Главная страница

№6лекция. Клиникалы лім кезіндегі реанимациялы шаралар клиникалы лімні белгілері


Скачать 23.78 Kb.
НазваниеКлиникалы лім кезіндегі реанимациялы шаралар клиникалы лімні белгілері
Анкор6lrksita
Дата11.03.2021
Размер23.78 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла№6лекция.docx
ТипДокументы
#183729

КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ КЕЗІНДЕГІ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАР

Клиникалық өлімнің белгілері:

1. Ұйқы артериясындағы тамыр соғуының болмауы.

2. Көз карашығының кеңеюі, жарыққа реакциясының болмауы.

3. Тыныс алудың тоқтауы немесе агональды тыныс салу.

4. Естен тану.

5. Қоңыр-сұр түске ену.

Алғашқы үшеуі анық белгісі болып табылады, бір секунд та тоспай, реанимацияны бастау керек.

Тыныс салу мен қан айналымын дер кезінде қалпына келтіру науқасты термикальды күйден шығаруы мүмкін.

Биологиялық өлімнің белгілері:

1. Көздің мөлдір қабығының бұлдырлануы, көз алмасының жұмсаруы.

2. Дене қызуының қоршаған ортаның температурасына дейін төмендеуі.

3. Мәйітдақтары.

4. Мәйіттің сіресіп қалуы.

Ақтық жағдайлардың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері

Ағзаның өлу сатыларын (преагония, агония, клиникалық өлім) терминалды (ақтық) жағдайлар деп айтамыз.

Ақтық жағдай - өлім мен өмір арасындағы жағдай, ағзаның өлім халіндегі күйі. Бұл кезде әртүрлі патологиялық процестердің әсерінен гомеостазды қолдап отыратын әртүрлі мүшелер мен жүйелердің үйлесімді өмірлік-маңызды қызметі бұзылады. Терминалды жағдайларға алып келетін себептер әртүрлі болып келеді: ауыр жарақаттар, жедел қан жоғалту, жоғары және төмен температура әсері, ауыр жедел интоксикация, коронарлы қан айналым бұзылыстары т.б. терминалды жағдайларда әр түрлі себептерге қарамастан ағзада жалпы өзгерістер байқалады.

Бас ми қыртысы гипоксияға (қан мен ұлпаларда оттегінің жетіспеушілігі) өте сезімтал болып келеді, сондықтан терминалды жағдайларда орталық жүйке жүйесі жоғары бөлімі ми қыртысының қызметі бұзылады, адам есін жоғалтады. Егер гипоксия 3-6 минутқа дейін созылса, бас ми қыртысындағы өзгерістер қайта қалпына келмейді.

Ми қыртысы қызметінің бұзылуымен қатар қыртыс асты құрылымдарының қызметі бұзылады. Тыныс алу және жүрек қан тамыр орталығы орналасқан сопақша ми ең соңынан өледі. Бас мидың қайтымсыз өлуі дамиды.

Терминалды жағдайлар кезіндегі үдемелі гипоксия және ми қызметінің бұзылыстары жүрек қан-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келеді. Преагония кезінде жүректің айдау қызметі төмендейді. Ағзалардың, әсіресе мидың қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі қайтымсыз өзгерістер дамуын күшейтеді.

Жүректің автоматизм қасиеті арқасында жүрек біраз уақытқа дейін жиырылуы мүмкін. Бірақ бұл жиырылулар әлсіз, нәтижелі емес, пульс толымдылығы төмендейді, ол жіп тәріздес болады. Қан қысымы бірден төмендейді, соңынан анықталмайды. Сонымен жүректің жиырылу ырғағы бұзылып, жүрек қызметі тоқтайды.

Гипоксияға бауыр мен бүйрек сезімтал, ұзақ гипоксия кезінде оларда да қайтымсыз өзгерістер байқалады.

Терминалдық жағдайларда ағзада зат алмасуда өзгерістер байқалады. Олар тотығу процестерінің төмендеуімен, ағзада органикалық қышқылдардың (сүт және пирожүзімді) және көмір қышқыл газының жиналуымен сипатталады. Нәтижесінде ағзада қышқылды-сілтілі тепе-теңдік бұзылып, ацидоз дамиды. Ағза клиникалық өлім жағдайынан шыққаннан кейін алдымен жүрек қызметі, сосын тыныс алу, ал зат алмасу және қышқылды-сілтілі жағдайдағы өзгерістер жойылған соң ғана бас ми қызметі қайта қалпына келуі мүмкін.

Бас ми қызметінің қайта қалпына келуі біраз уақытқа созылады. Қысқа уақытты гипоксия және клиникалық өлімнен кейін де ( 1 минуттан аз) сана ұзақ уақытқа жоғалуы мүмкін.

