Главная страница
Навигация по странице:

  • ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ Пәндер : «Х ирургиялы қ аурулар», «Акушерия және гинекология»

  • ШЖҚ КМК – СМЖ ӨМК - ___________

  • PBL бойынша сабақтың өту барысы

  • Өткізу уақыты

  • PBL бойынша сабақ жоспары Тьютор

  • Сыртқы жыныс мүшелерін қарау

  • Қарсы көрсеткіштер

  • 2.«Қынапты және жатыр мойнын айна көмегімен қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі. Мақсаты

  • Көрсеткіштер

  • 3.«Гинекологиялық науқастарды бимануальды зерттеу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

  • Стандарт «Қынаптың артқы күмбез арқылы іш қуысына пункция жасау» Мақсаты

  • ашық сабақ хир и акушерия. келісілді Шо кб орталыы кмк басшысыны орынбасары Утепова З. Ш. 2023ж бекітемін


    Скачать 191.12 Kb.
    Названиекелісілді Шо кб орталыы кмк басшысыны орынбасары Утепова З. Ш. 2023ж бекітемін
    Дата22.02.2023
    Размер191.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаашық сабақ хир и акушерия.docx
    ТипДокументы
    #949851





    «КЕЛІСІЛДІ»

    «ШҚО КБ орталығы» КМК басшысының орынбасары

    _________________Утепова З.Ш.

    «____» ________________ 2023ж


    «БЕКІТЕМІН»

    «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК директоры

    _____________Ахмадиев А.А

    «____» ________________ 2023 ж.





    «КЕЛІСІЛДІ»

    ШҚО ТжәнеКБ педагогика қызметкерлері ОӘБ төрағасы

    __________________ Р.А.Иматова

    «___» __________________2023ж


    «ҚАРАСТЫРЫЛДЫ»

    «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК №1 жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК отырысы

    _______ № ______ хаттама

    ЦӘК төрағасы___________Журтбаева К.А

    «___» ___________________ 2023 ж.




    .

    ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ САБАҚТЫҢ

    ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ

    Пәндер: «Хирургиялық аурулар», «Акушерия және гинекология»

    Ашық сабақ тақырыбы: «Гинекологиядағы және хирургиядағы жедел іш»

    Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»

    Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

    2023 ж.

    «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК

    Сабақтың әдістемелік талдамасы

    ШЖҚ КМК – СМЖ ӨМК - ___________

    Дана. № __

    Күні _______

    Сапа менеджмент жүйесі

    ШЖҚ КМК – СМЖ ӨМК - АСӘӘ

    Бет ____

    ДАЙЫНДАҒАНДАР: Сахатова У.Э, Оспанова А.Ж.

    Әдіскер:

    ____________________ АязбаеваА.М.

    «___» ___________________ 2023 ж.

    Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

    ___________________ Бегимжанова Д.С.

    «___» ___________________ 2023ж.

    Директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары:

    ___________________ ИматоваР. А.

    «___» ___________________ 2023ж.

    Сапа жөніндегі басшы өкілі:

    _____________________ БегимжановаД.С.

    «___» ___________________ 2023ж.

    PBL бойынша сабақтың өту барысы:

    Өткізу мақсаттары:

    1.Білімділік :

    • Жедел іш ауруларының негізгі көрсеткіштерін анықтау;

    • Диагностикалау әдісі;

    • Хирургия мен акушериядағы жедел іш ауруларының дифференциальді диагностикасы;

    • Жедел көмек көрсету принциптері;

    • Емдеу және алдын-алу;

    • Негізгі клиникалық синдромдарды анықтау;

    • Анамнез жинауды үйрету;

    • Пациентке мейіргерлік күтім жоспарын құрастыруға үйрету;

    2.Дамытушылық: Ситуациялық есепті талдау арқылы студенттердің клиникалық ойлау қабілеттерін дамыту;

    • Негізгі шағымдары және олардың пайда болу механизмідерін талдауға үйрету.

