Главная страница

Тесты мс. тесты мс 2012 - комп. Кеуде торына суы ою кеуде торына ысып тратын таыш тау дрілік шптермен ингаляция жасау


Скачать 76 Kb.
НазваниеКеуде торына суы ою кеуде торына ысып тратын таыш тау дрілік шптермен ингаляция жасау
АнкорТесты мс
Дата18.04.2023
Размер76 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлатесты мс 2012 - комп.doc
ТипДокументы
#1072158


1. Өкпеден қан кеткенде мейірбике бикелік араласу жоспарына енгізу керек:

кеуде торына жылы қою;

кеуде торына суық қою;

кеуде торына қысып тұратын таңғыш таңу;

дәрілік шөптермен ингаляция жасау;

содамен ыстық сүт беру.

2. Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастардың басымдық проблемасы:

жөтел;

дисфагия;

ауызда ащы дәм болуы;

іштің кебуі;

қыжылдау.



3. Өкпе туберкулезі кезіңде науқасты мазалайды:

экспирациялық ентігу;

екі аптадан артық жөтелу;

«аузын толтырып» қақырық бөлу;

төс сүйегінің артындағы ауру;


естен тану жағдайлары.
4. Қалыпты жағдайда бір минут ішінде тыныс алу жиілігі:

6-10 тең;

16-20 тең;

20-40 тең;

60-80 тең;

12-14 тең.
5. Пациентті дренажды қалыпқа келтіру мақсаты:

қызбану төмендету;

ентігуді азайту;

бронхтарды кеңейту;

қақырықтың бөлінуін жеңілдету;

өкпеден қан кетуді тоқтату.
6. Бронхты демікпемен ауыратын пациенттің тұншығу ұстамасының эквиваленті:

іріңді қақырық бөлетін жөтел;

инспираторлық ентігу;

кеуде торындағы ауырсыну;

тұншығу және экспираторлық ентігу ұстамасы;

диффузды цианоз.


7. Безгектің бірінші кезеңінде сіз науқасқа көмектесесіз, егер:

көп сұйықтық ішкізсеңіз, дымқыл орау жүргізсеңіз;

жылы орап, аяғына жылытқыш қойсаңыз;

киім мен төсек-орынды ауыстырсаңыз;

жартылай отырғызсаңыз;

аяқ жағын көтеріп көлденең қалыпқа келтірсеңіз.
8. Жүрек жетіспеушілігі бар науқастардың емдәмі мынаған сәйкес болуы қажет:

№ 1 үстел;

№ 2 үстел;

10 үстел;

№ 5 үстел;

№ 4 үстел.
9. Ревматизм кезінде жүректің зақымдалуы әкеледі :

миокард инфарктісіне;

стенокардияға;

гипертонияға;

жүрек ақауына;

кардионеврозға.
10. Гипертониялық криз кезіндегі мейірбикелік көмекке жатады:

балтыр бұлшық еттеріне қыша қағазын, басқа суық қою;

кеуде торына суық қою;

ыстық аяқ ванналарын жасау;

кеуде торына үгу жасау;

ылғалданған оттегі беру.


11. Стенокардия ұстамасын басу үшін таңдалатын препарат:


анальгин;

валокордин;

нитроглицерин;

корвалол;

анаприлин.

12. Қан қысымының кенет көтерілуі кезінде мейірбике істеуі қажет:

науқасты жастықсыз жатқызу;

оны көңілін музыкамен аудару;

психикалық және физикалық тыныштығын қамтамасыз ету;

төсектің аяқ жағын көтеру;

аяғына тамырлық бұрау салу.

13. Жіті миокард инфарктісімен сырқат науқасқа бірінші сағаттарда күтім көрсете отырып, сіз:

төсекте тамақтандырасыз;

салмағын үнемі өлшеп отырасыз;

төсекке отыруына көмектесесіз;

жуу клизмасын жасайсыз;

дымқыл орату жасайсыз.

