Главная страница

Карьерлік көлік тест. Карьерлік көлік тест (1 нуска. Карьерлік клік пні бойынша тест сратары


Скачать 28.68 Kb.
НазваниеКарьерлік клік пні бойынша тест сратары
АнкорКарьерлік көлік тест
Дата17.04.2023
Размер28.68 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКарьерлік көлік тест (1 нуска.docx
ТипДокументы
#1066229

«Карьерлік көлік» пәні бойынша тест сұрақтары

  1. Теміржол жолының жоғарғы құрылымы неден құралады?

  1. Рельстер, шпалдар, топырақты төсеме, ұсақ тас үйінділер мен жылжуға қарсы қойылатын құрылғыдан

  2. Рельстер, шпалдар, рельсті біріктіретін бекітулер мен қиыршық тасты қабаттан, жылжуға қарсы қойылатын құрылғыдан

  3. Рельстер, шпалдар, рельсті біріктіретін бекітулер мен қиыршық тасты қабаттан, жол өтпесінен

  4. Көпір, шпалдар, рельсті біріктіретін бекітулер мен қиыршық тасты қабаттан, жылжуға қарсы қойылатын құрылғыдан

  5. Рельстер, виадуктер, рельсті біріктіретін бекітулер мен қиыршық тасты қабаттан, жылжуға қарсы қойылатын құрылғыдан




  1. Жасанды құрылғыларға нелер жатады?

  1. Көпірлер, жол өтпелері, эстакадалар, виадуктер, жолдың жоғарғы құрылымы, рельсті біріктіретін бекітулер, астаулар, тоннелдер

  2. Қиыршық тасты қабаттан, жол өтпелері, эстакадалар, виадуктер, жолдың жоғарғы құрылымы, құбырлар, тоннелдер

  3. Көпірлер, жол өтпелері, эстакадалар, топырақты төсеме, жолдың жоғарғы құрылымы, құбырлар, астаулар, тоннелдер

  4. Көпірлер, автокөлік жолдардан, эстакадалар, виадуктер, жолдың жоғарғы құрылымы, астаулар, тоннелдер

  5. Көпірлер, жол өтпелері, эстакадалар, виадуктер, жолдың жоғарғы құрылымы, құбырлар, астаулар, тоннелдер




  1. Теміржол топырақты төсемесінде қандай көлденең кескіндер болады?

  1. Төсеме, ойық, нөлдік орын, жартылай төсеме, жартылай ойық, жартылай төсеме-жартылай ойық

  2. Траншея, ойық, нөлдік орын, жартылай төсеме, жартылай ойық, жартылай төсеме-жартылай ойық

  3. Төсеме, кертпеш, нөлдік орын, жартылай төсеме, жартылай ойық, жартылай төсеме-жартылай ойық

  4. Траншея, ойық, үйінді, жартылай төсеме, жартылай ойық, жартылай төсеме-жартылай ойық

  5. Траншея, ойық, нөлдік орын, жартылай төсеме, ашық кеніш түбі, жартылай төсеме-жартылай ойық




  1. Қазақстан аумағында топырақты төсеменің қандай жобасы қолданылады?

  1. Төсеме және ойық

  2. Жартылай төсеме-жартылай ойық

  3. Төсеме

  4. Жартылай төсеме

  5. Жартылай ойық




  1. Теміржол карьерлік көлігі не үшін пайдаланылады?

  1. Көлікпен ашық кенорындарында тау-кен массасын көшіру

  2. Теміржол құрылысында

  3. Көпірлерді салу

  4. Жабдықтардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау

  5. Ашық кендерде кен массасын сақтау




  1. Рельстік жолтабанының құрылымы қалай сипатталады?

  1. Енімен, рельстің еңкіштік бұрышымен, рельстердің өзара орналасуымен, сызбамен және көлденең қарағандағы қисықтығымен

  2. Рельстік жолдар санымен

  3. Енімен, рельстің еңкіштік бұрышымен, карьердегі жолдардың орналасуымен, сызбамен және көлденең қарағандағы қисықтығымен

  4. Рельстердің биіктігімен, рельстің еңкіштік бұрышымен, рельстердің өзара орналасуымен, сызбамен және көлденең қарағандағы қисықтығымен

  5. Енімен, рельстердің өзара орналасуымен, сызбамен және көлденең қарағандағы қисықтығымен

  1. 1520 мм енді табанға қандай рельстер типі қолданылады?

  1. Р18, Р65, Р50, Р43

  2. Р75, Р65, Р50, Р24

  3. Р75, Р8, Р11, Р43

  4. Р75, Р65, Р50, Р43

  5. Р75, Р65, Р15, Р43




  1. Қандай қашықтық жол табанының ені деп аталады?