    3.Тәрбиелік: жауапкершілікке, мұқият ізденіске, жалықпай оқуға,бастаған істі аяғына жеткізуге, топпен бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
    Міндеттері: Іш аймағына пальпация жасау;

    Тік ішекті саусақпен зерттеу;

    Сыртқы жыныс мүшелерін қарау,қынапты және жатыр мойнын айна көмегімен қарау, онкоцитологиялық зерттеуге жағынды алу әдістерін көрсету және үйрету.
    Тәжірибелік дағдылар:

    1.Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.

    2.қынапты және жатыр мойнын айна көмегімен қарау.

    3. Гинекологиялық науқастарды бимануальды зерттеу

    4. Қынаптың артқы күмбезінен пункция жасау.

    5. Симптом Кохера- эпигастральді аумақтағы ауырсынудың оң жақ мықын аймағына көшуі

    6. Симптом Щеткина-Блюмберга -қолды ішке басып тұрып, тез алған кезде ауырсынудың күшеюі.

    7. Симптом Ситковского-оң жақ мықын аймақта ауырсынудың науқас сол жақ бүйірінде жатқанда күшеюі.

    8. Симптом Воскресенского қолмен қабырғалық жиектен іштің алдыңғы қабырғасымен төмен қарай сипағанда ауру сезімінің пайда болуы.

    9. Симптом Образцов- науқас оң тізе буынын көтергенде және соқыр ішекке пальпация жасағанда ауырсынудың болуы.

    10. Симптом Коупа- Науқастың аяғын тізе аймағында бүгіп,сырқа ротациялағанда, оң жақ мықын аймағында ауырсынудың күшею.(құрт тәрізді өсіндінің жамбас қуысында орналасқанда кездеседі.

    11.Симптом Ровзинга- дәрігер саусақтарымен сол жақ мықын аймағын әлсіз соққылағанда, оң жақ мықын аймағында ауыру сезімі пайда болады.

    12. Тік ішекті саусақпен зерттеу- Дуглас кеңістігінде сұйықтық пен ауырсынудың болуы

    Өткізу уақыты: 06.02.2023ж

    Өткізу орны: «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК, 211 кабинет

    Практикалық сабақ уақыты: 90мин.

    Топ: СД 201-2021

    Жабдықталуы: презентация, гинекологиялық кресло, жаялық, стерилді қолғаптар, гинекологиялық қасық тәрізді айна жіне көтергіш, цитологиялық щетка , заттық шыны,қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
    PBL бойынша сабақ жоспары
    Тьютор: Оспанова А.Ж. Сахатова У.Э.

    PBL бойынша сабақ барысы:

    Тьюторлар: Қайырлы күн, қымбатты ашық сабағымызға қатысушылар және қонақтар! Біз бүгін сіздермен тақырыбы бойынша ашық сабағымызды бастаймыз.

    Сабақтың хронокартасы:

    1. Кіріспе тест-10мин.

    2.PBL бойынша сабақтың ережелерімен таныстыру-3 мин.

    Ситуациялық тапсырманы талдау. 2 кіші топ арасында жүргізіледі.

    Топ ішінде (5 студент) : Сол топ ішінде топпен жұмыс жасалады.

    -1 студент уақыт бақылаушысы болады.

    -1 студент ситуациялық есепті оқушы болады.

    -1 студент Сыртқы жыныс мүшелерін қарау алгоритмін айтады.

    -1 студент қынапты және жатыр мойнын айна көмегімен қарау алгоритмін айтады.

    3.Ситуациялық тапсырманы талдау барысы-30мин.

    4.Сабақты қортындылау-7мин.( 2 топ студенттерінің ситуациялық есепті талдау бойынша қорытындысы.)


    1. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

    Мақсаты: сыртқы жыныс мүшелері жағдайын бағалау.

    Көрсеткіштер: дамуын бағалау,патологияны анықтау

    Қарсы көрсеткіштер: жоқ

    Жабдықталуы: Гинекологиялық кресло, жаялық, стерилді қолғаптар

    Іс-әрекет алгоритмі: Әйелге жүргізілетін зерттеудің мәнін түсіндіру .

