Главная страница
Навигация по странице:

  • 9 сурет 2 есеп

  • 14 сурет 13 сурет

  • БД ӨЖ. Клиникалы есептер


    Скачать 381.37 Kb.
    НазваниеКлиникалы есептер
    Дата11.09.2021
    Размер381.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБД ӨЖ.docx
    ТипДокументы
    #231454

    Клиникалық есептер

    1 есеп

    Науқас К. 49 жаста, созылмалы бронхитпен ауыратын, бірден ұстамалы тұншығу пайда болды. Объективті: науқас бозарған, көзінде қорқыныш, кеудемен толығымен дем алады, ауаны аузымен қармайды, төсекте дөңбекшиді. Кеуде клеткасы кеңейген, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

    1. Қандай ауруға күдіктенуге болады?

    2. Ауруханаға дейінгі сатыда көрсетілетін негізгі көмекті атаңыз?

    3. Ауруды ары қарай қандай ем жүргізіледі?

    Емдеуге қолданылатын дәрілердің әсер ету механизмін сипаттама беріңіз (9 сурет).

    9 сурет

    2 есеп

    Науқас 39 жаста. Науқаста ұстамалы тұншығу тыныс алу қиындауы 30 жастан бері және бензин иісі, салқын ауа пайда болуына әрекет етеді, қашықтықтан естілетін шулы сырылдар байқалады, пароксизм аз мөлшердегі жабысқақ қақырық бөлінгеннен кейін басылады. Үш рет пневмониямен ауырған. Соңғы ұстама бұрынғы ұстамаларға қарағанда ұзақ болған, сол себепті де жедел жәрдем көмегі қажет болған.

    Соңғы жылдары әйелде АҚ 180/100 мм.сын.бағ дейін көтеріледі. Науқас бухгалтер болып жұмыс атқарады, жылы және құрғақ пәтерде өмір сүреді. Науқастың анасында және сіңлісінде жиі есекжем пайда болған.

    Ұстамадан кейін келесі күні науқасты объективті тексергенде: науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы қалыпты. Кеуде клеткасын перкуссиялағанда – қорапты дыбыс, өкпе шекаралары төмендеген, аускультацияда – тынысы әлсіреген, барлық өкпе беткейінен шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, сол жақтан екінші қабырғааралықтан 2 тон акценті, тамыр соғысы минутына 84 рет, АҚҚ 140/80 мм.сын.бағ.

    Ұстаманың жиіленуіне және күшеюіне байланысты әйелді пульмонологиялық бөлімше жатқызылды.

    1. Қан және қақырық анализінде қандай өзгерістер анықталады?

    2. Ауруды анықтаудың бірден бір әдісін атаңыз? Қандай приборлармен зерттеу әдісі жүргізіледі (10 сурет)?

    10 сурет

    1. Науқаста ұстамалы тұншығу басу үшін қандай дәрілер қолданылады:

    1. эуфиллин;

    2. сальбутомол;

    3. ипратропты бромид;

    4. адреналин.

    3 есеп

    Науқас А. 40 жаста, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға кеуденің қысылып ауыру сезіміне, тыныс алу қиындауына, әсіресе дем шығарғанда, қиындықпен жөтелу.3 жылдан ауырады: Алғашқы ұстамасы жедел бронхитпен ауырғаннан кейін пайда болды. Тұншығу ұстамасы қысқа эпизодтты қиындықпен жөтелумен, ұстама соңына қарай күшейеді және аз мөлшерде жабысқақ шырышты қақырық бөлінеді. Науқасты жалпы қарағанда тері жамылғысы көгеріп бозарған, денесі буланған. Ер кісі алдына қарай еңкейіп отыр, жеке сөздермен сөйлейді, қозулы. Кеуде клеткасы терең дем алу қалпында, құрсақ бұлшық еттері тыныс алу актісіне қатысады. Тынысы шулы, ысқырықты, ТАЖ минутына 32 рет. Перкуссияда барлық өкпе алаңдарында қорапты дыбыс, әсіресе төменгі аймақтарында. Аускультацияда өкпеден ашық шашыранды ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары таза, тұйықталған, тамыр соғысы минутына >120 рет ырғақты, АҚ 100/70 мм.сын. бағ.

