Главная страница
Навигация по странице:

  • Әдіс-тәсілдері

  • Кіріспе бөлім: Балалар,қане орнымыздан тұрып шаттық шеңбер құрайық.Шаттық шеңбері

  • Негізгі бөлім

  • «Бағдаршам» Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда билейді.Қорытынды

  • Бағдаршам. бағдаршам 2 топ. Жшс timosh балапан балабашасы Бадаршам таырыпты оу ызметі жоспары


    Скачать 22.03 Kb.
    НазваниеЖшс timosh балапан балабашасы Бадаршам таырыпты оу ызметі жоспары
    АнкорБағдаршам
    Дата06.08.2022
    Размер22.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабағдаршам 2 топ.docx
    ТипДокументы
    #641618

    ЖШС «TIMOSH балапан» балабақшасы»


    «Бағдаршам»
    /тақырыптық оқу қызметі жоспары/

    2-ші кіші «Ақерке» тобы

    Өткізген: тәрбиеші А.Ваисова

    2018-2019 оқу жылы

    Тақырыбы: «Бағдаршам»

    Мақсаты: Балалардың бағдаршам туралы түсінігін қалыптастыра отырып,жолда жүру ережесімен таныстыру,көшелер туралы ұғымды кеңейту,көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аударту,үлкендердің еңбегімен таныстыру.

    Әдіс-тәсілдері: Аралас сабақ, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

    Көрнекі-құралдар: Бағдаршам макеті, көлік түрлері бейнеленген суреттер, цифрлар.

    Билингвальды компонент: бағдаршам-светофор

    Кіріспе бөлім:

    Балалар,қане орнымыздан тұрып шаттық шеңбер құрайық.
    Шаттық шеңбері:
    -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын:

    Үш көзі бар қаз-қатар,

    Кезек-кезек ашады.

    Үшеуінен байқасам,

    Үш түсті нұр шашады.
    -Дұрыс айтасыңдар.

    -Бағдаршам дегеніміз не?

    Ол қандай қызмет атқарады?

    Негізгі бөлім:

    Мен сендерге «Қоян мен кірпінің» бастан кешкен оқиғасын айтып берейін.

    «Қоян мен кірпі орманда өмір сүріпті. Екеуі дос болыпты. Бір күні қоян кірпіге қалаға баруды ұсынады. Сонымен екеуі қалаға келеді».

    -Қалада олар биік-биік үйлерді, әдемі ғимараттарды, саябақтарды тамашалап және жолда зулап жүріп жатқан көліктерді көреді. Енді жолдың арғы бетіне өтейін десе, қалай өту керек екенін білмейді. Оларды байқап қалған бір бала жақындап келіп:

    - Сәлеметсіңдер ме қоян, кірпі, сендер мүнда не істеп тұрсыңдар - деп, сұрайды.

    - Біз жолдың арғы бетіне өте алмай тұрмыз – деп, қоян жауап береді.

    - Олай болса мен сендерге көмектесейін – дейді, балақай.

    Адамдар жолдан бағдаршамға қарап өтеді. Жол қиылысындағы бағдаршамның жанып, ауысып тұратын үш түсті көзі бар. Бірінші қызыл көзі жанғанда «тоқтап тұр» деген белгі береді. Сары түсі жанғанда «дайындал» деген белгі береді. Ал үшінші жасыл түсі жанғанда өтуге болады. Балақай бағдаршам макетін қолдана отырып, түсіндіреді.

    -Сендер енді жол ережесін білетін болдыңдар. Жол ережесін мұқият сақтап жүрсеңдер ешқандай жол апаты болмайды – деп, түсіндірген балаға қоян мен кірпі алғыстарын білдіреді. Қоян мен кірпі балақаймен қоштасып, ормандағы үйлеріне қайтады.

    -Балалар, бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді екен.

    Ойын: «Бағдаршам»

    Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда билейді.

    Қорытынды:

    - Сонымен біз не білдік?
    Жол жүрудің тәртібін,

    Ережесін білеміз.

    Сақтағанда қатерден,

    Сау-саламат жүреміз.

    Балалар, біз әрқашан жолда жүру тәртібін сақтауымыз керек екен.Сонда ғана әр түрлі қауіп-қатерден аман боламыз.

    Мадақтау


    написать администратору сайта