холецистит. Калькулезды холецистит. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Жалпы емі т абындаы тастар
Скачать 18.53 Kb.
|
КАЛЬКУЛЕЗДЫ ХОЛЕЦИСТИТ . ЭТИОЛОГИЯСЫ. КЛИНИКАСЫ .ДИАГНОСТИКАСЫ. ЖАЛПЫ ЕМІ Өт қабындағы тастар - өт қабындағы өттің құрамында холестерин, билирубин немесе өт тұзы қалыптыдан көп болу салдарынан, түзілетін қатты конкременттер. Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт тастарының екі түрі болады: холестериндік және пигменттік: Холестеринді тастар, сарғыш-жасыл түсті, ал салмағы жеңіл болады, сондықтан суға батпайды. Бұндай тастардың рентген сәулесіне деген контрастығы өте төмен. Осы себептен оларды анықтау үшін контрасты рентгенологиялық зерттеу қажет. Рентген суретінде бұндай тастар, көбінесе, өт қуығында қалқып жүреді. (“қалқымалы тастар”). Пигменттік тастар тастардың құрамында билирубиннің көлемі басымырақ болады, ал олардың түстері қоңыр-қара, құрылысы аморфты болып келеді. Этиологиясы Көптеген жылдар бойы өт-тас ауры негізгі себептері ретінде и н ф е к ц и я (инфекциялық теория), организмде х о л е с т е р и н деңгейінің жоғарылауы (гиперхолестеринемиялық теория), өт сұйығының өт қуығында толуы (тоқырау теориясы) аталып келді. Кейбір адамдарда өт тастарының түзілуінің жоғары қаупі болады: Әйелдер ерлерге қарағанда өт тасындағы тастардың түзілуіне бейімірек болады. Эстрогеннің көптігі өттегі холестерин деңгейінің артуына және өт қабының жиырылуының азаюына ықпал етуі мүмкін, нәтижесінде, өт тастарының түзілуіне алғы шарттар пайда болады. Әйелдерде эстрогеннің көптігі жүктілік кезінде, гормондық алмастыру емдеуінде немесе ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдауда пайда болуы мүмкін. Өт қабындағы тастардың түзілуіне 40 жастан асқан адамдар бейім келеді. Клиникасы Өтті шығаратын түтіктердің таспен бітелуінде өт қабында қысым артады, бұл өт қабының түйілуінің ұстамасын туындатады. Ауырсыну, әдетте, бір сағаттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Өт қабының түйілуі ауыр тағамды қабылдауға байланысты және әдетте, кешке немесе түнде болады. Өт қабы түйілуінің ұстамасы кезінде немесе одан кейін келесі симптомдар пайда болатын адамдарға шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет: 5 сағаттан асатын уақыт бойы іштің ауырсынуы Жүрек айнуы және құсу Қызба (кейде дене температурасының сәл көтерілуі) немесе қалтырауы Терінің немесе көздің склерасының сарғыштануы (сарғаюы) Қоңыр-сары түсті несеп және нәжістің ақшыл түсі Лабораториялық және биохимиялық зерттеулер. Қандағы билирубин мөлшерін анықтау. Қандағы билирубиннің қалыпты мөлшері 1,7–20,5 мкмоль/л аралықтарында жатады. Бауыр мен өт жолдарының сырқаттарында егер олар өт сұйығының қалыпты ағу жолдарында бөгет туғызса, яғни механикалық сарғаю пайда болса , бұл көрсеткіш жоғарылайды. Қандағы холестерин мөлшерін анықтау. ӨҚТПА-нда қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 3–7,8 ммоль/л тең. Қанда белок мөлшерін анықтау. Ұзақ мерзімге созылған ӨҚТПА-нда немесе оның механикалық сарғаюмен асқынған түрінде қандағы белок мөлшері төмендеуі мүмкін (диспротеинемия). Қалыпты мөлшері 65-85 г/л тең. Өт тас ауруын анықтау үшін әдетте, ультрадыбыстық тексеруді тағайындайды Емі Диета №5, төсектік тәртіп Холестеринді өт тастарын хирургиялық емес емдеу Хирургиялық емес емдеу ерекше жағдайда тағайындалады, мысалы, холестеринді өт тастары бар науқаста операцияға кедергі келтіретін күрделі ауру болса. Әдетте, хирургиялық емес емдеудің 5 жылынан кейін өт қабындағы тастар қайта түзіледі. Холестеринді өт тастарын бұзу үшін хирургиялық емес емдеудің 2 түрі бар: Тастарды еріту үшін дәрілік препараттарды қабылдау. Урсодиол (Актигалл) және Хенодиол – өт қышқылы бар дәрілік препараттар, олар өт қабындағы тастарды ерітуге қабілетті. Бұл препараттар ұсақ холестеринді тастарды ерітуде аса тиімді. Барлық тастарды осылай еріту үшін бірнеше ай немесе жыл қажет болуы мүмкін. Соққы-толқынды литотрипсия. Өт тастарын бұзу үшін арнайы аппарат - литотриптер қолданылады. Ол соққы толқындарын шығарады, бұл толқындар адамның денесі арқылы өтіп, өт тастарын ұсақ бөліктерге ұсатады. Бұл шара сирек қолданылады және урсодиолды қабылдаумен қатар тағайындалады. |