Керамикалық материалдар: тығыз және қуысты керамиканы алу тәсілдері. сро 3. Керамикалы материалдар тыыз жне уысты керамиканы алу тсілдері
Скачать 30.87 Kb.
|
Керамикалық материалдар: тығыз және қуысты керамиканы алу тәсілдері Жасанды күйдірілген материалдары мен бұйымдарын (керамика) балшық илемін қалыптау және кептірген соң 900-1300°С күйдіру жолымен алады. Шикізаттар Саз – балшықты материалдар: каолиндер, саз-балшықтар, бентониттер. Керамикалық бұйымдарды өндіру үшін шикізат ретінде каолиндер, саз қоспалары қолданылады. Каолиндер жəне саз-балшықтар деп –əртүрлі қоспалармен араласқан, табиғатта тараған сулыалюмосиликаттарды айтады. Оларды су қосып илегенде – пластикалыққамырға, ал күйдіргеннен кейін–тасқа ұқсас күйге айналады.Каолиндер тек қана дерлік каолинит минералынан (Al2O3 2SiO2·H2O) құралады, бөлшектерінің (түйіршектерінің) өлшемдері көбінесе 0,01 ммден, күйдіргенде ақ түсін (өңін) сақтайды. Саз-балшықтар(осыдан кейін балшық немесе саз деп қысқартылыпайтылады) бірнеше минерал мен біршама минералдық жəне органикалыққоспалардан құралады. Бұл минералдардың бір тобы сумен араластырғандаиленгіш қамыр түзеді. Ал басқа (екінші) тобында – кальцитте, далашпатында мұндай пластикалық қасиет жоқ. Бірінші топтағы минералды –сазды (балшықты) зат деп атайды, екіншісін – сазды емес минералдар дейді.Балшықты (сазды) зат (бөлшектерінің өлшемі 0,005 мм-ден төмен негізіндекаолинит пен онымен туысқан минералдар – монтмориллонит (Al2O3·4SiO2 ·nH2O) пен галлуазит (Al2O3 2SiO2 4H2O) құралады. Уақбөлшектер (түйіршіктер) балшықтардың пластикалық қасиетін жақсартады(жоғарылатады). Жоғары пластикалық балшықтардың 80-90-%і 0,003 ммден төмен бөлшектерден құралады. Бентониттер деп – жоғары пластикалық негіздемонтмориллониттен құралған, балшықтарды айтады. Олардың 85-90пайызы өте ұсақ 0,001 мм-ден төмен бөлшектерден тұрады.Қорыта айтқанда, балшық материалдарда өлшемі 0,001 ммбөлшектер көбейген сайын, олардың пластикалығы өседі.Пластикалығы ең жоғары балшықтарда көп кездесетін қоспа – далашпаты, олардың балқу температурасын төмендетеді. Темір тотығы ()оларға қызыл, ал басқа, əсіресе көміртегіне бай органикалық қоспаларқоңыр, т.б. түстер (өңдер) береді. Кальцийлі карбонат () “көпірме”(“дутик”)* атты ақау (кемістік) келтіреді. *“Көпірме” – кальцийлі карбонатты күйдіргенде бөлінген кальций тотығыдымқылданғанда, көлемінің ұлғаюы əсерінен керамикалық бұйымдардың бетінде пайдаболған қуыс сияқты (қуысқа ұқсайтын) ақау (кемістік). Қосымшалар (үстемелер) 1. Балшықтың пластикалығын (иленгіштігін) азайтатындар.Иленгіштігі жоғары балшық қамыр түзу үшін суды көп сіңіреді де,одан жасалған бұйымдыкептіргенде, күйдіргенде көлемі кішірейіп,жарылуы да мүмкін. Болашақ бұйымды осындай ақаудансақтау үшін, балшықтың иленгіштігін азайтатын үстемелерпайдаланылады. Оларға – шамот, құм, жылу электрстанциясының(ЖЭС) күлі, тез суытылып, түйіршіктелген шлактар жатады. Шамот – түйірленген (0,14-2 мм) керамикалық материалдар. Олсазды күйдіру (бұйым күйдіру температурасына дейін), уату арқылыалынады немесе кірпіштің қалдықтарынан (сынықтарынан)дайындалады. Шамотты немесе осы топта жататын жоғарыдакөрсетілген басқа да заттарды қосқанда балшықты кептіру, күйдірупроцестері жеңілдеп, сапасы жоғары беттік кірпіш пен отқа төзімдібұйымдар алынады. 