Главная страница
Навигация по странице:

  • Зерттеудің өзектілігі

  • Зерттеу нысаны

  • НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1 Денсаулыққа емдік қасиеті 2.2 Тұз түрлері

  • Ас тұзы

  • Йодталған тұздың пайдасы

  • Емдік қасиеті мен қолдану əдісі

  • Емдік қасиетімен қолдану əдісі

  • 2.2.Тұздың денсаулыққа зияны

  • Қазіргі кезде тұзбен емделу жайлы сауалнама қорытындысы МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМ

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Кіріспе зерттеу масаты


    Скачать 1.42 Mb.
    НазваниеКіріспе зерттеу масаты
    Дата24.05.2023
    Размер1.42 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаdocx1543823606.docx
    ТипДокументы
    #1155851

    КІРІСПЕ

    Зерттеу мақсаты: тұздың адам ағзасына пайдасын айқындап, қарама-қайшы зиянды жақтарын және тұздың қасиетін ашып көрсету
    Зерттеудің міндеттері
    -тұздың түрлерімен таныстыру;
    -тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету;

    -тұздың қолданылуы
    Зерттеуге болжам: егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұзды көлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.
    Зерттеудің өзектілігі: көп жағдайда тұздың адам ағзасына әсерінің ескерілмеуі.

    Зерттеудің жаңашылдығы: тұздың қасиеті - қайта кристалдануы. Қандай жағдай болса да тұз өз қасиетін жоймайды.
    Зерттеу нысаны
    : тұздың пайдасы, емдік қасиеті және басқа да ерекшеліктері
    Зерттеу пәні: дүниетану
    Зерттеу әдіс-тәсілі:

    - мерзімді басылымдардан ақпарат жинау; 
    - интернеттен ақпарат жинау;
    - энциклопедия, кітаптар мәліметтеріне сүйену;
    Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы: 
    Тұздың құпиясын аша отырып, адам ағзасына әсерін анықтаудың нәтижесінде елімізде игерілмеген тұздыкөлдерден өндіріс орындары мен шипажайлар ашуға бағыт беру
    Нәтижелерді қолданудың практикалық аймағы:
    дүниетану сабақтарында;
    сыныптан тыс іс-шараларда


    НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    2.1 Денсаулыққа емдік қасиеті

    2.2 Тұз түрлері

    Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат. 
    Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.

    Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге тіндердегі қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады. 

    Ас тұзы – қазақ халқының тұрмысы мен медицинасында кең қолданылатын əрі кем болса болмайтын минералды дəрілерінің бірі.{2}
    1 Емдік қасиеті мен қолдану əдісі:

    1. Бастың тазына, дене теміреткесіне: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағады.

    2. Тіс қақсағанға: 1-2 гр таза тұзға аз  мөлшерде меруерт талқанын қосып, оны сірке суға араластырып ауызды шайқау керек. Бұл тістің қан құртына, тістің босағанына, тістің үгітілуіне де пайдалы.

    3. Маса шаққанға: аз мөлшердегі тұзды өсімдік майына не балға араластырып маса шаққан жерге жақса, сізді мазалаған аурудан тез айығасыз. Сол сияқты шаян, көзілдірікті жылан шаққанда да осы емді қолдансаңыз уытын қайтарады.

    4. Ісікті қайтаруға: жығылып мертіккенде, шыққан ұршықты қайта салғаннан кейінгі ісікке түйенің шудасын тұзға шылап, сол ісікті жерге тартса ісікті қайтаруға көмектеседі. Бұл ем қазақ медицинасында ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Өнімі жақсы болғандықтан «сормақта» деп аталады.

    5. Соқыр ішек болғанда ауруды басуға: бір кесе тұзды қуырып алып, дорбаға салып құрсақ (іш) бөліміне басып ауырған жерге ыстық өткізеді.