  1. Жолдың осіне қарама-қарсы өлшенген рельс бастарының ішкі қырлары арасындағы

  2. Жол осінің жүрісі бойынша өлшенген рельс бастарының ішкі қырлары арасындағы

  3. Жолдың осіне қарама-қарсы өлшенген рельс бастарының сыртқы қырлары арасындағы

  4. Жолдың осіне қарама-қарсы өлшенген рельс табананың арасындағы

  5. Жолдың осіне қарама-қарсы өлшенген рельсбастарының ішкі қырлары арасындағы




  1. Роторлық қар тазалағыштың жұмыс істеу қағидасы неден тұрады?

  1. Ротормен қарды іліп алып, кескілеуден және оны жол осінен басқа жаққа лақтырудан

  2. Айналмалы соқамен қарды іліп алып және кескілеуден

  3. Жол осінен басқа жаққа лақтырудан

  4. Қар қазудан, қарды айналмалы соқамен іліп алудан және оны жол осінен басқа жаққа лақтырудан

  5. Кескілеу мен қарды нығыздап айналмалы соқамен іліп алудан және оны жол осінен басқа жаққа лақтырудан




  1. Теміржол жүрісіндегі крандар жол буындарын нұсқарлық крандарға қандай қашықтықта қайта салуға мүмкіндік береді?

  1. 15-18 м

  2. 12-14 м

  3. 10-12 м

  4. 20-24 м

  5. 14-16 м




  1. Стационарлық жолдарды қандай мерзімге жайғастырады?

  1. Ұзақ мерзімге

  2. 6 айға

  3. 1 жылға

  4. Жолдың қызмет көрсету мерзіміне

  5. Белгісіз мерзімге

  1. Траншеяны станциялармен және үйінділермен байланыстыратын жер үстіндегі жолы қандай жолдарға жатады?

  1. Уақытша жолдарға

  2. Көшпелі жолдарға

  3. Стационарлық жолдарға

  4. Қатар жатқан жолдарға

  5. Тұрақты жолдарға




  1. Теміржол вагонына дұрыс анықтама беріңіз.

  1. Ашық жұмыстарда рельстік жолдармен жүк және жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік

  2. Ашық жұмыстарда рельстік жолдармен жүк және жолаушыларды тасымалдауға арналған самосвалдық құрал

  3. Ашық жұмыстарда рельстік жолдармен жүк және жолаушыларды тасымалдауға арналған көтеру құралы

  4. Ашық жұмыстарда рельстік жолдармен жүк және жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік ыдысы

  5. Ашық жұмыстарда рельстік жолдармен жүк және жолаушыларды тасымалдау құралы




  1. Вагондарда, думпкарларда осьтердің дұрыс санын көрсетіңіз.

  1. 4, 7 және 8

  2. 2, 4 және 6

  3. 3, 6 және 8

  4. 4, 6 және 12

  5. 4, 6 және 8




  1. Кен массаларын көшіру үшін вагондардың негізгі түрлерін көрсетіңіз.

  1. Думпкарлар, хопперлер, гондолдар, тальботтар, платформалар

  2. Думпкарлар, хопперлер, гондолдар, вагоншелер, платформалар

  3. Думпкарлар, цистерналар, гондолдар, тальботтар, платформалар

  4. Моторлы вагондар, хопперлер, гондолдар, тальботтар, платформалар

  5. Жабық ыдыстар, хопперлер, гондолдар, тальботтар, платформалар




  1. Вагонның негізгі көрсеткіштеріне қайсысы жатпайды?

  1. Тара коэффициенттері

  2. Жүк көтерімділігі

  3. Тара массасы

  4. Жүкті көшіру жылдамдығы

  5. Қанқаның геометриялық көлемі




  1. Кен жолтабанды рельстер үшін вагондардың ені мен биіктігінің ең шекті мөлшерін көрсетіңіз.

  1. 3650 мм, 4500 мм

  2. 4250 мм, 4700 мм

  3. 3250 мм, 4700 мм

  4. 3750 мм, 4700 мм

  5. 3050 мм, 4200 мм

  1. Моторлы думпкардың негізгі құндылығы қандай?

  1. Моторлы думпкардың жеке қозғалтқышы бар

  2. Тізбекті массасы өзінің салмағынан тұрады

  3. Тізбекті массасы қаңқасына тиелген тау-кен өнімінен тұрады

  4. Моторлы думпкар электровозбен бірге жұмыс істей береді

  5. Моторлы думпкар кейде тартпалы агрегатты ауыстыра алады




  1. Электровоздың жүріс жабдығы неше осьтік тартпалы арбашалардан тұрады?

  1. 1 немесе 3

  2. 3 немесе 4

  3. 2

  4. 3

  5. 2 немесе 3




  1. Локомотивтің негізгі түрлерін көрсетіңіз.

