жер кадастры. Жер кадастры реферат. Кейс пн атауы Жер кадастры Таырыбы
Скачать 61.41 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИССТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ «Су ресурстары, жерді пайдалану және ауылшаруашылық техникасы» кафедрасы К Е Й С Пән атауы: Жер кадастры Тақырыбы: Жер кадастрының жалпы түсінігі және мазмұны Қабылдаған: Онгарова А.Х. Орындаған: Нартбай Аружан Тобы: АП-20-6к4 Жоспар Кіріспе 1. Негізгі бөлім 1.1 Жер кадастрының жалпы түсінігі және мазмұны 1.2 Жер кадастрының пайда болуы және дамуы 1.3 Жер туралы ұғым және оның функциялары Қорытынды 2. Глоссарий 3. Сөзжұмбақ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи, шаруашылық жағдайы, орналасқан жері, жер учаскесінің шекарасы мен көлемі, оның сапалық жағдайы, жер учаскесін есепке алу мен бағалау, өзге де қажетті мәліметтер жүйесін құрайды. Жер кадастрындағы жер учаскелері мен жер ресурсының мүмкіндігі туралы ақпараттар жер ресурсын тиімді жоспарлауды және басқаруды ұыймдастыруға ықпал етеді. Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекеттік арнаулы өндіріс орындары атқарады. Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік жер кадастрын құру мен оның жоғарғы дәрежедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық бөлінуге сай, аудандық, облыстық және республикалық деңгейде жүргізіледі. 1. Негізгі бөлім 1.1 Жер кадастрының жалпы түсінігі және мазмұны Мемлекеттік жер кадастры табиғи қорлар кадастрлары ішінде ерекше орын алады. Ол жер кадастрының объектісі ретінде жердің ерекшеліктері және қоршаған табиғи ортаның маңызды құрауыштарының бірі болғанына байланысты. Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындалады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болды, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындалады. «Кадастр» сөзінің алғашқы түсінігі латынның capitastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Кейіннен бұл ұғым Францияда cadastre деген ұғымға ауысады және оны қазіргі кезде қолданады. ҚР Жер кодексіне (2003 ж.) сәйкесті мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Біздің елде жер кадастрының мемлекеттік сипаты оның халық шаруашылығын жоспарлау, жер қорларын басқару, жерге деген мемлекеттік меншікті қорғау, жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру мәселелерін шешудегі маңыздылымен анықталады. Оларға жататындар: еліміздің бірыңғай мемлекеттік жер қоры жер кадастрының объектісі болып саналады; жер кадастрының мазмұны, жүргізу тәртібі, кадастрлық құжаттар түрлері, кадастрлық мәліметтерді дұрыстау және жаңарту мерзімділігі, есеп беру түрлері мен мерзімдерін ҚР Үкіметі белгілейді; жер кадастрын мемлекеттік жерге орналастыру органдары жүзеге асырады және бір жүйеде жүргізіледі. Мемлекеттік жер кадастрының мазмұнына қарай мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін: 1) жер учаскесінің кадастрлық iciн калыптастыруды; 2) жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды; 3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы катынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды; 4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды; 5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды; 6) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді; 7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді; 8) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді; 9) жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді; 10) жер учаскесіне кұқықты куәландыратын кұжаттарды дайындауды қамтиды. 1.2 Жер кадастрының пайда болуы және дамуы Есеп жүргізу адамзат қоғамының дамуында ерекше оқиға болып саналады. Оның қажеттілігі ең алдымен өндірістің сұранысына байланысты туындалады. Үйткені қай өндірісте болмасын жүргізу процесінде қанша жұмыс күші, өндіріс құралдары, жерді өңдеу құралдары, материалдар, шикі заттар керек, солар туралы мәліметтер болмай жұмыс дұрыс жүрмейді. Сондықтан есеп жүргізу тіпті сонау құлдық дәуірдің өзінде жүргізілген. Кейіннен феодалдық және капиталистік қоғамдарда дами бастаған. Феодалдық дәуірде помещик шаруашылығын басқару және бақылау мақсатында ішкішаруашылық есеп одан әрі дами бастады. Феодалдық мемлекет жерге негізгі өндіріс құралы ретінде салық салу үшін жер кадастрын жүргізді. Феодалдық дәуірдің жер кадастры жүйесінде жерді тіркеу, жерге жеке меншік құқығын заң жүзінде рәсімдеу пайда болды. Былайша айтқанда жер қорларын зерттеу