Документ Microsoft Word (2). Кні 03. 09 Малім Ахметова О. Ж топ Мектепалды даярлы тобы
Скачать 41.94 Kb.
|
Тақырыбы: Менің топтағы достарым Күні:03.09 Мұғалім:Ахметова О.Ж Топ:Мектепалды даярлық тобы ҰОҚ-ның оқыту мақсаты 0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қарапайым дене жаттығуларымен ұштастыру 0.2.1.7. Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру 0.2.1.4. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайларда секіру. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады: Қимыл-қозғалыс кеңістігінде топпен жұмыс істеу қауіпсіздігі. «Шашыраңқы» жүгіруді орындау. Қозғалыс тәсілін өзгерте отырып, шеңбер бойымен жүру. Шеңбер бойымен допты қолдан-қолға беру. Заттар арасымен «жылан» жүріспен екі аяқпен секіру. Екі-екіден тізбекке тұру. Педагогтің нұсқауы бойынша сол немесе оң қолымен жылдам, әрі еппен себеттен доп алу. тәрбиеленушілердің көпшілігі орындай алады: Спортзалда қауіпсіздік техникасын сақтау. Ұстаздың нұсқауы бойынша сол немесе оң қолымен жылдам, әрі еппен себеттен доп алу. Баяу қарқынмен 2 минут жүгіру. Ұстаздың белгі беруі бойынша жүгіру, жүру, төрттағандап еңбектеу қимыл- қозғалысын кезекпен орындау. Бір уақытта қос аяқтап бар пәрменімен секіру, тапсырманы жылдам орындау үшін секіру кезінде екі қолды артқа сермеу арқылы өзіне көмектесу. Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады: Секіру; доп лақтыру және қағып алу кезінде денені, кеңістікті және нысандарды бақылау дағдыларын көрсету. Тілдік мақсат Балалар топқа қатысты өз көзқарасын айта алады, қозғалыстарды орындау кезінде денені, кеңістікті және нысандарды бақылау; қозғалыстың бір түрінен екінші түріне өткен кезде тепе-теңдікті сақтай алу дағдыларын көрсете алады. Пәндік лексика және терминология: Аты, қауіпсіздік техникасы, сап құру, шеңбер, шеңбер бойымен жүру, баяу қарқынмен жүгіру, заттар арасымен секіру. Талқылауға арналған сұрақтар: Доппен тағы не істеуге болады? Заттар арасымен секіру кезінде қандай тірек-қозғалыс дағдыларын пайдаландыңдар? Сенің достарыңда қалыптасқан қандай қозғалыс дағдылары жақсы дамыған? Неге екенін айта аласыңдар ма? Допты алға-артқа бағыттау неге маңызды екенін айта аласыңдар ма? «Шашырай» жүгіру кезінде тәуекелдікті қалай азайтуға болатынын айта аласыңдар ма? Жүгіру кезінде неге төмен қарамай, тек алға қарап жүгіру қажет екенін айта аласыңдар ма? Өз эмоцияңды басқара білу неге маңызды? Алдыңғы оқыту Бір орында екі аяқпен айнала секіру. Допты 20 рет жоғары лақтыру және екі қолмен қағып алу. Тепе-теңдік – құм толтырылған доптардан адымдап аттау. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Қызығушылықты ояту 0–3 минут (Ұ, ПК ) «Танысу» ойын жаттығуы. Өз есімдерін атай отырып, шеңбер бойымен бір-біріне доп береді. Шеңбер жасай отырып, қол ұстасып жүру. Қозғалыс тәсілін өзгерту ұсынылады – қатар тұрғандардың иығына қолын қоя отырып, алақандарын қоса ортаға арқасымен бұрылу. Кең, бос кеңістік. Диаметрі 10 см доп. Негізгі бөлім 4–12 (Ұ) Баяу қарқынмен 2 минут жүгіру; белгі бойынша – жүру, төрттағандап еңбектеуді кезектестіріп орындау. Аталған арақашықтықты сақтау маңыздылығына, қозғалыстың бір түрінен екінші түріне өту кезінде тепе- теңдік сақтай білуге балалардың назарын аудару. Тыныс алу жаттығулары. (т, Ө) 5 метр қашықтыққа алға аттай отырып, допты жоғары лақтыру және екі қолмен қағып алу. (ПК) Нұсқау – допты өзіңе қарай қыспай, алдыға қарай ұстай отырып алға-жоғары лақтыру керек. Кең, бос кеңістік. 