диагноз. КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ. Клиникалы диагнозды негіздеу . А. Ясауи атындаы Халыаралы аза Трік Университеті Медицина факультеті Пропедевтика жне ішкі аурулар кафедрасы Науас
Скачать 31.23 Kb.
|
КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті Медицина факультеті Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы Науқас: Өмірқұлова Анар Бекжігітқызы Клиникалық диагноз: Аплазиялық анемия, жеңіл түрі Негізгі ауруы: Аплазиялық анемия Асқынуы: жоқ Қосымша (ілеспелі) ауру: жоқ Курация уақыты:13.09.2018-16.09.2018 Студент: Қалдыбай Динара Тобы:ЖМ- 506а Қабылдаған: Нұрманова Нұргүл Паспорттық бөлім 1.Фамилиясы, аты, тегі: Өмірқұлова Анар Бекжігітқызы 2. Туылған жылы: 15.03.1976ж 3.Жынысы: әйел 4.Білімі: орта 5.Жұмыс орны: үй шаруасында 6.Аурудың мекен - жайы: Түркістан облысы, Абай ауылы, Қабанбай батыр көшесі №65 7.Клиникалық диагноз: Аплазиялық анемия, жеңіл түрі Негізгі ауруы: Аплазиялық анемия Асқынуы: жоқ Ілеспелі аурулар: жоқ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ 1.Түскен кездегі шағымдарының негізінде: Негізгі шағымдары:Науқасты 1 айдан бері кеуде сарайының оң жағындағы сыздап ауырсынуы,2 аптадан бері құрғақ жөтел, 1 апта бойы кешкі уақытта дене қызуының 37,7С-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Қосымша шағымдары: Жалпы әлсіздік, күнделікті жұмыстан кейінгі шаршағыштыққа, кешкі уақытта бас ауруына,түнгі тершеңдікке шағымданады. 2.Anamnes morbi: Науқас өзін 2017жылдан бері ауру белгілері пайда бола бастағаннан өзін ауру санайды. Өз бетінше аймақтық гематология бөліміне қаралған. Науқас өз бетінше циклоспорин 300мл куніне 2рет, преднизолон таблеткасын күніне 3рет қабылдаған.2018 жылдың 13 қыркүйекте науқастың диагнозын айқындау мақсатында ХҚТУклиникасына жіберілді. Науқастың диагнозы айқындалып, апластикалық анемияның жеңіл түрі диагнозы қойылды. 3.Anamnes vitae: Кәсіптік анамнезі –2015жылдан бері үй шаруасында. Зиянды әдеттері –шылым шекпейді, алкогольды шектеулі мөлшерде қолданады. Бұрын туберкулезбен ауырмаған, туберкулез ауруымен қатынаста болмаған. Аллергиялық анамнез - дәрі-дәрмектерге,тағамдарға,тұрмыстық заттарға сезімталдығы жоқ. Соңғы 6 айда шетелге бармаған, қан құймаған. Вирусты гепатитпен ауырмаған, кене шақпаған. Ота жасатпаған. 4. Объективті мәліметтер негізінде: Науқсатың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Санасы айқын,қалпы активті. Дене бітімі: нормостениялық. Бойы: 165 см, дене массасы: 75 кг Тері жамылғысы: таза, түсі қалыпты , ылғалды. Дене қызуы субфебрильді. Перифириялық лимфа түйіндері пальпацияланады, ұлғаймаған, ауырсынусыз. Тыныс алу жүйесі: Физикалық жүктемеден кейінгі ентігу. Төс маңында ауырсыну жоқ. Қақырықты жөтел жоқ. Мұрыннан және өкпеден қан кетулер жоқ. Дауысы қалыпты. ТАЖ 18 рет/мин. Өкпе шекаралары қалыпты. Өкпеде везикулалық тыныс естіледі. Сырылдар жоқ. Жүрек-қантамыр жүйесі: ЖСЖ 82 рет/мин. Пульс 78 рет/мин, ырғақты. Жүрек тондары қалыпты, ырғақты. АҚ 120/80 мм сын.