және жер кадастрын жүргізу мемлекет пайда болғаннан және салық салудың дамуынан қажеттілігі туындалған. Кадастр деген сөздің өзі жоғарыда айтылғандай салық салынатын заттардың тізімі болғандықтан, бастапқыда жер кадастры салық салынатын жердің тізімі, ауданы, топырақ сапасы және салық мөлшері жазылатын кітап болып саналатын. Жер кадастры туралы алғашқы мәліметтер көне Мысыр, Қытай, Грекия және Римде байқалған. Мысалы, Мысыр папирустары біздің эраға дейін Мысырда сапасына қарай жердің бірнеше санаттары болғанын дәлелдейді. Алғашқы мысырлық фараондар кезінде салық салынатын жерлердің бағалау тізімдері мұқыятты жүргізілген. Батысевропа мемлекеттері сияқты Ресей жер кадастрының дамуы ұзаққа созылған. Ресейде жерді ең алғашқы рет жазып сиапаттау IX ғ байқалады. Олар негізінен монастыр және шіркеу жерлері болатын және олар дін басылардың жылжымайтын мүлігі ретінде қарастырылатын болды, сонымен жер учаскелері де. Жерлерде алғашқы рет саны мен сапасына қарай сипаттама жүргізіп санақ жүргізу жұмыстары XII ғ. жатады. Бізге дейінгі ең көне кадастрлық құжаттар ретінде татар қысымы кезіндегі жерді сипаттап жазу кадастрлық құжаттарын қарауға болады. Киев жерлерін алғашқы татарлық жазып сипаттау 1245 ж. жүргізілген. Сонымен қатар жерді жазып сипаттау жұмыстарын орыс княздері де жүргізеді. Табыс және татарларға деген алым мөлшерлерін есептеу үшін арнаулы жазу кітаптары құрылады. Жерді жазып сипаттау үшін XVI ғ. Жергілікті жарлық атты арнаулы мекеме құрылады. Жергілікті жарлық жалпы мемлекеттік басқару орталығы болып саналады, оны құрамына барлық шекаралық, кадастрлық және құлдық жұмыстар біріктіледі. Жазу кітаптарының заңды және құқықтық сипаты болады. Былайша айтқанда жазылған жер кадастрында жерді тіркеу, жердің саны және сапасын есепке алу және оларды салыстырмалы бағалау мәліметтері жинақталады. Академик С. С. Соболевтің айтуы бойынша XV, XVI және XVII ғғ. басындағы жазу кітаптарын алғашқы топырақ-бағалау еңбектері деп санауға болады және олар өз кезінде жоғары ғылыми деңгейде болған. 1718 ж. Петр I адам басына салық жинауды және жазу кітаптарының орнына санақ-ревизия енгізеді. Жерлердің шекаларын өлшеу жұмыстары жүргізіледі және ол үшін геометрияны қолдану арқылы геодезиялық негіздер енгізіледі. XIX ғ. екінші жартысында Ресей капиталистік даму жолына кіреді. Осыған орай жаңа жер кадастрлық жүйені құру керек болады да жер кадастры одан әрі дамиды. Социализм кезінде есеп еңбекшілердің мүдделері үшін жүргізіледі және жер кадастрының даму жағдайы тежеледі. 1.3 Жер туралы ұғым және оның функциялары Кез келген мемлекетте жер кадастрының объектісі болып оның жер қорлары саналады. Жалпы «жер» деген ұғымды екі мағынада қарастыруға болады: Біріншіден Жер оның табиғи құрауыштары және сипаттамаларымен планета ретінде, екіншіден – тек Жер беті немесе үстіңгі қабаты. Жер қатынастары, жерге орналастыру және жер кадастры жағынан белгілі табиғи (кеңістік, жер бедері, топырақ, өсімдік, сонымен бірге және ормандар, қазбалар, су және т.б.), әлеуметтік-экономикалық (өндіріс құралы, байлық, бедел және т.б.) және өндірістік (еңбек заты, құрал-жабдығы, тәсілі және т.б.) сипаттамаларымен қоршаған ортаның маңызды бөлігі. Жер ауыл шаруашлығы, өнеркәсіп, көлік және басқа да халық шаруашылығы салаларының дамуының негізі болып саналады. Адамның өмір сүру және өндірісте іс әрекет ету үшін қажетті материалдық жағдайлар ішінде жер өзінің топырақ жамылғысы, қазбалы байлықтары, ормандары және суларымен ерекше орын алады. Осыған орай ол кезкелген өндірістік процестің бірінші жаршысы және табиғи негізі. Жер табиғитарихи дене, еңбектің жалпы шарты және заты, адамның қалауынсыз және санасынсыз, қоғамның әсерінсіз пайда болғанмен тіршілік етеді. Өндіріске тарту барысындағы процестерде оған тірі және затталған еңбек кіреді, жер өндірістің құралы болады. Кең мағнада өндіріс құралдарына еңбек процесінің жалпы орындалуына қажетті барлық материалдық жағдайлар жатады. Өндірістің осындай жалпы құралы ретінде жер саналады. Сондықтан жер өндірістің құралы ретінде ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіпте және адам еңбек ететін барлық салаларда қызмет етеді. Дегенмен оның ауыл шаруашылығындағы рөлі басқа және ауыл шаруашылығына жатпайтын өндіріс салаларымен салыстырғанда бірдей емес. Өңдеу өнеркәсібінде жер пассивтік немесе сылбыр рөлді атқарады, ол еңбек процестері жүретін тек орын, фундамент немесе операциялық кеңістік