Кні 17. 11. 2021ж
Скачать 15.49 Kb.
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ математика пәні мұғалімі Бегайдарова Назгул Серікбаевна Пікір Күні: 17.11.2021ж Тақырыбы: Жай бөлшектерді косу және азайту Мақсаты: Оқушыларға бөлімдері бірдей және бөлімдерә әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындай алу біліктіліктерін арттыру. Ережені есеп шығару барысында қолдана алу біліктіліктерін дамыту. Сынып:5А Оқушыны саны: 3 Сабақтың басында психологиялық ахуал тудыру мақсатында бір-біріне жақсы тілек лебіздерін білдіру арқылы мұғалім назарларын сабаққа аударды. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын мұғалім сұрақтар қойды,оқушылар белсене жауап берді.Мұғалім 2*4 төртбұрышты оқушыларға салғызды, оның бірдей 8 бөлікке бөлгізді оқушылар барлық тапсырманы тиянақты орындап отырды, ол бөліктерді қызыл және көк түспен бояды.Дескриптор әр оқушының алдында карточкамен жазылып тұрды.Содан кейін мұғалім ережені формуламен үндестіріп айтып берді. Бұл кезеңде оқушыларға мысалмен бірге түсіндіріп, қорытындылап түсінікті етіп айтып берді.арнайы дескриптор бойынша балл сандары қойылды.Сабақ барысында мұғалім әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдаланды. Оқушылармен кері байланысқа шығу үшін БББ әдісін пайдаланды.Сыныпта барлығы үш оқушы, оның біреуі ерекше білімді қажет ететін оқушы. Ерхан сыныпта өзін-өзі ұстауы, мұғалімді қабылдауы жақсы. Оған жекелік өзіне қатысты жеңіл түрдегі есептер берілді. Кейбір есептерді мұғалімнің көмегімен шығарды. Екпінді оқушы: Мағалбек Аружан, үздік оқушы:Атымтай Ораз. Оқушылар оқу мақсаттарына бағытталған барлық тапсырмаларды өздігінен орындап шықты. Жалпы сабақ маған ұнады. Әрбір есепті өмірмен байланыстыра отырып, түсіндіріп айтып нақтылады.Оқушылар барлық сабақтың басынан аяғына дейін белсене қатысты. Миға шабуыл стратегиясында мұғалім оқушыларды мадақтау арқылы бағалау үшін пайдаланғаны көрініп тұрды.Тәрбиелік тұрғыдан мұғалім мен оқушы арасында жағымды қатынас бар екені көрінді. Ерханнан басқа оқушылар өздеріне берілген деңгейлік тапсырмаларды орындай алады. Сергіту сәтін ретінде әрбір елдің амандасулары қандай болатынын жұппен өзі де қосылып өткізді.Маған фишбоун әдісімен қорытындылау сәті ерекше әсер еткізді. Оқушылар сәйкестендіруге,толықтыруға бағытталған есептерді шығарып, шапалақтау арқылы бірін-бірі бағалаулары өте ұнады. Мұғалім барлық оқу мақсаттары мен тәрбие мақсаттарына толық жете білді деп ойлаймын. Рефлексия ретінде Бес саусақ әдісін пайдаланды.Әрбір оқушыға ақ парақ үлестірілді, сонда олар өз қолдарын қойып сызып сабақтан алған білімдері мен көңіл күйлерін жазып оқып мұғалімге тапсырды. Рефлексияда әрбір оқушы жақсы көңіл күйде болғандары мен тақырыпты жетік меңгергендерін жазды. Үй тапсырмасы берілді, оқушылар күнделіктеріне тиісті ұпайменмен бағаланды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алгалиева |