2. Керамикалық бұйымдардың кеуектілігі мен саздыңпластикалығын арттыратындар. Жеңіл, кеуектілігі жоғары, жылуөткізгіштігі төмен бұйымдар алу үшін сазға кеуектендірілетін заттарқосылады. Бұл заттар күйдіргенде газ шығаратын уатылғанəктас (бор), доломит немесе жанатын ағаш ұнтағы, көмір байыту фабрикаларының қалдықтары, ЖЭС күлі, лингинпайдаланылады. Саздың иленгіштігін арттыратын заттарға пластикалығы жоғарыбалшықтар, бетониттер жəне беттік əсерлі заттар (БƏЗ), мысалысульфит – ашытқы бардасы (САБ) жатады. 3. Балқытқыштар (флюстер). Глазурьлер. Ангобтар. Балқытқыштар (флюстер): дала шпаттары, темір рудасы, доломит,магнезит, тальк, т.б. саздарға бұйымдардың күйдіру температурасынтөмендету үшін қосылады. Керамикалық бұйымдардың су өткізгіштігін, тазалығын арттыруүшін, олардың бетін глазурь немесе ангоб деп аталатын заттарменөңдейді (сырлайды). Глазурь дегеніміз – бұйымның бетіне жағылғаннан соң оныкүйдіргенде жоғары температураның əсерінен балқитын шыны сияқтыкөп компонентті зат; глазурь қабығының қалыңдығы – 0,1-0,2 мм.Глазурь түрлі-түсті, мөлдір, кейде күңгірт болады. Оны күңгірттендіруүшін құрамына 6% қалайы тотығын қосады. Ангоб дегеніміз – күйдіргенде ақ немесе басқа түс беретінбалшықтан жасалған керамика бұйымдарының бетіне жағылатын зат.Күйдіргенде ангоб балқымайтындықтан, (оның балқу температурасыглазурьдікінен анағұрлым жоғары), ангобтандырылған бұйымдардыңбеті түрлі-түсті болғанымен, жылтырамайды. Балшықтардың керамикалық бұйымдар өндіруге қажетті қасиеттері 1. Иленгіштігі. Саз сумен араластырғанда иленгіш қамырға айналады. Иленгіштік деп – саздың қамыр күйінде сыртқы күштің əсерінен керек форманы ажырамай (үзіліссіз), шытынамай (қуыссыз)қабылдап, оны кептірген жəне күйдіргеннен кейін сақтау қасиетін атайды.Иленгіштіктің техникалық көрсеткіші пластикалық санмен (Пл) сипатталынады. Пл = Wa – Wш; мұндағы – қатырмен аққыштық жəне ширатылған (иірленгіш) шектеріне сай ылғалдықтың мөлшері, % (4.1-сурет). Керамикалық бұйымдар өндіру үшін иленгіштігі орташа, пластикалық саны 7-15 аралығындағы саздар пайдаланылады. Иленгіштігі аз балшықтар (Пл 7-ден төмен) қалыптанбайды, ал өте иленгіш саздар (Пл 7-ден жоғары) кептіргенде шытынайды. 2. Шөгуі(тығыздануы немесе бұйымның отырғыштығы) деп – қамырды (бұйымды) ауада кептіріп, отта күйдіргенде оның сызық өлшемдері мен көлемінің кішіреюін айтады. Отырғыштық – бұйымның алғашқы өлшемдерінен, процент арқылы анықталынады. Əдетте бұйым 3%-тен 18%-ке дейін шөгеді, осыған сай өлшемі стандартта көрсетілгендей, бұйым алу үшін форманың (қалыптың) көлемі ұлғайтылады. Бұйымның шөгуі – қамырды кептіргенде ылғал (су) бөлініп, ал күйдіргенде – оның балқығыш құрамы басқа балқымайтын бөлшектерді өзіне тартуы əсерінен пайда болады. 3. Пісуідеп – күйдіргенде саздың тығыздығы өсіп (жоғарыда көрсетілгендей, құрамындағы кейбір оңай балқитын бөлшектері балқып, балқымаған бөлшектерді өзіне ығыстыру əсерінен), тас тəрізді денеге айналуын айтады. Жоғары температураның тигізетін əсеріне байланысты балшықтар үш түрге бөлінеді: отқа төзімді – балқу температурасы 1580оС-тан жоғары (таза каолинитті жəне монтмориллонитті балшықтар, мысалы таза каолинит 1770оС-та балқиды), баяу балқитын – балқу температурасы 1350-1580оС аралығында (құрамында біраз кварц, дала шпаты, слюда, карбонат, т.