сценарий. аккала бизде конакта. Жргізуші ктем н жо зінде, Мз абаын тйіпті. ысылатын біздер ме, ыста бізге сйікті. Балалар азір жылды ай мезгілі Балалар
Скачать 16.63 Kb.
|
Мақсаты:балалардың қысқы табиғатты бақылап,қарапайым қүбылыстары қардың жауғаны,аяз туралы түсініктерін кеңейту.Балалар өлеңдерді,ойындарды орындауға қызығушылықтарын дамыту.Балалардың көңіл-күйін шаттыққа баулу.Әдемі безендірілген залға балалар әуенмен кіреді,амандасады отырады. Жүргізуші: Өктем үн жоқ өзінде, Мұз қабағын түйіпті. Қысылатын біздер ме, Қыста бізге сүйікті. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Қыс мезгілі. -Қыс мезгілінде жер бетін не жабады? Балалар: Қар жабады. -Дұрыс айтасыңдар қар жабады. -Балалар қар қандай? Балалар:Жұмсақ ақ түсті,мұздай салқын болады. Балалар қарды қолғапсыз ұстауға,жеуге болады ма? Балалар: Жоқ,болмайды. -Иә дұрыс айтасыңдар қарды жесек ауырып қаламыз.Балалар сонымен қар жылдың қай мезгілінде жауады екен? Балалар: Қыс мезгілінде. -Балалар қыс мезгілі туралы тақпақтар білеміз бе? Балалар: Иә білеміз. -Ендеше балалар тақпақтарымен ортаға шығады. Тақпақтар: Жүргізуші:Ендеше балалар қыс мезгілінің ерекшелігін ән менде жеткізейік. Ән: «Қыс» Жүргізуші: Балалар қыстың күні қыс суық борлса да,көңілімізді түсірмей көңілді жүруіміз керек.Біздің көңілімізді кім жақсы көтеретінің мен жақсы білемін? Ол кім деп ойлайсыздар балалар?Үнемі көңілді болып жүретін ол сайықмазақ.Олай болса балалар ортаға сайықмазақты шақырайық. Сайықмазақ: Сәлем достар! Мен сайықмазақпын көңілді, Көңілді болып жүремін. Балаларға сендердей, Қуаныш сыйлап келемін. Көңіл күйлерің қалай?Шаршаған жоқсыңдар ма? Мен де сендерге құр келгенім жоқпын,өзімнің жақсы көретін ойындарымды ала келдім. Ойындар: 1.Таяқшадан секіру. 2.Шаңғымен зырғанау. Жүргізуші: Қыс келді,қыс келді, Ақтарып ақ қарды. Жон аппақ түске енді. Аралап қайтайық, Ақ күміс бақтарды. Ән: «Қыстың күні» Жүргізуші:Енді балалар мен сендерге жұмбақ өлең жасырайын. Ойнаңдар да ойлаңдар Сәбіз мұрын кімде бар? Шелек киген басына, Айтыңдаршы балалар. Дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше бүгін біздерге Аққалада қонаққа келіп жетті,қарсы алайық. Аққала:Сәлеметсіздер ме балалар? Сендердің дауыстарыңды естіп,осында келдім.Мені таныдыңдар ма?Мен Аққаламын.Балалар мені неден жасайды?Балалар мен өзім білетін жұмбағымды жасырып көрейінші. 1.Өзі судан жаралған,бірақ судан қорқады. (Мұз) 2.Қырға сүйреп шығам,ойға мініп түсем.(Шана) Жүргізуші:-Балалар,біз енді Аққалаға тосын сый жасасақ қалай болады?Сіз көзіңізді жұмып тұрыңыз,Балалардың сізге арналған тосын сыйы бар. Балалар Аққала құрастырады. Аққала: Ой, қандай керемет!Балалар рахмет сендерге ризамын,маған өте тамаша дос болады ғой.Балалар мен сендермен де дос болғым келеді.Менімен дос боласыңдар ма? Ендеше бірге ойын ойнайық. Ойын: «Қарды жинау», «Кедергілерден өту сыпырғымен» Жүргізуші: Рахмет,саған Аққала!Біз өте ризамыз.Бүгіән біз жақсы көңіл көтердік. Ойын-сауық кешіміз өз мәресіне жетті.Әрқашанда көңілді болып жүрейік.Сау болыңыздар! |