    6. Басқа да физиологиялық рөлі: тұздан аз мөлшерде ішкенде асқазан сұйықтығын көбейтіп, ас қорытуға септігін тигізеді. Іш қатуға əрі бүкіл денедегі терінің зат алмастыруын тездетуге пайдалы.

    Көңіл бөлетін жағдайлар: тұз адам денесіне қажетті болғанымен, орта жастағылар мен қарттар, жүрек ауруы барлар мен қан тамыры тосылғандар тұзды аз тұтынған жөн.

    Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше екенін мен мектеп аспазшысы Баян апаймен жүргізген сұхбатымнан түсіндім. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады, ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, маңызды компонент – асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий – жасушааралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су-электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.{7.№5} 

    Мен өзімнің жұмысымды зерттеу барысында мектеп медбикесі Гүлмира апаймен кездесіп сұхбаттастым. Ол кісінің айтуы бойынша: жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады. Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы. Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.

    1. Басқа және денеге шыққан теміреткіге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ак тандақ болып жоғалады.

    2. 1-2 г ас тұзын аз мөлшердегі меруерт ұнтағына араластырып, сірке суына ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі қатаяды. Сірке суына ерітіп, ауыз шайқаса, жоғарыдағыдай ем болады.

    3. Зиянды жәндіктер шақида, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, ауырған жерді басады.

    4. Ұрылып- соғудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген орынға таңады. Мүны сорбақта деп атайды.

    5. Іш іш кірнепсі ұстағанда, бір кесе тұзды қазанға қуырады да, дорбаға салып, ішке басып, ыстық өткізеді.

    6. Ішектің кызметін күшейтіп, кілегейлі қабаттың сұйықтың шығаруын арттырады. Сөйтіп үлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, белоктың денеге сіңіруін күшейтеді.

    Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды.{4}

    Тұз – тісті ағартуда таптырмайтын құрал. Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сірке суын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз.{5.264}

    Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғаю, тіпті қараю құбылысы пайда болады. Мұны төмендегі әдіспен тазартуға болады: алдымен лайықты мөлшерде қара шекерді ауызға салып, дәмі тістің ұңғыл-шұңғылына сіңгенге дейін он минут сору керек. Онан талшығы қатты тіс щёткісімен екі-үш минут ысқылаған соң, ауызды дайындап қойған тұзды сумен (таза суға аз мөлшерде ас тұзы, тамаққа пайдаланатын содадан елу грамм қосылады) бір-екі минут шайып тастайды. Осылайша ертелі-кеш үзбей бір апта жалғастырса, тіс аппақ боп жарқырайды. {2}
    Йодталған тұздың пайдасы

    Әркім йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Йодтың тапшылығы алқымның ісуіне, яғни қалқанша бездің үлкеюіне әкеп соқтырады. Егер йод тапшылығының орнын толтырмаса, қалқанша бездің гормондарды өндіру қызметі бұзылады. 
    Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады. Қазақстанның аумағында табиғи йодтың мөлшері жеткіліксіз болып келеді, сол себептен біздің көптеген отандастарымыз үшін йодпен байытылған тұз пайдалы болып келеді. Адам өз өмірінде бір шай қасығына сиятын 8 грамм йод тұтынатыны есептелген. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі — 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтаңыз. Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады.
    Теңіз тұзының шипасы. Өмірде теңіз тұзын косметика ретінде де қолданатындар бар. Егерде бет безеулі болса, оны (бет терісін) теңіз тұзымен емдеңіз, деп ақыл-кеңес береді. Бірқатар халық емшілері. Ол үшін 1 шай қасық теңіз тұзын бір стақан жылы суға салып, жақсылап араластыру керек екен. Сосын онымен безеулі бетті жуып, сүртпей кептіреді. Жарты сағаттан соң мұндай бетті жылы сумен жуады. Күніне бір рет бет терісін осылай жуу екінші аптада-ақ өз нәтижесін беретін болады.{3.32}

