Главная страница
Навигация по странице:

  • Ашықтұқымды өсімдіктердің көбею процесі.

  • Улотриксті балдырлар.

  • билет по ботанике на казахском. ботаника билет. Клетканы блінуі


    Скачать 15.77 Kb.
    НазваниеКлетканы блінуі
    Анкорбилет по ботанике на казахском
    Дата30.01.2022
    Размер15.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаботаника билет.docx
    ТипДокументы
    #346559

    Клетканың бөлінуі.

    Митоз. Оның төрт фазасы; Профаза, Метафаза, Анафаза, Телефаза болады. Профаза РНҚ - ның синтезді тоқталады. Ядроның көлемі ұлғайады. Еселенген хромосомалар ширатылып, жуандап, ядрода қабықшасында жанасып жиналады. Ядро қабығы жыртылып, цитоплазмада шашылып орналасады.

    Метофаза. Еселенген хромосомалардың ширатылуы шегіне жетеді. Клетка экваторына жылжиды. Еселенген хромосомалар экваторда бір деңгейде орналасып, центромерлері арқылы ұршықтың жібімен байланысады. Әрбір хромосома ұштары полюстерге бағытталған, центромері арқылы байланысқан, екі хроматидтен тұрады.

    Анафаза. Хромосомалардың центромерасы бөлінеді. Хроматидтер хромосомаларға айналады. Ұршықтың жібі хромосомаларды центромері арқылы клетканың полюстеріне тартады.

    Телофаза. Хромосомалардың спиралі жазылып, жіңішкереді. Эндоплазмалық тордан ядро қабығы түзіледі. Цитоплазма өсімдіктерде бөлетін перде арқылы екіге бөлінеді. Оны цитокенез деп атайды. Митоз 0.5 - 3 сағат арасында жүреді.

    Мейоз ядроның хромосома жиынтығы диплоидтан, гаплоидқа азайып, клетканың бөлінуі. Аналық клеткада бір рет жұптасқан хромосомалардың митоздағы сияқты еселенуі жүреді. Содан соң ядроның және клетканың екі рет. Оны мейоздың бірінші және екінші бөлінуі деп атайды. Сүйтіп диплоидты клеткадан төрт гаплоидты клетка түзіледі. Мейоздың бөлінуі; жұмыртқа клеткасы, спермиялар, ұрпақ кезеніңде де профаза, метафаза, анафаза, телофаза фазалары болады.алмасу жүретін өсімдіктерде споралар түзілерде, кейбір ұрпақ алмасу жоқ, төменгі сатыдағы өсімдіктерде гаметалар түзілерде жүреді. Мейозды бөлінудің бірінші кезеніңде де, екінші

    Ашықтұқымды өсімдіктердің көбею процесі.

    Тозаң аталық бүршіктерден тұқым бүріне желмен келіп түседі. Оны нуцелус пен интегументтің арасын толтырып тұратын, қоймалжын, сұйықтың тамшысы онай ұстайды. Бұл тамшы, микропиле арқылы, сыртқа шығып тұрады. Кебе келе тамшы тозаңды тұқым бүрінің ішіндегі нуцеллуске қарай тартады. Тозаңдаңған соң, микропиле жабылады осыдан кейін барып, аналық бүршіктің қабықшалары тығыздалып бірігеді. Аталық гаметофит, өзінің одан әрі дамуы мегаспорангийдің ішінде жалғастырады. Тозаның мегаспорангийдің тозаның экзинасы жарыладыда, интинмен қоршалған вегетативтік клетка тозаң түтігін түзеді, нуцеллустың ұлпасына еніп архегонияға қарай өседі. Антеридиальды клетка бөлініп екі клетка береді; тірсек клеткасын және сперма түзетін клетканы. Олар тозаң түтігіне өтеді. Ал тозаң түтігі өз кезегіңде архигонияға жеткізеді.Ұрықтанудың алдында үтір сперма түзетін клеткадан талшықсыз екі спермия - аталық гаметалар пайда болады. Тозаң түтігі архегонияның мойны арқылы жұмыртқа клеткасына жетеді. Осы кезде тозаң түтігінің ішіндегі тургор қасымының артуына байланысты, оның ұшы жарыладыда, ішіндегі заттары жұмыртқы клеткасының цитоплазмасына құйылады. вегетативтік ядро бұзылып жойылады. Аталық гаметаның бірі жұмыртқа клеткасының ядросымен қосылады, ал екіншісі өледі.

    Улотриксті балдырлар.

    Улотриксті балдырлар классына талломының құрылысы жіп тәрәзді немесе пластинкалы болып келетін көптеген жасыл балдырлар жатады.

    Ағын сулы өзендердің астындағы тастарды және шіріген ағашатардың қалдықтарыңда жабысып тұрған ашық-көк түсті жіптердің жиынтығың көруге болады. Ол көп клеткалы, жіп тәрізді жасыл балдыр - улотриикс. Оның жіптері қысқа, цилиндр тәрізді жасушалардың тізбегінен тұрады. Осы жасушалардың әрқайсысында бір бірден ядро және ұштары бөлінуінің нәтижесінде жіптері ұзарып өсіп отырады. Улотриксте хломадоманада секілді фотосинтез процесінің нәтижесінде қажетті қоректік органикалық заттарды сорып қабылдайды. Улотрикстің базальды жасушасы түссіз сопақша болып келеді ол арқылы


    написать администратору сайта