  1. Электровоздар, тепловоздар және тіркемелі вагондар

  2. Электровоздар, тартпалы агрегаттар, тепловоздар және моторлы вагондар

  3. Паровоздар, тартпалы агрегаттар және тепловоздар

  4. Моторлы вагондар, тартпалы агрегаттар және тепловоздар

  5. Электровоздар, тартпалы агрегаттар және тепловоздар




  1. Пойыздың жүрісі, қозғалысы қалай жүзеге асады?

  1. Тартпалы дөңгелектердің рельспен өзара фрикциялық әсері арқылы

  2. Тартпалы дөңгелектердің рельспен үйкелісі арқылы

  3. Тартпалы дөңгелектердің рельспен фрикциялық тежеуіші арқылы

  4. Тартпалы дөңгелектердің рельстің үстінде фрикциялық сырғанауы арқылы

  5. Пойыздың тартпалы дөңгелектері, оның қозғалысы үшін реактивтік күш шығаруы арқылы




  1. Пойыз қозғалысының теңдігі дегеніміз не?

  1. Пойыз жылдамдығы мен тартылу күші, қозғалыс кедергілері және тежегіш арасындағы тәуелділіктің математикалық формуласы

  2. Пойыз үдеуі мен бірқалыпты әсер ету күштерінің (тартым, қозғалыс кедергілері және тежегіштің) арасындағы тәуелділіктің математикалық формуласы

  3. Пойыз үдеуі мен тартылу күшінің арасындағы тәуелділіктің математикалық формуласы

  4. Пойыз үдеуі және қозғалыс пен тежегішке бірқалыпты әсер ету күштерінің арасындағы тәуелділіктің математикалық формуласы

  5. Пойыз үдеуі мен тартылу күші және кедергілер арасындағы тәуелділік формуласы




  1. Жүк пойызы ең көп дегенде неше вагондардан тұрады?

  1. 40 немесе одан да жоғары

  2. 30 немесе одан төмен

  3. 20 немесе одан да жоғары

  4. 50 немесе одан төмен

  5. 25 немесе одан да жоғары




  1. Пойыз қандай жағдайда бірқалыпты қозғалады?

  1. Пойыз қозғалмай тұрғанда, а = 0 және тартылу күші мен қарсылық күшінің өлшемдері өзара тең дәрежеде әсер еткенде, F=W

  2. Пойыз қозғалысының үдеуі кезінде және тартылу күші мен қарсылық күші өзара тең дәрежеде әсер еткенде, F=W

  3. Тартылу күшінің өлшемі қарсылық күшінің өлшемінен көп жағдайда, F>W

  4. Тартылу күшінің өлшемі қарсылық күшінің өлшемінен аз жағдайда, F

  5. Жолдың қиғаштау жерлерінде жылдамдықты азайтқан жағдайда, F




  1. Жеңілдетіліп жетілдірілген жол төсемдеріне жататындар:

  1. цементбетон, темірбетон, асфальтбетон

  2. қара қиыршық тастар (жабысқақ битумдармен өңделген), қара малташтастар

  3. қиыршық тастар, малташтар, шлактар, топырақты қиыршықтастар (жабысқақ материалдармен өңделген)

  4. топырақты, малташпен немесе қиыршықтаспен күшейтілген

  5. қара қиыршықтасты (ыстық күйінде төселетін)




  1. Пайдалану шарттарына байланысты карьерлік автожолдар мынадай болады:

  1. өндірістік және шаруашылық

  2. жабылған (төсем) және жабылмаған жолдар

  3. тұрақты және уақытша

  4. күрделі траншеяларда, жер бетінде

  5. забойларда, үйінділерде, құламаларда




  1. Төменде келтірілген құламалардың (кіру жолдарының) қайсысы үстінен қарағанда мөлшерлері шектеулі терең карьерлерде қолданылады?

  1. Тік

  2. Ілмектілер

  3. Ілмекті араласқандар

  4. Спираль түріндегілер

  5. Серпантин тәрізділер




  1. Жүк тасу сипаттамасы бойынша автожолдар:

  1. өндірістік және шаруашылық

  2. жабылған (төсем) жабылмаған жолдар

  3. тұрақты және уақытша

  4. күрделі траншеяларда, жер бетінде

  5. забойларда, үйінділерде, құламаларда




  1. Үстінен қарағанда жол ... жанасатын түзу сызықты бөліктерден тұрады.

  1. Тік түзулермен

  2. Спиральдармен

  3. Ілгектермен

  4. Аралас қисықтармен

  5. Дөңгелек қисықтармен немесе серпандермен




  1. Автомобильдің тарту-пайдалану қасиетін анықтайтын:

  1. шанақ көлемі

  2. жүккөтергіштігі

  3. қозғалтқыш қуаты

  4. дөңгелек формуласы

  5. шасси


написать администратору сайта