    Тасты тұз

    Тұздың бұл түрі ең танымал және көп тараған. Тұздың жатып қалған кені әлемнің барлық дерлік аймақтарында табылады, олар бірнеше жүздеген метрден мыңдаған метр тереңдікке дейін жатыр. Тұз шахталы да, карьерлі әдіспен шығарыла береді. Арнайы комбайндар жер астында тұзды кеседі, сосын тасымалдағыштармен жер үстіне жіберіледі. Одан кейін тұз диірмендерге түседі, ол жерде түрлі көлемдегі кристалдар пайда болғанға дейін талқандалады. Ірі тұздар өнеркәсіптік мақсаттарда, ал майдалары бөлшекті сауда мен тамақ өнеркәсібі  үшін қапшықтарға салынады.

    Тасты тұзды арзан тұз болып табылатындығын атап өту керек (бөлшекті саудада бағасының айырмашылығы көп емес). Ал көтерме саудада бұл айырмашылық айқындау болады. Сондықтан тасты тұзды тамақ өнеркәсібі  мекемелері мен наубайханалар  алады.

    Тұнба тұз

    Тұздың бұл түрі тұзды көлдер сияқты суларда тұзды қайнатып, буландыру арқылы алады. Арнайы комбайндар (харвестерлер) кепкен өзендерден тұздың негізгі қабатын шешіп алып, тасымалдағышпен ұнтақтауға, жууға, кептіру мен одан әрі өңдеуге жібереді. Тұнба тұзда түрлі қоспалар көп болады, натрий хлоидінің массалық бөлігі 95-96% дейін болуы мүмкін (сол себептен ол көбінесе сұрғылт түсті болады). Теңіз суынан натрий хлоридімен кристалданатын негізгі тұздар бұл магний, кальций, калийдің хлориді мен сульфаты. Ылғал кристалдар түрінде жиналған тұзды еритін және ерімейтін (мысалы, құм мен саз) қоспаларды қаныққан тұздықпен жуып тастауға болады. Келесі қадам күнде кептіру мен ірі немесе майда ұнтаққа майдалау. Осы кезде саудаға шығару үшін қорапшаларға салар алдында кез-келген қажетті заттарды қосу мүмкіндігі бар.

    Шөгетін тұз

    Шөгетін тұз тұзды көлдердің астынан шығарылады. Бұл тұз су түбінде өздігінен табиғи шөгеді. Жақсықылыш көлі – Қазақстанда осындай тұздың ең үлкен кен орны екенін атап өтейік. Мұндай көлдердегі су «шипа су» деп аталады. Тұздың шөгуі жыл он екі ай бойы жүріп тұрады: жазда судың интенсивті булануы мен тұздың концентрациясының өсуінен, қыста төменгі температура жағдайында тұздың еруінің төмендеуінен. Тұздың бұл түрін шығару механикалық әдіспен жүзеге асады. Мұнда түрлі техниканы қолдану  мүмкіндігі бар: скрепер, тракторлы жүк тиегіш, бульдозер, тұз сорғыш, фрезерлі комбайндар. Көлді тұзды шипалы сумен жуады, центрифугалайды және кептіреді. Бұл процесте тұзды өзенге қайтып ағып кететін шипа су (қою ерітінді) мен лайдан ажырату маңызды.

    1.Ашудас:
    Ашудас ақсары түсті, дəмі қышқыл, уытсыз. Қақырықты жібітіп, құрт өлтіретін рөлі бар.

    Шикі ашудас пен күйдірілген ашудастың бəрін де істетуге болады. Шикі ашудасты қазанға салып қыздырғанда су құрамы ұшып кеткен соң көпіршіктеніп қалады. Міне бұл «күйдірілген ашудас» деп аталады.

    Емдік қасиеті мен қолдану əдісі: 

    Қолданылу мөлшері: 9 гр.

