Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі бөлім

  • Негізгі бөлім. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және маңызы. Жүйке жүйесі

  • 2.Орталық және шеткі жүйке жүйесі.

  • Ми.

  • Сопақша ми

  • Мишық

  • Ортаңғы ми

  • Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары)

  • ми қыртысы

  • Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.

  • Рефлексті

  • Қорытынды. Жүйке жүйесі

  • Пайдаланылған әдебиеттер.

  • физиология сөж-2. Кіріспе Негізгі блім Жйке жйесіні рылысы, ызметі жне маызы


    Скачать 49.5 Kb.
    НазваниеКіріспе Негізгі блім Жйке жйесіні рылысы, ызметі жне маызы
    Дата20.02.2018
    Размер49.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлафизиология сөж-2.doc
    ТипДокументы
    #36917

    й
    Орталық және шеткі жүйке жүйесінің физиологиясы және жасқа сай ерекшеліктері.


    Жоспар.

    1. Кіріспе

    2. Негізгі бөлім




    • Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және маңызы.

    • Орталық және шеткі жүйке жүйесі.

    • Рефлекс және оның түрлері, қызметі.




    1. Қорытынды.

    1. Пайдаланылған әдебиеттер


    Кіріспе.

    Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйе болып екіге бөлінеді.Орталық жүйке ми мен жұлыннан тұрады. Ал олардан шығып, бүкіл денеге тарайтын нервтер шеткі жүйке жүйесін құрайды.

    Жүйке жүйесі нерв торшаларынан, яғни нейрондардан түрады. Олардың жалпы саны 100 млрд шамасында. Құрылысы мен көлемі жағынан нейрондар әр түрлі, бірақ өзара жалпы бір-біріне ұқсас бірегей.

    Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған.

    Негізгі бөлім.

    Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және маңызы. Жүйке

    жүйесі- адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін neurologia (грек- neuronжүйке, жүйке жасушасы; logosілім) деп атайды. Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді.

    Жүйке жүйесінің маңызы.

    • Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тері, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т.б.

    • Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесіңің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз барғандықтан асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.

    • Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сртқы ортаның әртүрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады.Мысалы, жақын келген көлікті өтіп кеткенше күту, аса ыстық немесе суықтан қорғану, денені зақымдайтын заттарға жоламау және т.б.

    2.Орталық және шеткі жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі– адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен, ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді.

    Жұлыномыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.

    Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құймшақ бөлімдері. Әр сегменттен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкелеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкелер). Жалпы жұлыннан 31 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (І жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім өзіне тән жерлерін жүйкелендіреді.

    Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық (тізе рефлексі, зәр шығару эякуляция, жыныс мүшесінің эрекциясы).

    Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.

    Ми.Ми ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв тарайды: І-иіс, ІІ-көру, ІІІ- көз қимылдатқыш, ІҮ- шығыршық, Ү-үшкіл (үш тарамды), ҮІ- бет бұру, ҮІІ- бет, ҮІІІ-дыбыс, ІХ-тілжұтқыншақ, Х- кезеген, ХІ-қосымша, ХІІ-тіласты жүйкелері.

    Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.

    Мидың бөлімдері: сопақша ми, Вароли көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, үлкен ми сыңарлары.

    Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Ол екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық. Сопақша мида тыныс алу, қанайналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарынасты безінің сөлдерін бөлу орталығы және ІХ-ХІІ жұп нервтерінің ядролары орналасқан.

    Вароли көпірі – сопақша мидың үстінде орналасқан. Көпірден Ү, ҮІ жұп нервтері және көпір мен сопқша мидың арасынан ҮІІ- ҮІІІ жұп нерв тармақтары шығады.

    Мишық сопақша мидың артқы жағында орналсақан. Мишықта дененің қимыл-әрекеттерін, тепе-теңдікті сақтау мен бұлшықеттердің тонусын реттейтін орталықтар орналасқан. Мишықтың толық дамып жетілуі 7-8 жаста аяқталады.

    Ортаңғы ми вароли көпірінің үстінде орналасқан. Мұнда сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық жүйкелерінің, қызыл және қара субстанцияларының ядролары бар. 4 төбешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталықтары, артқы төбешіктерінде алғашқы есту орталықтары орналасқан. Қызыл ядро бұлшықет тонусын реттейді. Қара субстанция жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады.

    Аралық ми ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамуста зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар.

    Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады.

    Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары). Мидың барлық салмағының 80%-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар.

    Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.

    Үлкен ми сыңарларының сұр заты сыртында орналасқан. Ол ми қыртысыдеп аталады, оның қалыңдығы 2-4 мм.

    Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі — рефлекс, яғни тітіркендіргіштің әсеріне жауап беру қабілеті. Осы атауды ғылымға 1664 ж. алғаш кіргізген француз оқымыстысы Рене Декарт. Ол бақаларға тәжірибе жасап, тітіркендіруге оның денесінін қалай жауап беретінін бақылады. Жауап тойтарыс тәрізді екенін көріп “рефлекс” (тойтару) деп атады. Ғалымның пікірі бойынша рефлекс жолы денеде доға тәрізді, яғни қозу еткі мүшеден (теріден) жүйке орталығына, одан жауап беретін мүшеге (бұлшык етке) өтеді. Қозудың осылай өтіп рефлекс тудыратын жолын рефлекс доғасы деп атады.

    Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Шеткі жүйке бөліміне -мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршектері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлер) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.
    3.Рефлекс— сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы.

    Шартсыз рефлекс туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады.

    Шартты рефлекс– организмнің жеке басының дамуы барысында, тіршілігінде, қоршаған ортамен өзара әрекеті негізінде пайда болады.

    Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.

    Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ол шартты тітіркеңдіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсерді пайдаланады. Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады, Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады, сөйтіп баланың жүруін тездетеді.

    Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.
    Қорытынды.

    Жүйке жүйесі – ағзаның тіршілік үдерістерін, барлық жүйе координациясы мен интеграциясының регуляциясын қамтамасыз ететін мүшелер мен құрылымдардың жиынтығы.

    Жүйке жүйесі организмні ңсыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған.

    Шартсыз рефлекстер – организмде туа біткен реакциялар, бұлар тұқым қуалайды. Бұл рефлекстер тұрақты, организмнің тіршілігі барысында сақталады. Шартсыз рефлекстің орындалуы туа біткен дайын рефлекстік доға арқылы жүреді.

    Шартты рефлекстер – организмнің жеке басының дамуы барысында, тіршілігінде, қоршаған ортамен өзара әрекеті негізінде пайда болады.

    Бұл рефлекстер белгілі жағдайда нығая түседі немес күшін азайтып, тіпті кейін өшеді.

    Шартты рефлекстерді 4 топқа бөлуге болады:

    1. Тамақ рефлекстері;

    2. Қорғаныш рефлекстері;

    3. Бағдарлау рефлекстері;

    4. Ойын рефлекстері.


    Пайдаланылған әдебиеттер.


    • Ордабеков С.О., Абдрақов Б.Қ., Ахауова Г.Қ. «Жас ерешелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» 2012 ж. «Ақ нұр» баспасы. (18-22 бет);(99-105 бет).

    • Ғаламтор беттерінен.




    написать администратору сайта