Дубильді заттар. Документ (86). Кей трлері улануа арсы да олданылады
Скачать 15.99 Kb.
|
Дубильді заттар (таннидтер, француз тілінен, tanner - тері илеу) деп жоғары молекулалы, бір-бірімен генетикалық байланысты табиғи фенолды қосылыстарды айтады. Дубильді заттар – өсімдіктерді шіріп кетуден қорғайтын, фруктоза мен ароматикалық қышқылдар эфирі. Олар пирокатехиннің (1,2-диоксибензол), пирогаллолдың (1,2,3 триоксибензол) және флороглюциннің (1,3,5 триоксибензол) туындылары болып табылады. Табиғи дубильді заттардың салыстырмалы молекулалық массасы 1000-20000 kDa. Табиғатта құрамында дубильді заттар бар өсімдіктер көп кездеседі. Бұл заттар өсімдіктердің жерасты және жерүсті мүшелерінде жинақталады. Бұл заттарға көбінесе тропикалық өсімдіктер бай келеді. Дубильді заттар емен ағашында көп мөлшерде болады (қабығында %), шәй (жапырағында 15-20%), балқарағай, бадан. Ақуызбен қосылыс түзе отырып, олар ерімейтін қосылыстар түзеді, сондықтан олар көбінесе тері өңдеу өндірісінде кеңінен қолданылады. Иленген тері өте жұмсақ, төзімді және су өткізбейтін болады. Теріні қатайту, сапасын көтеру мақсатында қолданылады. Өсімдіктерде 10-20% кейде 70%-ке дейін кездеседі. Медицинада жараның үстінің тез бітуі үшін және олардың сілемейлі қабатына микроағзалардың түспеуі үшін қолданылады. Кей түрлері улануға қарсы да қолданылады. Өсімдіктердің дубильді заттары жоғары молекулалы табиғи қосылыстардың, соның ішінде фенолдық окситоптардың полимерлері болып табылатын екіншілік биосинтез заттарына жатады. Дубильді заттардың бірнеше классификациясы белгілі. Заманауи классификация бойынша дубильді заттар гидролизденетін және конденсацияланатын топтарға бөлінеді. Бұл классификация қыздыру кезінде дубильді заттардың ыдырау қабілетіне негізделген. Олар тері илеуде, медицинада, косметикалық өндірісте, т.б. шаруашылыҚ қажеттіліктерге кеңінен қолданылады. Өсімдіктердің дубильді заттары олардың синтетикалық-химиялЫҚ аналогтарымен салыстырғанда көптеген артықшылыққа ие. Олар токсикалық әсер көрсетпейді, табиғи жағдайда тез ыдырайды, жинақталмайды, осыған байланысты экологиялық қауіпсіз. Осыған байланысты өсімдіктекті дубильді заттарға, оларды қолдануға сұраныс унемі артуда. Екіншілік метаболиттер сияқты дубильді заттар өсімдіктерде әр түрлі биологиялық қызмет атқарады. Олар өсімдіктердің жерасты мүшелерінде қор заттары ретінде жиналады. Қазақстан флорасы құрамында дубильді заттары бар өсімдік түрлеріне бай. Қазіргі таңда Қазақстан және ТМД елдері өсімдіктекті дубильді заттарды Аргентина мен Бразилиядан әкеледі. |