2016 тимс математика. Кемеде 218 жолаушылар жне 191 команда мшелері бар. Кемеде барлыы анша адам бар
Скачать 261.19 Kb.
|
Математика 1.1 Натурал сандар Кемеде 218 жолаушылар және 191 команда мүшелері бар. Кемеде барлығы қанша адам бар? Жауабы: Сыр 5 литірлік құтыда сатылады. Маратқа 37 л сыр керек.Оған қанша құты сатып алу керек? 5 6 7 8 Алты жүз кітапты қорапқа бөліп салу керек. Әр қорапқа 15 кітап сияды. Қанша қорап қажет екенін білу үшін қандай амал орындау керек? 15 пен 600-ді қосу 600-ден 15-ті азайту 600-ді 15-ке көбейту 600-ді 15-ке бөлу Майрада 50 зед бар. Әр кітаптың бағасы 12 зед. Майра осы кітаптардың ең көп қанша данасын сатып ала алады? Жауабы:
Кестеде көрсетілген азық-түлік 6 адамға құймақ пісіруге қажет. Серік 3 адамға құймақ пісіргісі келеді. Келесі кестеге Серік 3 адамға құймақ пісіру үшін,қанша азық-түлік қажет екенін жаз.Кестеде оған қажет жұмыртқа саны көрсетілген.
Пойыз Жайсанан таңертең 7 сағат 52 минутта шығады, және Арасанға сол күні 11 сағат 06 минутта келеді. Осы жолға қанша уақыт кетеді? Жауабы: сағат минут Толқын 12 досына хат жібергісі келеді. Хаттардың жартысы үшін әрқайсысына 1 бет қағаздан,ал басқа жартысы үшін 2 беттен қажет. Толқынға барлығы қанша қағаз беті қажет болады? Жауабы: Поезд Атбасардан таңертеңгі 8 сағ 45 минутта шықты. Ол Жалтырға 2 сағ 18 минуттан кейін келді. Поезд Жалтырға сағат нешеде келді? 11 сағ 15 мин 11 сағ 13 мин 11 сағ 03 мин 10 сағ 53 мин 1.2. жәй және ондық бөлшектер Ерлан машинамен 4,8 км жүрді, содан соң ол 1,5 км автобуспен жүрді. Ерлан қанша қашықтық жүріп өтті? 6,3 км 5,8 км 5,13 км 4,95 км Үлкен үшбұрыштың бөлігін боя. Дулатта 20 зед бар. Ол 3,65 зедке кітап сатып алды. Ол тағы 2,70 зедке журнал сатып алды. Дулаттың қанша ақшасы қалды? 6,35 зед 13,65 зед 14,65 зед 16,35 зед 1.3. сандық өрнектер және теңдеулер белгісі Сұлтанның қарындаштарының санын білдіреді. Зәуре Сұлтанға тағы 3 қарындаш берді. Сұлтанның енді қанша қарындашы бар? 3: + 3 – 3 3* 1.4. Жазықтықта фигураларды бейнелеу Берілген үшбұрышқа симметриялы үшбұрыш сыз,m түзуі –симметрия осі. Мектептің ойын алаңы шаршы пішінді. Алаңның бір жағының ұзындығы 100 м тең. Раушан алаңның барлық шетін айнала жүрді. Ол қанша қашықтық жүрді? 100 м 200 м 400 м 10000 м Айнұр қораптарды бөлменің бұрышына қалады. Барлық қораптардың көлемі бірдей. Ол қанша қорап қолданды? 25 19 18 13 Данагүл фигураның суретін салу керек. Ол фигураның 5 қабырғасы болуы тиіс. Ол фигураның бір симметрия өсі болуы қажет. Данагүл фигураны сала бастады. Данагүлдің фигурасын аяқта. Тордың әр шаршы жағының ұзындығы 1 см-ге тең. Боялған фигураның ауданы нешеге тең? Жауабы: шаршы сантиметр Тікбұрышты және үшбұрышты қатар қою арқылы,мына фигуралардың қайсысын құрастыруға болады? Төмендегі фигураға A осіне қатысты симметриялы фигураны сал 1.5. Нүктелер,кесінділер және бұрыштар Төменде көрсетілген объектілердің орналасқан жерін көрсету үшін, кестені толтыр.Бірінші объектінің орналасқан жерікестеде белгіленген.
