгілері:


    • көздің мүйізді қабатының кебуі және нұрлы қабық түсінің өзгеруі;
    • “мысық қарашығы” симптомы;

    • Осы 2 белгі анықталса, өлім 1 сағат бұрын болған.
    • дене температурасы әр сағат сайын 1 градус Цельсийге төмендейді;
    • өліктік дақтар - 2-4 сағаттан соң түзіле бастап, 12-14 сағатта алғашқы гипостаз белгілері тұрақталады;
    • өліктік тырысу ( қатаю )- 2-4 сағаттан кейін басталып, 3-4 тәулікте шегіне жетеді;
    • өліктік ыдырау;

    ЖҮРЕКТІК-ӨКПЕЛІК РЕАНИМАЦИЯ


    Реаниматология – ағзаның негізгі функцияларының өшуі, оларды жедел және спецификалық амалдар, әдістер арқылы қайта қалпына келтіру арасындағы заңдылықты зерттейтін клиникалық бағыт пен жеке ғылым саласы.

    Реанимация – клиникалық өлім жағдайындағы науқастардың ағзасының өмірлік маңызды қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.

    Интенсивті терапия – ағзаның өмірге маңызды қызметтері бұзылған ауыр және терминальді жағдайдағы науқастарға көрсетілетін кешенді медициналық көмек.

    П. Сафар [1997] бойынша реанимация жүргізудің 3 сатысы мен 9 кезеңін бөледі:

    I саты — элементарлы өмірді қамтамасыз ету :

    (airway open)  тыныс алу жолдары өткізгіштігін қалпына келтіру;

    В (breath for victim) — өкпенің жедел жасанды вентиляциясы мен оксигенациясы;

    С (circulation his blood) — қанайналымды қамтамасыз ету.

    II саты — әрі қарай өмірді қамтамасыз ету (өздігінен қанайналымды қалпына келтіру, қанайналым мен тыныс алу көрсеткіштерін нормализациялау мен стабилизациялау):

    (drug)  медикаментозды заттар мен инфузионды терапия;

    Е (ECG) — электрокардиоскопия и кардиография;

    (fibrillation)  дефибрилляция.

    III саты — өмірді ұзақ ұстап тұру (поддержание)- постреанимациялық интенсивті терапия :

    (gauging)  жағдайын бағалау;

    Н (human mentation) - есін қалпына келтіру;

    I — ағзалар қызметінің жеткіліксіздігін коррекциялау.

    Сафардың үштік әдісі: басты шалқайту, төменгі жақты алдыға тарту және ауызды ашу


    1

    2

    3

    Жабық тыныс жолдары


    Ашық тыныс жолдары

    Ауыздан мұрынға әдісімен өкпені жасанды

    вентиляциялау

    Ауыздан ауызға әдісімен өкпені жасанды

    вентиляциялау

    Жүректің тікелей емес массажы

    1. Кеуде торына алғашқы басу, оның эластикалығын анықтау мақсатында әлсіз жүргізіледі.

    2. Иілу тереңдігі 5см-ден кем емес, бір компрессияның ұзақтығы 0,5 секунд, жиілігі минутына 100 рет.

    3. Әр компрессиядан кейін кеуде торы толық қалпына келуі керек, ол үшін қолды алу қажет, бірақ қолды науқас кеудесінен ажыратпау қажет.

    4. ӨЖЖ және жүректің тікелей емес массажын бір уақытты жүргізгенде олардың қатынасы 2:30 бір реаниматор, 1:15 екі реаниматор.

    Америкалық Кардиологиялық Ассоциациясының ұсынысы бойынша мынадай өзгерістер енгізілді:


    (airway)  жасанды тыныс алу;

    В (breathing) — тыныс алу жолдарын босату;

    С (chest compressions) — компрессиялық басу.

    2005 жылы:

    2010 жылғы өзгеріс бойынша:

    С (chest compressions) — компрессиялық басу;

    (airway)  жасанды тыныс алу;

    В (breathing) — тыныс алу жолдарын босату.

    Науқас пен реаниматордың қалпы

    Қол мен төстің жанасатын жері

    Схемасы:

    а – қолды төске қою;

    б – төсті басу.

