Климат. Климаттың өзгеруі мәселесі. Климатты згеруі мселесі Климатты згеруі ызу серіні салдарынан болатын згеруі
Скачать 15.32 Kb.
|
Климаттың өзгеруі мәселесі Климаттың өзгеруі - қызу әсерінің салдарынан болатын өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал ететін фактор. Климаттың өзгеруі табиғи және антропогендік сипатта болады. Климаттың антропогендік өзгеруі (Антропогенное изменение климата) — табиғи ортаға антропогендік өсердің (негізінен оның ластануы) артуынан климаттың көрсеткіштердің (ауа температурасы, оның қозғалысының заңдылықтары және т.б.) ұзақ уақыт (10 жылдан артық) өзгеруі. Дәлірек айтқанда, климаттық жүйені салыстырмалы тұрақты күйден шығару кезінде пайда болатын, геофизикалық процестердің (Жерге ғарыштық өсерлерді қосқанда) табиғи жүру барысында теориялық мүмкін шегінен шығып кететін климаттық ауытқу. Мысалы, 1977-1981 жылдары Солтүстік Америкадағы суық қыстар 10 мың жылда бір рет болатын жағдай деп есептеледі. Климаттық фактор - Жердің бетіне күн энергиясының келу ерекшеліктерінен, ауа массаларының айналысынан, жылу мен ылғалдың теңдестігінен , атмосфералық қысымның динамикасынан және басқа да метеорологиялық элементтерден болатын фактор. Ал бұларға температураның өзгеруі, температура экологиялық факторы әсер етеді. Климаттық факторлардың ықпалы мезгілдік аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін. Бұған мезгілдік ауруларға көбіне суық тию ден пайда болатын - грипп, ангина т.б жатады. Бұл адамдар түрінін азаюына алып келеді. Ал антропогендік тұрғысын айтсақ, климаттың өзгеруі адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсері. Адамзат өндірістік қызметіне барған сайын климатта елеулі өзгерістер орын алуда. Бұған мысалы, температураның біртіндеп өсу процесі - ғаламдық жылыну. Соңғы 50 жылдағы жылыну процесінің көп бөлігі адамзаттың кесірінен орын алған, бірінші кезекте газдардың атмосфераға шығарылуынан туындаған көмірқышқыл газы мен метанның “көшетхана эффектісі”. Бұның нәтижесінде табиғи катаклизмдер жиілеуі мүмкін, мысалы:су тасқындары, қуаңшылық, дауылдар мен тағы басқалары жоғарлайды. Климаттың жылынуынан келесі қауіп туындауы мүмкін:кейбір жануар мен өсімдік түрлерінің таралу аймағының полярлық зоналарға ығысу; жаға зоналары мен аралдарда мекендейтін саны аз түрлердің жойылуы. Бұдан біз биологиялық алуантүрліліктің санының азаюын көреміз. Өкініштісі,бұл жалғыз ғаламдық жылынудың әсері, ал бұдан басқа қаншама ғаламдық проблемалар бар,ал бұндай табиғат өзгерістерінен қаншама түрлер жойылып жатыр. Альтернативті энергияны (күн, жел, су) қолдану-адамзатқа да, табиғатқа да өте пайдалы. Адамға зиян келтіретін инфрақызыл сәулелерді қолданып, денсаулық құртқанша табиғи ресурстық қолданып пайда әкелу қажет. Осы жұмысты әр мемлекет қолға алса адам саны азаймас еді. Менің ойымша азон кабатының тесілуі әр түрлі зиянды газдардан, сондықтан альтернативті энергияны қолдану арқылы климаттың өзгеруін шамалы болсын тоқтатар едік. Адамдар арасында альтернативті көзқарас көбейген дұрыс деп ойлаймын. Қоршаған ортада болып жатқан әр құбылыс бір - бірімен тығыз байланысты. Бұрынғы кездері жаһандық жылыну болды және әрмен қарайда болады деп ойлаймын. Себебі жаз мезгілі ортасы Еуропада қар жауғанын және Антарктида да күн ыстық болғанын дәлелге келтіруге болады. Тіпті қазіргі кездің өзінде желтоқсан айы болғанымен, қаржауып, бірден еріп кетіп жатыр. Оның өзі жаһандық жылынудың белгісі деп айтуға болады. Жалпы, жаһандық жылыну процесін тоқтату үшін қажетті шаралар қолдану қажет. |