б. қоспалар бар балшықтар); оңай балқитын, балқу температурасы 1350оС-тан төмен (жоғарыда көрсетілген, т.б. қоспалары көбірек балшықтар). Балшықтардың бірінші түрі көбінесе фарфор, фаянс жəне отқа төзімді бұйымдар алу үшін пайдаланылады. Екінші түрі – едендік тас, канализациялық құбырлар мен осыларға құрамы ұқсас бұйымдар өндірісінде қолданылады. Үшінші түрі – кəдімгі кірпіш, черепица, т.б. бұйымдар өндіру үшін пайдаланылады. Осы келтірілген түрлі балшықтардың сипаттамасына байланысты, пісу интервалы да əртүрлі. Мысалы, оңай балқитын балшықтардың пісу интервалы 50-100оС аралығында, ал отқа төзімді балшықтардікі – 400оС. Керамикалық бұйымдардың кеуектілігі, су сіңіргіштігі, жылу өткізгіштігі, беріктігі жəне аязға төзімділігі Күйдірген саңылаулы керамикалық бұйымдардың кеуектілігі əдетте 10…40%:ол керамикалық массаға кеуектендіргіш заттарды қоса өседі. Тығыздығы мен жылу өткізгіштігін азайту үшін кірпішті, керамикалық тастарды қуыстайды. Керамиканың су сіңіргіштігі – оның кеуектілігін сипаттайды. Кеуекті керамикалық бұйымдардың массалық су сіңіргіштігі – 6-20%, ал тығыз бұйымдардікі – 1-5%. Жылу өткізгіштігі. Абсолютті тығыз керамикалық бұйымның жылу өткізгіштігі жоғары – 1,16 Вт/(м.оС). Ауамен толған саңылаулар мен қуыстар бұйымдардың тығыздығын төмендетіп, жылу өткізгіштігін едəуір (айтарлықтай) азайтады. Мысалы, қабырғалық бұйымдардың тығыздығы 1800-ден 700 кг/м3-ға дейін төмендетілсе,оның жылу өткізгіштігі 0,8-ден 0,2 Вт/(м.оС)-қа дейін азаяды. Осыған сəйкес сыртқы қабырғаның қалыңдығы азайтылады, яғни қоршаулық конструкциялардың тиімділігі асады. Олардың материал – шығымдылығы төмендейді.Керамикалық бұйымның беріктігі оның фазалық құрамына,кеуектілігіне жəне шытынауына (жарықшақталуына) байланысты. Қабырғалық керамикалық бұйымдардың (кірпіш, т.б.) маркасы, олардың сығуға беріктігі арқылы анықталады. Осыған қарамастан, əрдайым олардың июге беріктігі де анықталынады, себебі кірпіш қабырғада ию күші əсеріне де кедергі көрсетеді. Кеуекті бұйымдардың маркалары – 75-300, тығызбұйымдардың маркалары (жолға төселетін кірпіш, т.б.) 400-1000. Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділік маркасы, олардың су сіңіргеннен кейін неше (қанша) тоңазу-жылыту (жібіту) цикліне қабыршақтанбай, шытынамай, майдаланбай шыдағанын көрсетеді. Керамикалық бұйымдардың құрылымына байланысты аязға төзімділігі мынадай маркалармен сипатталынады: Г15, Г25, Г35, Г50, Г75, Г100. Егер керамикада “қауіпті” саңылаулардағы судың мұзға айналу əсерінен көлемнің өсуін қабылдай алатын резервті саңылаулар жеткілікті болса, онда ол аязға төзімді болады. Резервті саңылауларға 200 мкм-ден үлкен, оларда судың қалуына капиллярлық қысымы жеткіліксіз ашық саңылаулар жатады. “Қауіпті” саңылауларда төменгі аяздарда (-10оС-та) қататын су сақталынады. 4.5. Қабырғалық жəне тыстаулық (өңдеулік) керамикалық бұйымдар Қабырғалық керамикалық бұйымдар. Бұлардың маңызы зор,өйткені оларқұрылыста қолданылатын барлық қабырғалық бұйымдардың тең жартысы (50%-і). Көп тараған түрлеріне мыналар жатады: кəдімгі күйдірілген кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар(қуысты кірпіш), қуысты керамикалық тастар, т.