Гисталогия. для дис 7 саб. Кафедра гистологии
Скачать 64.16 Kb.
|
Сабақ № 7 «Беттің және ауыз қуысының дамуы.Ауыз шұңқыры және алдыңғы ішек. Желбезек аппараты Таңдайдың дамуы.Түпкілікті ауыз және мұрын қуыстарының дамуы. Ауыз қуысының кіре берісінің дамуы» тақырыбы бойынша «Стоматология» мектебінің студенттеріне арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ Құрастырған: доценттер: Ергазина М.Ж. және Калинина М.С. Оқу сағат саны: 3 с. 2. Тақырыптың маңызы Ауыз қуысының пайда болуы эмбриогенездің 3-ші аптасынан басталады. Біріншіден, алдыңғы ми көпіршігі мен жүректің төмпешігі арасындағы эмбрионның бас ұшында тері эктодермасының негізгі мезенхимаға енуіжүреді - бастапқы ауыз қуысы пайда болады, ол болашақ ауыз қуысы мен мұрынның қуысыныі бастамасы болып табылады. Ауыз қуысының, беттің және ұрықтың басқа мүшелерінің одан әрі даму бағыты бес жұп тармақталған доғалардан, желбезек қалталардан және желбезек саңылаулардан тұратын желбезек аппараттың пайда болуымен байланысты. Біріншіден, алдыңғы ішектің жұтқыншақ бөлімінің бүйір қабырғаларында энтодерманың шығыңқы жерлері –желбезек қалталары қалыптасады. Оларға қарама қарсы ұрықтың мойын бөлігінің ктодермасы - желбезек саңылаулары пайда болады. Желбезек қалталар мен желбезек саңылауларының іргелес шыңдары желбезек жарғақтарын құрайды. Іргелес желбезек қалталары мен саңылаулары арасында орналасқан мезенхиманың аймақтары өсіп, ұрықтың мойынның алдыңғы бөлігінде жоталар тәрізді биіктіктеп – желбезек доғалары қалыптасады. Бес жұп желбезек доғалардың ішіндегі ең үлкені - алғашқы желбезек доғалары, ол мандибулярлы немесе төменгі жақ доғалары деп аталады. Кейінірек олардан жоғарғы және төменгі жақ сүйектері пайда болады. Көлемі кішірек екінші желбезек доғалары гиоидты доғалар деп аталады, олардан тіл асты сүйегі дамиды. Үшінші желбезек доғалары көмейдің қалқанша шеміршегін қалыптастыруға қатысады. Үшінші жұп желбезек доғаларының каудальды жағында төртінші және бесінші жұп желбезек доғалар жатады. Бұл доғалар кері дамиды Желбезек қалталардың алғашқы жұбынан ортаңғы құлақ қуысы мен эвстахий түтігі түзіледі. Екінші жұп желбезек қалтасынан тағдай бадамшалары пайда болады, ал 3-ші және 4-ші жұптан – қалқанша маңы безі тимус дамиды. Бесінші жұп желбезек қалталарынан ультрамобронхты денелерді дамиды. Түпкілікті ауыз қуысы мен мұрынның пайда болуы бас сүйектің бет бөлігінің дамуымен тығыз байланысты. Төртінші аптаның соңында мандибулярлық доғалар пайда болғаннан кейін көп ұзамай бес төмпешік немесе өсінділер пайда болады. Бұл қсінділер ауыз қуысының кіреберісін қоршап алады, ол бастапқыда ойыққа ұқсайды. Жоғарыда, ауыз қуысы маңдай қсіндісімен шектелген, оның екі жағында жоғарға жақ өсінділері жатыр, ал екі мандибулярлық өсінді төменде орналасқан. Содан кейін, маңдай өсіндісінің бүйір бөліктерінде оны бірнеше аймаққа бөлетін екі ойыс – иіс сезу шұңқырлары пайда болады. Иіс сезу шұңқырларының арасында орналасқан ортаңғы бөлік маңдай өсінідісі деп атала береді, ал иіс сезі шұңқырларының айналасындағы төмпешіктер - медиальды және латеральді тқмпешіктер деп аталады. Латеральді мұрын өсіндісі жоғарға жақ өсіндісінен көз шұңқырын иіс сезу шұңқырымен байланыстыратын мұрын – жас жүлгесі