    1.Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу

    2.Қолды жуу, стерилді қолғаптар кию

    3.Сыртқы жыныс мүшелерін қарау,жағдайы мен түктену дәрежесін бағалау.

    4.Шатаралықтың жағдайын, үлкен және кіші жыныс еріндерін дамуын, жыныс саңылауы жағдайын қара

    5.Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен жыныс еріндерін ашу, қынаптың шығаберісінің шырышты қабатын,уретраның сыртқы тесігін қарау.

    6.Қыздық перде жағдайын бағалау

    7.Үлкен вестибулалық безді зерттеу: оң қолдың бас бармағы және сұқ бармағымен үлкен жыныс еріндерінің төменгі бөлігін екі жағынан да пальпациялау.

    8.Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуып,сүрту.

    9.Алынған мәліметтер негізінде қорытында жасау.
    2.«Қынапты және жатыр мойнын айна көмегімен қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

    Мақсаты: қынап қабырғасында, жатыр мойнында патологиялық өзгерістерді анықтау

    Көрсеткіштер: іштің төмен жағындағы ауырсыну, жыныс жолдарынан бөліністер

    Қарсы көрсеткіштер: жоқ

    Жабдықталуы: Гинекологиялық кресло , жаялық , стерилді қолғаптар , гинекологиялық қасық тәрізді айна жіне көтергіш

    Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа жүргізілетін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

    1 Науқасты гинекологиялық креслоға жатқызу

    2 Қолды жуу,стерилді қолғап кию

    3 Сол қолдың I және II саусақтарымен жыныс еріндерін ашу. Оң қолымызбен қасық тәрізді айнаны тік өлшемде кіші жамбас қуысының шыға берісіне енгізу, көлденең өлшемге ауыстыра отырып, шатаралыққа басу

    4 Параллельді түрде көтергішті енгізіп,қынаптың алдыңғы қабырғасын көтеру. Жатыр мойнының қынаптық бөлігін жалаңаштау.

    5 Жатыр мойнын қарап, шырышты қабат түсін, сыртқы аран жағдайын, патологиялық өзгерістерді анықтау(қабыну, эрозия, полип,жыртылыстар т.б.)

    6 Қынаптан алдымен көтергішті,сосын айнаны шығара отырып қынап қабырғаларын қарау

    7 Қынаптық бөліндінің болуын және түрін анықтау.

    8. Алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау.

    9. Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуу.
    3.«Гинекологиялық науқастарды бимануальды зерттеу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

    Мақсаты: Гинекологиялық науқастарды бимануальды зерттеу

    Көрсеткіштер: Ішкі жыныс мүшелері жағдайын бағалау

    Қарсы көрсеткіштер: жоқ

    Жабдықталуы: Бірреттік стерилді қолғаптар

    Іс-әрекет алгоритмі: әйелге жүргізілетін зерттеудің мәнін түсіндіру .

    1. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу

    2. Қолды жуу, бірреттік орамалмен сүрту,бірреттік қолғап кию.

    3. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен жыныс еріндерін ашу. Оң қолдың ІІІ саусағын қынапқа енгізу,шатаралыққа басу арқылы ІІ саусақты енгізу,бас бармақ жоғары қайырылған, IV және V – алақанға жинау.

    4.Қынап жағдайын бағалау: көлемін, қатпарлығы, қабырғаларының созылғыштығы, патологиялық өзгерістердің болуы.

    5.Жамбас түбі бұлшықеттерінің(қынаптағы керілген саусақтар кезінде әйелге бұлшықеттерін қатайтуын сұрау,жеткілікті күште-бұлшықеттер саусақтарымызды қысады) жағдайын бағалау.