б.), кірпіштен не керамикалық тастардан құралған ірі панельдер.Кірпіш (кəдімгі) тығыз (қуыссыз) формасы тік бұрыштыпараллелепипед, өлшемі 250 х 120 х 65мм, оңай балқығыш балшықтардан(қосымша заттарсыз не солармен) істелінеді. Тығыздығы 1600-1900 кг/м3,жылу өткізгіштігі – 0,7-0,8 Вт/(м.оС); беріктігіне сəйкес (R сығу) 7 маркаменсипатталынады: М75, М100, М125, М150, М200, М250, М300. Сусіңіргіштігімен сипатталынатын кеуектілік мөлшері маркасы М150-денжоғары кірпіш үшін 6%-тен кем емес, ал басқа маркалы кірпіш үшін 8%-тенкем болмауы қажет. Кеуектілігі азайса, кірпіштің жылу өткізгіштігі артып,құрылыс ерітіндісімен байланысы əлсірейді. Кірпіштің аязға төзімділігі 15 циклден кем болмауы қажет. Əдетте бұл қасиеттің маркалары – Г25,Г35, Г50. Кірпіш көбінесе панельдер жасауда қабырға, пеш пен мұржақалауға қолданылады. Тиімді қабырғалық керамикалық бұйымдар. Кəдімгі керамикалықкірпіштің жылу өткізгіштігі жоғары, осының салдарынан сыртқы қабырғақалың – 2 немесе 2,5 кірпіш, яғни 52 немесе 64 см болып істелінеді. Бірақ,мұндай жуан қабырғаның жоғарыдан түскен күшке кедергісі (беріктігі) өтекөп, пайдаланылмай қалады, салмағы да ауыр (1м2 қабырғаның салмағы –800-1000 кг). Сондықтан оның орнына беріктігі жоғары (артық емес), бірақжылу өткізгішті төмен бұйымдарды пайдаланған жөн. Бұл жағдайдақабырға қалыңдығы жұқарады. Осындай бұйымдарға қуыс кірпіш, қуыскерамикалық тастар жəне диатомит пен трепельден өндірілген кірпіш пентастар жатады. Қуысты кірпіштер. Қуыс керамикалық тастар.Кəдімгі қуыссыз, тығыз керамикалық кірпіштің өлшемдері – 250 х 120х 65 жəне 250 х 120 х 88 мм, яғни соңғы кірпіш – қалыңырақ, оны –модульді* кірпіш дейді. Қуыс кірпіштердің өлшемдері кəдімгікірпіштердікіндей, бірақ олардың іші қуысталынған. Қуыс тастардыңөлшемі, кірпіштердікінен үлкенірек. Кірпіш пен тас қуыстарыныңформасы дөңгелек не тік бұрышты, өлшемдері де, кірпіштегі сандарыда əртүрлі. Қуыс – бұйымдардың төсеу бетіне тік не жазық бағыттаорналастырылады. Олар бір шеті бітеу, не шеттері ашық болып жасалады. Кірпіштердің қуыстылығы 42%-ке, ал тастардікі – 50%-ке дейін.Диатомит пен трепельден жасалған кірпіш пен тастар – қабырғалық-керамикалық бұйымдардың тиімділігін арттырады. Өйткені олардың кеуектілігі кəдімгі (қуыссыз) жағдайдың өзінде жоғары, су сіңіргіштігі 8%-тен кем емес, оған қоса олар да қуысталынуы мүмкін. Олар тығыздықтарына байланысты 3 класқа бөлінеді: А, Б жəне В: сəйкесінше 0,7…1 т/м3; 1…1,3 т/м3 жəне 1,3 т/м3-дан жоғары – аязға төзімділігі бойынша маркалары Г15 кем емес. Тиімді қабырғалық-керамикалық бұйымдардың қуыс түрлерін өндіру үшін қалыптағы престің мүштігіне қажетті нұсқалы өзекболатты қапсырма шегемен бекітеді. * Модуль (өлшем) І) техникада: өте маңызды коэффициентке немесе мөлшерге берілетін ат; 2) архитектурада: үй немесе басқа бір құрылыстың бөлшегі. Осы бөлшек – өлшем ретінде қабылданып, ол арқылы үйдің басқа бөлшектерін немесе үйді толығымен сипаттау үшін қолданылады. Кірпіш не керамикалық тастардан құралған ірі панельдер Мұндай панельдер сыртқы қабырға ретінде пайдаланылады. Олардың биіктігі мен ені үй