арқылы бөлінеді. Болашақта мұрын – жас жүлгесі тұйықталып мұрын - жас каналына айналады. Мұрын жолдарын ауыз қуысынан бөлетін тіндердің таға тәрізді аймағы алғашқы таңдай деп аталады. Кейіннен одан ақырғы таңдайдың алдыңғы (премаксилярлы) бөлігі, сондай-ақ жоғарғы еріннің ортаңғы бөлігі пайда болады. Мұрын өсінділерінің арасында жалпақ ортаңғы бөлім бар, ол төменгі мұрын жазықтығы деп аталады. Жоғарыда, мұрынның медиальды өсінділерінің аймағында кішкентай үшбұрышты аймақ жатыр, ол мұрынның артқы және қанаттарына бастама береді. Бастапқыда мұрын бүршіктері кең және тегіс аймақ тәрізді, ол даму барысында өсі көтеріледі. Осы процесспен қатар, жоғарға жақ өсінділері бір-бірімен де, медиальді мұрын өсінділерінің төменгі ұштарымен де жақындасып, бірігіп өсуі байқалады. Жоғарғы жақ пен жоғарғы еріннің бастамалары осылай қалыптасады, ал медиальді мұрын өсінділері үстіңгі жақтың бір бөлігін (күрек тістердің аймағын) және жоғарғы еріннің ортаңғы бөлігін қалыптастырады. Максиларлы өсінділерден жоғарғы жақ пен жоғарғы еріннің қалған бөлігі дамиды. Төменгі жақ пен төменгі еріннің қалыптасуы мандибулярлық өсінділердің өзара бірігуінің нәтижесінде жүреді. Адамның бет-әлпеті оны құрайтын өсінділердің біртіндеп бірігуінің нәтижесінде қалыптасады. Бұл процесс эмбриогенездің жетінші аптасында аяқталады Эмбриогенездің 6-7 аптасында алғашқы таңдайдың қалыптасуы басталады, бұл алғашқы ауыз қуысының түпкілікті ауыз қуысы мен мұрын қуысына бөлінуіне әкеледі. Бұл процесс жоғарғы жақ өсінділерінің ішкі бетінде пластинка тәрізді шығыңқы жерлердің – таңдай өсінділерінің немесе таңдай пластинкаларының пайда болуымен байланысты. Таңдай өсінділері бір-біріне жақындайды және эмбриогенездің екінші айының соңында ортаңғы сызық бойымен бірігеді, алдымен алдыңғы бөлімдер, содан кейін артқы бөліктер бірігеді. Біріккен таңдай өсінділері жұмсақ және қатты таңдайдың көп бөлігіне бастама береді. Сонымен бірге мұрын пердесінің өсуі жүреді, ол ортаңғы сызық бойымен қатты таңдаймен біріктіріліп, мұрын қуысын оң және сол жақ мұрын бөлімдеріне бөледі. Мұрын пердесімен байланысы жоқ таңдай пластинкасының артқы бөліктері бірігіп жұмсақ таңдай мен тілшікті құрайды. Ауыздың кіреберісінің дамуы еріндер мен ұрттың пайда болуымен байланысты. Бұл процесс алғашқы ауыз қуысын жауып жатқан көп қабатты жалпақ эпителий эмбриогенездің жетінші аптасында қалыңдап – тіс валигін қалыптастыруымен байланысты. Эпителийдің бұл қалыңдауы біртіндеп астындағы мезенхимаға ене бастайды. Нәтижесінде эпителий вестибулярлы немесе ұр- ерін пластинкасы пайда болады, ол алғашқы ауыз қуысының бүкіл жиегіне созылады. Көп ұзамай вестибулярлық пластинканың бетінде жүлге тәрізді ойық пайда болады, ол кейіннен терең ойыққа - ауыз қуысының кіреберісіне айналады, ол жоғарғы немесе төменгі жақ сүйектерін тиісті еріннен бөліп тұрады. 3. Сабақтың дидактикалық мақсаты: 1. Бет және ауыз қуысының даму көздері мен даму барысы туралы тұтас көзқарас қалыптастыру. 2. Ауыз қуысының туындыларының шығу көздері мен даму барысын білу 3. Желбезекті аппарат туралы түсінікке ие болу; 4. Ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқу дағдыларын дамытып, білімі мен дағдыларын, алғашқы зерттеу дағдыларын жетілдіру. |