Главная страница
Навигация по странице:

  • Жұмыстың мақсаты

  • Зерттеу нысаны

  • Зерттеудің практикалық маңызы

  • Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • кіріспе. Кіріспе таырыпты зектілігі


    Скачать 16.86 Kb.
    НазваниеКіріспе таырыпты зектілігі
    Дата25.04.2023
    Размер16.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакіріспе.docx
    ТипДокументы
    #1089998

    КІРІСПЕ

    Тақырыптың өзектілігі. Мысал –тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанрын сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын-жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен, Абай, Ыбырай, Дулат, А. Байтұрсынұлы, С.Дөнентаев, С.Көбеев, секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зертеуші М. Әуезов: «Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. »-деген екен. Мысалдың басты мақсаты-адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Курстық жұмыстың зерттеу мәселесіне айналған өзекті сұрақтардың бірі осы мысал жанрын таныту, соның ішінде қазақ мысалышыларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрындағы шығармаларын меңгертудің тиімді жолдарын саралау болып табылады. Курстық жұмыстың көкейкестілігі - мысал жанырн танытудағы тиімді және нәтижелі тәсілдерді ұсыну болып табылады.

    Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде мысал тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, мысалдың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Мысалдар бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді.Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.
    Жұмыстың мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанырн оқыту барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
    Жұмыстың міндеттері:

    1. Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып қазақтың мысал жанрының қалыптасуы мен даму тарихы туралы қысқаша мағлұмат беру;

    2. мысалдардың тәрбиелік мәніне шолу;

    3. оқушылардың тілін дамытуда мысалдардың рөлін сипаттау; 4.оқушылардың тілін дамытуда мысалдарды пайдаланудың әдістемесін ұсыну;

    5. Ахмет Байтұрсынов мысалдарын оқытудың тиімді тәсілдерін ұсыну.

    Зерттеу нысаны: мектептегі оқу-тәрбие процесі.
    Зерттеу әдістері:

    -Талдау;

    -Жинақтау;

    • салыстыру;

    • зерттеу;

    -Эксперимент;т.б.
    Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерімен болашақ әдебиет пәні оқытушылары танысып, қолдана алады.
    Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: қазіргі кезде қолданысқа ие жаңа әдіс –тәсілдер мен қалыптасып кеткен әдіс-тәсілдердің нәтижелілігі мен тиімділігі жағынан салыстыру.
    Курстық жұмыстың құрылымы:

    Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
    1.Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994.

    2.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997

    3.Бiтiбаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

    4.Әбдiбекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту. А., 1994.

    5.Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990.

    6.Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003.

    7.Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.

    8.Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007.


    написать администратору сайта