Главная страница

тарих. 6 лекци тарих. Кеес Одаыны 19851991 жарасында айта ру кезеі тариха енді


Скачать 34.55 Kb.
НазваниеКеес Одаыны 19851991 жарасында айта ру кезеі тариха енді
Анкортарих
Дата15.04.2022
Размер34.55 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла6 лекци тарих.docx
ТипДокументы
#476949



ХХ ғасырдың 80жылдардың басында одақтас республикалардың әлеуметтік экономикалық жағдайы мүшкіл болды.1985 жылғы наурызда Черненько қайтыс  болғаннан кейін КОКП ОК нің бас хатшысы болып М.С. Горбачев келді. Одан халық демократиялық тәртіп орнататын шығар деп күтті.

1985 ж. сәуірде партия қоғамды демократияландыру және оны жариялылық негізде қайта құруды жүзеге асыру үшін халық алдында жауапкершілікті өзіне алды: ғылыми-техникалық серпінділікті жеделдету арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы жарияланды. Бұл стратегиялық бағыт 1986 жылғы 25 ақпан-6 наурызда өткен партияның XXVII съезінің құжаттары мен сонда қабылданған КОКП жаңа Бағдарламасында өзінің көрінісін тапты.

Кеңес Одағының 1985-1991 жарасында қайта құру кезеңі тарихқа енді.

  1. Әлеуметтік экономиаклық дамуды жеделдету.

  2. Қоғамды демократияландыру.

  3. Елде жариялылықты қалпына келтіру.

Қайта құруды жеделдету тұжырымдамасына сәйкес 1985-1987 жж. қазіргі заманның талабына сай алға басуға ұмтылыс жасалынды. Бірақ, М.С. Горбачев елдегі қоғамдық-саяси жүйені түбірімен қайта құрумен шұғылданудың орнына негізінен сыртқы саясатпен айналысты.

Осы кезде ел ішінде жариялылық негізінде сын айту бостандығы орын алды, түрлі қоғамдық қозғалыстар құрыла бастады.

Қайта құру саясатында бірнеше кезеңді анықтауға болады:

1-ші кезең – 1985 ж. сәуір айынан бастап – 1986 ж. желтоқсан айына дейін.

2-ші кезең – 1986 ж. желтоқсан айынан бастап – 1989 ж. маусым айына дейін.

3-ші кезең – 1989 ж. маусым айынан бастап – 19991 ж. желтоқсан айына дейін.

Бірінші кезеңде экономикалық ғылыми техникалық прогресс негізінде қайта құру тұжырымдалды. Дүние жүзілік талаптарға сайотандық машинажасау саласының құрал жабдықтары мен приборларын сатып алу көзделді. Бұл өндірісті көтеру ге алғы шарт жасады. Кадрларды ауыстыру саясаты да іске аспады. Бұл елді жайлаған маскүнемдік пен еңбексіз кіріс пен күресу кезінде көрінді.

Екінші кезеңде 1987 ж Қайта құру мәселесін көтерді. Қоғамдық сана мен әл ауқатын жақсартудың жолы жеке меншік пен нарық екені айғақтана түсті.

Үшінші кезеңде қайта құру идеяларының кең қанат жая алмауы бюракратиялық топтардың қарсылығына ұшырауынан. Сондықтан демократиядандыру бірінші мәселе болып табылды.

Бұрын республиканың басшы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жерлердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның дәстүрлерімен санаспады. Мұндай жағдай 1986 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев жолдасты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небәрі 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаев жолдас қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құрумен, демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейінгі екінші күні Орталық партия комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, т.б жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек деген ұрандар болды.

Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшылары соның ішінде Г.Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдаумен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның барлығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңдағы жиналған халықпен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар болды. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық комитеті Қазақ Республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. 1989 жылы Г.Колбин басқа жұмысқа ауысып, Мәскеуге кетті. Оның орнына 1989 жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана сезімі едәуір өсті.

