Главная страница

мкв. Жумабаева Нурай микро. Ккіріді таяша


Скачать 16.95 Kb.
НазваниеКкіріді таяша
Дата09.11.2022
Размер16.95 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖумабаева Нурай микро.docx
ТипДокументы
#778222

Көкіріңді таяқша

Зерттеулердің нəтижелері бойынша таяқшадан - P.aeruginosa (1862жылы А. Люкке ашқан,1872 жылы Дж. Шрегер бөліп алып сипаттама берген) басқа бір қатар псевдомонадалар адамдар үшін патогенді болып табылады (P. putida, P. fluorescens, P. cepacia тағы басқалар).

P. aeruginosaға келесі белгілер тəн: Грамтеріс, тіке немесе сəл иілген, шеттері дөңгелектенген таяқшалар, барлық анилин бояғыштармен боялады. Жұғындыларда бір-бірлеп, жұптасып немесе тізбек тəрізді орналасады. Əдетге қозғалмайды (монотрих немесе лофотрих). Спора жəне капсула түзбейді, аэробты, өсу температурасы 6°С дан 45°С дейін, рН диапазоны 4,5-9,9. оптимумы 37°С, рН 7,2-7,5 , 42°С та да жақсы өседі. Қоректік орта таңдамайды, ЕПА- да, ЕПС- да жақсы өседі. Сорпада бір тəуліктің ішінде көк-іріңді таяқшалар бірқалыпты лайланып, бетінде сұр қабықша пайда болып, тұнба түзбейді. ЕПА-да бір тəулікте үлкендеу (3-5 мм) жартылай мөлдір, сұр түсті өзіне тəн (жасмин)иісі бар колониялар түзбейді. Колониялалардың шеттері тегіс, ортасы қаралау болып келеді.

Көк-іріңді таяқшалар адамда əр түрлі аурулар шақыруы мүмкін: сепсис, менингит, остеомиелит, артрит, отит, пневмония, плеврит, бауыр мен мидың абсцессін, жыныс-зəр шығару трактісінің қабынуын жəне т.б.

Микробиологиялық диагностикасында ең қолайлы бактериологиялық тəсл.. Зерттелетін материалдар: ірің, экссудат, ағзалалардың пунктаты, зəр. Дақылды идентификация жасағанда, пиоцианин пигментін анықтаудың маңызы өте зор, егер оның сүйық дақылына бірнеше тамшы хлороформ қосқанда, ол көк-жасыл түске боялса, пигменттің бар екендігін білдіреді. Pseudomonas тың түр ішілік идентификациясын биохимиялық жəне дақылдық қасиеттері бойынша ажыратады.

Псевдомонадалар табиғатта кең таралған, олар суда, топырақта, жануар мен адамдардың ішегінде, терісінде, шырышты қабатында мекендейді. Қоршаған ортаның əсеріне өте тұрақты (УК-сəлесі, дезерітінділер, температура т.б.). Қоршаған ортадан ағзаға қарым-қатыңас арқылы түседі.

Көк-іріңді таяқшалалардың оперциядан жəне күйгеннен кейінгі асқынулардағы іріңді-қабыну процесстерді шақыруының жəне тағам токсикоинфекцияларының қоздырғыштарының дəрітерлер үшін маңызы өте зор, себебі оны емдеу өте қиын, көптеген антибиотиктерге тұрақты. Сондықтан, көк-іріңді таяқшалар, шақырған көпгеген аурулар емделмей, созылмалы түрге өтіп кетеді (уретрит, цистит, плеврит, остеомиелит т.б.). Дисбактериоз жəне тағам токсикоинфекцияларын емдеу үшін, комплексті интести-бактериофаг сапалы болады, емделмейтін, созылмалы ауруларда аутовакциналарды пайдаланады.

Көк-іріңді таяқшада О-, Н-, М-антигендері болады. Патогенді факторлары О-антигені болып табылады. Жасуша қабырғасының липополисахариді, оның əсер ету механизмі басқа Грам теріс бактерияларға ұқсас. Басқа псевдомонадалар əр түрлі экзотоксиндер өндіреді: гемотоксин, лейкоцидин, гистотоксин, энтеротоксин. Экзотоксиндердің ішіндегі ең маңыздысы – экзотоксин А, олар рибосомадағы ақ уыз түзілуінің бүзылуына алып келеді.

Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигиеналық ережелерді қатаң сақтау жатады.


написать администратору сайта