бағ. Жүрек тұсында ауырсынулар жоқ. 5. Инструментальді-лабораториялық зерттеу негізінде: Жалпы қан анализінде: 13.09.2018 Лейкоциттер 2,6 *10/9л Эритроциттер 1,62*10/12л Гемоглобин 50г/л Тромбоциттер 20*10/9л Сегменттер 26% ЭТЖ 24 мм/сағ Қорытынды: гипохромды анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы Жалпы несеп талдауы: 13.09.2018 Мөлдірлігі: ақшыл-сары Үлес салмағы: 1019 Ақуыз: 0,033% Лейкоциттер: 1-2 к/a Түсі: ашық Иммунологиялық зерттеу қан анализі Қан тобы: В(III) Рн тиесілігін Rh(+) оң Қанның биохимиялық талдауы Жалпы ақуыз 60г/л Билирубин жалпы: 22,1 ммоль/л Креатинин 0,088 ммоль/л Глюкоза 5,3 ммоль/л Қорытынды: гипопротеинемия Қақырық анализі:14.09.18МКБ --- теріс нәтижелі Кеуде сарайының жалпы шолу рентгенографиясы 14.09.18: Өкпе синустары, түбірі – өзгеріссіз. Жүрек ақауы жоқ. Қорытынды: Аплазиялық анемия Келесі клиникалық диагнозды негіздеу Аплазиялық анемия Негізінде қойылады: Негізгі шағымдары:Науқасты 1 айдан бері кеуде сарайының оң жағындағы сыздап ауырсынуы,2 аптадан бері құрғақ жөтел, 1 апта бойы кешкі уақытта дене қызуының 37,7С-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Қосымша шағымдары: Жалпы әлсіздік, күнделікті жұмыстан кейінгі шаршағыштыққа, кешкі уақытта бас ауруына,түнгі тершеңдікке шағымданады. -Науқас өзін 2017жылдан бері ауру белгілері пайда бола бастағаннан өзін ауру санайды. Өз бетінше аймақтық гематология бөліміне қаралған. Науқас өз бетінше циклоспорин 300мл куніне 2рет, преднизолон таблеткасын күніне 3рет қабылдаған.2018 жылдың 13 қыркүйекте науқастың диагнозын айқындау мақсатында ХҚТУклиникасына жіберілді. Науқастың диагнозы айқындалып, апластикалық анемияның жеңіл түрі диагнозы қойылды. -зертаналық деректер: Жалпы қан анализінде гипохромды анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Қанның биохимиялық талдауында гипопротеинемия. КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗ: Аплазиялық анемия, жеңіл түрі Емі: Диетотерапия. Витаминотерапия. В – топ витаминдері: фолий, тиамин, пантотен. Патогенездік ем. Преднизолон - 3 таблеткадан куніне 2рет Экворал -150мг куніне 2рет Комплекстік ем Эритроциттік массасының трансфузиясы. КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті Медицина факультеті Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы Науқас: Бақытжанова Нұрдана Сұңғатқызы Клиникалық диагноз: Аутоиммундық гемолиздік анемия Негізгі ауруы: Аутоиммундық гемолиздік анемия, орташа ауырлықта Асқынуы: жоқ Қосымша (ілеспелі) ауру: жоқ Курация уақыты: 12.09.2018-15.09.2018 Студент: Примжарова Нагима Тобы: ЖМ- 506а Қабылдаған: Нұрманова Нұргүл Паспорттық бөлім 1.Фамилиясы, аты, тегі: Бақытжанова Нұрдана Сұңғатқызы 2. Туылған жылы: 16.08.1973ж 3.Жынысы: әйел 4.Білімі: орта 5.Жұмыс орны: үй шаруасында 6.Аурудың мекен - жайы: Түркістан облысы, Абай ауылы, Абылайхан көшесі №78 7.Клиникалық диагноз: Аутоиммундық гемолиздік анемия Негізгі ауру: Аутоиммундық гемолиздік анемия орташа ауырлықта Асқынуы: жоқ Ілеспелі аурулар: жоқ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ 1.Түскен кездегі шағымдарының негізінде: Негізгі шағымдары: Науқаста жалпы әлсіздік, бас айналу, физикалық жүктемеден кейінгі және тыныштық күйіндегі ентігу, тез шаршағыштық. 1 апта бойы кешкі уақытта дене қызуының 37,7С-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Қосымша шағымдары: Жалпы әлсіздік, күнделікті жұмыстан кейінгі шаршағыштыққа, кешкі уақытта бас ауруына,түнгі тершеңдікке шағымданады. 2. Anamnes morbi: Науқаста жалпы әлсіздік, бас айналу, физикалық жүктемеден кейінгі және тыныштық күйіндегі ентігу, тез шаршағыштық. Науқас 2018жылдың 22 тамыз күні кенеттен әлсіреп, сол аймақтағы терапевтке қаралды. Гематологиялық бөлімнің стационарына жатқызылды. Науқастың қабылдаған емнен кейін жағдайы жақсарып, үйіне жіберілді. Науқас гемоглобин деңгейі төмендеп, 11қырүйекте ХҚТУклиникасына жатқызылды. 