базисі ретінде саналады. Өндіріс процесі және өңдеу өндірісінің өнімі топырақтың құнарлығына және сипатына, табиғи өсімдіктердің сапасына және жердің өндіріс құралы ретінде басқа да қасиеттеріне байланысты емес. Пайдалы қазбаларды игеру өндірісінде жердің рөлі артады, мұнда ол операциялық кеңістік базисі ғана емес, сонымен қатар ерекше қойма ретінде қаралады. Бірақ бұл жағдайда да өндіріс процесі топырақтың сапасына байланысты емес. Ауыл шаруашылығында жердің маңыздылығы әбден басқаша, мұнда ол бұл өндіріс саласының материалдық шарты ғана емес, сонымен қатар өндірістің белсенді факторы болып саналады. Өндіріс процесі жер, топырақ құнарлығы, табиғи, биологиялық процестермен тікелей байланысты. Ауыл шаруашылығында жер жалпы шарт және операциялық кеңістік базисімен қатар екі функцияны атқарады, ол еңбек заты және өндіріс құралы. Жер өндірістің оригиналды құралы болып саналады, сондықтан оның басқа да өндіріс құралдарынан өзгеше айрықша белгілері бар. Ол ерекшеліктері келесідей: 1. Жерден басқа барлық өндіріс құралдары адам еңбегінің туындысы, ал жер табиғаттың жаратылысы. Ол табиғаттың сыйы ретінде еңбектің алдын алады және оның табиғи шарты болып саналады. Тек қоғамның өндірістік іс әрекеттері арқасында өндіріс құралы болып қалыптасады. Сондықтан оның қызмет етуі табиғат заңдарына да, қоғамның заңдарына да бағынады. Жерді өндіріс құралы ретінде табиғат кешенінен бөліп қарауға немесе қарсы қоюға болмайды. 2. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды (тракторлар, комбайндар, автомобильдер) әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады, ал жермен бұндай істерді орындауға болмайды. 3. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды, былайша атқанда ол тозбайды. Бұл ерекше құнды қасиет және басқа өндіріс құралдарында байқалмайды. 4. Жер кеңістікте көлемі бойынша құрлықпен шектелген және ештеңемен ауыстыруға болмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады. Барлық кадастрлық істердің және процедуралардың бірінші және негізгі объектісі – жер учаскесі. Барлық қалғандары – топырақтың құнарлы қабаты, өсімдік, пайдалы қазбалар, су қоймалары, ғимараттар, құрылыстар, инженерлік орналастыру элементтері және т.с.с. – жылжымайтын мүлік. Жер учаскесі мен басқа жылжымайтын мүлік арасындағы айырмашылық мынада: жер табиғат жаратқан жалпыға бірдей адамның тіршілік ету жағдайы, ал жылжымайтын мүлікті жасауға адамның қатысы немесе еңбегі бар. Жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктің бірлігі екеуін өндірістікте пайдалану процесінде байқалады. Сондықтан әлемдік практикада жер учаскелерін пайдалану кезіндегі қатынастар жер заңдарымен, ал жылжымайтын мүлікті пайдаланудағы қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі. Жер учаскесі алғашқы ұғым ретінде – барлық елге бірыңғай, сондықтан ол белгілі бір көрсеткіштермен сипатталады. Олар мыналар: орналасқан жері, шекарасы, ауданы, құны, қатыстылығы және т.с.с. Жер учаскесін онымен тығыз байланысқан жылжымайтын мүлікпен қарастырғанда көрсеткіштер саны жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамаларына, оны пайдалану тарихы мен экономикасына байланысты артады. Қорытынды Елімізде жер реформасының терендеуі мен жер қатынастарының түбегейлі өзгеріске ұшырауы 1995-жылдың 30-тамызында бүкіл халық реферемунда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясымен тығы байланысты. Онда жерге меншіктің мемлекеттік және жеке түрлері бірінші көрсетілді. Конституцияның 6-бабына сәйкес «жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігінде болып табылады. Жер сонымен бірге заңда көрсетілген негіздерде, жағдайларда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін». Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылдың 22-желтоқсанында қабылдаған «Жер туралы» заң күші бар жарлығы көп укладты экономикамыздың құқықтық негізін құраудың жалғасы болып табылады. Бұл Жарлық жер қатынастарын реттеуде заңдылықтардың күшеюіне, жылжымайтын мүлік нарығының пайда болуы мен дамуына, азаматтар занды тұлғалардың жер құқықтарын сақтауға, әртүрлі шаруашышылықтардың дамуына және соларға бірдей жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар 2003-жылғы қабылданған Жер кодексі де жер мәселелерінің өзекті мәселелерін шешті. 1995-жылы ауыл шаруашылығнда жасалған жұмыстардың қорытындысы туралы республикалық жиналыста Қазақстан Республикасының Президенті H.Ә.