Қайта құру арқасында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта дамуы, тілі, мелекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты. Қоғамда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп өрістеуі Кеңестердің қызметінен көріне бастады. Барлық өкімет – Кеңестерге берілсін! – деген ұран жанданды. Алайда, осыған қарамастан 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті Кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылды. Мәселен, республиканың 19 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. Дегенмен демократиялық жаңа сайлау жүйесін жүргізуде әлі ойланып шешілетін мәелелер жоқ емес екені анық болды.

1988 жылғы шілде-маусым айларында өткен Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси системасына реформа жүргізу қажеттігі атап көрсетілді. Онда ең басты мәселе – халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру көзделді. 1987 жылғы өткен жергілікті Кеңестерді сайлау жүйесі біздің еліміздегі демократияның жаңа жағдайда дамуына үлкен жол ашты. Атап айтқанда, КСРО халық депутаттарын сайлау мемлекеттік және қоғамдық өмірде жүріп жатқан демократияның айғағы болды.

Іске асырылып жатқан саяси реформаның екінші кезеңі – республикаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды, аудандар мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру болды. Ондағы негізгі мақсат – бұқара халық өкілдері органдарының рөлін тек орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру еді. Осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 қалалық және аудандық Кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды. Жаңа тәртіпке сәкес 1990 жылғы наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан партия Орталық комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан кейін Орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет орны еңгізілді. Сөйтіп, 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады.  Н.Назарбаевтың президент болып сайлануы республиканың өз ішіндегі саяси-экономикалық мәселелерді шешуде, жаңа идеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді.

 Қазақстан КСРО құрамындағы ірі индустриалды-аграрлы республика болды. Республика үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 пайызы, әрбір төртінші тонна қой еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі келді. Дегенмен бұл мүмкіндіктер соңғы кезге дейін жете пайдаланылмады. Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек ғана қарабайыр (экстенсивтік) жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштің өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта қалып қойды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады. Аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әртүрлі дәрежеде болды. 1987 жылы республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсіз шаруашылықтар болып есептелді. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен болды.

Қазақстан экономикасындағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. Осымен байланысты он екінші бесжылдықта республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, бұл бағытта пайда болған жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Экономикалық дағдарыс республикадағы өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. 1991 жылы аграрлық секторда да қиыншылықтар аз болған жоқ.

Қазақстан республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпанында Жоғары экономикалық Кеңес құрылды. Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары – акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі ассоциациялар, мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың орта шенінде республикада 35 бірігіп істейтін кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық ассоциациялар, халықаралық коммерциялық банк қызмет істеді.

Әлеуметтік мәселелерді шешуде Қазақстанда көптеген бағдарламалар қабылданды, бірақ оның көпшілігі іске аспады. Өйткені мемлекеттік дағдарыспен байланысты оларды қаржыландыру мүмкіндік болмады. Мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндет – ол мемлекеттік кәсіпорындарда еңбекке қарап ақы төлеуді ұйымдастыру, шығарылатын өнімнің көлемі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Материалдық өндіріс салаларында нарықтық экономикаға көшумен байланысты қазірде әрбір адамға неғұрлым мол табыс табуға ешқандай тежеушілік қойылмайтын болды. 1991 жылғы желтоқсанда олар материалдық жағынан қолдау мақсатында жарық көрген «Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы» Президенттің жарлығына байланысты республика өкіметі бірнеше шешім қабылдады. Зейнетақы, жәрдем ақша, стипендия т.б. әлеуметтік төлемдердің ең аз мөлшерлері көбейтілді.

 Мұның өзі қазіргі кездегі ауыр экономикалық және саяси қиындықтарға қарамастан Қазақстанның одан әрі дамуында едәуір тұрақтылықты қамтамасыз етті. ойлаймын. Әр түннің артынан күн келеді демекші бұл одақтың ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ.