14. Жіті сол жақ қарыншаның жетіспеушілігі бар науқаста байқалады:

инспираторлық ентігу, бұрқылды дем;

дистанциялық, құрғақ сырылдар;

Куссмауль шулы демі;

крепитация;

экспираторлық ентігу.
15. Есінен тану кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек:

мүсәтір спиртіне малынған мақта шаригін иіскету;

бас жағын биіктетіп жатқызу;

спиртпен дымқылданған оттегіні беру;

жүрек тұсына қыша қағазын қою;


ортопноэ жағдайында отырғызу.

16. Асқазаннан қан кеткенде мейірбике істеуі керек:

А. асқазанды жууы;

В. тазартатын клизманы істеуі;

С. ішке жылытқыш қоюы;

D. науқастың аяқ жағын көтеріп жатқызуы;

Е. ішке мұзды мұйық қоюы.
17. Гипоацидті гастритте келесі емдәм тағайындайды:

№ 11 үстел;

2 үстел;

№ 1 үстел;

№ 8 үстел;


№ 9 үстел.
18.Метеоризм кезінде қажет:

ақуызға бай тағамдарды шектеу;

желшығаратын /газоотводная/ түтікшені енгізу;

асқазанды жуу;

ферментті препараттарды қолдану;

ішке мұзды мұйық қою.


19. Шіру диспепсиясы бар науқасқа келесіге бай емдәм ұсынылады:

ақуызға;

қышқыл сүтті тағамдарға;

өсімдік клетчаткаға;

көмірсуларға;

майларға.
20. Ойық жара ауруымен ауыратын науқастың басымдық проблемасы:

эпигастрий тұсындағы ауырсыну сезімі;

тамақ қабылдауға байланысты эпигастрий тұсындағы ауырсыну;

тәбетінің болмауы;

іш өту;

күні бұрын ішілген аспен құсу.
21. Асқазанның жарасы бар науқаста сасық кекірік, күні бұрын ішілген аспен құсу, асқазанның толу сезімі бар шағымдары келесі жағдайда байқалады:

асқазан қалтқысының тыртықты тарылуында /стенозирование/;

пенетрацияда;

ойық жара тесілуінде /перфорация/;

малигнизацияда;

жарадан қан кетуде.
22. Тамақтанудағы термиялық жеңілдік қағидасы қарастырады:

көкөністер мен жемістерді шектеу;

майлы тағамдарды шектеу;

ащы дәмқосарларды шектеу;

тағамдардың белгілі температурасын;

тамақты езбе түрінде беру.
23. Асциті бар науқастың күтім элементтеріне жатады:

А. термометрия;

В. жүрек соғуының жиілігін санау;

С. қан қысымын өлшеу;

D. тәулік диурезін өлшеу;

Е. көмірсуларды қолданудан шектеу.
24. Қалыпты жағдайда 1 минут ішінде жүрек соғу жиілігі:

30-40 тең;

40-60 тең;

90-110 тең;

60-80 тең;

100-120 тең.

25. Ревматизмдік артритке мынадан басқа келесі клиникалық көріністер тән:

артық түрде күрделі буындардың зақымдалуы;

буындардағы ауырсынудың «ұшқалақтығы»;

ұсақ буындардың анкилозированиясы;

буындық синдромның тез арада оң динамикасы;

стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылданған соң қабыну процесінің жойылуы.




26. Жүрек-тамырлары ауруымен, қатты ентігумен ауыратын науқасты жартылай отырғызады:

кіші қан айналу шеңберінде қанның іркілуін төмендету үшін;

ойылулардың пайда болуын төмендету үшін;

ішкі киім мен төсек-орынды ауыстыру үшін;

көзге тамшы тамызу үшін;

тамақтандыруға ыңғайлы болу үшін.
27. Тамақтың қыжылдауы кезінде тәуелсіз мейірбикенің араласуы:

тазартатын клизма жасау;

тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықпен қамтамасыз ету;

белсенді көмірді беру;

газ өткізетін түтікті қолдану;

1 стақан жылы сүт немесе сілтілі минералды газсыз су немесе 2% сода ерітіндісін беру.

28. Бауыр аурулары кезінде байқалады:

дизурия;

тенезмдер;

cарғаю;

кіндік аймағындағы аурулар;

дисфагия.



29. Құрсақ қуысының мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге дайындау үшін науқасқа бересіз:

белсендірілген көмірді;

пипольфенді;

пентогастринді;

магний сульфатын;

но-шпаны.