    Дефибрилляция

    Дефибрилляция


    Дефибрилляция - жүректің қарыншалары мен жүрекшелерінің фибрилляциясын жою.

    Американың Кардиологиялық Ассоциациясының 2010 жылғы ұсынысы бойынша разряд беру моно- немесе бифазалық дефибрилляторларды қолдануға байланысты ерекшеленеді:

    Монофазалы дефибриллятор разряды 200 -360Дж ;

    Бифазалы дефибриллятор разряды 120-200Дж.

    Ескі әдіс бойынша дефибрилляция жасау кезінде разряд мынадай реттілікпен жүргізілді:

    200Дж — 300Дж — 360Дж
    Дефибрилляция жасау реттілігі: 1. ӨЖР бастап, бірден дефибрилляторды дайындау; 2. Жүректің жабық массажын минутына 100 рет, компрессия/декомпрессия= 1/1 ; 3. Өкпені жасанды желдендіру ( компрессия/ тыныс алу )=30/2, Сафардың үштік әдісі) - 100 % оттегі қолдану; - ӨЖЖ және жабық жүрек массажын 30 секундқа дейін үзбеу; 4. Орталық немесе ірі шеткері венаны катетеризациялау; 5. ӨЖР кезінде эпинефрин 1мг-нан 3-5 мин сайын енгізу; 6. Дефибрилляция 200Дж: - нәтиже жоқ- 300Дж - нәтиже жоқ-360Дж 7. Эффект жоқ- амиодарон 300мг- 360Дж; - нәтиже жоқ- 5 мин соң амиодарон 150мг қайта енгізу-360Дж; - гипомагниемия немесе қарыншалық тахикардия - магний сульфаты 1-2 г; - қарынша фибрилляциясында прокаинамид 1000мг- 360 Дж; - разряд арасындағы паузада ӨЖЖ мен жүректің жабық массажын жасап тұру;

    Бифазалық разрядты қою орындары

    Кенеттен өлім синдромы.

    • Осы уақытқа дейін жағдайы тұрақты болып келіп,өзін жайсыз сезіну симптомдары басталғаннан кейін бірден немесе 60 мин ішінде;
    • Бұл жерде жарақат салдарынан өлтіру, асфиксия, суға бату және улану кезіндегі өлімдер жатпайды;
    • Кардиогенді және кардиогенді емес генезді болуы мүмкін;

    Кенеттен қайтыс болған нәресте синдромы

    • Тыныс алу жеткіліксіздігі кенеттен қайтыс болған сау нәресте немесе сау бала, онда кейінгі летальдық өлімді анықтай алмайды.
    • Жиілігі 1000 жаңа туылған нәрестеге шаққанда 0.5-7.
    • Басым жасы – өмірінің 1 жылы, шыңы – 2 - 4 ай.
    • Толық үстемдік ерлерде ( 52-60%).

    Қауіп факторлары:

    • Жасы: өмірінің 2-4 айы;
    • Маусымы: Мамыр мен қазан айынан
    • Шала туылған және төмен салмақта туылған балалар

      Q-T интервалының ұзару синдромы

    • Баланы жұмсақ төсекке жатқызу.Отбасында түсініксіз себептерден нәрестеге кенеттен қайтыс болуы ;
    • Баланың цианоз және апноэ ұстамаларымен туылуы;
    • Жүктілік кезінде темекі және наркотикалық заттарды қолдануы;
    • Жас ана (17 жастан төмен)
    • Әлеуметтік тұрмысы нашар, ананың сапасыз тамақтануы;
    Қорытынды Өлім ең алдымен өмірге қажетті функциялардың “өшуі” - қанайналым, тыныс алу, жүйке жүйесінің қызметтерінің тоқтауы. Бұл процесінің ұзақтығы әр түрлі болады. Кейде өлім тез арада бірнеше секунд немесе минуттар ішінде, ал кей жағдайларда баяу және бірнеше ондық минуттардан бірнеше сағаттарға дейін созылады. Терминальді жағдайлар – ағза қызметтерінің өшу және өлу процесі немесе өмір мен өлім арасындағы жағдай десек, терминальді жағдайдың әрбір кезеңінде көрсетілген көмек жылдам, нақты және ұйымдастырылған болу керек.


    написать администратору сайта