|
Кафедра Инфекциялы аурулар интерінні зіндік жмысы таырыбы
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина
университеті
Кафедра: Инфекциялық аурулар
ИНТЕРІННІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Сепсиспен, ошақтық қабыну процестерімен (пиелонефрит, холангит, бауырдың диафрагмаастылық асбцесі, бүйрек карбункулі), дәнекер тінінің жайылмалы ауруымен ( ЖҚЖ, ревматоидты артрит, түйінді периартерит) және қанның жүйелі аурулармен екшеу диагностикасы.
АҚТӨБЕ 2017
ЖОСПАРЫ
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
Сепсистің анықтамасы,маңызды диагностикалық белгілері,дифференциальді диагностикасы Бруцеллез бен ревматоидты артриттің диференциальді диагностикасы
ІІІ. Қорытынды.
Сепсис (латынша sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына
стафилакокк,
стрептококк,
менингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты; сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам сепсиске ұшырайды.
Сепсисте фатоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан клетка ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады. Сепсистің орналасқан орнына қарай:
-терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы);
-бадамша бездік (іріңді баспа);
-хирургиялық (шиқан шыққанда);
-гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін);
-урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар);
-отогендік (іріңді отиттің асқынуы);
-кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар.
Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) Сепсис деп атайды.
Іш сүзегін ерте анықтаудың ( алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
Маңызды диагностикалық белгілер
1.Қызба 2.Бастың ауруы 3. Ұйқының бұзылуы 4. Бауыры мен талақтың ұлғаюы – жайылмалы инфекция
Әртүрлі сепситер мен басқа жұқпалы аурулармен және жұқпалы емес аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу. 5. Іште дискомфорт сезіну, энтерит синдромы, тістің дақтары бар ісінген тіл, илеоцекальды маңайдағы құрылдау мен ауырсыну сезімі, оң мәнді Падалка симптомы және Штернбергтің оң «қиылысу» симптомы.
Іш сүзегі мен сепсистің дифференциальды диагностикасы
| Іш сүзегі
| Сепсис
| Этиологиясы бойынша негізгі қоздырғыштары
Инфекция көзі және резервуарі
Патогенезі
бойынша
Патолого-анатомиялық көріністері бойынша
Инкубациялық
кезең
| Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi A және В. Туысы- Salmonella, тұқымдасы-
Enterobacteriaceal Құрамында: термотұрақты самтоикалық О-АГ, термобильді талшығы бар Н-АГ,
Термобильді соматикалық Vi-АГ эндотоксин.
Қоздырғышына тән: сыртқы ортада тұрақты, топырақта және суда 1-5 айдай сақталады. Нәжісте 25 күнге дейін тағамдық азықты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін , киімде 2 аптаға дейін сақталады.
Аурудың қоздырғышы- бактериялар су және топырақта 2 аптадай, жемістер мен көкөністе 5-10 күндей, сары май мен етте 1-3 айға, қыздырғанда 50 С қа дейін өз тіршілігін жоймайды. Тек қайнатқанда ғана өледі.
Ауру адам Транзиторлы бактерия тасымалдаушылар (1-3апта бойы) РЕКОНВАЛЕСЦЕНТТІ ТАСЫМАЛДАУШЫ
Созылмалы бактерия тасымалдаушылар аурудың негізгі көзі болады.
Тарау жолдары:
-алиментарлы
-су арқылы
-тұрмыстық-қатынас арқылы;
Қоздырғыштың ауыз қуысынан, асқазаннан қышқылды барьермен өтіп, ащы ішектің пейер бляшкаларына және солитарлы фолликуларына еніп көбеюі ; Қанға өтіп бактеремия токсинемия шақырады; Паренхиматозды диссеминация Қоздырғыштың сыртқы ортаға шығуы; Өт жолдары арқылы қоздырғыштың ащы ішекке қайталап келуі Аллергиялық реакциялар Иммунитет қалыптасуы мен аурудың соңы Сауығу
Ми тәрізді ісіну( инк кезең аяғы сырқаттың 1 аптасында қалыптасады.) Некроздану ( сырқаттың 1 аптасының аяғы мен 2 аптасының бойы) Ойық жаралардың қалыптасуы (3-ші аптада!) Ойық жараның тазалануы ( 4-аптада) Ойық жаралардың жазылуы (5-6 аптада)
3-28 күнге дейін, орташа алғанда 9-14 күн
| Ірің микробтармен залалданған қанмен дамитын ауру.
