выыыыыыыыу. Антропология. Кне философтар адамды арышты бір бейнесі ретінде кіші арыш
Скачать 17.36 Kb.
|
Антропология – адам туралы ілім. Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. «Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды. Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни онда шыққан нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі адамның барлығына ортақ адамзаттық қасиеттер болады. Оларға: қуану, қайығыру; балажандық, ананы сүю; махаббат; әділеттікті ұнату т.б. жатады. Философия тарихында адам табиғатына көптеген пікірлер айтылады. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды. Көне философтар адамды ғарыштың бір бейнесі ретінде «кіші ғарыш» бейнесінде қарастырады. Сократтан бастап адамды екі жаратылыстан: көне философтар дене және рухтан тұрады деп ойлайды. Батыстың ортағасырлық философиясында адам табиғаты үш бөліктен: дене-жан –рухтан құралады деп түсінілді. Жаңа уақытта адам ерекшелігі зердеде, ойлауда, рационалдылықта деп қарастырылды. Жанның айқын мазмұны – бұл сана. Декарттың көзқарасы осындай болды, ол өзінің әйгілі: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүре аламын» деген сөзін айтты. Жаңа уақытта «хомо сапиенс» (саналы адам) тұжырымдамасымен қатар, «хомо фабер» (іскер адам) тұжырымдамасы үстемдік жағдайды иеленді. Адамдағы басты нәрсе – бұл әрекетке қабілеттіліктерін іске асыру,еңбек ету. Ежелгі грек философияның құрушылардың бірі – Демокрит. Демокрит бойынша, адам – табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да өледі. Оның айтуынша өмірдің мақсаты – бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес. Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) мәселесін алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өіндей жақсы көру керек, сыйлауы керек , ешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді.Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, философиялық ой түйінін Конфуций: «Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама»-деп, қорытты. Адам өмірінің мәні ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған мәңгілік сұрағына жатады. Адамның ішкі жан-дүниесі қайшылықтардан тұрады. Америка ғалымы А.Маслоу адам қажеттіліктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасаған еді: ең төменгі сатысы физиологиялық (тамақтану, киім, баспана, дүниеге ұрпақ әкелу т.б), екіншісі экзистенциалдық қажеттіліктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге сенімдік, қоршаған ортаның тұрақтылығы), үшіншісі әлеуметтік қажеттіліктер (басқа адамдармен қарым- қатынасқа түсу, солардың сый- сияпатына ие болу), төртінші престиждік, яғни еңбек сатыларымен жоғарылау, тұлғалық бағаға ие болу, бесіншісі таза рухани қажеттіліктер- шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді іске асыру. Оның ойынша төменгі қажеттіліктер өтелмейінше адамға жоғарыдағылар қызық емес. Адам туралы түсініктер Адам--- хаиуани мадани. (әл-Фараби) Адам--- саяси жануар. (Аристотель) Адам барлық заттың өлшемі. (Пратогор) Адам өзіңді таны. (Сократ) Адам---- машина. (Ламетри) Адам қайшылықты жан. Адам әрі патша, әрі құл. (Н.А.Бердияев) Адам барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. (К.Маркс) Адам---керуен, өмір---жол. (С.Сейфуллин) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай) Адам бола білу--- ең қиын мамандық. (Х.Марти) Мен ойлаймын, демек мен өмір сүремін. (Р.Декарт) Басқаларды білетін адам---ақылды, өзін танып-білген адам---данышпан. (Лао-цзы) Өзіңе қаламағанды өзгеге істеме. (Конфуций) |