4_сабақтың_тақырыбы. Кездейсо шаманы таралу заын зерттеу
Скачать 32.51 Kb.
|
№4 сабақтың тақырыбы: Кездейсоқ шаманың таралу заңын зерттеу КЕЗДЕЙСОҚ ШАМАНЫҢ ТАРАЛУ ЗАҢЫН ЗЕРТТЕУҚазіргі сандық медициналық-биологиялық эксперимент өзіндік жеке математикалық зерттеу болып табылады. Ол экспериментті жоспарлаудан басталады да, алынған нәтижелерді статистикалық өңдеумен аяқталады. Медициналық-биологиялық эксперименттің көптеген сандық нәтижелері кездейсоқ шамалар болып табылады. Кездейсоқ шама деп тәжірибе негізінде алдын-ала белгісіз кез келген мәнге ие болатын шаманы айтады: X (x1, x2, x3 …..xi……xn). Кездейсоқ шаманың тарамдалу заңы деп кездейсоқ шаманың мүмкін мәндері мен оларға сәйкес келетін ықтималдықтары арасында байланыс орнататын кез-келген қатынасты айтады. Кезейсоқ шаманың тарамдалу заңы немесе тарамдалуы осы шаманың мүмкін мәндерін анықтайтын толық сипаттама болып табылады және түрлі мүмкін мәндердің ықтималдықтарын салыстыруға мүмкіндік береді. Кезейсоқ шаманың тарамдалу заңы кесте, графика және формула (аналитикалық түрде) түрінде беріле алады. Биологиялық белгілердің көптеген тарамдалулары қалыпты заңға бағынады. Графикалық түрде берілгенде абсцисс осімен кездейсоқ шаманың мәндері алынады, ал ординаталар осімен кездесушіліктің абсолют жиілігі, таңдаманың жалпы көлеміне қатысты проценті , кездесушіліктің салыстырмалы жиілігі (кездейсоқ шама мәндерінің ықтималдықтары) алынуы мүмкін. Қалыпты таралудың қисығы центрге қатысты симметриялы, қоңырау тәрізді түрі бар (1 сурет): 1 Сурет – Қалыпты таралудың қисығы Таралу заңынан басқа кездейсоқ шамалар статистикалық сипатталармен сипатталады. |