Сепсистің негізгні қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады.
Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуывнан,
Ауыр операциялардан Қан кетуден Қоректің жетіспеуінен Аурудан кейін организм әлсірегенде адам сепсиске ұщырайды.
Фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микроюбтар жойылмастан жасуша ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады.
Сепсистің патолого- анатомиялық көріністерінде ерекше өзіне тән өзгерістер болмайды.
Инкубациялық кезең болмайды
| Клиникасы бойынша
Перифериялық қанның өзгерістері
| І. Тері өзгерістері:
Бозару, бөртпе (аурудың 8-12 күндері розеолезді бөртпе түрінде, аз мөлшерлі, көбінесе ішіне, кеуденің төменгі жағына шығуы, 2-3 күн себелеп шығуы тән)
ІІ. Ас қорыту жүйесі бұзылыстары:
-тәбетінің төмендеуі
-тілдің ісінуі( шеттерінде тіс іздері айқын байқалады)
-бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы
-пальпация кезінде ішінтің оң жақ мықын аймағында ішектің щұрылдауы
-Падалка белгінің оң болуы
Нәжісі қалыпты, кейде ботқа тәрізді
ІІІ. ЖТЖ бұзылысы
-салыстырмалы брадикардия
-АҚҚ төмендеуі
-пульстің дикротиясы 1-ай аптада шамалы лейкоцитоз, одан кейін лейкопения қалыптасады. Салыстырмалы лимфомоноцитоз, анэзлофилин тән.
| Нозологиялық клиникалық формаларының ерекшеліктері (найзағай тәріздес жедел, созылмалы, рецидиыти, метастазбен,метастассыз) науқас ағзасының барлық негізгі органдарының вфункциясының удемелі декомпенсациясы, көптеген симптомдардың әртүрлі комбинацияларымен сипатталады.
Анемия, лейкоцитоз, лейкоциттік формуланың солға ығысуы, қан тромбині 45-50% дейін төмендейді. Кейбір ауруларда бактериемия анықталады.
|
Бруцеллезбен ревматоидты артрит диференциалды диагностикасы
| БРУЦЕЛЛЕЗ
| РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТ
| Этиологиясы бойынша, негізгі қоздырғыштары
| Brucella тұқымына 6 түр кіреді: Br.melitensis қазастанда жиі кездеседі. Br.abertus, Br.suis, Br.cauris, Br.neotomae
Шар тәрізді грам теріс, эндотаксин бөліп шығарады. S-форма түзеді. Сыртқы ортаға кең төзімді
| себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторларға мән беріледі.
ГЕН ерекшеліктері:
РА шалдыққандардың қандас туыстарында 4 есе жиі кездеседі. Бұл HLA жүйесінің антигендік құрылымының ерекшелігіненболуы мүмкін, науқастардың HLA жүйесінде DR1.DR4.DRW4.DW14-антигендері жиі анықталады.
Инфекциялық агенттер. Соңғы екезде иммундық жасушалардың зақымдануына алып келетін кейбір вирустарға ретровирусқа герпес, қызамық вирусына цитомегаловирусқа әсіресе Эпштеин Барр вирусына, микоплазмаға күмән келтіреді.
| Инфекция көзі және резервуарі
Патогенезі бойынша
| Ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар., және адамдар.
Таралу механизмі: фекальды-оральды
Берілу жолдары: қатынас арқылы; алиментарлық; аэрогенді.
Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.
Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді. Сосын макрофагтармен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионерлік лимфа түйіндеріне енеді.
| Инфекциялық агенттер
Толық анықталмаған. Буын тініне тропты белгісіз бір агент синовий қабатын мекендеп иммундық реакцияны қоздырады. Осыдан агрегацияланған IgG және IgA,IgM түзіледі. Синовидегі плазмалық жасушалармен лимфоциттер бұл IgG Fc1 фрагментіне қарсы IgMжәне A,G класына жататын антиденелердии түзе бастайды.Құрылымы бұрыс, яғни иммундық жүйегебөгде боп танылатын иммуноглобулиндерге қарсы түзілетінантиденелердің қосындысы ревматоидтық фактор деп аталады.
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Инфекциялық аурулар» Е.Шувалова, Москва 2005ж «Жұқпалы аурулар » А.Қ. Дүйсенова, Алматы 2014ж
|
|
|