    1. Жөтелді басып, қақырықтыжібітеді: ашудас, сабын ағашыжемісі, қызыл мияның тамырының əр қайсынан 3гр – нан суға қайнатып нілін ішеді.

    2. Жүрек айнып, құсқанға: ашудастан аз мөлшерде қайнатып, демін алдырып суын ішеді.

    3. Мұрын қанағанда: ашудастан аздап талқандап, суға салып ерітіп мұрынға азырақ тамызса, қан тоқтайды.

    4. Тіс қақсағанға: ашудастан азырақ қосып сірке суына, балға араластырып қыздырып, тіс қақсап тұрғанда ауызды шайқаса. тез басады.

    5. Сулы бөрткенге: күйдірілген ашудас, күйдірілген гипстің əр қайсынан 20 гр-нан, релгардан 7 гр, осы үшеуін талқандап, 200 гр вазелинге араластырып бөрткенге жағады.

    6. Талмаға: ашудас 60 гр, шай жапырағынан 120гр- ды қосып талқандап, күніне 2 рет, бір ретте 60гр – нан ішеді.

    7. Сыртқыжарақаттан қанауға: шикі ашудастан 45 гр, күйдірілген ашудастан 45 гр, қарағай шайырынан 210 гр- ды талқандап. қанаған жерге басады.

    8. Балалардың аузы уылғанда: күйдірілген ашудастан аз мөлшерде уылған жерге сепсе ,балалардың аузы уылғаныжазылады.

    9. Іріңге: күйдірілген ашудастан 15 гр, сары ағаштан 6 гр, қасбояу жапырағынан 3 гр қосып талқандап, өсімдік майына араластырып іріңді жерге жағады.

    10. Шуашқа: ашудас пен кептірілген  жем жемілден азырақ қайнатып, жылы суымен аияқты жуады.

    2.Боракс
    Боракс Чиң хай ,Тибет, Шанши, Шынжаң,  Гансу қатарлы өлкелерде өндіріледі. Бастысы жұтқыншақтың шұғыл қабынуына, жұтқыншақ-көмекей қабынуға, қызыл иек қабынуға, ауыз қуысы қабынуға, құлақ қабынуға, көздің қабынып ісуіне істетіледі.

    Емдік қасиетімен қолдану əдісі:

    1. Орта құлақ қабынуға: боракстан 9 гр,  күйдірілген ашудастан 15 гр, борнеолдан 1 гр – ды қосып талқандап, құлақтың құлы-ғын əбден тазалап, дəріден аздап құлаққа үрлеп кіргізеді. Күніне 1 -2 рет істету керек.

    2. Ауыз ойылуға: боракс талқанынан 3 гр- ға 30  гр бал қосып, неболмаса, күйдірілген гипстен 3 гр қосып араластырып, ойылғанжергежағады.

    3.  Өлеттенуге (некроздануға): боракстен аздап талқандап, өлеттенген жерге жағады.

    1.2. Қолдану мөлшері: ішкізуге 1,5 – 3 гр, сыртқа істетуге лайықты мөлшерде.

    Цистит ауруына тұз шипа

    Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Қандай ауруды да соңына дейін емдемесеңіз, созылмалы түрге ауысатыны белгілі. Сол сияқты қуықтың қабынып ауруы кезінде тек дәрімен шектелуге болмайды. Тіпті дәрінің өзі ауруды түбегейлі жоя алмайды. {6.752}