    КСРО-ның ыдырауына алып келген басты себеп-биліктің күшті орталықтандырылуынан. Екіншіден, КСРО-ның орталық билігі бұқаралық көпшіліктің сана-сезімінің әсіресе, ұлттың қайта өрлеп дамуы мен өсуінің заңдылығын мойындамағандығынан. Үшіншіден, өзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита әлеуметтік төмен адамдардың мәселелрін тыңдаудан және түсінуден қалды. Орталықпен одақ республикаларының мүдделері көп нәрселерде сәйкес келе бермейтін болды. Бұлардың бәрі әлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. Қайта құру кезіндегі «реформаторлар» қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып шықты. Қоғам саяси және мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі өзгерістер күтті. Бірақ ол бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нәтижесіз қалып жатты. КСРО ыдырауының тағы бір себебі ол оның құрылымдық бөлімдерінің иерархиялығында.     1990 жылдың 24 шілдесінде ақпарат құралдарына жаңа одақтың келісімінің алғашқы жобасы ұсынылды. Рыноктық экономикаға көшумен тығыз байланысы бар, жаңа федеративті келісім республикалардың құқын кеңейту керек болды. Тура бір жылдан кейін 1991 жылы 24 шілдеде Горбачев салтанатты түрде «Одақты» келісім бойынша жұмыс аяқталдың және «қосыламын деушілерге» есігіміз ашық деп жариялады. Армения, Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Эстония бұл келісімге қосылмайтындықтарын білдірді. Орталық Азиялық мұсылман елдері орталыққа өз ойларын білдірмей, екі жақтық келісімдерге отырды.

1991 жылы 19 тамызда ТАСС, КСРО-дағы төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитеттің құрылғаны туралы жариялады (ГКЧП). Оның құрамына КСРО-ның вице-президенті Г.Н.Янаев, премьер-министр В.С.Павлов, президенттің жанындағы қорғаныс кеңесінің жетекші орынбасары О.Д.Бакланов, ішкі істер министрі Б.К.Пуго, қорғаныс министрі Д.Т.Язов, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жетекшісі В.А.Крючков және т.б. Бұл жаңа келісімге қол қоюға кедергі жасауға бағытталған саяси дағдарыс. ГКЧП оппозициялық партия мен қозғалыстар және бірнеше газеттердің қызметтеріне тиым салу туралы шешім қабылдады. ГКЧП-ның құрылуына жауап ретінде Москва, Ленинград және т.б. қалаларда көптеген демонстрациялар мен митингтер болды. Осы ГКЧП-нің қызметіне қарсылардың басында РСФСР-дің президенті Б.Н.Ельцин және басқа Ресей Федерациясының жетекшілері тұрды. Ельциннің жарлығымен ГКЧП-нің құрылуы мемлекеттік төңкеріс шарасы ретінде қарастырылып, атқарушы биліктің одақтық органдары РСФСР президентіне қайта бағындырылды. 22 тамызда ГКЧП жойылды. Оның мүшелері және басқа да қызметкерлері сотталды. 23 тамызда Ельциннің жарлығымен РСФСР территориясында Компартияның қызметі тоқтатылды. 24 тамызда Горбачев өзінің ЦК КПСС бас хатшылығынан кететіні туралы жариялады және ЦК мүшелеріне өз өзін таратуға шақырды. Одақтас билік органдарының қызметі тоқтатылды. Москвадағы орталық билік Ресей жетекшілігіне өтті. Латвия, Литва, Эстония КСРО-дан шығу туралы жариялады, олардың тәуелсіздігі КСРО-ның ресми жетекшісі тарапынан 1991 жылы 5 қыркүйекте танылды. Тамыз дағдарысы дезинтеграция үрдісін күшейтіп, КСРО-ның ары қарай ыдырауын тездетті. 1991 жылы 1 желтоқсанда Украинаның 80 пайызы өз республикаларының тәуелсіздігі үшін дауыс берді. Бір аптадан кейін Ресей, Украина, Белоруссия президенттері Минскіде жиналып, «Кеңес Одағы енді жоқ» деп жариялады. Олар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» құрылғаны және «бұрынғы КСРО елдері үшін ашық» деп жариялады. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ға 8 республика қосылды, осылайша олар КСРО-ның ыдырағанын айғақтай түсті.

 


написать администратору сайта