бөлмесінің биіктігі мен еніне тең (мысалы, 3,2 х 2,7 х 0,28 м). Олар бір, екі жəне үш қабатты болып өндіріледі. Үш қабатты панельдің қалыңдығы 28 см (ішкі, сыртқы беттерінің өңдеулік материалдармен тысталғанын қосқанда). Соның ішінде сыртқы екі қабатының əрқайсысы 6,5 см, яғни кірпіштің қалыңдығына тең. Ортасының қалыңдығы 10 см жылу өткізбейтін материал (мысалы, минералдық мақтадан істіленген плита (тақта). Екі қабатты панельдің бір қабаты – кірпіштен (бұл қабаттың қалыңдығы 12 см, яғни кірпіштің көлденеңіне тең), ал екіншісі (оның да қалыңдығы 12 см) – жылу өткізбейтін материалдан тұрады. Бір қабатты панель – қуысты кірпіш немесе қуысты тастан құралады. Оның қалыңдығы (өңдеулік, яғни тыстаулық материалдың шамасы (2,5 см + 2,5 см, қалдықтарын есептемегенде) бұйымдардың ұзындығына (25см) тең. Ірі панельдің сыртқы беті əдетте керамикалық кілем тəрізді алуан түсті өрнектелеген плиткалармен өңделеді (қапталады). 2) Тыстаулық (өңдеулік) керамикалық бұйымдар. Бұлар: сыртқы(фасад-қасбет) жəне ішкі тыстамалы бұйымдар деп бөлінеді. Қасбеттік тыстамалы бұйымдар. Олар қабырға панельдерінің, цокол блоктарының қасбетті жағын, лоджияларды өңдеуге жəне үйдің қабырғасын панолау (əшекейлеп сурет салу) үшін пайдаланылады. Фасадты өңдеуге көбінесе глазурьландырылған бұйымдар қолданылады. Глазурьлеу – бұйымның су өткізбей, ұзақ сақталуын жақсартады. Мұндай бұйымдар Қазақстанда: Қарағанды мен Целиноградта өндіріледі. Қасбеттік бұйымдар: беттік кірпіш пен керамикалық тастар, ірі плиткалар жəне кілемдік керамика болып үш топқа бөлінеді. Кірпіштен ірі панельдер алу үшін алдымен оның жəне ондағы терезе ойығының периметрлеріне пісіру арқылы біріктірілген қаңқалы арматура қондырылады. Монтаждық ілгектер орнатылып, содан кейін кірпіштер маркасы 75-тен кем емес, консистенциясы (құйылу дəрежесі) стандарттық конустың 9-11 сантиметрге батуымен сипатталынатын цемент негізінде дайындалған құрылысерітінділерімен қаланады. Одан соң панельдің сыртқы жəне ішкібеттері өңделеді. Ең соңында панель 10-14 сағат буландырылады да,құрылыс орындарына жеткізіледі. Мұндай панельдерді монтаждау,қабырғаны кірпіштен қалағаннан гөрі 40% аз уақыт алады. Сондықтанқабырғаны ашық ауада, суықта кірпіштен қалағаннан, ірі панельдердіцехта өндірген тиімді.Қасбеттік тыстамалы кірпіш (250х120х65) жəне керамикалықтастар (250х120х140) қолданылатын балшықтардың түрінебайланысты: оңай балқитын (күйдіргенде түсі қызыл) жəне баяубалқитын (күйдіргенде ақ түсін өзгертпейтін), ал балшықтардың қоспадағы (керамикалық массадағы) қатынасына қарай: ақ сары жəнеқоңыр түсті болып өндіріледі. Қасбеттік кірпіштердің өзіндік құнынарзандату үшін олар екі қабатты болып жасалады: бірінші (қалың)қабатқа жергілікті қызыл балшықтар, ал екінші (жұқа – қалыңдығы 3-5 ммғана) қабатқа – көбінесе басқа жақтан əкелінетін ақ балшықпайдаланылады.Түрлі-түсті қасбеттік кірпіш өндіру үшін оның бет жағы 80% ақбалшық, 15-20% шыны сынығы жəне 5-7% минералдық бояуларқоспасымен ангобаландырылады. Ангоб шликер сұйық күйінде шикікірпіштің бетіне жағылады да, күйдіру арқылы бекітіледі. Ал қасбеттіңархитектуралық (сəулеттік) мəнерлігін арттыру үшін кірпіштер глазурьленеді.