Кафедра ытану
Скачать 163.46 Kb.
|
Қазақ инновациялық гуманитарлық -заң университеті Кафедра «Құқықтану» ЭССЕ «Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім.» Орындаған: Юр-911 тобының студенті Дамиров Eралы.E. Тексерген: Оқытушы,магистр,Ашимова Гульжанат.М Семей, 2021ж. Қазақстан – тәуелсіз, егеменді ел. Біздің елде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Күн санап түрлі ғимараттар, үйлер салынуда. Сан-қилы салалар дамуда. Бір сөзбен айтқанда, еліміз дамып, гүлденіп жатыр. Осындай деңгейге жету үшін, тәуелсіз ел болу үшін халқымыз талай қиындықтардан өтті. Ел басы – Нұрсұлтан Назарбаевты президент етіп халқымыз бекер сайлаған жоқ. Назарбаев халқына берген антында, елдің өркендеуіне берген уәдесін орындады және әлі де орындауда. Ал енді, мен өз Отанымның өркендеуі үшін не істей алатыным жөнінде тоқталсам. Болашақта өз елімнің өркендеуі үшін аянбай еңбек етемін. Ең алдымен сапалы да, терең білім алсам деймін. Сол мақсатта өз мамандығым бойынша білім алудамын. Семей қаласының, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетің 2-курс студентімін. Болашақ мамандығым заңгер. Алдымен оқуымды жақсы оқып бітірсем деген ой бар. Сабағымды үнемі жақсы оқуға тырысамын. Мен өз Отанымның гүлденуі үшін адал жұмыс істейтінімді білемін. Мен қоғамды жеке адамнан жоғары қоямын, өйткені Отанымыз бәріміз үшін, он сегіз миллион қазақстандық үшін біреу, және егер әркім өз үлесін қосса, біз біріншілердің арасында бірінші боламыз, бүкіл әлем менің елім – Қазақстан Республикасы туралы біледі! Ал қазір, мен әлі жас ұрпақтың өкілі болсам да, менің де өз міндеттерім бар, оларды орындауым керек, өйткені борыш сезімі бала кезінен қалыптасады. Мен жоғары оқу орнында лайықты білім алуға, спортпен шұғылдануға, зияткерлік конкурстарға қатысуға, Мен сұраған нәрсені ғана емес, мүмкіндігінше көп нәрсені істеуге тырысамын, өйткені бұл менің университетім, қалам, облысым үшін, демек, менің Отаным үшін қажет. |