    6.Қынап күмбездерін тексеру (салбырауы,тығыздалу).Жатыр мойнының қынаптық бөлігін(орналасуы,формасы,ұзындығы,консистенциясы,қозғалмалылығы және ауырсынуы,сыртқы аран жағдайы, жатыр мойны каналының өткізгіштігі) бағалау

    7.Оң қолдың II және III саусақтарды қынаптың оң күмбезіне орналастыру.Сол қолымызды қасаға үстіне орналастыру.Жатыр пальпациясын жасау:орналасуын, көлемін, формасын, консистенциясын, аурсынулығын бағалау.

    8.Қынаптығы саусақтарымызды бүйір күмбезге орналастырып, бір уақытта сыртқы қолымызбен түтіктердің пальпациясын жасау.

    9.Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуу,бірретік орамалмен сүрту.Алынған мәліметтер негізінде қорытында жасау.

    4. Қынаптың артқы күмбезіне пункция жасау

    Стандарт «Қынаптың артқы күмбез арқылы іш қуысына пункция жасау»

    Мақсаты: іш қуысында сұйықтықтың барын анықтау

    Көрсеткіш:жатырдан тыс жүктілік диагностикасы, аналық бездің аппоплексиясы, кіші жамбас қуысының қабыну процестері, аналық без қатерлі ісігі асцитпен қауіп туғанда.

    П ункция қынаптың артқы күмбезі арқылы асептика және антисептика ережелерін сақтай отырып тек стационар жағдайында жүргізіледі.Операция алдында қуықты және ішекті босату керек.
    Құрал-жабдықтар: Жеке жаялық

    Стерильді бір реттік қолғап

    Қынаптық көтергіш айна;

    Оқ тәрізді қысқыш

    Корнцанг

    Ине 10-12 см

    20 грамдық шприц

    Мақта шариктері,70% этил спирті,Лоток

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Әйелге өткізілетін іс-шаралардың мақсатын айтып, түсіндіріңіз.Операция алдында қуық бос болу керек.




    1. Қолды өңдеп, залалсызданған қолғап кию.




    1. Стерильді үстелді дайындау құрал-жабдықтармен.




    1. Гинекологиялық креслоға клеенка төсеп, науқасты креслоға жатқызу.




    1. Сыртқы жыныс мүшесін өңдеу.




    1. Дәрігерге оталауға көмектесу,мқажетті құралдардыалып беру, айнаны ұстап тұру.




    1. Артқы күмбезден алынған сұйықтықты пробиркаға жинау, дәрігерге көрсету.




    1. Бір реттік қолғапты шешіп, оны нұсқау бойынша арнайы қорапқа салыңыз




    1. Қолыңызды сабындап жуыңыз.


    Операция техникасы:
    *Асептикалық ерітіндімен сыртқы жыныс мүщесін және қынапты өңдеп, қасық тәрізді айна және көтергіштің көмегімен жатыр мойнын бекітеді, асептикалық ертіндімен өңдейді.
    *Жатыр мойнының артқы ернеуін оқ тәрізді қысқышпен бекітіп, айнаны алып тастайды.
    * 20 грамдық шприцпен ұзындығы 10-12 см инені қынаптың артқы күмбезіне енгізіп, материал алынады. Қою түсті қан болса, жатырдан тыс жүктіліктің белгісі, ірің болса, іш қуысының қабынуы.
    Диагностика жасалғасын оперцияға дайындық жүргізіледі.

    өткізілетін іс шараның мақсатын айтып, түсіндіріңіз.
    Гинекологиялық креслоны антисептик ерітіндісмен өңдеңіз және кресло үстіне таза жаялық жайыңыз.Әйелдің гинекологиялық креслоға ажтуын сұраңыз.
    Қолыңызды өңдеп. Залалсызданған қолғап киіңіз.
    Цервикалды каналдығ өсіндіні алып формалин ерітіндісіне салып, гистологиялық тексеруге жіберіңіз.
    Бір реттік қолғапты шешіп, оны нұсқау бойынша арнайы қорапқа салыңыз
    Қолыңызды сабындап жуыңыз


    написать администратору сайта