    1. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

    2. Науқасқа қандай қосымша тексерулер қажет?

    3. Науқасты аурухананың қандай бөлімшесіне жатқызу керек?

    4. БД ұстама кезінде тыныс жолдарында болатын өзгерістерге сипаттама беріңіз (11 сурет), және осы жағдайды басу үшін қандай дәрілер қажет? Бірінші кезекте қандай бронхолитикалық дәрілерді тағайындау қажет (қолайлы енгізу әдісін көрсетіңіз)?

    5. Рецепте тағайындау парағын рәсімдеңіз.



    11 сурет

    4 есеп

    Науқас Т. 45 жаста, БД 13 жасынан бері ауырады. Ұстама белгісіз себептерден пайда болады. БД жедел респираторлы аурудан кейін өршіді. Ер кісі тұрақты түрде глюкокортикостероидтты (тәулігіне преднизолонның 3-4 таблеткасын) қабылдайды, тағы да теофедрин –Н пайдаланады. Ұстама кезінде сальбутамол ингаляциясын пайдаланады. Қаншалықты емделсе де күнделікті кеуде клеткасы бітелгендей сезім, тұншығу ұстамасы түнгі уақытта және тәулігіне 4-5 ретке дейін жетті. Соңғы екі жылда 7 кг салмақ қосты, Иценко - Кушинг синдромы байқалады. Объективті:ТАЖ минутына 21 рет. Кеуде клеткасы көлденеңінен ұлғайған. Өкпе аускультациясында – тынысы қатқыл, дем шығарғанда шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Кеуде клеткасының өкпе аймақтарының перкуссиясында- өкпелік дыбыс қорапты. Тамыр соғысы минутына 78 рет, ырғақты, АҚ 130/80 мм.сын.бағ. Спирографияда:(1ФАК)бірінші секундтағы форсирленген ауа көлемі < 60%,(1ФАК)> 30%.

    1. Қазіргі заман талабына сәйкес диагнозды құрастырыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Диагнозды толығымен дәлелдеу үшін қандай тексерулер қажет?

    3. Науқаста БД ауырлық дәрежесіне сай қандай ұзақ терапия сатысы сәйкес келеді? Сатысына байланысты терапияны реттеңіз.

    4. Ингаляциялық стероидттардың қандай жағымсыз әсерлерін және олардың алдын алуын білесіз? Ингаляциялық терапия жүргізу үшін қандай аспап қолданады (12 сурет)?



    12 сурет

    5 есеп

    Науқас Е. 26 жаста. Әйел кісі 8 жылдан бері бронхиалды демікпемен ауырады. Ұстамалар күшті иістермен дем алғанда, үй жануарларымен қатынас болғанда аптасына 1-2 рет болады, айына 1-2 рет түнгілік тұншығудан оянады. Өршулер көктем –күз айларында өсімдік гүлдеген уақытта пайда болады. Анамнезінен: әкесі жағынан әжесі БД ауырған. Спирографияда: 1ФАК және ДшЖкБш > 80%; ДшЖкБш – 20-30% айырмашылығы тиістісінен. Ұстама кезінде әйел кісі сальбутомолды пайдаланады. Объективті: кеуде клетка формасы қалыпты, аускультацияда – қатқыл тыныс, форсирленген дем шығару сынамасында кеуденің алдыңғы беткейінде біртекті ырғақты сырылдар естіледі.

    1. Қазіргі заман талабына сәйкес диагнозды қойыңыз.

    2. Тексеру жоспарын құрыңыз. Қақырық анализінде БД тән қандай өзгерістер (13 сурет)?

    3. Бұл зерттеу әдісі қалай аталады? Ауруға тән осы әдіс арқылы қандай өзгерістерді анықтауға болады (14 сурет)?

    14 сурет

    13 сурет

    1. Науқасты негізгі емдеу принциптері.

    2. Рецепте тағайындау парағын рәсімдеңіз.


    написать администратору сайта