Кабиева А.Е.. Кабиева Аяжан Есенгелдиевна Физика жне информатика пні малімі
Скачать 13.08 Kb.
|
Кабиева Аяжан Есенгелдиевна Физика және информатика пәні мұғалімі БҚО. Бәйтерек ауданы. Өркен ЖОББМБК Курстан алған әсерім Менің курсқа келгендегі мақсатым еліміздің болашағы келешек ұрпақ алдындағы парызымды орындау процесі кезінде жаңа мүмкіндіктер мен өзгерістерді, толықтыруларды заман ағымына қарай кеңінен пайдалану. Бұл курстың жалпы ұстаздар қауымы арқылы қоғамға тигізер пайдасының көп екеніне сенемін. Өйткені, біздер, ұстаздар, мектеп қабырғасындағы жасөспірімдердің ойлау жүйесіне, өмірге деген көзқарасына, танымдарына белгілі бір дәрежеде әсер ете отырып, оның мектепте және мектептен тыс жерлерде өзін-өзі ұстауын, сол арқылы өзге де қоғам мүшелеріне ықпал жасаймыз деп ойлаймын. «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін үйрен» деп ұлы данамыз Абай айтқандай, біз көзімізді ашқаннан білім нәрін сусындаудамыз. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс- тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. « Бағдарламалау, роботехника және 3D басып шығару» оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы білімді талап етеді. Әр сабақтың өту барысында курс жетекшісі тренингтік ойындар мен жаттығулар жасатып, білім берудің ең үздік технологияларын пайдаланды . АКТ- ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуді, модельдеуді курс барысында ұғындық. . |