    Ал бұл ауруға қарапайым ас тұзының шипасы мол. Ол үшін шағын қалтадағы тұзды ыстық табаға салып қуырып, мақта-матадан тігілген дорбаға салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай әдісті 6 рет жасасаңыз, құлан-таза айығып кетесіз. {10.160}
    Адам ағзасында минералды тұздардың кездесу мөлшеріне қарай оларды микроэлементтер мен макроэлементтерге бөледі. Дені сау ересек адамның ағзасына тамақпен келетін тұздардың мөлшері оның денесінен несеппен, термен шығатын тұздардың мөлшерімен дәлме-дәл теңдесіп отырады. Адам көп жұмыс істеп, ағзасына көп күш түскенде, ол ұзақ жүргенде, жаяу жүргенде, жаздың ыстық мезгілінде, ыстық цехтарда жұмыс істегенде термен, несеппен ағзадан көп тұз сыртқа шығатындықтан, тағам құрамындағы тұзды да арттыру, адамның мұндай жағдайда күніне 20 граммға дейін тұз тұтынуын қамтамасыз ету қажет, дейді кейбір мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, адамға күніне 10—15 грамм ғана ас тұзы қажет. Бұл қажеттілік негізінен тамақ пісіргенде пайдаланылатын табиғи өнімдердегі (3—5 грамм), нандағы (3—5 грамм), тамақ пісіруге қолданылатын (3—5 грамм), тамақтану үстінде адамның қосымша себетін тұзының есебінен қанағаттандырылатын көрінеді. Жалпы адамдар ежелгі заманнан бері ас тұзын пайдаланып келеді. Және қай халықта тұзды ерекше қадірлейді. Тіпті бұрындары көне Русьте тұз ең бағалы тауарлардың бірі саналған. Оның қымбат болғаны соншалықты, кейбір елдерде ол ақша орнына жүрген. {6.752}

    Сонымен, адамға тұзды қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне ¼ шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды. Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. 
    Тұз тұрмыс қажетінде Ас тұзын тағам әзірлеу үшін ғана пайдаланбайды, үй шаруасында да көп қажетке жаратады. Сол себепті ең бірінші тұзды дұрыс сақтай білу керек. Тұз үнемі құрғақ болып тұрсын десеңіз, оған аздап картоп ұнын (500 г тұзға — 30—40 г) қосып қойыңыз. Сонда тұз дәмін де, түрін де жоғалтпайды. Және де тұз салынған ыдысқа су сорғыш қағаз немесе біршым- шым күрішті салып қойсаңыз да тұз дымқылданбайды және түйіршіктенбейді. {8.152}

    Халқымыз ерте кезден-ақ тұзды ем ретінде халықтық медицинада пайдаланады. «Шыр» етіп дүние есігін ашқаннан сәбиді күн аралатып,бір жасқа толғанша тұзды суға түсіреді.Тұз денені ширатып,жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді. Малдың түрлі індеттерін де тұз немесе тұз ерітіндісімен емдеген.Қотыр қойды тұзды суға салған, т.б.
    Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен. {2}

    1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.

    2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.
    3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді
    4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.
    5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.

    6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.

    7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.

    8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.

    9. Таттанып кеткен баклашкаға тұз салса, тұз татты жоқ қылады.
    • Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.

    • Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
    • Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
    • Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.

    • Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.
    • Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.
    • Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.

    • Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады.Осындай қызықты деректерді жинау арқылы өзіме көптеген ой түйіп, біраз қызықты мәліметтерге тап болдым. Және айтылған ең қызықты дегендерін үлкендердің көмегімен және жетекшімінң көмегімен тәжіреибеден өткізіп көрдім.

    2.2.Тұздың денсаулыққа зияны

    Мен өзімнің ғылыми жұмысымда тұздың тек қана пайдалы жақтарына тоқталмадым, сонымен қатар зиянды жақтарына да тоқталдым. Іздене отырып, мынандай мәліметтерге тап болдым.
    1. Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтырады.
    2. Түз қорытылмайды, ағзаға сіңбейді. Қоректік қасиеті жоқ. Тұздың құрамында витамин, тірі қоректік заттар болмайды. Керісінше, бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді. 

