Главная страница
Навигация по странице:

  • 2-дағды. Жұтқыншақтан және мұрыннан жағынды алу.

  • Ауырғандар үшін ұсыныстар

  • Дені сау адамдар үшін ұсыныстар

  • Медициналық қызметкерлерге арналған ұсыныстар

  • Тұмау.ЖРВИ Кароновирусіс-әрекет. Жрви кезінде экспрессдиагностикаа мрын кілегейінен жаынды алу


    Скачать 51.47 Kb.
    НазваниеЖрви кезінде экспрессдиагностикаа мрын кілегейінен жаынды алу
    Дата17.01.2022
    Размер51.47 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТұмау.ЖРВИ Кароновирусіс-әрекет.docx
    ТипДокументы
    #333878

    1-дағды. ЖРВИ кезінде экспресс-диагностикаға мұрын кілегейінен жағынды алу.



    Ағаш таяқшаға оралған мақталы тампонды физиологиялық ерітіндіге малып мұрын қуысына 2-3см тереңдікке енгізеді,төменгі мұрын жолының барлық қабырғаларына тигізіп,төменнен эфирмен тазаланған шыныға жұғынды алады.Жұғындыны стеклографпен жағып,кептіріп лабораторияға жіберіледі.

    Лабораторияда арнайы бояғыштармен және микроскоп арқылы олардың клеткалық және клеткаішілік құрылымын анықтайды,ал иммунофлюоресценттік диагностикада арнайы иммуноглобулиндермен тазалағанда патогенді микроорганизмдер айқындалады,сөйтіп оларды микроскоп арқылы көруге болады.

    Сондай-ақ препарат жұғындыларды арнайы шыныдан жасалған пластинкада немесе миксигласта дайындайды.Пластинканың ұзындығы 70-80мм,ені5-6мм,қалыңдығы

    2-2,5мм қыры жақсы лимифталған болуы керек.Қолданар алдында жақсылап жуып,эфирмен зарарсыздандырады.Пластинканы мұрынға 2-3см тереңдікке енгізеді төменгі мұрын жолының кілегейлі қабығынан жұғынды алады.Пластинканы мұрын қуысынан шығарып,мұрын пердесімен жанасқан беткейін тазалап сүртеді.
    2-дағды. Жұтқыншақтан және мұрыннан жағынды алу.


    Стерильденген тампоны бар пробирка және шпатель дайындау керек.

    1.Науқастың бетін жарыққа қаратып отыру керек.

    2.Науқастың тілін шпательмен басып,оң қолымызбен пробирканың ішіндегі тампонды шығарып аламыз.

    3.Сол қол арқылы шпательдің көмегімен тілін басып тұрып,оң қолмен пробирканың ішіндегі серильді тампонды шығарып жұтқыншақтан жағынды аламыз.

    4.Стерильденген тампонды пробирканың ішіне саламыз.

    5.Бактериялық лабораторияға жолдама толтырамыз.

    - Науқастың аты-жөні

    -Жұтқыншақтан жағынды алу

    -Күні

    -Не мақсатпен алынғаны

    -Мекеменің аты

    6.Пробирканы және жолдаманы лабораторияға жібереміз

    3-дағды. Тұмау және басқада ЖРВЖ кезінде медициналық мекемелердің жұмыс тәртібі:
    - барлық медицина қызметкерлері маскалық режимде болуы қажет;

    - барлық стационарларда карантин тәртібі қолданылуы;

    - дезинфекциялық ерітінділермен ылғалды тазартулар жүргізу;

    - палаталарды күніне 3 рет тазарту жүргізу қажет.

    Барлық медицина мекемелерінде ЖРВЖ және Тұмау аурулары кезінде қолданылатын

    дәрілік құралдар:
    1.Вирусқа қарсы препараттар.

    2.Қызуды түсіретін дәрілік құралдар.

    3.Иммуномодуляциялық құралдар.

    4.Витаминдер және минералдар.

