Главная страница
Навигация по странице:

  • Практика жетекшісі: Сақтау М.М.

  • Сергіту сәті «Витамин» әдісі «Витамин» әдісі арқылы оқушыларды сергіту, көңіл-күйің көтеруБейнеролик «9 мамыр жеңіс күні»

  • «Сұрақ-жауап» әдісі Шарты: Әр оқушыны кезек-кезек тұрғызып сұрақ қою.-Біздің еліміз қалай аталадыҚазақстан -9-мамыр қандай мерекеЖеңіс күні

  • 9 мамыр жеңіс күні 2 (1). Жшс Самау мектебі Бекітемін Самау мектебіні директоры Жолдасова Г. Т


    Скачать 487.01 Kb.
    НазваниеЖшс Самау мектебі Бекітемін Самау мектебіні директоры Жолдасова Г. Т
    Дата22.05.2023
    Размер487.01 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9 мамыр жеңіс күні 2 (1).docx
    ТипДокументы
    #1150434

    ЖШС «Самғау» мектебі

    Бекітемін ___________

    «Самғау» мектебінің

    директоры Жолдасова Г.Т.

    Тәрбие сағаты



    Практика жетекшісі: Сақтау М.М.

    Өткізген: Орынбасар А.Х.

    Ақтөбе қ., 2023ж.

    Тақырыбы: «9 мамыр жеңіс күні»

    Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу.

    Барысы:

    Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

    Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

    Аспан бетін қаптаған қара тұман

    Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

    Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!

    Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!

    Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

    Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

    Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

    Халқымыз қуанышты тегіс бүгін

    Жауды жаншып, Отанды азат еткен,

    Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,

    - деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9 — мамырында қайта оралды.

    Жүргізуші: Иә, содан бері 78 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8 — мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын — соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
    Сергіту сәті «Витамин» әдісі

    «Витамин» әдісі арқылы оқушыларды сергіту, көңіл-күйің көтеру
    Бейнеролик «9 мамыр жеңіс күні»

    Бейнеролик арқылы оқушыларға «9 мамыр» туралы толығырақ ақпарат беру
    Жүргізуші: «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,

    Жігер менен құштарлықтың құралы,

    Күрескердің арманы мен ұраны

    Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

    Шынында бұл — оралған мыңнан бірің,

    Бақ нұрына жүзіңді туған күнің

    Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,

    Майдангерлер бәріңнің туған күнің
    «Сұрақ-жауап» әдісі

    Шарты: Әр оқушыны кезек-кезек тұрғызып сұрақ қою.

    -Біздің еліміз қалай аталады?Қазақстан

    -9-мамыр қандай мереке?Жеңіс күні

    -Ұлы Отан соғысы қашан басталды?1941 жылы

    -Ұлы Отан соғысына қатысқан, аттары аңызға айналған батырларды білесіңдер ме?Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы

    -Оларды неге батырлар дейді?
    Жүргізуші: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

    Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте

    Отанының бақыты үшін мерт болған

    Батырларды есіңде ұста, құрметте!

    Сен құрметте оны!

    Түсіндің бе қарағым?

    Ол ақшаға сатқан жоқ,

    Тізеден кесіп аяғын.

    Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,

    Қолындағы ұзын таяғын.
    Мақтау сөздер айтып, оқушыларға сыйлықтарын тарату
    Қорытынды:

    Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

    Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

    Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

    Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.


    написать администратору сайта