Главная страница
Навигация по странице:

  • -Сабақтан кешіккен оқушылар -Үй тапсырмасын орындамай келген оқушы -Қызықсыз сабақ.

  • сабақ семинар. Кні 19. 10. 15ж. ыса мерзімді жоспар. Пн малімі Крпебаева А


    Скачать 21.51 Kb.
    НазваниеКні 19. 10. 15ж. ыса мерзімді жоспар. Пн малімі Крпебаева А
    Дата10.11.2022
    Размер21.51 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласабақ семинар.docx
    ТипДокументы
    #781841

    Күні: 19.10.15ж.

    Қысқа мерзімді жоспар.

    Пән мұғалімі: Көрпебаева А.




    Сабақтың тақырыбы

    Жастарға тәлім-тәрбие беруде мұғалімдердің рөлі

    1.

    Сабақтың мақсаты

    Ұстаздық міндет пен парыз туралы ой өрбіту, нағыз ұстаздың қандай болу керектігі жөнінде ұстаздар пікірімен танысу.

    2.

    Мұғалімдер үшін оқу нәтижесі

    • Бір –бірімен әңгімелесе отырып, өз ойларын бөлісу арқылы өзара ынтымақтастық орната алады

    • Ұстаздық қызмет туралы ой өрбіте отырып, оқушылар тәлім-тәрбиесіндегі үшін не істей алатындығы жөнінде өз пікірін білдіре алады..

    3.

    Дерек көздер мен жабдықтар

    Интерактивті тақта, постер,

    қималар, т.б


    4.

    Сабақтың барысы




    5.

    Мұғалімнің іс-әрекеті


    Қатысушы ұстаздардың іс – әрекеті


    6.

    Ұйымдастыру кезеңі

    Топқа бөлу.


    Ата-ана, ұстаз, оқушы сөздері арқылы бөлінеді.

    1-топ. Ата-ана.

    2-топ. Мұғалім.

    3-топ. Оқушы.

    Бөлініп болған соң, әр топ өз топ атына сәйкес мінсіз мұғалімнің қандай болу керектігі жөнінде бір-бір ауыз айтып шығады.





    Ойқозғау

    Слайдтан ұстаздар туралы ұлағатты адамдардың нақыл сөздері көрсетіледі.

    Сіздер, ұстаздар осы айтылған сөздермен келісесіздер ме?

    7.

    «Балалық шаққа саяхат»
    Сабақ жүргізуші мұғалім өз ұстазы туралы еске түсіріп, әрі қарай сөзді сабақтауға ұстаздарға ұсынады.

    «Менің сүйікті ұстазым»

    Аты-жөні.

    Қай пәннен берді?

    Несімен, қандай қасиетімен есте қалды?

    Ұстаздар өздеріне сабақ берген өз ұстаздары туралы естеліктер айтады.


    8.


    Топтық жұмыс.

    «Рөлдік ойын.»



    Әр топқа ситуациялық тақырып беріледі. Сол тақырып бойынша әр топ рөлдік ойын құрып, оқушы кейпіне енеді.

    -Сабақтан кешіккен оқушылар;

    -Үй тапсырмасын орындамай келген оқушы;

    -Қызықсыз сабақ.

    Қорытындылау.

    9.

    Сергіту сәті

    «Мұрныңды көрсет»


    Мақсаты - есту зейінін дамыту, балаларды өз денелеріне бағдар жасауға үйрету.

    Барлық қатысушылар жүргізушіге қарама-қарсы тұрады. Ол оларға денесінің бір бөлігін көрсете отырып басқа бөлікті атайды. Балалар оны байқап қате қозғалысты жасамаулары қажет.


    10.

    Қорытынды.
    «Конверт-сұрақ»

    Пікірталас

    Проблемалық сұрақтар.

    Әр топқа екі сұрақтан беріледі. Дайындыққа екі минут уақыт беріледі

    - Ұстаз болған адам үшін жақсы мінездің маңыздылығы бар ма? Бар болса, қандай?

     -Ұстаз оқушыға алдымен білім беруі тиіс пе, әлде тәрбиені ме? Қайсысы маңыздырақ?

     -Не себепті кейбір ұстаздар білімді бола тұра оқушы жүрегіне жол таба алмайды?

     -Ұстаздық мамандық жүрек қалауымен таңдалуы маңызды ма?

     -Ұстаз бойындағы жақсы қасиеттерді оқушы бойына қалай сіңіруге болады?

     -Мұғалімнің оқушы алдындағы беделін қалай көтеруге болады?
    Параққа жазылған мұғалімдер туралы сұрақ бойынша әр мұғалім өз ойын айтады.Басқа мұғалім келіспесе, өз ойын білдіруіне болады.



    11.

    Бағалау

    Әр топтық іс-әрекеттен кейін бір-бірін смайлик немесе бас бармақ арқылы бағалайды.

    23.

    Кері байланыс.

    Маған қызық болғаны...

    Менің ойымша...




    -Сабақтан кешіккен оқушылар
    -Үй тапсырмасын орындамай келген оқушы

    -Қызықсыз сабақ.


    написать администратору сайта