13–27 Балаларға өзін ұстай білу мәдениеті туралы еске салады – домалап кеткен допты өзгеге лақтыра салмай, қолына беру керек. (т, Ө) 5 метр алға аттай отырып заттар арасымен екі аяқпен секіру. Нұсқау – қозғалыс кезінде екі қолды алға сілтеу арқылы көмектесе отырып, бір мезетте қос аяқтап бар екпінмен секіру. (Ұ) «Бос орын» қимыл ойыны Балалар малдас құрып дөңгелене отырады. Қолына қамшы ұстаған жүргізуші оларды жағалай жүріп, ойыншының бірінің қасына тоқтап, оның жанына жіпті тастайды да, «Бұл жер тар, өзіңе басқа орын тап», дейді. Ойыншы қамшыны қолына алып, жүргізушіні тез қуып жетуге тырысады. Ал қашқан жүргізуші босаған орынға отыруы тиіс, сол кезде орнынан айырылған ойыншы ойын жүргізуші болады. «шаттық шеңбері» қимыл-қозғалыс ойыны Ойынға қатысушылар бір шеңбердің ішіне екінші шеңбер жасап тұрады. Педагогтің белгісі бойынша шеңбер бойымен қозғалады (жүреді немесе баяу жүгіреді). Ән немесе музыка ырғағымен жүруге, жүгіруге тапсырма беруге болады. Диаметрі 20 см доп. Бір қатарға өзара 1м аралықта орналастырылған 5 дана кегель, конус, текшелер. Қамшы, ұзындығы 70 см өрілген жіп, белгі беруге арналған ысқырық. Қорытынды бөлім 28–30 (Ө) «Өзіңді қолға ал» «Сен бір нәрсеге алаңдап, біреуді түртіп қалғың келсе, не болмаса қолыңа түскенді лақтырғың келгенін сезінсең өз күшіңді өзіңе дәлелдеудің ең қарапайым жолы шынтақтарыңды алақаныңмен қапсыра құшақтай отырып кеудеңе қыс – бұл шыдамды адамның күйі». Балалардың бір-біріне мейірімді болуын еске салады. Кең, бос кеңістік. Тақырыбы: Менің дене құрылысым Күні:06.09 Мұғалім:Ахметова О.Ж Топ:Мектепалды даярлық тобы ҰОқ-ның оқыту мақсаты 0.2.1.1. Бір орында тұрып және қозғалыс барысында тізбекке тұру түрлерін, сапта түзу жүру түрлерін орындау. 0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қарапайым дене жаттығуларымен ұштастыру. 0.2.1.3. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайлардағы секірулер. 0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік, тепе-теңдік, үйлесімділік, күш, жылдамдық пен реакция. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады: Қимыл-қозғалыс кеңістігінде топпен қауіпсіз жұмыс істеу. «Менің денем» – өзіне массаж жасау (сылап-сипау). Бір-бірден тізбекке тұрып, қолға арналған жаттығуларды орындай отырып жүру. Орташа қарқында шеңбер бойымен жүгіру. Үш-үштен тізбекке тұру. Педагогтің нұсқауы бойынша сол қолымен немесе оң қолымен жылдам, әрі еппен себеттен доп алу. тәрбиеленушілердің көпшілігі орындай алады: Жүру және жүгіру, таяқпен жаттығулар орындау барысында белгіленген арақашықтықты сақтау. Доп ұстап орындықпен жүру кезінде динамикалық тепе-теңдік сақтау. Секіру кезінде тапсырманы жылдам орындау үшін қолды сермей отырып, бір мезетте қос аяқтап бар екпінмен қарғиды. Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады: Жалпы дамыту жаттығулар кешенін орындау барысында денені тік ұстау. Секіруді орындау кезінде дене қозғалысын бақылау. Өз эмоциясын бақылау. тілдік мақсат Балалар денсаулықты сақтау, қимыл-қозғалыстар орындау кезінде денесі мен нысандарды бақылау; биік нәрсе үстінде динамикалық тепе-теңдік сақтай алу дағдыларын көрсете алады. Пәндік лексика және терминология: Денсаулық, дене, массаж, жүрек, жүрек қағысы, тамыр соғысы, гимнастикалық таяқ, гимнастикалық орындық, қолға арналған жаттығулар орындай отырып жүру, «жыланша» ирелеңдеп жүгіру, таяқтан секіру. Талқылауға арналған сұрақтар: Өз-өзіне массаж жасау қандай мақсатта жүргізіледі? Адам организмінде жүрек қандай қызмет атқарады? Қолға арналған тағы қандай жаттығулар орындауға болады? Дене белсенділігі кезінде адамның жүрек қағысы мен тыныс алуы қалай өзгереді? «Жүрегі алтын, тас жүрек, салқын жүректі» деп қай кезде айтады? Неге екенін айта аласыңдар ма…? Таяқпен жаттығулар жасағанда тиісті арақашықтықты не үшін сақтау қажеттігін айта аласыңдар ма? Биік нәрсенің үстінде тепе-теңдік сақтау не үшін маңызды екенін айта аласыңдар ма? Алдыңғы оқыту Баяу қарқынмен 2 минут жүгіру; белгі бойынша – жүру, төрттағандап еңбектеу қозғалыстарын кезектестіріп орындау. 5 метр қашықтыққа алға адымдап заттар арасымен «жылан» жүріспен екі аяқпен секіру. 5 метр қашықтыққа алға адымдаумен допты жоғарыға лақтыру және қос қолдап қағып алу. Тақырыбы: Спортзалмен, ҰОҚ-дағы қауіпсіздік техникасымен танысу Күні:01.09 Педагогтің аты-жөні:Ахметова О.Ж топ/сынып:Мектепалды даярлык қатысқандар саны қатыспағандар: ҰОҚ-ның оқыту мақсаты 0.1.1.1. Заттармен және заттарсыз жалпы дамыту жаттығуларын орындау. 0.2.1.4. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайларда секіру. 0.2.1.7. Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады: Бір-бірден тізбекке тұру, шеңбер жасап тұру. Залда қауіпсіздік техникасын сақтау. «Шашыраңқы» жүру. Өзін-өзі шыр айналып бір орында тұрып секіру. Қимыл-қозғалыс кеңістігінде топпен қауіпсіз жұмыс жүргізу. тәрбиеленушілердің көпшілігі орындай алады: Допты алға, бастан асыра жоғары лақтыру және екі қолмен қағып алу. Негізгі қимыл-қозғалысты орындау кезінде нұсқауларды нақты орындау. Сап құрып тұру кезінде аталған арақашықтықты өздігінен бақылау дағдысын пайдалану. Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады: Қалыптасқан дағдыларын ұштастыра отырып жаттығулар орындауды бақылау. Бір орында тұрып допты лақтыру және қағып алу. Тілдік мақсат Балалар спортзалдағы тәртіп ережелерімен танысады; допты игере алу және тепе-теңдік сақтау дағдыларын көрсете алады. Пәндік лексика және терминология: Спорт атрибуттары, қауіпсіздік техникасы, «шашыраңқы» жүру, тепе-теңдік, дене бітімі, лақтыру, секіру, негізгі дағдылар, қимыл-қозғалыс тәсілі. Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай спорт атрибуттары сендерге көбірек ұнады? Доппен тағы қандай қимыл-әрекеттер істеуге болады? Сендерде қалыптасқан қандай қимыл-дағды жақсы дамыған? Неге екенін айта аласыңдар ма? Дене шынықтырумен айналысу неге маңызды екенін айта аласыңдар ма? «Шашыраңқы» жүру кезінде неге біз абай болуымыз керектігін айта аласыңдар ма? Доппен қимыл-қозғалыс кезінде айтарлықтай арақашықтық сақтау не үшін қажет екенін айта аласыңдар ма? Алдыңғы оқыту Дене шынықтырумен айналысудың маңыздылығы туралы түсінік. