Кері байланыс дегеніміз не. Кері байланыс дегеніміз не
Скачать 12.9 Kb.
|
Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыс-мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады. Кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі? 1.Үдерісті басқару үдеріс субъектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау. 2. Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді, кемшіліктерді жою. 3. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету. Тек қана мұғалімдердің мақсатқа жетуі емес, негізінде оқушылардың мақсатқа жетуін қамтамасыз етуіміз керек. 4. Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру 5. Оқушының әлеуметтенуін қамтамасыз ету. 6. Рефлекция жасауға ықпал ету, көмектесу. 7. Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату. Кері байланыс арқылы: Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады. Мүғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне өзгерістер енгізуге көмектесетін мәліметтер алады. Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады. Кері байланыс техникалары: Жазбаша түсінік беру. Бақылау Сұрақ жауап ( Блиц сұрақтар) Жаппай сұрау Сұрақтар Кері байланыс күнделігі Өзін өзі бақылау дәптері Бір минуттық эссе Мини тест Екі жұлдыз бір тілек Қалыптастырушы тест. |