    5.Осельтамивир.
    4-дағды. Коронавирусты инфекцияның алдын алу шаралары
    Қазіргі уақытта инфекцияны жұқтыру жағдайында алдын алуға қабілетті ұсынылған құралдар жоқ. SARS-CoV-2 вирусына қарсы вакцина жоқ, бірақ бұл бағытта әзірленімдер жүргізілуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) SARS-CoV-2 жұқтыру қаупін төмендету бойынша жалпы ұсыныстар берді:

    • қолды сабынмен немесе құрамында спирт бар заттармен жуу;

    • жөтел немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды иілген шынтақпен немесе бір рет қолданылатын майлықпен жауып, кейіннен міндетті түрде қолды жуу керек;

    • жөтел немесе дене қызуы жоғары адамдардан алшақ болу (1 метрден кем емес);

    • мүмкіндігінше мұрын, ауыз және көзді қолмен ұстамаңыз;

    • өкпенің жіті респираторлық ауруының белгілері болған жағдайда үйде қалу;

    • безгек, жөтел және тыныс алу қиын болған жағдайда, медициналық мекемеге жүгінуге болады;

    • тірі жануарлар, ет немесе құс сатылатын азық-түлік базарларына барған кезде гигиена ережелерін сақтау;

    • шикі немесе нашар термиялық өңделген жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынудан аулақ болу.
    Ауырғандар үшін ұсыныстар
    Медициналық маскалар әдеттегі халыққа респираторлық симптомдар болған жағдайда ұсынылады немесе COVID-19 болуы мүмкін науқасқа күтім жасаған жағдайда. Тұмау және тұмауға ұқсас аурулар туралы зерттеулер науқастардың маскаларын киюі басқа адамдардың зақымдануына және қоршаған заттар мен беттердің контаминациясына жол бермейтінін көрсетеді. СОVID-19-ға ұқсас симптомдар болған жағдайда, ДДҰ науқасқа маскаларды дұрыс пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі нұсқаулықтарды сақтай отырып, алып жүруді, өзін-өзі оқшаулауды, өзін-өзі нашар сезінгенде медицина қызметкерлеріне кеңес беруді, қолды жууды және басқа адамдарға қатысты қашықтықты сақтауды ұсынады.
    Дені сау адамдар үшін ұсыныстар
    Қоғамдық орындарда сау адамдардың маска киюінің пайдасы туралы қандай да бір дәлел жоқ. Алайда, түрлі елдерде маскалар тағу бойынша ұсыныстар бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Дегенмен, сау адамдардың маскаларын киюі үйде, ауру адамдар арасында және адамдардың жаппай шоғырланған жерлерде ауруды жұқтыру мүмкіндігі төмен деген кейбір дәлелдер бар. Резеңке қолғаптарды кию тиімді емес, тіпті жұқтыру қаупін арттыра алады. Қолды жиі жуу тиімдірек болып табылады. Ауруды жұқтырудан аулақ болу үшін ауру адамдармен қатар жүргенде қашықтықты сақтау және олармен тікелей байланыста болудан аулақ болу керек. Сондай-ақ қол алысудан аулақ болу. ДДҰ барлығына басқа адамдарға қатысты кем дегенде 1 метр қашықтықты сақтауды ұсынады, әсіресе, егер оларда респираторлық ауру белгілері болса.
    Медициналық қызметкерлерге арналған ұсыныстар
    ДДСҰ медицина қызметкерлеріне бетперделерді науқасқа күтім жасау кезінде, ал респираторларды ауада сұйықтықтардың шашырауы мүмкін емшараларды орындау кезінде пайдалануды ұсынады. ДДСҰ медициналық маскалар медицина қызметкерлері үшін сақталуға тиіс екенін атап өтті. Халық арасында олар қауіпсіздіктің жалған сезімін тудыруы және басқа да алдын алу шараларын елемеуге әкелуі мүмкін, ал медициналық қызметкерлер үшін маскалар қажетті болып табылады. Ауруханаішілік инфекцияның, оның ішінде медицина қызметкерлерінің арасында таралуын болдырмау үшін медициналық қызметкерлердің сақтық шараларыды сақтауы маңызды болып табылады. ДДСҰ ұсынымдарындағы негізгі принциптерге кіреді:
    • қол гигиенасы мен респираторлық гигиенаны сақтау;

    • пациенттердің бетперделерді, медицина қызметкерлерінің — жеке қорғану құралдарын алып жүруін, тазалық пен қалдықтарды бақылауды қоса алғанда, стандартты сақтық шараларын ұстану;

    • қосымша сақтық шаралары, соның ішінде бөлмелерді тиісті желдету, медициналық маскаларды, қолғаптарды және көзді қорғауға арналған құрылғыларды кию, пациенттердің байланыстарын шектеу, мүмкіндігінше оларды теріс қысымдағы палаталарға орналастыру;

    • ауадағы контаминирленген сұйықтықтардың тозаңдануы мүмкін рәсімдерді орындау кезінде сақтық шараларын сақтау;


    написать администратору сайта