Ірі плитка өлшемдері (250х140х10мм) кірпіштен немесе бетоннаністелінген дайын қабырғаны өңдеу үшін пайдаланылады. Қазіргі кездеондай плиткалар толық автоматтандырылған үздіксіз (толассыз) престеу (қалыптау), кептіру, глазурьлеу жəне күйдіру процестерінорындайтын жұмыс жолында өндіріледі. Кілемдік керамика деп аталатын уақ плитка өлшемдері 20х20х2 мм жəне 48х48х4 мм етіліп жасалынады. Бұл плиткалар өте берік қағазға бет (ОН) жоғымен суға ерігіш желіммен кілем тəрізді өрнектеп жапсырылады да, теріс жағымен – құрылыс (цемент, құм жəне судан тұратын қоспа) ерітіндісі арқылы сыртқы қабырғаға бекітіледі. Ерітінді қатайып, плиткаларды қабырғамен байланыстырғаннан соң, қағазды сумен жібітіп, жуып тастайды. Уақ плиткалар да зауыттарда глазурьлендіріліп өндіріледі. Ішкі өңдеулік бұйымдар. Бұлар: қабырғалық жəне едендік болып екі түрге бөлінеді. Ішкі қабырғалық тыстаулық плиткалар көбінесе ылғалдылығы жоғары жайларды (монша, ванна, дəретхана, кір жуатын үй, (лабораториялар, т.б.) өңдеу үшін қолданылады. Ішкі қабырғалық тыстаулық плиткаларды көбінесе кəдімгі оңай балқитын балшықтарға 20% бор қосып жасайды. Бұлар бет жағынаглазурь жабылғаннан соң тағы бір рет күйдіріледі. Бұлардың фаянс плиткалары деп аталатын түрі, отқа төзімді балшықтарға кварцті құм жəне дала шпаты қосылған қоспалардан өндіріледі. Бұл плиткалар бірақ рет күйдіріледі, өйткені олардың бетіне глазурь күйдірер алдында жағылады. Ішкі қабырғалық плиткаларды – престеу жəне құю əдістерімен қалыптайды. Престеу əдісі бойынша массаны əбден араластырғаннан кейін болаттан жасалынған пресс-қалыпқа салып, қысымды бір шаршы сантиметрге 140-160 кг-ға дейін жеткізеді. Қалыпталған плиткалардың бетіне глазурь массасын жағып, одан кейін пеште күйдіреді. Плиткалардың глазурь жақпайтын астыңғы жағын бұдырлы етіп жасайды. Сондықтан олар цементті құрылыс ерітінділері арқылы қабырғамен берік байланысып тұрады. Бұл əдіспен істелінген плиткалардың өлшемдері құю əдісімен жасалатындардікінен үлкенірек, пішіндері шаршы (150х150 мм) жəне тік бұрышты (150х100 мм жəне 150х75 мм), əр қалыңдығы 6 мм-ден аспайды, түрлері əр түсті (ақ, көгілдір, жасыл, т.б.) болып келеді. Құю əдісімен қалыптанған плиткалардың өлшемдері кішірек, пішіндері шаршы (50х50 мм) жəне тік бұрышты (25 х 100 мм, т.б.), ал қалыңдығы 2-3 мм.Едендік плиткалар шаршы, тік жəне үшбұрышты, алты жəне сегізқырлы, қалыңдығы 10-13 мм, ал қырларының өлшемдері 50-150мм. Плиткалардың астыңғы беті бұдырлы етіліп жасалынады. Алмонша, кір жуатын орын, т.б. ылғалды жерде қолданылатынплиткалардың екі жағы да бұдырлы болады. Бұл плиткалар баяу балқитынжəне отқа төзімді балшықтардан, оларды үш əдістің қайсысымен болсынқалыптау, онан соң кептіру жəне толық пісуіне шейін күйдіру арқылыөндіреді. Мысалы, бұл плиткаларды престеу əдісімен балшық массаны біршаршы сантиметрге 250-300 кг келетін қысымда қалыптап, одан кейін 3%ылғалдылыққа дейін кептірген соң, 1200…1300оС-та күйдіру арқылыалады. Еденге төсеу үшін жоғарыда көрсетліген плиткалардан басқа, мозаикалық – формасы шаршы немесе тік бұрышты көлемдері кішкене: 23 жəне 48 мм, қалыңдығы 6 жəне 8 мм плиткалар да қолданылады. Бұлар да жоғарыда келтірілген қасбеттік тыстамалық, кілемдік керамика сияқты, берік қағазға желімдеумен өрнектеп, кілемдер