Кейс Тимур Мурзалин. Эссе по кейс. Кейс Тимур Мурзалин Жазан itm201 тобыны студенті
Скачать 16.25 Kb.
|
Кейс_Тимур Мурзалин Жазған: ITM-20-1 тобының студенті Жолтай А.Қ. Эссе Тақырыбы: Денсаулық- зор байлық. PBL 1. Пациент- Тимур Мурзалин. 50 жастағы, бойы 172 см, 85 кг-ды сантехник маманы- өз денсаулығына көңіл бөлетін, спортпен айналысатын адам. Денсаулығы бойынша ешқандай мәселе жоқ. Бірақ белгілі уақыттарда онда физикалық жағынан үзіліс болады. Неліктен? Жалпы, оқиға былай басталады. Т.Мурзалин ағасы Рамильмен марафонға қатысуға бәстеседі. Бұл 30 км жүгіру марафонындағы ұтысты қайырымдылық қорына салмақшы еді. Марафон алдында бір күн бұрын туған күн кешіне барады. Сол кезде оған су құбыры жарылғандығы жөнінде жұмысынан шақырту алады. Жұмыстан түнде шаршап келіп, дүкеннен чипсы мен балық ала салады да, түн жарымында тамақтанады. Біз бұл жағдайда Тимур Мурзалиннің ауруы астан болады деп командамен болжадық. Ертесінде марафон басталды. Күн жаймашуақ, жылы, ауа температурасы өте қолайлы болды.Жүгіруді бастады. Тимур мырза 28 км-ге келгенде, өзін нашар сезінді,бірақ жарыста жеңу керек болғандықтан, тоқтамады. 29 км-де көзі қарауытып, басы айналып, жол шетіне құлап қалады. Және ол аяғының ауырсынғанын сезінді. Топпен болжадық: ол әлсіз болғандықтан және осы құлағанда бір жерін зақымдауы немесе сындырып алуы мүмкін. Оны медицина қызметкерлері келіп, медициналық бөлімшеге алып кетті. Қан қысымын, жүрек соғысы жиілігін өлшеді және бәрі жақсы болды. Аяғын рентгенге түсірді, нәтижесінен ешқандай сынық байқамадық. Тек тобық буыны созылған екен. Оған дәрі- дәрмектер және жақпа майлар жазып берді. Біраз уақыттардан кейін Тимур Мурзалин өзінің өте жақсы сезініп жүргенін айтты. Және де марафон алдында ол кісі 5 кг тастаған екен. Сонымен қатар гір тасын көтеруді, спортпен айналысудан денесінің жатырқап қалғанын айтты. Енді мырза өзінің бұрынғы әдеті спортпен айналысуын бастады. Мұның бәрі дұрыс тамақтанбай, дұрыс уақытылы демалмаудың нәтижесі. Сонымен қатар, меніңше Тимур мырзаның организмі бірден ұзақ жүгіріске дайын болмады деп ойлаймын. Өйткені, біріншіден жасы келген адам. Екіншіден, құлаған уақытта салмағына байланысты аяғына күш салынып кетуі мүмкін. (Медиальды тобық буыны арқылы, салмақ табанға түседі. Яғни, тобықпен байланысты.) Қорытындылай келе, денсаулық- біздің ең үлкен байлығымыз және аманатымыз. Жас келген сайын денсаулықта төмендей түседі. Яғни, өз әліміз келетіндей, денсаулығымызға зиян келмейтіндей шешімдер қабылдайық. Және дұрыс тамақтанып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанайық. |