Тойжан С4 шаршысында орналасқан үйде тұрады. Тойжан тұратын шаршыға Т әріпін жаз. 5 7 8 9 Төменгі бос орынға 90 градустан артық, бірақ 180 градустан кем бұрышты сызыңыз. Дархан шаршы торларға бөлінген тақта пайдаланатын ойын ойнайды.Дарханның тасы D5 шаршысында тұр .Қандай жылжытулар нәтижесінде оның тасы G7 шаршысында болады? 2 шаршы оңға және 3 шаршы жоғары 2 шаршы солға және 3 шаршы жоғары 3 шаршы оңға және 2 шаршы жоғары 3 шаршы солға және 2 шаршы жоғары 1.6. Мәліметтерді оқу жәнеинтерпретациалау Мұғалім үстеліндегі қаламдар Қалам саны Диаграммада мұғалім үстелінде жатқан көк, қызыл және қара қалам саны көрсетілген.Қызыл қалам қара қаламға қарағанда қаншаға артық? 2-ге артық 4-ке артық 6-ға артық 8-ге артық Думан өзінің достарынан олардың ең жақсы көретін түсі қандай екенін сұрады.Алынған мәліметтерді ол келесі кестеде көрсетті.
Содан кейін Думан осы мәліметтерді бағандық диаграммада бейнелеуге кірісті. Осы диаграмманы құруды аяқта. Мектептен соң кейбір оқушылардың немен айналысатыны шеңберді диаграммада көрсетілген. Шеңберлі диаграмма бірдей 10 бөлікке бөлінген .20 оқушының кітап оқығаны белгілі. Қанша оқушы достарымен кездеседі? 40 60 80 100 Талғат телефон үшін 2008 жылдың бірінші алты айына төменде көрсетілгендей ақша төледі. Талғаттың 2008 жылға телефонға есебі
Талғат телефон үшін 2009 жылдың бірінші алты айына төменде көрсетілгендей ақша төледі. Талғат 2008 жылға қарағанда 2009 жылдың кейбір айларына телефон үшін азырақ төледі.Қай айлары? 1.7. бірізділіктер және тәуелділіктер Нұрлан 1 ден 4 ке дейінгі фигураларды сіріңкеден құрастыруы керек.1,2 және 3-ші фигуралар төмендегі суретте көрсетілген. Оған 1-ші фигураны құрастыру үшін төрт сіріңке қажет, 2-ші фигураны құрастыру үшін жеті сіріңке , ал 3-ші фигураны құрастыру үшін он сіріңке керек. Тізбектің әрбір келесі фигурасын құрастырған кезде ол бірдей ережені қолданады.4-ші фигураны құрастыру үшін оған қанша сіріңке қажет? Жауабы: Егер 3,6,9,12 сандарының реттілігін жалғастырса,онда келесі сандардың қайсысы осы реттілікке жатады? 26 27 28 29 Суретте төрт фигурадан тұратын реттілік салынған. 4-ші фигураның көрсеткішін жазып ,кестені аяқта .
5-ші фигура неше дөңгелектен тұрады? Жауабы: Егер фигуралар реттілігін жалғастырса ,10-шы фигура неше дөңгелек болар еді ? Жауабы: 1-ге көбейтіп,оған 5-ті қосу 2-ге көбейтіп,оған 2-ні қосу 3-ке көбейтіп одан 1-ді азайту 4-ке көбейтіп ,одан 4-ті азайту |