құрау жəне оларды цементті құрылыс ерітінділерімен еденге бекіту арқылы төселінеді. Əр кілем өлшемі 389х598 мм, ал жеке плиткалар арасындағы жіктердің қалыңдығы 2 мм. Керамикалық еден плиткалары су өткізбейді, шаң шығармайды, оңай жуылады, сұйық заттарды бойына тартпайды (сіңірмейді), қышқылдар мен сілтілерге, үйкеліске төзімді. Арнаулы қолданылатын керамикалық бұйымдар Арнаулы орындарда пайдаланылатын бұйымдар тобына: жабынды (черепица), керамикалық құбырлар, жолдық кірпіш (клинкер), сантехника бұйымдары мен қышқылға, отқа төзімді бұйымдар кіреді. 1. Жабындық бұйымдарға жататын балшық черепицасы – үй төбелерін жабуға қолданылады. Черепица иленгіштігі жоғары оңай балқитын балшықты қалыптап, 950-1000оС-та күйдіру арқылы алынады. Черепицалар керітпелі штампталған, кертпелі ленталы, жайпақ (кертпесіз) ленталы, науалы, т.б. түрлі болады. Жайпақ ленталы черепицаның астыңғы бетіндегі ұстайтын құлағының тесігінен сым өткізіп, черепицаны үй шатырының торына байлап бекітеді. Ал кертпелі штампталған жəне кертпелі ленталы черепицалар шатырдың торы үстіне кертпесі арқылы бір-біріне жалғастыра бекітіледі. Шатыр құламаларының қиылысқан жеріне науалы түрлі черепицалар (міндіріледі) орнатылады. Черепицаның ию күшіне беріктілігі бір шаршы м-ге 70 кг, ол аязға да төзімді. 2. Керамикалық канализациялық құбырлар, металл жəне темірбетон құбырларымен салыстырғанда, агрессиялы ортаның, əсіресе өнеркəсіптердің қалдық суларының зардабына төзімді келеді. Ұзындығы 800-1200 мм, диаметрі 150-600 мм, қабырғаларының қалыңдығы 20-40 мм; 0,2 МПа-дан кем емес гидростатикалық кернеуге (қысымға) шыдауы керек; су сіңіргіштігі 1-сорт үшін – 9%, ал 2-сорт – 11%-тен артпауы тиіс. Құбыр – иленгіштігі жоғары, қиын балқитын балшықтардан тік вакуум-престе қалыпталынады. Құбырларды кейін құрылыс орындарында өзара жалғастыру үшін, құбырдың ұзындығы бойынша 60-70 мм-ге тең, ал бір шетінің диеметрі сəл кең жасалады. Қалыпталынған құбырлардың кең шеті жоғарыға қаратылып, қолмен вагонеткаға тиелінеді: 16-48 сағатқа дейін табиғи жағдайда, одан кейін 150оС-та кептіргіште құрғатылады. Кептірілген құбыр іші-сыртына глазурь массасы жағылғаннан соң 1250-1300оС-та, піскенше күйдіріледі. Қазақстанда керамикалық құбырлар өндірілетін зауыт Ленгер қаласында. 3. Жолдық кірпіш (немесе клинкер кірпіші) қиын балқитын балшықтарды піскенше күйдіру арқылы шығарылады. Өлшемдері 220х110х65 мм немесе 220х110х75 мм; маркалары М400, М600 жəне М1000 (сығуға беріктілігі бойынша); су сіңіргіштігі 2-6%; аязға төзімділігі 50-100 тоңазыту мен жібіту цикліне тең. Клинкер кірпішін жол мен тротуардың бетін, өндіріс ғимараттарының объектілерінің) еденін, канализация коллекторын құру үшін қолданады. 4. Санитарлық-техника бұйымдары. Бұларды (ванна, унитаз, қол жуғыштар, су ағызатын бактар, т.б.) фаянстан, жартылай фарфор мен фарфордан жасайды. Ол үшін күйдіргенде ақ түсін өзгертпейтін, отқа төзімді жəне каолинитті балшықтар, кварц пен дала шпаттары қолданылады. Бұл қоспалардың көп қолданылатын рецепті мен одан алынатын бұйымдардың негізгі қасиеттері 4.1-кестеде көрсетілген. 4.1-кестеКерамикалық массаның үлгілі құрамы мен бұйымдардыңфизика-механикалық қасиеттері