3. Anamnes vitae : Кәсіптік анамнезі –соңғы 5жылда базарда сатушы болып жұмыс жасаған. Зиянды әдеттері –жоқ. Бұрын тұмаумен, менингитпен, артериальды гипертензиямен, паротитпен,жатыр миомасымен ауырған. Туберкулезбен ауырмаған, туберкулез ауруымен қатынаста болмаған. Аллергиялық анамнез - дәрі-дәрмектерге,тағамдарға,тұрмыстық заттарға сезімталдығы жоқ. Соңғы 6 айда шетелге бармаған, қан құймаған. Вирусты гепатитпен ауырмаған, кене шақпаған. Ота жасатпаған. 4. Объективті мәліметтер негізінде: Науқсатың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Санасы айқын,қалпы активті. Дене бітімі: нормостениялық. Бойы: 165 см, дене массасы: 70 кг Тері жамылғысы: таза, түсі қалыпты , ылғалды. Дене қызуы субфебрильді. Перифириялық лимфа түйіндері пальпацияланады, ұлғаймаған, ауырсынусыз. Тыныс алу жүйесі: Мұрынмен тыныс алуы еркін. Дауысы қалыпты. Тыныс алу типі – аралас, тыныс алу актісінде оң жақ өкпе қалыңқы. ТАЖ 18 рет/мин. Өкпе шекаралары қалыпты. Өкпеде везикулалаық тыныс естіледі. Сырылдар жоқ. Жүрек-қантамыр жүйесі: ЖСЖ 85 рет/мин. Пульс 78 рет/мин, ырғақты. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚ 150/90 мм сын.бағ 5. Инструментальді-лабораториялық зерттеу негізінде: Жалпы қан анализінде: 13.09.2018 Лейкоциттер 5,9*10/9л Эритроциттер 2,33*10/12л Гемоглобин 81г/л Тромбоциттер 283*10/9л Сегменттер 46% Лимфоциттер 40% ЭТЖ 24мм/сағ Қорытынды: ретикулоцитозбен жүретін нормохромды анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Жалпы несеп талдауы: 13.09.2018 Мөлдірлігі: лайланған Үлес салмағы: 1,011г/мл Ақуыз:жоқ Лейкоциттер: 3-4к/a Эпителий: 1-2 к/a Түсі: қошқыл-сары Иммунологиялық зерттеу қан анализі Қан тобы: В(III) Рн тиесілігін Rh(+) оң Қанның биохимиялық талдауы Жалпы ақуыз 65г/л Билирубин жалпы: 10,7 мкмоль/л Креатинин 0, 062 Лактатдегидрогеназа 639 ед/л Глюкоза 5,3 ммоль/л Қорытынды: гипербилирубинимея Қақырық анализі:13.09.16МКБ --- теріс нәтижелі Кеуде сарайының жалпы шолу рентгенографиясы 13.09.16: Өкпе синустары, түбірлері – өзгеріссіз. Жүрек ақауы жоқ. Қорытынды: Аутоиммундық гемолиздік анемия Келесі клиникалық диагнозды негіздеу: Аутоиммундық гемолиздік анемия орташа ауырлықта Негізінде қойылады: Негізгі шағымдары: Науқаста жалпы әлсіздік, бас айналу, физикалық жүктемеден кейінгі және тыныштық күйіндегі ентігу, тез шаршағыштық. 1 апта бойы кешкі уақытта дене қызуының 37,7С-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Қосымша шағымдары: Жалпы әлсіздік, күнделікті жұмыстан кейінгі шаршағыштыққа, кешкі уақытта бас ауруына,түнгі тершеңдікке шағымданады. - Науқаста жалпы әлсіздік, бас айналу, физикалық жүктемеден кейінгі және тыныштық күйіндегі ентігу, тез шаршағыштық. Науқас 2018жылдың 22 тамыз күні кенеттен әлсіреп, сол аймақтағы терапевтке қаралды. Гематологиялық бөлімнің стационарына жатқызылды. Науқастың қабылдаған емнен кейін жағдайы жақсарып, үйіне жіберілді. Науқас гемоглобин деңгейі төмендеп, 11қырүйекте ХҚТУклиникасына жатқызылды. -зертаналық деректер: Жалпы қан анализінде ретикулоцитозбен жүретін нормохромды анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Қанның биохимиялық талдауында гипербилирубинимея. КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗ: Аутоиммундық гемолиздік анемия орташа ауырлықта Емі: Диетотерапия. Поливитаминдік ем. Эритроциттік массасының трансфузиясы. Глюкокортикоидты ем – преднизолон 60-80мг күніне 2рет Иммунодепрессанттар – метотрексат , циклофосфамид. Дизентоксикалық терапия. |