Главная страница
Навигация по странице:

  • Жалпы емдік клизмалар мына мақсатпен қолданылады: ішекті тазалауға – тазалау, сифон, босату. Дәрілік заттарды тоқ ішекке енгізу.

  • Босату клизмасы

  • °C – тан төмен болу керек, бұл қозғалу жылдамдығын күшейтеді.

  • Майлы клизма жасалған науқас бірнеше сағатқа жатуғка тиісті, әйтпесе ішекке енгізілген май ағып шығады. Осындай процедураны түнде істеген ыңғайлы.

  • Майлы клизмадай босату клизмалары жатады. Бұл клизма тек ішек жиырылуын күшейтіп қоймайды, сонымен бірге ішек қуысына судың жиналуын көбейтіп, ішті өткізеді.

  • Тамшы клизмасы

  • Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу

  • 0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады.

  • Заласыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклафқа салынады: қысым 1,1 атм, t – 120 градус, уақыты 45 минут.

  • Клизманың науқасқа жеңілділік әкелетінін немесе анық диагноз қою мүмкіндігін түсіндіру керек;

  • Науқасқа клизма жасар алдында қандай жағдай алу қажеттігін, манипуляция жасаған уақытта не сезетінін түсіндіру.

  • Клизма. Клизма Клизма дегеніміз


    Скачать 196.29 Kb.
    НазваниеКлизма Клизма дегеніміз
    Дата11.10.2022
    Размер196.29 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКлизма.docx
    ТипДокументы
    #728429

    Клизма

    Клизма дегеніміз - тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және диагноз қою мақсатымен әр түрлі сұйықтықтар жіберетін процесс.

    Жалпы емдік клизмалар мына мақсатпен қолданылады: ішекті тазалауға – тазалау, сифон, босату. Дәрілік заттарды тоқ ішекке енгізу.

    Клизманың түрлері

    1. Босату клизмасы

    • Тазалау

    • Босаңсыту: Майлы, Гипертониялық

    • Сифондық



    1. Дәрілік

    • Микроклизма

    • Тамшылы



    Тазалау клизмасы

    Тазалау клизмасын диагностикалау және емдеу мақсатымен: іш қату, операция алдында, босанар алдында, уланғанда, дәрілік микроклизма және тамызғыш клизма жасар алдында қояды. Тазалау клизмасын қойған кезде тоқ ішектің төменгі бөлігі босатылады. Бұл нәжіс массасының сұықталуымен және тоқ ішек перистальтикасының күшеюімен асады.

    Тазалау клизмасын жасау: Егер науқастың жағдайы келсе бұл процедура арнайы бөлмеде орындалады, онда кушетка, Эсмарх кружкасын ілетін штатив, қол жуғыш, таза және лас клизмалық түтікшелерге арналған маркіленген ыдыстар, дезинфекциялық ерітінді, вазелин. Жақын жерде әжетхана болуға тиіс. Тазалау клизмасын қоюға бөлме температурасындағы су алынады. Атониялық іш қатуда, ішектің қозғалыс қызметі төмендегенде қойылады, судың температурасы 12°C – тан төмен болу керек, бұл қозғалу жылдамдығын күшейтеді.



    Спастикалық іш қатуда ішек бұлшықеттерінің спазмын жою қажет, ол үшін судың температурасы 42°С – тан жоғары болу керек, жылуда спазмолитикалық әсері бар. Нәжісті сұйылтуда және жеңіл шығуы үшін суға май (кастор, вазелин, күнбағыс) немесе қасық сабын үгіндісін қосуға болады.

    Майлы клизма. Іш қуысы мүшелерінің операциясы мен босанғаннан кейін іш қабаты және арасы бұлшықеттерінің қатері болмауы үшін тазалау клизмасының нәтижесіздігінде майлы немесе босату клизмасын қолданады. Майлы клизмадан соң 10-12 сағаттан кейін нәжіс жүреді.

    Майлы клизма жасалған науқас бірнеше сағатқа жатуғка тиісті, әйтпесе ішекке енгізілген май ағып шығады. Осындай процедураны түнде істеген ыңғайлы.

    Гипертониялық клизма. Майлы клизмадай босату клизмалары жатады. Бұл клизма тек ішек жиырылуын күшейтіп қоймайды, сонымен бірге ішек қуысына судың жиналуын көбейтіп, ішті өткізеді.

    Сифон клизмасы. Оның көмегімен ішек толық тазартылады, себебі ол сумен бірнеше рет жуылады. Сондықтан сифон клизмасын қолдану түрлері көп:

    • Тазалау, босату клизмалары және іш жүргізетін дәрілерді ішуден нәтиже болмағанда;

    • Ішекке ауыз арқылы немесе ішекке оның шырышты қабаты арқылы шыққан улы заттарды шығару.



    Тамшы клизмасы. Тамшы немесе қоректің клизма ішекке көп мөлшерде (2 литр-ге дейін) қоректік дәрілік заттарды енгізу үшін қолданады (0,95% хлорлы натрий, 5% аминокислота ерітіндісі).

    Тазалау клизмасынан 20-30 минуттан кейін тамшы клизмасын қояды. Бірнеше сағатқа созылатын бұл процедура кезінде науқас ұйықтауы мүмкін, ал мейірбике тамшы жылдамдығының бірқалыпты болуын және ерітінді жылы болуын қадағалауы тиіс. Ерітінді суып қалмас үшін, Эсмарх кружкасын жылытқышпен немесе мақтамен орап қояды.

    Дәрілік клизма. Немесе микроклизма. Оны тоқ ішектің төменгі бөлігінің шырышты қабатына жергілікті әсер етуі үшін және тоқ ішектің шырыштысы арқылы дәрілік препараттардың (жүрек гликозидтері, хлоралгидраттар) сіңуі арқылы ағзаға толық әсер етуі үшін қолданады. Дәрілік клизманың алдында 20-30 минут бұрын тазалау клизмасын жасайды. Науқас клизмадан кейін бір сағаттан кем емес жату керек.

    Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу

    Клизма ұшын, газ шығарушы түтікті, асқазан зондын манипуляциядан кейін міндетті түрде заласыздандыру керек. Залалсыздандырудың алдындағы өңдеудің бірінші үш кезеңінен өтеді:

    1. 0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады.

    2. 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.

    3. Ағынды су астында шаяды.

    Заласыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклафқа салынады: қысым 1,1 атм, t – 120 градус, уақыты 45 минут.

    Науқасты клизма қоюға дайындау дұрыс психологиялық күйге келтірумен бекітіледі:

    • Науқасы осы манипуляцияның мақсатын түсіндіру керек;

    • Клизманың науқасқа жеңілділік әкелетінін немесе анық диагноз қою мүмкіндігін түсіндіру керек;

    • Науқасқа өзі клизма қойған кезде және клизмадан кейін өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру керек.

    • Науқасқа клизма жасар алдында қандай жағдай алу қажеттігін, манипуляция жасаған уақытта не сезетінін түсіндіру.

    • Манипуляция жасаған кезде науқаспен үнемі байланыста болу.


    написать администратору сайта