30. Жіті гломерулонефрит кезінде несеп:

түссіз болады;

«сыра» түсті болады;

ақшыл-сары болады;

«ет жуындысы» түсті болады;

қанық болады.
31. Тұрақты шөлдеу, ауызының құрғағуы, полиурия келесі аурудың белгісі:

пиелонефриттің;

қантты диабетінің;

гипотиреоздың;

холециститтің;

анемияның.
32. Гипогликемиялық кома кезінде дәрігердін нұсқауымен науқасқа егу керек:

инсулинді;

лазиксті;

глюкозаны;

калий хлоридін;

соданы /натрий бикарбонатын/.




33. Гипогликемиялық жағдайдың негізгі симптомдары:

ашығу сезімі, тершеңдік;

шөлдеу, ауызының құрғауы;

іштің ауруы, ауыздан ацетон иісінің шығуы;

тәбеттің төмендеуі, терінің кышуы;

жүректің жиі соғуы, қан қысымының жоғарылау.
34. Кетоацидотиялық кома кезінде науқастың тері жамылғысы:

боз;

дымқыл;

құрғақ;

көгерген;

«сүт қосқан кофе» түсті.
35. Бүйрек шаншуына тән белгіні таңдаңыз:

анасарка;

іштің жоғарғы бөлігінің оратып ауруы;

сарғаю;

бел тұсындағы ұстама тәріздес ауырсынулар;

дене қызуы 39С дейін көтерілу.

36. Бүйрек шаншуы кезінде дәрігерге дейінгі көмек:

бел тұсына жылытқыш қою;

бел тұсына мұзды мұйық қою;


қөп сұйықтық беру;

дымқыл орату жасау;

аяқтарға ыстық ванна жасау.
37. Экзофтальм, тахикардия, қолдың дірілдеуі келесі ауруда байқалады:

анемияда;

лейкозда;

гипотиреозда;

тиреотоксикозда;

қантты диабетте.




38. Есекжемнің негізгі белгілері:

үлкен, боз, тығыз инфильтраттар;

бөртпелер, терінің қышуы;

көру, есту қабілетінің төмендеуі;

жүрек айну, құсу;

ісіктер, зәр бөлінуінің бұзылуы.
39. Анафилактикалық естен-танудың негізгі белгілері:

анасарка, зәрдің ет жуындысы түстес болуы ;

ентігу, «тот басқан» қақырық бөлетін жөтел;

қыжылдау, кекіру, іш қату;

кеуде тұсындағы ауырсыну, қан түкіру;

әлсіздік, қан қысымының кенеттен төмендеуі.
40. Теміржетіспеушілік анемияға тән симптомдарды таңдаңыз:

бас ауруы, есте сақтану қабілетінің төмендеуі;

жеңіл жарақаттардағы қан кетулер;

тілдің ашыту сезімі, жүрісінің тұрақсыздығы;

ашушаңдық, ұйқысыздық;

бас айналу, бор жеуге құмарлану.
41. Теміржетіспеушілік анемия кезіндегі тері жамылғысының түсі:

қола түсті;

гиперемияланған;

бозарған;

сарғайған;

көгерген.
42. Әйелде темір жетіспеушілік анемия дамуы мүмкін егер:

ұзаққа созыла көптеп келетін етеккір;

ішек құрттары болса;

сірке қышқылымен уланса;

вирустық инфекциямен ауырса;

улы саңырауқұлақтармен уланғанда.

43. Темір жетіспеушілік анемия кезінде науқасқа мейірбике келесі тағамдарды көп мөлшерде қолдану қажет деп кеңес береді:

ботқаны;

сүтті;

көкөністерді;

етті;

күрішті.



44. Қалыпты жағдайдағы әйелдердегі гемоглобиннің мөлшері (г/л):

60-80;

80-100 ;

120-140 ;

140-170 ;


180-200.
45. Жіті лейкоз кезінде геморрагиялық синдромның белгілерін таңдаңыз:

сүйектегі ауырсынулар;

қызба;

қабырғаның сол жақ астындағы ауырсыну;

мұрыннан қан кету;

сарғаю.
46. Дене салмағының артық болу себебі:

суыққа шалдығу;

гиподинамия;

вегетарианшылдық;

шылым шегу;

дене шынықтырумен шұғылдану.

