|
Суда жүзу. суда жүзу ережесі. Кн тртібінде Суда жзу ережесі туралы. Балалар лкендерді рсатынсыз дарияа, канала, зенге бармау. Мектеп оушыларыны мірі мен ауіпсіздігін амтамасыз ету. Тыдалды
№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
9 «Д» сынып оқушыларыменөткен сынып жиналысының
Хаттамасы №4
21.04.2022ж.
Қатысқаны-21
Күн тәртібінде:
1. «Суда жүзу ережесі» туралы.
2. Балалар үлкендердің рұқсатынсыз дарияға, каналға, өзенге бармау.
3. Мектеп оқушыларының өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Садықбекова Айгерім Дарханқызы сөз сөйлеп «Суда жүзу ережесі» туралы «Су сенің досың және қасың» атты жоспармен таныстырып, жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жататындары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Екінші мәселеде мектеп жасындағы оқушыларды жаз айларында ыстық кезеңдерде шомылуға ата-аналар және мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң тыйым салатыны туралы ескертілді. Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда, ата-аналардың бақылауында шомылуға болатынын айтып өтті. Сыныптағы кейбір ұл балаларға ескерту жасалды.
Жиналыс қаулы етеді:
1. «Суда жүзу ережесі» туралы балаларға үнемі сынып жетекшісі түсіндіріп отырсын.
2. оқушыларды жаз айларында ыстық кезеңдерде ата-аналардың рұқсатынсыз шомылуға тыйым салынсын.
|
Жиналыс төрайымы: А. Д. Садықбекова Хатшы: А. Серманизова |
|
|