Главная страница
Навигация по странице:

  • Құлау

  • Кескен жаралар

  • Жол жарақаты

  • Су жарақаты

  • Күйік

  • Кішкентай заттардан тұншығу

  • Улану

  • Электр тоғымен жарақаттану

  • бала жаракаты жаз. Кескен жаралар


    Скачать 24.7 Kb.
    НазваниеКескен жаралар
    Дата15.11.2022
    Размер24.7 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабала жаракаты жаз.docx
    ТипДокументы
    #789088

    Мақсаты: жарақат туғызатын жағдайларды жою; балаларды жарақатты алдын алу негіздеріне үйрету. Бірақ та балада қорқыныш сезімін дамытпай, қауіпсіздікті қалай алдын алу, өзін қалай дұрыс ұстау керектігін үйрету.

    Құлау

    Құлау – жарақат алудың, сүйектердің сынуларының және бастың ауыр жарақат алудың көбінен таралған түрі. Оларды болдырмаудың жағдайлары- балаларға қауіпті жерлерде жүрулеріне тыйым салу- баспалдақтарда, әйнектерде, балкондарда қоршаулар жасау. Жазғы уақытта балалар алаңшалары, әсіресе әткеншектер аса қауіпті жерге айналады. Егер бала әткеншектен құласа, қосымша соққы алмау үшін ол жерге жабысып, әрі қарай еңбектеп кету керек.Әйткеншектен өз еркімен секіру үнемі кауіпсіз аяққа тұруға мүмкіндік бермейді. Табанымен  жерге кенеттен түсу- табан сүйектерінің, балтыр табан буындарының шығып кетуіне әкеледі.

    Кескен жаралар

    Сынған шыны кескен жаралардың, қанның ағуына және  қанға бөгде заттардың түсуіне мүмкіндік туғызады. Кішкентай балаларды сынған шыныны ұстамауға үйрету қажет. Пышақтарды, қайшыларды және лезвияларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстау қажет. Ересек балаларды осы заттарды  байқап ұстауға үйрету керек. Балаларға бір біріне тас лақтыруға, өткір заттармен ойнауға қауіпті екендігін түсіндіру қажет. Өткір заттар, тот басқан шынылар жаралардың зақымдану көзі болады. Аталмыш заттар балалардың ойын алаңшаларында болмау керек.

    Жол жарақаты

    Жолға шыққан балалар жолдан өткен кезде келесі ережелерді ұстану керек:

    жол жиегіне тоқтау;

    екі жақты қарау;

    жолдан өтер алдында жолда машинаның немесе басқа көлік құралдары жоқ екендігін тексеру;

    жолдан өткен кезде ересек адамның немесе жасы үлкен баланың қолынан ұстау;

    жүгірмей жүру керек;

    жолды арнайы белгіленген жерде және бағдаршамның жасыл түсіне өту;

    жолға салмақты және көлік жүргізуші көргендей жүру керек.

    Жолды жолға перпендикуляр бойынша өту қажет.

    Егер көлік легі жолдың ортасында қозғалып кетсе абыржымай, тоқтап тұру керек.

    Кішкентай баланы жолдан қолынан ұстап өткізу керек.

    Баланы жолдан топпен өткен кезде «үйір»  жағдайына елемеуге үйрету керек.

    Балаларға жол маңында, әсіресе доппен ойнауға тыйым салу кеерк.

    Жазатайым жағдайларды болдырмау үшін балаларды  адам жүретін жолмен көлік қозғалысына  қарсы жүруге үйрету керек.

    Ересек балаларды кішкентайларды бақылап жүруге үйрету қажет.

    Су жарақаты

    Ересектер балаларды суда жүру ережесіне үйрету және оларды жағажайда, су қоймаларында қараусыз бір минутқа да қалдырмау керек. Балалар аз көлемді суда да екі минуттан кем уақытта батып кетуі мүмкін, сондықтан оларды судың маңатында, ваннаның қасында қараусыз қалдыруға болмайды. Құдықтардың, ванналардың, суы бар шелектердің беттерін жабу керек.Балаларды ерте жасынан бастап малтауға  үйрету керек. Балалар үлкендердің қарауысыз шомылуға болмайтынын білу қажет.

    Күйік

    Күйікті алдын алуға болады егер:

    Балаларды ыстық плиталардан, тамақтан және үтіктен алшақ ұстау, плиталарды жоғары орнату немесе камфоркаларын балалардың қолдары жетпейтін жерге алып тастау керек.

    Балалардың оттан, алаулардан, петардалардың жарылысынан, майшамдардан алшақ ұстау.

    Балалардан бензин, керосин, сіріңкелерден бенгал оттарын, петардаларды тез жанатын сұйықтарды тығу керек.

    Кішкентай заттардан тұншығу

    Кішкентай балаларға кішкентай сүйектері немесе дәндері бар тағамдарды беруге болмайды. Балаларды тамақтану уақытында үнемі қарап отыру, тамақтану ережесін ескерту керек.

    Жөтел, қатты тыныс алу немесе дауыс шығара алмау- тыныс алу және тұншығу проблемаларының себептері. Баланың жағдайы жақсы екендігіне көз жету керек.

    Егер оның тыныс алуы қиындатылған болса, бала ауызына бөгде заттың салғанын ешкім көрмеген болса да баланың тыныс алу мүшелеріне кішкентай заттардың түсуі мүмкін.

    Улану

    Улы заттар, дәрі-дәрмектер, ақтағыштар, қышқылдар, керосин сияқты жанатын заттар. Бұндай заттарды белгіленген контейнерлерде, балалардың қолдары жетпейтін жерлерде ұстау керек уланудан сақтану жолдарын ашып түсіндіру.

    Электр тоғымен жарақаттану

    Балалар саусақтарын, немесе басқадай заттарды электр құралдарына тығып, қауіпті ауыр жарақат алулары мүмкін, электр тогымен зақымдануды болдырмау үшін оларды жабу керек. Электр сымдарына балардың қолдары жетпеу керек – жалаңаш сымдар олар үшін өте қауіпті екенін түсіндіру.


    написать администратору сайта