    3. Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкеңіздін қозуын арттырады. 
    Тұз ағзаңыздағы кальциді шайып, асқазан-ішек жолдарындағы кілегей қабығына әсер етеді. Егер тұз сондай зиян болса, неге кеңінен пайдаланылады? Негізгі себебі мынада, мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап сақтау әдетке айналып кеткен. Осы әдеттің қалыптасуы, адам ағзасына тұз қажет деп есептеуден шыққан. Бірталай халықтар, мысалы эскимостар ешуақытта тұз жемейді және осыдан зиян да шекпейді. Осы әдеттен кұтылған адамға тұздың әсері, өмірі темекі шекпеген адамның темекі шеккеніндей. Кейбір жануарларға, әсіресе үй кұстарына тұз нақтылы у. Шошқалар, тұзды мөлшерден артық жеп қойса қырылып қалады.{9.120}
    Тұз қан қысымына қалай әсер етеді?{10.160}

    Қан қысымының көтерілуіне не әсер етеді? Дәрігерлерге бірнеше себептері белгілі: ширығу, шаршау, кенеттен алған рухани соққы, темекіден, автокөлік газынан, тамақ қоспасынан, дәрілердің және өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану. 

    Осылардың әсерінен өзіңді қалай сақтандыруға болады? Әрине, ең дұрысы осылардан ауаша болу. Жоқ дегенде осы себептердің біреуінен құтылуға болады. Ол натрий хлориді, немесе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының басты себепкері туралы болып отыр. Артық салмақтан азап көріп жүрген азаматтарымызға тұздың әсері қалай? Өздеріңізге мәлім, семіздік пен қан қысымының көтерілуі қатар жүреді. Өте толық адамдардың қан қысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма?

    Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий - жемістерде, балықтарда, етте т.б. тағамдарда жетерлік мөлшерде болады. Осы табиғи натрий ағзаның сұранысын толық қанағаттандырады. Бүған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған. 

    Денеге тұз жиналса... Мұнан ашығып арылатындар да бар. Тек олар төрт күн бойы тазаланған суды қалағанынша ішіп, кіші дәретін тексеру арқылы ағзасының тұздан тазарып жатқанын анықтайды. Таңғы алғашқы кіші дәретті жинап, салқын жерде екі- үш апта ұстап, жарыққа апарып қарағаныңызда түбінде тұнған натрий хлоридін, басқа да қалдықтарды көре аласыз. Ағзаны тұздан тазалағанда оны шектеп, ең бастысы, жаңадан үзіп алынған жеміс- жидектерді, көкөністерді, шөп қосылған (емдік) салаттарды жеген дұрыс. Сонда тамақтың 60 пайызы шикі және дайындалған көкөністер болса тіпті жақсы. Жеміс-жидек, көкөністер сілтілік әрекет береді, ағзаңыз түрлі тұздар мен улардан тазарады. {10.160}

    Денеге тұз жиналып, аяқ басу ауырлағанда оны балдыркөкпен де (сельдерей) емдеп, тұздан арылтуға болады. Оның шипалық шарасы: 1 ас қасық балдыркөк дәнін 2 стақан қайнаған ыстық суға 2 сағат бойы бұқтырады, сүзеді. Сосын бір стақан тұнбаны төртке бөліп, күніне 3 рет ішеді. Осы тұнбаны ішу буын ауруын жеңілдетеді. Егерде арқа, мойын остеохондрозымен ауырсаңыз, осы тұнбаны 2 ай бойы ішу қажет. Сонда қимыл-қозғалысыңыз едәуір жақсарып, денсаулығыңыз түзеледі. {10.160}

    Қазіргі кезде тұзбен емделу жайлы сауалнама қорытындысы


    МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМ
    Йодталған тұзды алып, суға салып араластырамыз. Кәрлен табақшасына тұз салынған суды құямыз. Тұрғы сақинасына кәрлен табақшасын қоямыз. Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, тәжірбиеде пайдаланылған сіріңкені дұрыс пайдаланамыз. Кәрлендегі су қайнағанша күтеміз. Су қайнағаннан кейін кәрлен табақшасының жиектеріне тұз жиналғанын көреміз. Бұдан қорытынды шығаратын болсақ, тұздың қасиеті - қайта кристалдану. Және де судан тұзды осылай бөліп алуға болады.

