ойын шарты. Кім жылдам ойыны Ойын шарты
Скачать 13.14 Kb.
|
«Кім жылдам?» ойыны Ойын шарты: гимнастикалық орындықтан жүгіріп өтіп шатыр ішіндегі А4 форматында киылған әріпті алып тура сол қимылмен кері қайтады да әріптерден сөз құрайды. «Жаңбыр» ойыны. Ойын шарты: мұғалімнің «Жаңбыр жауды!» ұранымен екі-екі оқушыдан бірігіп, бастарына полиэтелен пакетін жабу арқылы гимнастикалық орындықты баспай екі жағынан ептілікпен өтіп, шатыр ішіне топтың барлық мүшелері жиналады. Мұғалімнің «Жаңбыр тоқтады!» ұранымен топ шатырдың ішінен сыртқа шығады. 3. «Батпақ» ойыны. Ойын шарты: Жердегі жасанды кедергілерден жасалған шеңберді әр аяқты кезең-кезеңмен басу арқылы секіріп өтіп, қос шеңбердің арасынан тепе-теңдік сақтап өтіп, шатырды айналып еш кедергісіз түзу жолмен жүгіріп өту керек. 4. «Азимут» көшбасшылар ойыны. Ойын шарты: топ басшысына компас беріледі және топ мүшелерімен бірігіп, компас арқылы белгіленген белгіден Жұмбақ тас, Байтеректің азимутын табу керек және сол бағытқа барып, жеңістің шыңына өз белгілерін қалдыру керек. |