Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.Объективті тексергенде анықталған симптомдардың механизмі

  • 3.Науқасқа жүргізілетін тексеру әдістері

  • 4.Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау. Мақсаты

  • Дайындаңыз

  • Іс-әрекет алгоритмі.

  • 5.Қанның жалпы анализіндегі өзгерістер

  • ДНЕВНИК. .Набидолдинова Қымбат. Клиникалы жадай 1. Науасты негізгі синдромдары


    Скачать 14.32 Kb.
    НазваниеКлиникалы жадай 1. Науасты негізгі синдромдары
    АнкорДНЕВНИК
    Дата25.01.2023
    Размер14.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла.Набидолдинова Қымбат.docx
    ТипДокументы
    #905319

    Клиникалық жағдай №1.

    1.Науқастың негізгі синдромдары:дене қызуының көтерілуі,кеуде сарайының төменгі бөліктерінің ауырсынуы,кілегейлі қақырық бөлінетін күшті жөтел,ентігу,тершеңдік,жалпы әлсіздік.

    2.Объективті тексергенде анықталған симптомдардың механизмі:науқасты объективті тексеру барысында құрғақ ысқырықты сырылдар байқалған.Механизміне тоқталсақ,жалпы құрғақ сырыл бронх ішінде жабысқақ(құрғақ тәрізді)секрет жиналғаннан пайда болады.

    Жабысқақ секрет бронх қабырғасына жабысып,оның өзегін тарылтады,тар жерде ауа құйыны туады.Ауа құйынынан сырыл пайда болады.

    Ысқырық сырылы жіңішке дыбысты болып келеді,кішкене калибрлі бронхта пайда болады.Кілегейлі қақырық бронхит пен пневмонияда кездеседі.

    Құрғақ сырыл бронхит пен тыныс демікпесіне тән.

    Тыныс алу сау адамда 16-20 рет.25 рет болса,онда тыныс алудың жеткіліксіздігін көрсетеді.Ал жүрек жиілігі бұл жағдайда минутына 100-110 соққыға жетеді.

    3.Науқасқа жүргізілетін тексеру әдістері:

    -Жалпы қан мен зәр талдау; -Өкпе рентгені;

    -Бронхоскопия,бронхография; -ЭКГ,ЭХоКГ;

    -Кокстың микробиологиялық анмнезі.

    4.Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау.

    Мақсаты:қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері:тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

    Дайындаңыз:

    -таза құрғақ,кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған банкіні,

    -банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып,желімдеп жапсырыңыз(бөлімі,палатасының№,науқастың аты-жөні,жасы,зерттеу мақсаты,күні);

    -0,5 л мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 37*С.

    Іс-әрекет алгоритмі.

    1.Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп,оның рұқсатын алыңыз;

    2.Қақырық таңертең (ашқарынға)ерте асқа дейін алынады.

    3.Науқастан сұраңыз:

    -таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

    -тұп-тура қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

    -тік тұруды немесе тік отыруды;

    -қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды;оған жанаспай,терең дем алуды және дем шығаруды жасап,сосын жөтелуді;қақырықты 3-5 мл мөлшерде жинау;

    -қақырығы бар банкіні қақпақпен жабу.

    4.Жиналған қақырықты қарап,оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.

    Ескерту:

    -егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса,онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

    -қақырынған кездегі қақырық емес,тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.

    5.Қанның жалпы анализіндегі өзгерістер:Қанның жалпы анализ нәтижесінде лейкоцитоз байқалады.Бұл дегеніміз лейкоцит мөлшерінің көбеюі.Бұл құбылыс іріңді –инфекциялық аурулармен(пневмония,скарлатина және т.б) ауырған науқастарда кездеседі.

    Ал ЭТЖ-ға келсек(эритроциттердің тұну жылдамдығы)жылдамдығы артқаны байқалады.Жедел және созылмалы инфекциялық үрдісте ЭТЖ өзгеруі 24 сағаттан кейін температура жоғарылауы және лейкоцит саны өскенде байқалады.


    написать администратору сайта