|
БЖБ 10 с геометрия 20.12.22. Кеістіктегі перпендикулярлы блімі бойынша жиынты баалау
«Кеңістіктегі перпендикулярлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
| Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы Үш перпендикуляр туралы теорема Кеңістіктегі арақашықтықтар
Кеңістіктегі бұрыштар Жазықтықтардың перпендикулярлығы
| Оқыту мақсаттары
| 10.2.8 Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу
10.3.1 Үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану
10.3.5 Нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу
| Бағалау критерийлері
| Білімалушы:
Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын қолданады Үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты кескіндейді және оның шамасын табады Жазықтықтар арасындағы бұрышты (екіжақты бұрыш) кескіндейді және оның шамасын табады
| Ойлау дағдыларының деңгейі
| Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
| Орындау уақыты
| 20 минут
| Тапсырмалар:
Жазықтықтан тыс орналасқан нүктеден осы жазықтыққа ұзындықтары см және см болатын екі көлбеу жүргізілген. Бірінші көлбеудің проекциясы 7 см. Екінші көлбеудің проекциясын табыңыз. (3)
АВС үшбұрышына А төбесі арқылы үшбұрыш жазықтығына АК перпендикуляры жүргізілген. Егер АС=15см, ВС=13см, АВ=14 см, АК=5 см болса, онда К нүктесінен ВС қабырғасына дейінгі қашықтықты таңыз. (4)
АВСDA1B1C1D1 бірлік кубында АВСD жазықтығы мен В1D түзуінің арасындағы бұрышты табыңыз. (4)
4 . M нүктесі ABC үшбұрыш жазықтығынан тыс орналасқан (сурет).
Δ𝐴𝐵𝐶, Δ𝑀𝐴𝐵, Δ𝑀𝐵𝐶, Δ𝑀𝐴𝐶 үшбұрыштары теңқабырғалы.
Δ𝐴𝐵𝐶 және Δ𝑀𝐴𝐶 үшбұрыштарының жазықтықтарының арасындағы бұрышты табыңыз. (4)
|
|
|