уууу. Дирекция хаттамасы. Кезекті дирекция отырысы болып тті. Кн тртібіндегі мселелер
Скачать 17.51 Kb.
|
Хаттама №1 25.01.2022ж Кезекті дирекция отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер: 1) I-II тоқсан қорытындысы бойынша күнделік электронды журналды толтыру туралы анықтама. 2) Сынып жетекшілерінің кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысы туралы. 3) 11 сыныпта жаңартылған білім беруді іске асыру деңгейі туралы 4) Қиын оқушылармен жұмыс. Тыңдалды 4 ші мәселе бойынша мектеп психологы Әбенов Оразбек сөз алды. №111 орта мектепте 2021-2022 оқу жылының басында мектептегі оқу-тәрбие бағдарламасына сай педагог-психологының жұмыс жоспары жасалып бекітілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағытындағы жоспары жасалды. Мектепте жоспар бойынша жұмыстар жасалып келеді. Мектеп бойынша оқушылардың әлеуметтік картасы жасалды. Мүмкіндігі шектеулі-8, мектепте білім алатын-5, үйден оқитын-2, мектепішілік бақылаудағы бала саны-0. Қолайсыз отбасы бала саны-0 Оқу жылы басында психологиялық қызмет құжаттары дайындалып, бала дамуының психологиялық карталары толтырылды. Психодиагностикалық әдістемелердің деректер бланкі мен тізбесі жасалды. Қадағалауды қажет ететін оқушылар тізімі жинақталып, есепке алынды. №111 мектеп бойынша 2021-2022 оқу жылының «жасөспірімдердің денсаулық және өмірлік дағдыларын қалыптастыру мен суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша 7-11 сыныптар үшін сауалнама алынды. Барлық қатысқан оқушы саны-50 сауалнама нәтижесі шығарылып, нәтижесінде барлық оқушыда депрессивті белгінің жоқтығы 9-11 сынып оқушыларына жасөспірімдердің денсаулық және өмірлік дағдыларын қалыптастыру мен суицидтің алдын алу бағдарламасы бойынша кестесі жасалынып рефреш сабақтар өткізілді. Барлық қатысқан оқушы 8- сынып оқушыларына жасөспірімдердің денсаулық және өмірлік дағдыларын қалыптастыру бағдарламасы бойынша дәріс сұрақтары өткізілді. Барлық қатысқан оқушы саны – 13 8-11 сынып оқушыларынан жасөспірімнің психикалық саулығын бағалау шкаласы бойынша зунг депрессия шкаласы Э.Бек депрессия шкаласы сауалнамасы алынды, барлық қатысқан оқушы саны-25 Жасөспірімдер арасында суицидтік оқиғаларын алдын-алу мақсатында 8- сынып оқушыларымен «мен өзімді мақтай аламын» тренинг сабақ өткізілді. 5-11 сынып оқушылары арасында білім алуға назар аудару мақсатында 8- сынып оқушыларымен тренингтер өткізілді .Барлық қатысқан оқушылар саны-70 6-9 сынып оқушылары арасында бейімін анықтау мақсатында сауалнама тапсырып, әр оқушыға бейіміне орай кеңестер берілді.Барлық қатысқан оқушылар саны-70. 5-11 сынып оқушылары арасында «менің жаңа оқу аптам» айдарымен эссе жұмысы жүргізіліп оқушылардың көңіл күйі мен оқуға деген көрсеткіш анықталды.Барлық қатысқан оқушы саны-70. 2-ші мәселе бойынша бағдарлы орынбасар Г. Маханова сөз алды. Директор жанындағы кеңестің қараша айындағы жоспарына сәйкес сынып жетекшілерінің кәсіптік бағдар беру бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды. 11-сынып оқушыларынан «менің мамандығым-менің болашағым» шығаралар байқауы өткізілді. Бірінші орынмен-Құдайбергенқызы Сақыпжамал Екінші орынмен-Қасқырбайқызы Дильназ және Жанқабылов Диас Үшінші орынмен-Абылайхан Динара, Байтұрсынов Нұрбек марапатталды. Мамандық бойынша 8-11 сыныптың ата-аналарынан сауалнама алынды. «Мамандықтар әлемінде» ауылдағы мекемелермен байланыс ондағы қызмет түрлерімен танысып, пікір алмасып, жұмыстың тыныс тіршілігімен танысты. Оқушылар сұрақ қойып, пікір алмасты. 1-ші мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Тоғызбаева сөз алды. II тоқсан бойынша күнделік электронды журналының толтырылуына тоқталар болсақ барлық сынып журналдары уақытылы толтырылған, сабақ кестесі толық түсіріліп, пән мұғалімдер күнтізбелік жоспарларын ҚМЖ бойынша жарияланған БЖБ,ТЖБ уақытында алынып, балдары мен бағалары қойылған, музыка еңбек, дене сабақтарында есп қойылған. Бағдарламаның орындалуы бойынша барлық пән мұғалімдерінің II тоқсан бағдарламалары толық орындалған. Күнделіктің күнделікті жүргізілуі, толтырылуы тексеріліп отырылды. II тоқсан соңында үй тапсырмасы толтырылуы-82,96% , тақырыптарды толтыру-100% , жоспарлауды жүргізу-100% журналды уақытылы жүргізу-94, 98% құрайды. 3 ші мәсее бойынша оқу іс жөніндегі орынбасары Р.Тоғызбаева сөз алды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылмды жетілдіруге бағытталған. Бұл өйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында спиральді тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім,білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу бағдарламалаарында көңіл бөлінген. Білім беру-бұл жекелеген құбылыс емес, ол оқушылардың оқу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігінің қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығының, олардың халықаралық стандарттағы сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған критериалды бағалаужүйесі білім алушының дамун, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасының арттыруына бағытталған. Биылғы 11 сыныпта 6 оқушы білім алуда, оның екеуі Құдайбергенқызы С., Жаңғабылов Д. жақсы үлгерген. Қазіргі таңда 6 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Байтұрсынов Н.шығармашылық, Байтұрсынов Д. Құдайбергенқызы С. физика,математика, Жұмағалиева Д. Қасқырбайқызы Д. география биология пәндерін таңдап отыр. Сабаққа қатысу барысында оқушылардың жаратылыстану математика бағытында биімдігі география |