Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

  • Жүргізуші

  • Жүргізуші

  • Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтаныты.

  • 9 мамыр сц. Жргізуші


    Скачать 14.37 Kb.
    НазваниеЖргізуші
    Дата31.01.2022
    Размер14.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9 мамыр сц.docx
    ТипДокументы
    #347054

             Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

    Құрметті әріптестер және оқушылар! Бүгін біз 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9- мамыр Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 76 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі 7- мамыр Отан қорғаушылар күні және 9- мамыр Жеңіс күніне арналған тақырыптық сабағымызды бастайық.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

    «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

    Слайд

    Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
    Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық.

    Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

    Санамызға жарық берген.

    Әкелері аталардың

    Бұл Жеңісті алып келген.

    Қуантамыз ән сап жұртты,

    Келе берсін бақыт таңы.

    Жеңіс күнің болсын құтты,
    Жүргізуші:

    Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
    Жас сәбилер думандатып ойнайды.
    Ардагерлер көздеріне жас алып,
    Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


    Жүргізуші:

    Елге қауіп төнбесін,

    Егестен адам өлмесін!

    Есен-аман болайық,

    Енді соғыс болмасын!

    Өртенбесін туған ел!

    Шайқалмасын асқар бел!

    Шайқалмасын шалқар көл!

     

    Жасасын Жеңіс!

    Бақытты елім күле бер!

    Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

    Болмасын соғыс!
    2-слайд
    - Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Сонымен бүгін біздің Отанымызды қорғайтын болашақ ұлдарымызды Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаларыңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын!




    Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтаныты. («Ден победы» әні жаймен қойылады )


    написать администратору сайта