Санитарлық бұйымдар, негізінде фаянстан жасалынады. Ол үшін қолданылатын шикізаттар пайдасыз қоспалардан тазартылып, майдаланып, сумен араластырыған соң қоюлығы қаймақтай шликер деп аталатын суспензияға айналдырылады. Гипстен жасалған формуларға шликерді құйып, қажетті мүсіні бар бұйымдар жасады. Шликердегі судың көпшілігін гипс өз бойына сіңіріп болғаннан кейін, жасалынған бұйым қалыптан босатылып, алдымен ауада, кейін кептіргіште құрғатылады. Ылғалдылығы 1-2%.Бұйымдар глазурь қабатымен жабылады, одан кейін 1250-1300оС-та күйдіріледі. Глазурьленген бұйымдар су сіңірмейді.Өлшемдері ірі бұйымдарды (ванналар, жуынғыштар, т.б.) өндірудешамотты фаянс қолданылады: кварцтің орнына 10-15% шамот пайдаланылады.Жартылай фарфор фаянспен салыстырғанда, күйдіргенде көбірекпіседі (су сіңіргіштігі 3-5% ал фарфор одан да тығызырақ, су сіңіргіштігі 0,2-0,5%) жəне берік (500 МПа дейін) болғандықтан, фарфордан қабырғалары жұқа бұйымдар өндіруге болады. Қазақстанда техникалық фарфор зауыты бұрын Атбасарда болса, қазір Ақмолада, Алматыда бар. 5. Қышқылға төзімді бұйымдар үш түрлі: – қышқылға төзімді кірпіш: маркалары 150-250, қышқылға төзімділігі 92-96%-тен кем емес, су сіңіргіштігі 8-22%-тен артық емес; – қышқылға төзімді плиталар: маркасы 300, қышқылға төзімділігі 96-98%, су сіңіргіштігі 6-9%-тен жоғары емес; – қышқылға төзімді құбырлар: маркалары 300-400, қышқылға төзімділігі 97-98%-тен аз емес, су сіңіргіштігі 3-5% көп емес. Қышқылға төзімділік дегеніміз – бұйымдардың қышқылдарда (фторлы-сутекті қышқылдан – HF басқа) жəне сілтілерде ерімеуі. Кірпіштер мен плиткалар химия зауыттарының резервуарларының бетін, еденін тыстамалау үшін қолданылады. Ал құбырлар қышқылдарды 0,3 МПа-дан жоғары емес қысым күшімен басқа жерге жеткізу үшін пайдаланылады. Қышқылға төзімді бұйымдарды өндіру үшін химиялық төзімділігін кемітетін қоспалардан (карбонаттардан, гипстен, т.б.) ажыратылған 1200оС мөлшерінде пісетін балышқтар пайдаланылады. 6. Отқа төзімді бұйымдар өндіріс пештерінің қабырғасын, күмбезін (пештің жалын тиетін имек төбесін) жəне табанын тыстау (қалау) үшін қолданылады. Химиялық жəне минералдық құрамына сəйкес оларды екі топқа бөледі: кремнийлі жəне алюмосиликатты отқа төзімді бұйымдар.Кремнийлілердің кең тараған түрлерінің бірі – динас деп аталатын тридимитті кристобалитті отқа төзімді материал. Ол кварцит жыныстар (кварцит, кварцты құм, маршалит) негізінде өндіріледі. Династың құрамында кремнийдің оксиді (SiO2) 93 пайыздан кем болмауы қажет. Отқа төзімділігі 1600-1700оС; одан болат, шыны мен кокс өндіретін пештердің күмбезі жасалады. Алюмосиликаттық бұйымдардың ішінде ең отқа төзімдісі көп глиноземді бұйымдар. Бұлардың құрамында 45 %-дан көп глинозем бар; соңғының мөлшеріне сəйкес бұйымдардың отқа төзімділігі – 1450-1725оС аралығында болады. Олармен шыны балқытқыш жəне домна (шойын балқытқынанш) пештерді тыстайды. 7.Дренажды керамикалық құбырларды ішкі диаметрі 25-250мм, ұзындығы 333, 500, 1000мм, қабырғасының қалыңдығы 8-24мм болатын отырғыш қоспасымен немесе қоспасыз балшықтан дайындалады. Олар кірпіш немесе арнаулы зауыттарда өндіріледі. Дренажды керамикалық құбырлар құрғату-ылғалдау және суландыру жүйелері, коллекторлы-дренажды су бұру құрылысына қолданады. |