Терминалды жағдайлардың кезеңдері

1. преагония

2. агония

3. биологиялық өлім

Преагония- жанталасуға дейінгі жағдай. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылулары мен гемодинамиканың бірден нашарлауымен сипатталады. Науқастың есі әлі сақталған, бірақ шатасқан, терісі боз немесе көгерген, пульс жіп тәріздес, жүрек соғуы жылдам (тахикардия). Артериялық қысым 80 мм с.б. дейін төмендейді. Дем алысы жиіленеді, үстірт болады. Көз рефлекстері сақталады, көз қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы әлсіз. Осы фазаның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше тәулікке созылады.

Агония- жанталасу. Агония кезінде естің болмауы мүмкін, бірақ емделуші естуі мүмкін. Тері жамылғылары бозарады, акроцианоз, бастың мәрмәр түсті болуы немесе цианозы байқалады. Пульс тек ірі (ұйқы) артерияларда ғана анықталады, брадикардия. Тынысы сирек, ырғақсыз, «тынысты жұтады» (атоналды тыныс); Көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз; тырысулар, еріксіз зәр, нәжіс бөлінуі мүмкін.

Бұл кезең бірнеше минуттан бір неше сағаттарға дейін созылады.

Клиникалық өлім - бұл бірнеше уақыт аралығында ағзаның басынан кешіретін жағдайы. Ол кезде қан айналым және тыныс тоқтайды, тіршіліктің, өмір сүрудің сыртқы көріністері толық жоғалады, бірақ гипоксияға сезімтал ұлпаларда әлі қайтымсыз өзгерістер дамымайды. Бұл өмір мен өлім арасындағы қысқа уақытылы кезең.

Белгілері:

- сана жоғалады;

- тері жамылғылары бозарған, суық, цианоз, тамыр дақтары пайда болады;

- пульс анықталмайды;

- тыныс тоқтайды (апноэ);

- көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы болмайды;

Жандандыру шаралары жүргізілмесе немесе нәтижесіз болғанда ұлпада қайтымсыз өзгерістер дамиды, клиникалық өлім биологиялық өлімге өтеді.

Биологиялық өлім белгілері:

- дене температурасы қоршаған орта температурасына дейін төмендейді;

- мәйіт дақтарының пайда болуы, ол тері бетіндегі көкшіл-күлгін дақтар.

Мәйіт арқасымен жатқанда дақтар жауырын, бел, жамбас аймақтарында, ал ішімен жатқанда- бет, мойын, кеуде, іш аймағында пайда болады.

- мәйіттің сіресуі. Бұл өлімнен 2-4 сағат өткеннен соң дами-

тын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі. Ол бет бұлшықеттерінен басталып, дене бұлшықеттеріне, кейіннен аяқтарға біртіндеп тарайды.

- "мысық көзі" симптомының болуы - көзді басқанда көз қа-

рашығының формасы өзгеріп, мысық көзін еске салады;

- көздің мөлдір қабы майланып кебеді, көз алмасы босаңсиды.Мәйіт денесімен жұмыс жасау ережелеріНауқастың биологиялық өлгенін дәрігер дәлелдейді. Ол ауру тарихына өлген күнін, сағатын, минутын көрсетеді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Киімін шешіп жастықсыз, арқасымен жатқызыңыз.

2. Егер мәйітте құнды заттар болса, бөлімшедегі емдеу немесе кезекші дәрігерлердің қатысуымен акті жасап, ауру тарихына ол туралы жазыңыз. Мәйіттің құнды заттарын аға мейірбикеге сактауға табыс етіңіз, ол қолхат жазу арқылы мәйіттің туысқандарына қайтарады.

3. Мәйіттің көзін жабыңыз, астыңғы жағын байлаңыз.
4. Катетер, зондтар, тамызғыштар қойылған болса, алып тастаңыз.

5. Осы қалпында мәйітті екі сағатқа дейін жапқышпен жауып қойыңыз (биологиялық өлімнің нақты белгілері көрінгенше).

6. Мәйіттің санына аты-жөнін және ауру тарихының нөмірін жазып қойыңыз.

7. Шығару қағазын толтырып, онда аты-жөнін, диагнозын, ауру тарихының нөмірін, уақытын, күнін көрсетіңіз.

8.   Екі сағат өткеннен кейін мәйіттің денесін патологоанатомиялық бөлімге жеткізіңіз.

9. Науқастың өлімін туыстарына хабарлаңыз.

10. Мәйітті патологоанатомиялық бөлімге шығарғаннан кейін төсек орынын дезинфекциялық камераға тапсырыңыз.

Кереуетті, кабырғаны, еденді дезерітіндімен тазалап,

Реанимациялық іс-әрекеттер агональды жағдайларда, клиникалық өлім кезеңінде (ми қыртысының және ішкі мүшелердің қалпына келмей өлуі, қан айналымы тоқтағаннан кейін 3-5 минутқа дейінгі кезең) жасалынады. Терминалды жағдайлардың себептеріне: қан жоғалту, улану, жарақат, электржарақаты, тұншығу жатады. Агония кезінде науқас есін жоғалтады, тынысы беткей және сирек болады. Тамыр соғысы тек қана ұйқы артерияларында сезіледі. Клиникалық өлім қарашықтың кеңеюімен, рефлекстердің және ұйқы артериясындағы тамыр соғысының болмауымен, тыныс алудың тоқтауымен немесе патологиялық тыныс алумен сипатталады.