47. Жіті гломерулонефритпен ауыратын науқаста мейірбике келесіні табады:

қан қысымының төмендеуін;

қан қысымының жоғарылауын;

сарғыш болуын;

акроцианозды;

диффузды цианозды.
48. Жалпы талдауға зәрді жинау үшін мейірбике науқасты қамтамасыз етуге міндетті:

құрғақ, таза шыны банкімен;

құрғақ, таза пробиркамен;


залалсыз шыны банкімен;

залалсыз пробиркамен;

екі сыйымдылықпен.

49. Зимницкий әдісі бойынша зәрді талдау үшін мейірбике науқасқа дайындайды:

құрғақ, таза шыны банкіні;

залалсыз шыны банкіні;

8 құрғақ, таза шыны банкіні;

3 құрғақ, таза шыны банкіні ;

үш литрлік шыны банкіні.
50. Полиурия - бұл:

зәрдің тәуіліктік мөлшері 500 мл- дан кем болуы;

зәрдің тәуіліктік мөлшері 2000 мл –ден көп болуы;

зәр мөлшерінің қалыпты болуы;

зәрдің болмауы;

зәрдің тоқтамауы.
51. Никтурия -бұл:

зәрдің көп болуы;

зәрдің аз болуы;

зәрдің болмауы;

жиі-жиі ауырсына зәр бөлуі;

түңгі диурездің күндізгі диурезден басым болуы.
52. Денеге біркелкі түрде таралатын ісіктер бұл:

асцит;

анасарка;

гидроторакс;

гидроперикард;

дұрыс жауап жоқ.

53. Пиелонефрит кезінде көбінесе зақымданатын бүйрек бөліктері:

шумақтар;

түтіктер;

жинағыш түтіктер;

тостағаншалар;


несепағарлар.

54. Асқазан мен ұлтабардың жаралы ауруларын тексерудің ең хабарлы әдісі:

ирригоскопия;

УДЗ;

биопсия мен эндоскопиялық тексеру;

асқазанды зондтау;

нәжісті жасырын қанға талдау.


55. Нәжісті жасырын қанға талдауға науқасты дайындаған кезде келесі дәрілерді қолданбау керек:

темір препараттарын;

калий препараттарын;

магний препараттарын;

кальций препараттарын;

йод препараттарын.
56. Асқазан обырының ерте белгілері:

ауызда ащы дәм , метеоризм;

үдей түсетін жүдеу, етке жиіркеніш сезімі;

қыжыл, ащымен кекіру, іш өту;

іш қату, метеоризм;

«кофе тұнбамен» құсу, мелена.
57. Гепатитке тән:

жағымсыз иісті кекіру;

қыжыл;

cарғаю;

күні бұрын жеген аспен құсу;

дисфагия.



58. Созылмалы гепатиттің алдын алуда роль атқарады:

дене шынықтыру;

созылмалы инфекциялар ошақтарынан тазарту;

психикалық күшті болғызбау;

вирустық гепатиттің алдын алу;

жүйелі, толық жарамды тамақтану.
59. Сальбутамол келесі жағдайда қолданылады:

бронхты демікпе ұстамасында;

өкпеден қан кеткенде;

ларингоспазмда;

өздігімен дамитын пневмоторакста;

өкпе инфарктісінде.
60. Бетте ісіктердің пайда болғанда, сіз келесі мүшенің ауруы деп ойлайсыз:

бүйрек;

жүрек;

бауыр;

ұйқы безі;

ішектер.