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Қызығушылықты ояту 0–3 минут Тәрбиеленушілерді спортзалмен таныстырады, жабдықтарды көрсетеді. Өздеріне таныс жабдықты атап, оның қолданылуы туралы әңгімелеу ұсынылады. Балаларға ҰОҚ кезіндегі залда қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы кеңес береді. (Ұ) «Өз орныңды тап!» ойын жаттығуы Тәрбиеленушілер музыка үнімен бір-біріне соқтығыспай залда жүреді, музыка тоқтағанда саптағы өз орнын тез табуы тиіс. Кең, бос кеңістік. Таныстыратын спорт атрибуттары. Ырғақты музыка. Негізгі бөлім 4–12 13–27 (Ұ, ПК ) Шеңбер жасап тұрып, заттарсыз жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Жаттығулардың орындалуын көрсету. (Ұ, ПК, Ө ) Бір орында өз-өзін айнала қос аяқтап секіру. Бір орында адымдаумен кезектестіріп 2-3 рет орындау. Балалардың секіргенде тізені сәл бүгу, жерге аяқтың ұшымен түсу дағдыларына көңіл бөлінеді (т, Ө) Допты жоғары лақтыру және оны қос қолдап қағып алу. (ПК) Нұсқау – допты алдыңда ұстау және алға- жоғарыға лақтыру, оны өзіңе қарай қыспай, алақанда ұстау керек. Тәрбиеленушілерге өзін-өзі ұстай білу мәдениетін еске салады – домалап кеткен допты өзгеге бергенде лақтыра салмай, қолына беру керек. «Көмектес!» қимыл ойыны Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Таңдап алынған екі бала шеңберден шығып, қашады: бірі қашып, екіншісі қуады. Қашқан бала шеңберде тұрған кез келген баланың артына тұрады да, оған «Көмектес!» деп айтады. Өзінен көмек сұраған бала шеңберден жүгіріп шығуы тиіс. Ол да қашып жүріп шеңбердегі баланың бірінің артына тұрып көмек сұрай алады. Егер бала біреудің артына тұрып үлгермесе, ұсталып қалады. Ойынды қайталағанда басқа екі бала таңдалады. Кең, бос кеңістік. Топтың жартысына жететін диаметрі 15 см доптар. Қорытынды бөлім 28–30 «Шар үрлеу» Ойынға қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Қазір шар үрлейміз деп елестетіңдер. Ауаны ішке сорып оймен шарикті ауызға апарасыңдар да, үрлегендей болып ауаны сыртқа шығарасыңдар. Шар жарылып кетпейтіндей, байқап үрлеңдер. Енді үрлеген шарикті бір-біріңе көрсетіңдер. Бөлімі: «Дене шынықтыру» Білім саласы: «Денсаулық» Тақырыбы: «Біз күштіміз, ептіміз» Мұғалім: Ахметова О.Ж Мақсаты: Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілікке, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға баулу, өнер туындыларына жағымды мінез-құлық қалыптастыруға тәрбиелеу; Білімділік: Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып,балалардың қимыл белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру. Әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыру. Гимнастикалық орындық үстімен тепе теңдікті сақтап жүру, доғаның астынан төрттағандап еңбектеу; Дамытшылық: Түрлі қимыл қозғалыстарын орындату арқылы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын (ептілік,төзімділік,икемділік) дамыту; Іс-әрекеттің түрлі нысандарында ауызекі сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын жетілдіру; Көз бен қол үйлесімділігін дамыту; Пайдаланылатын құралдар: Бала санына жапырақтар, жүруге арналған құралдар, жалпақтабандылыққа қарсы алашалар, себеттер, гимнастикалық орындық, Барысы: Балалар маршпен саппен залға кіру. Бір қатарға тұру, қол аяқты түзету жұмыстары. Амандасу. -Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ. Бізге қонақтар келіпті, солармен амандасып алайық. -Сәлеметсіздер ме? -Балалар сендер спортпен шұғылданғанды жақсы көресіңдер ма? -Я Балалар, біз күнделікті спортпен