Реанимация, яғни терминалды кезеңдерде науқастарды тірілту шараларына аппараттың, адамдардың көмегімен жасанды дем алдырып, артерия және вена ішілік қанды айдау жатады. Жүрек дефибриляциясы мен тікелей массаж тек аурухана жағдайында немесе арнайы бригадамен жасалатын кешенді әдіс.

Емханада хирург арнайы аппаратура мен жабдықтарды қажет етпейтін шараларды: жасанды тыныс алдыруды және тікелей емес жүрек массажын жасай білуі керек. Хирург екі манипуляцияны да оқиға орнында, емхана жағдайында науқасты тасымалдау кезінде орындауы мүмкін.

Жасанды тыныс алдырудың «ауыздан ауызға» әдісі тиімді. Көмек көрсетуші тыныс алу жолын жабатын және механикалық кедергі жасайтын бөгде заттардың, тағам қалдықтарының, сілекейдің жоқтығына көзін жеткізуі керек.

Мұндай жағдайларда орамалмен оралған саусақты ауызға терең кіргізіп, жұтқыншақ қуысын тазалайды. Суға батып кеткенде жоғарғы тыныс жолдарын және асқазанды босатады. Ол үшін баланы тізеге ішімен еңкейтіп, бетімен төмен қаратып, төменгі қабырғаларды басады. Сұйықтық ауыз және мұрын арқылы шығады. Кеңірдекке ауаның жақсы баруы үшін жасанды «ауыздан ауызға» жолымен тыныс алдырады. Баланың иық жағын көтеріп, басын артқа шалқайтады. Науқастың ауызы мен мұрынын дәке салфеткамен немесе орамалмен жабады.

Көмек көрсетуші терең тыныс алып, аузын науқас ауызына жанастырып, ауа үрлейді. Науқастың мұрнын жабу қажет. Кеуде қуысының кеңеюінен кейін үрлеуді тоқтатады, баяу тыныс шығару басталады. Үрлеуді 5-7 секунд сайын қайталайды.

Жүректің тікелей емес – жабық массажын жасанды тыныс алдырумен бір уақытта өткізеді. Көмек көрсетуші алақанмен науқас кеудесінің төменгі бөлігін ырғақты басады (қысады). Кішкентай балаларда басуды саусақтармен жасауға болады.

Балаларда кеуде қуысының серпімді болуы жүрек массажын өткізуді жеңілдетеді. Басу және жылдам қолды алу нәтижесінде жүректің қысылуы мен кеңеюі пайда болып, жүрек қанға толады. Басқанда төстің ішке кіріп, ығысуы 2 см шамасында болуы керек. Төсті басу арасындағы интервал 1 секунд 5-7 басудан соң 2-3 секундқа жасанды тыныс алдыру үшін үзіліс жасайды.

Жасанды тыныс алдырумен жүректің жабық массажын жасаған кезеңде балаға көк тамыр ішілік немесе тікелей жүрек ішіне әр түрлі дәрі-дәрмектер (адреналин, норадреналин, 4% сода ерітіндісі, гормондар т.б.) енгізілуі мүмкін. Жасалынған іс - әрекеттің тиімділігі ұйқы артериясында тамыр соғысының, жүрек қызметінің, тыныс алу сезімінің, көз қарашығының кішіреюімен анықталады.

Мәйітті қарай білу ережелері.

Биологиялық өлімді растауды дәрігер жүргізеді, сонымен қатар соттық-медициналық эксперт берген бір қатар белгілері арқылы: (тыныстың , жүрек соғысының болмауы, көз қарашығының кеңеюі және жарыққа реакциясының болмауы, мәйіттік дақтардың пайда болуы, мәйіттің сіресуі, дене қызуының төмендеуі) растауға болады. Науқастың өлген фактысымен дәл уақыты арнайы медициналық құжатта тіркеледі. Мәйітті шешіндіріп, арнайы каталкаға арқасымен жатқызып, қабағын түсіреді, төменгі жақты байлап, жаймамен жабады және бөлімшенің санитарлық бөлмесіне апарады, онда 2 сағат тұрады (мәйіт дақтары пайда болғанша). Содан кейін ғана мейірбике өлген адамның саныка аты жөні, сырқатнаманың нөмірін жазады. Киімі мен бағалы заттары туысқандарына немесе өлген адамның жақындарына қол хат арқылы ғана беріледі. Өлген адамның төсек жабдықтарының барлығы дезинфекцияға беріледі. Тесек, тумбочкалар 5% хлорамин ерітіндісімен сүртіліп, ал дәрет ыдысы 5% хлорамин ерітіндісіне салынады. кварцтаңыз.


написать администратору сайта