    Мен екі платмасса стаканға су құйып, біреуіне тұз салып араластырдым. Екеуінде тоңыазытқышқа салдым. 8 сағаттан соң: тұз салынбаған су мұз болып қатып, ал тұзы бар стақан қатпаған. Тағы да екі күнге қалдырып едім, тұзы бар су қоймалжың болыпты. Бұдан шығатын қорытынды: тұздың қасиеті - өз күшін жоғалтпайды екен.

    ҚОРЫТЫНДЫ
    Тамаққа тұз салып жатып, осы тұздың қайдан келгені туралы ойланбаймыз да. Ал ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Себебі оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мумкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді. Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Аралтұз » кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тұз өндірушілер арасындағы кең тараған дилерлік желі – географиялық тұрғыдан бүкіл Қазақстанды 100 пайызға қамтуға, сондай-ақ Орталық Азияның нарығын белсенді түрде жаулап алуға мүмкіндік беруде. «Жақсы қылыш» тұз кен орнын пайдалана отырып, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық тұздың 80 пайызын қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл өндірістің шығаратын тұз мөлшері еліміздің барлық халқын қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті қазіргі таңда игерілмей жатқан тұздыкөлдерді игеріп, сол жерлерден шипажай ашу қажет деп ойлаймын.
    Өз ғылыми жобамды қорыта келе айтарым, «Тұз — адамзатқа берілген асыл сый». Оны қадірлеп, өз мөлшерінде тиімді тұтына білейік. Әйтеуір жаңа туған баланы тұзды суға шомылдырып, денесінің пісіп-жетілуін жақсартудан бастап, тұздың өмірімізде қажетті кезі көп.

    ҰСЫНЫС

    1. Химикат дәрілердің орнына тұзды қолданса, қазіргі замандағы отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі;

    2. Денсаулығын ойлаған адамзат тұзды мөлшерімен қолданса (кириешки, чипсы)

    3. Тұздың адам денсаулығына пайдасы зор, игерілмей жатқан өз өңіріміздегі тұзды көлдерден арнайы шипажайлар ашылса


    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
    1.Дүниетану : жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 3-сыныбына арналған оқулық /Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова, Т.Г.Напалкова.-Алматы : Алматыкітап баспасы,2014.-132б.,сур. ISBN 978-601-01-1710-5
    2.Ғаламтор материалдары: Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет, Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997, Қазақ энциклопедиясы I том
    3. Мұхиттар мен өзендер –Алматы: «Аруна » баспасы.-32 бет.-Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» ISBN 9965-26-441-4
    4. География және табиғат /Ғылыми педагогикалық журнал/қаңтар-ақпан 2012,№1
    5.Зердеңізге тоқыңыз. Жинақ. /Құрастырушы:Т.Б.Әділжан- Көкшетау,2011ж264б ISBN 978-601-80159-8-4
    6.Оқушылардың қысқаша анықтамалығы.5-11 сынып.Авторлар мен құрастырушылар: П.И.Алтынов, П.А.Андреев, А.Б.Балжи және басқалары.
    1 басылым.-М.:Дрофа, Алматыкітап 2004-752бет, суретті.
    7.Химик анықтамалығы №5/43/-2014 Республикалық ғылыми –танымдық педагогикалық журнал

    8.  "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том

    9. С. Бәкіров. Түз тұзы. – Алматы: Қазақстан, 1992. 120б

    10. О.Әбдіраман. Халық медицинасы.- Алматы: Қазақпарат, 2002. 160б.




    Мектеп медбикесі Жаухарова Гүлмира апаймен сұхбаттасу



    Зертхана кабинетінде практикалық жұмыс барысы



    Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, жетекшіммен бірлесіп жұмыс жасадым

    Судан бөлінген тұз




    написать администратору сайта