шұғылданамыз, сондықтан біз күштіміз, ептіміз. -Бізге біреу қонаққа кеде жатқан секілд. Ғажайып сәт: Қонжық келеді. -Балалар бізге қонаққа қонжық келіпті. Амандасайықшы. Қонжық: -Саламатсыңдар ма, балалар, мен қонжықпын. Мен сендерге қонаққа келдім. Сендердің күшті, епті екендеріңді білем. Маған да күшті епті болуға көмектесіңдерш. -Балалар, қонжыққа көмектесеміз бе, оған күштілікті, ептілікті үйретеміз бе? -Я -Олай болса жолға күзгі орманға барып серуендеп, сол жолда кездесетін кедергілерден өтейік. Кіріспе бөлім: Жүру, жүгіру, аяқ ұшымен жүру, қоянның жүрісі, аюдың жүрісі, кедергілер арасымен жүру, алаша үстімен жүру; -Балалар біз біраз күшті екенімізді көрсетіп жаттықтық. Енді қонжықпен бірге денемізді шынықтырып алайық. Жалпы дамыту жаттығулары. (жапырақтармен) Б.қ. аяқ арасы алшақ, қолымыз төменде, қолды жоғары көтереміз, басымызды жоғары көтеріп жапыраққа қараймыз. 3-4 рет Б.қ. аяқ арасы алшақ, қолымыз артымызда, қолды алға созу. Жапырақты көрсету. 3-4 рет Бқ. аяқ арасы қосылған, отырып тұрамыз. Тұрғанда қолымызды алдымызға созамыз. 3-4 рет Б.қ. аяқ арасы қосылған. Орнымызда тұрып секіреміз. Жапырақты жерге қою. 3-4 рет. Тыныс алу жаттығуы. Бір қатарға тұру, негізгі қимылды түсіндіру. Көрсету. Негізгі бөлім: Негізгі қимыл: Гимнастикалық орындық үстімен тепе теңдікті сақтап жүру Доғаның астымен еңбектеу Негізгі қимылды 2 рет қайталау. Бір қатарға тұру. Қимылды ойын: «Аюдың апанында» Аюдың апанында Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. шарты:Бір жақта аюдың апаны болады. Екінші жақта балалар тұратын үй болады.Тәрбиеші аюды балалардың ішінен біреуін тағайындайды.Тәрбиеші: «Балалар қыдырып келіңдер»,- дегенде балалар үйлерінен шығып, саңырауқұлақ теріп, көбелек ұстап,орман қыдырады /еңкееді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды/. Олар дауыстап айтады: -Біз аюдың қасында Жеміс- жидек тереміз, Аю ұйықтамайды, Аю ырылдайды. «Ырылдайды»,- деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аюдың қолы тиген балалар акюдың апанында қалады. Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдың рөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады. Қорытынды бөлім: -Балалар, біз қонжыққа көмектестік. Оған күшті епті болуға үйретік. Қонжыққа рахмет айтып шығарып салайық. -Сау болыңдар балалар. Рахмет. Оқу қызметті қорытындылау. Маршпен жүріп өту. Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: негізгі жаттығулардың қимылдарын; Түсінеді: қимылды ойынның ережесін сақтауды; Жасай алады: гимнастикалық орындық үстімен тепе теңдікті сақтап жүру; доғаның астымен еңбектеу; ТАҚЫРЫБЫ: Мен осындаймын,біз осындаймыз Күні: 13.09 Педагогтің аты-жөні: Ахметова О.Ж СЫНЫП-ТОП: МАД «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары 0.1.1.1. Заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығуларды орындау; 0.2.1.7. Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру; 2.2.3. Зал, алаң, кеңістікте, уақытта бағдарлауды, орындық/бөрене арқылы жоғары және төмен жүру барысында және берілген қалыпта тепе-теңдікті сақтау ептілігін дамыту. 