Главная страница

эссе тіл туралы. эссе тіл. Келешекте аза тілін лем дегейі тілдері атарынан круіміз ммкін бе


Скачать 14.45 Kb.
НазваниеКелешекте аза тілін лем дегейі тілдері атарынан круіміз ммкін бе
Анкорэссе тіл туралы
Дата07.11.2022
Размер14.45 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаэссе тіл.docx
ТипДокументы
#773703

Келешекте қазақ тілін әлем деңгейі тілдері қатарынан көруіміз мүмкін бе?

Тіл халықтың бірінші қазынасы, өткені, болашағы. Қазақ тілінің өзіндік тарихы бар, дегенмен ертеңіне арманмен көз жүгірткім келеді. Келешекте кемелденген елімнің әлемдік аренада өз орыны болары хақ. «... Өссе тілім, менде бірге өсемін...» деп ақын Әбділдә Тәжібаев жырлағандай бүгінгі күні Қазақстанның мәдениеті де, өркениеті де жан – жақты даму үстінде.

Бүгінгі таңда әлемге аты аян болған Димаш Құдайбергеннің орындауындағы қазақша әндерді «youtubе» желісінде өзге ұлт өкілдері орындап видео жүктеуде және сол видеолар миллиондаған қаралым жинауда және Джеки Чанның фильмдері апталығының ашылуында Димаш "Ұмытылмас күн" әнін Тайваньның танымал әртісі Терри Линмен бірге орындаған еді.

Биыл 4-7 шілдеаралығында Рессейдің Екатеринбург қаласында XII «ИННОПРОМ» халықаралықөнеркәсіптіккөрмесі өтті. Осы көрмеге қойылған қазақстандық экспонаттар мен автотехникалар қазақша таныстырылды және көбінің атаулары қазақ тілінде қойылған. Сатылымға т үскен жеңіл автомобильдер, электровоздар мен тракторлар әлемге қазақша атаумен таралды.

Қарапайым осы екі мысал арқылы қазақ тілі біртіндеп әлемдік деңгейге көтеріліп келе жатқанын айтқым келді. Өзге елдің тілінде сөйлеген қазақ емес, өз тілімізді өзгелерге мойындатқан қазақ болып қалыптасайық. «Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп бекер айтпаса керек. Елімнің болашағы жарқын, қазақ тілімнің ғұмыры мәңгілік болсын.


написать администратору сайта