Назарбаев былай деді: «Қазақстандықтарды толғандыратын негізгі мәселе - жер мәселесі. Өйткені, халықтың тағдыры мен дәстүрі, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігі жермен тығыз байланысты. Республикамызда жерге жеке меншікті енгізудің шектері занластырылды, Бұл өзгерістерді біз асықпай, ішкі жағдайларға байланысуыра жүргіземіз». Елбасының айтылған сөздері мемлекетіміздің келешс шытталған «Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасына сәйкес. Қазіргі уақытта, жаңа Конституциямызға және «Жер кодексіне» сәйкес тек мемлекет қана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жер иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Ата заңымызға сәйкес, жерге мемлекеттік және меншік мемлекет тарапыман қолдау тауып, бірдей қорғалады». Глоссарий Кадастр - латынның «caput» сөзінен шыққан, иемдену заты деген мағына береді, тағы сол сияқты «capitalistrum» сөзі иемдену заттарының тізімі деген мағына береді. Жерге орналастыру - жер катынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдарға бағытталған Қазақстан Республикасының жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады. Зоналау – жер беті аймақтарын олардың қызметік мақсаттарына және пайдалану ережелеріне қарай бөліп анықтау. Жер- Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңестiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс туралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi. Жер учаскесі - жер қатынастары субъектілеріне Жер Кодексте белгіленген тәртіппен бекітілген, жабық шекарада берілген жер учаскесі. Жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн қанаєаттандыру үшiн шаруашылық және өзге де қызмет процесiнде алтын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер. Жер иелену құқығы - жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі Мемлекеттік жер кадастры - бұл жердің шаруашылық және табиғи жағдайы туралы мәліметтер жиынтығы. Жер құқығы қатынастары - жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналымақсатымен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау. Кадастрлық нөмiр - жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлетi. Жер учаскелерін тіркеу – заңдық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі, картографиялық жұмыстар. Сөзжұмбақ Сұрақтары 1. Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» 1 тарау 1 бабы бойынша Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына қарай неше санатқа бөлінеді ? 2. Заңның белгілі бір салаларына жататын нормаларды жаңа талаптар мен жағдайларға сәйкес, ішкі мазмұны жағынан күшейтіп, өзгертіп, толықтырып бір жүйеге салу аркылы жасалған заң актісі ? 3. Қоғамдық байлықтың аса маңызды бөлігі, мемлекет тәуелсіздігінің негізі, барлық байлықтың жиынтығы ол ? 4. Географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым ? 5. Грек тілінен аударғанда «Жазуға пайдаланылатын папирус парағы» деген мағынаны білдіретін сөз ? 6. Жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі ? 7. Сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы бұл? 8. Жер бетінің белгілі бір шекарасы бар бөлік ол ? 9. Латын тілінен аударғанда «бақылайтын, алға қарайтын» дегенді білдіретін сөз ? 10.Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» бойынша 1 тарау 1 бап Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес санатқа бөлінеді. Оның 5 санаты қандай қорлар жері ? 11.Жердің және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді ? Жауаптары 1. Жеті 2. Кодекс 3. Территория 4. Картография 5. Карта 6. Геодезия 7. Масштаб 8. Участок 9. Мониторинг 10.Орман 11.Жоғарғы Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған) (2017.10.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). 2.Қазақстан Республикасының Жер Кодексі Астана, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II (2017.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). 3.Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III (15.06.2017 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). 4.Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV (11.07.2017 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). 5.Қазақстан Республикасының Заңы. Жайылымдар туралы Астана, Ақорда, 2017 жылғы ақпанның 20-ы № 47-VI ҚРЗ 6.Жерге орнaлaстыру және жер қaтынaстaры. Нормaтивтік aктілер жиынтығы 2012ж. 7.Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығы 8.Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығы. |