61. Анафилактикалық шок кезінде тәуелсіз мейірбикенің араласуы:

иньекция жасаған жерінен жоғары бұрау салу, сол жерді 0,18% эпинефрин ерітіндісімен айналдыра егу, иньекция жасаған жеріне мұзды мұйық қою;

науқастың бас жағын көтеріп жатқызу, басқа суық компресс қою;

науқасты отырғызу, кеуде торына мұзды мұйық қою;

кеуде торына қышаларды қою және жылы сілтілі сусын беру;

науқастың аяқ жағын көтеріп жатқызу, аммиак ерітіндісіне малынған мақта иіскету керек.
62. Науқас көп мөлшерлі, жаман иісті қақырық бөлінетін жөтелге шағымданады. Дәрігерлік диагноз: бронхоэктазалық ауру өршу кезеңінде. Күтімді жоспарлай отырып, мейірбике келесі әрекеттерді таңдайды:

дәрігерге хабарлау;

қақырық бөлетін дәрі беру;

оттегі терапияны қамтамасыз ету;

қышы қағаз қою;

Е. қалта түкіргішпен қамтамасыз ету.
63.Қақырықты бакпосевке жинайды:

Петри шыны аяғына (чашка Петри);

таза құрғақ банкіге;
залалсыздандырылған контейнерге;

залалсыздандырылған пробиркаға;

ашық түкіргішке.
64. Пациентті тексергеннен кейін мейірбике науқастың келесі айтулары бойынша асқазаннан қан кетуіне күдіктенеді:

күзде мен өте жүдедім;

таңертең қара түсті көп мөлшерлі нәжіс болды;

соңғы екі аптада іштегі ауырсынулар күшейді;

дене қызуым көтерілді;

басым ауырады.
65. Инсулиннің дозасын мөлшерден көп еккен соң келесі асқыну дамуы мүмкін:

А. гипергликемиялық кома;

В. гипогликемиялық кома;

С. кардиогендік шок;

D. бауырлық кома;

Е. гиперосмолярлық кома.
66. Гипертониялық криз кезінде пациентті бақылау уақытында қан қысымы өлшенеді:

бір қолда бір рет;

екі қолда екі сағат ішінде;

екі қолда бір рет;

бір қолда екі сағат ішінде;
айырмашылығы жоқ.


67. Естен тану - бұл:

жіті дем алу жетіспеушілігі;

жіті бүйрек жетіспеушілігі;

созылмалы жүрек жетіспеушілігі;

жіті тамыр жетіспеушілігі;
жіті сол жақ қарынша жетіспеушілігі.


68. Жіті тамыр жетіспеушілігіне тән:

қан қысымының көтерілуі;

қан қысымының төмендеуі;

қатты, күшті тамыр соғысы;

тері қабаттарының гиперемиясы;

брадикардия.
69. Ревматоидты артрит кезінде «моржтың жүзу қанаты» симптомы білдіреді:

білезіктің байланыс аппаратының гипермобильділігі;

білезіктің кәрі жілікке қарай ауытқуы;

білезіктің шынтақ жілікке қарай ауытқуы;

білезік саусақтарының деформациясы;

білезік бұлшық еттерінің атрофиясы.
70. Теміржетіспеушілік анемияны емдеу үшін науқастарға қажет:

ішке құрамында темірі бар препараттарды тағайындау;

парентеральды құрамында темірі бар препараттарды тағайындау;

эритроцитарлы массаны құю;

құрамында темірі бар препараттарды тағайындау қажет емес;

парентеральды В12 дәруменін тағайындау.
71. Стенокардияның ұстамасы кезінде науқастың приоритеттентік проблемасы болып табылады:

жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауырсынулар;

төс сүйегі артындағы қысып ауыратын аурулар;

төс сүйегі артындағы ашыту сезімі;

60 минуттан артық ауырсынулар;

Е. нитроглицеринмен басылмайтын ауырсынулар
72. Стрептомицинді қолданған кезде мейірбике қадағалауы керек:

диурезді;

көздің көргіштігін;

тері түсін;

құлақтың естігіштігін;

тыныс алу жиілігін.
73. Манту сынағын өткізу үшін қолданылады:

АДС-М анатоксины;

АКДС вакцинасы;

БЦЖ вакцинасы;

қызылша вакцинасын;

2 ТБ туберкулині.
74. Квинке домбығуы кезінде қолданылады:

ампициллин;

тавегил;

бисептол;

фурагин;

кларитромицин.
75. Антацидті препараттарды қолданады:

тамақ ішу кезінде;

30 мин тамаққа дейін;

10 мин тамаққа дейін;

10 мин тамақтан кейін;

30 мин тамақтан кейін.


написать администратору сайта