0.4.1.1. Ойында шығармашылық қабілеттерін дамыту (ойынның түрлі нұсқаларын ойлап табу, қимыл-қозғалыстарды өзара ұштастыру). Күтілетін нəтиже Барлық тəрбиеленушілер: Екі қатарға тізбекке тұруды орындау. Түзету жаттығулар орындау кезінде аяқ пен қолдың жұмысын үйлестіру. Қимыл-қозғалыс кеңістігінде топпен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Алақан мен тізеге сүйеніп гимнастикалық орындықта төрттағандап еңбектеу. Көпшілік тəрбиеленушілер: Басына қапшық қойып, қолын беліне таянып арқан бойымен адымдап бір жақ жанымен жүру. Биік орындық немесе бөрене үстінде қол мен аяқ жұмысын үйлестіру. Кейбір тəрбиеленушілер: Тепе-теңдік сақтауға арналған жаттығулар кезінде арқан табанның ортасында болатындай етіп аяқты қою. Допты жерге соққандағы серпіліс күшін саралау. Өз эмоциясын бақылау. Тілдік мақсат Тəрбиеленушілер: Балалар доппен жаттығу арқылы заттарды ұстау ептілігін дамыту дағдысын жетілдіреді; тепе-теңдік сақтауға арналған жаттығулар орындау кезінде денені және нысананы бақылауды; шыдамды мінез-құлық көрсетеді. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Қауіпсіздік техникасы, гимнастикалық орындықтар, екі қатар тізбекке тұру, құм толтырылған қапшық, арқан, дене мүсіні, еңбектеу, тізе мен алақанға сүйену, тақия, доп соғу. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Талқылауға арналған сұрақтар: Достарыңа тағы қандай доп жаттығуларын ұсынасыңдар? Гимнастикалық орындықта тапсырма орындау кезінде тәуекелдікті қалай азайтуға болады? Бастан қапшықтың құлауына не себеп болады? Өткен ҰОҚ-дан алған білім Тепе-теңдік – орындықпен жүріп ортасында керілген жіп астынан өту. Бір қатарда орналасқан аралығы 1 метр болатын 5 кедергі арасымен фитбол домалату. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. (Ұ, ПК ) «Мен осындаймын, біз осындаймыз» ойын жаттығуы. Балалар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер ортасына бір бала шығып, «Мен – әдемімін (сымбаттымын)!» – дейді де тиісті қимыл көрсетеді, қалғандары хормен «Біз – әдеміміз (сымбаттымыз)!» деп айтады да, қимылды қайталайды. Содан кейін келесі бала шығып, өзінің жеке қасиетін атайды. (Ұ, Ө) Жүру, доппен түзету жаттығулары: қолға доп ұстап (оң қол астында) жүру, аяқ ұшымен жүру – допты алдыға ұстап бұрыла кеудеден беру. Екі-екіден тізбекке тұру. Доппен жалпы дамыту жаттығулары. Кең, бос кеңістік. ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс (Ұ, ПК) Қос қолмен допты жерге соғу. Нұсқау – доптың жерге соғылу күшін саралап, секіріп кеткен допты ұстап алу мүмкіндігін сәйкестендіру. (Т, Ө) Гимнастикалық орындықта алақан мен тізеге сүйене отырып еңбектеу. Бала бұл жаттығуды жасағанда орындық үстінде оның аяқ пен қолының үйлесімді жұмыс істеуіне назар аударады. (Ұ) «Таудан-тауға» қимыл ойыны. Ойыншылар қасындағы көршісінің басына қолы жететіндей аралықта малдас құрып дөңгелектене отырады. Жетекші: «Таудан-тауға, таудан-тауға», – деп басынан тақиясын шешеді де, оң жағындағы көршісінің басына кигізеді. Ол да тақияны өз көршісінің басына кигізеді. Жүргізуші кенеттен басын қолымен ұстап: «Тауға-тауға!» деп айтқанға дейін тақия бастан-басқа көшеді. Дәл осы кезде тақия кімнің басында болады, сол ойыншы қандай да бір тапсырманы орындайды. Бала санына қарай доптар Гимнастикалық орындықтар Тақия. IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. (Ө)Рефлексивті бағалау. Балаларға ҰОҚ-дан кейін қандай болғандарын көрсетуді тапсырады. Әрбір бала ерекше, талантты тұлға екенін ұғындырады. |