Главная страница
Навигация по странице:

  • құн өлшемі

  • қор жинау құралы

  • дүниежүзілік ақша

  • Демонетизация

  • Толық құнды ақшаларға

  • Ақша айналысы заңы

  • Ақша айналымы. Кні 27. 09. 2021ж Таырыбы Аша айналымы Сипаты


    Скачать 20.39 Kb.
    НазваниеКні 27. 09. 2021ж Таырыбы Аша айналымы Сипаты
    АнкорАқша айналымы
    Дата30.01.2022
    Размер20.39 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАқша айналымы.docx
    ТипДокументы
    #346123

    Күні:27.09.2021ж

    Тақырыбы:Ақша айналымы

    Сипаты: 1. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері. Ақша нысандарының эволюциясы: тауар-ақшалар, металл, қағаз ақшалар, несиелік және электрондық ақшалар 2. Ақша айналымының заңы. Ақша агргеттары.

    Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын көрсетіп, олардың айырбасында аралық қызмет атқаратын жалпы тауарлық эквивалент.

    Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас, сауданың даму үрдістерімен, шаруашылықтың нарықтық формасының нығаюымен байланыстырды

    К. Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар. Ол ақшаның шығуын құн формасының дамуымен байланыстырды.

    Құнның ақшалай формасында барлық тауардың эквиваленті алтын болды. Маркстің теориясында ақша рөлін бағалы металдар - алтын мен күміс атқарған. Бұл ХІХ ғасырдың басындағы алтын стандарт жүйесінің болуымен дәлелденеді. Алтынның ақша рөлін атқаруының негізгі себептері:

    - сақталымдылығы;

    - портативтілігі ( шамалы көлемінде жоғарғы құндылықтың болуы);

    - экономикалық бөлінуі ( алтын құймасы, яғни салмағы жағынан екіге бірдей бөлінген бөліктердің құймасының құны дәл екі есеге азаяды). Мұндай қасиет малда да, бағалы терілерде де, інжу-маржандарда да жоқ.

    - алтынның салыстырмалы түрде табиғаттағы сиректігінде.

    Ақшаның мәні оның тауар өндірісі мен айналыс сферасында атқаратын қызметінен көрінеді. Ақша өзара байланысты 5 қызмет атқарады: құн өлшеуіш, айналыс құралы, қор жинау құралы, төлем құралы және дүниежүзілік ақша қызметі.

    · құн өлшемі - ақшаның көмегімен барлық, тауарлардың құны көрсетіліп, оның бағасы белгіленеді;

    · айналыс құралы - ақша тауар алмасу үрдісінде аралық қызмет атқарады;

    · қор жинау құралы - өндірушілер және жеке адамдардың ақшаларын банктерде, мемлекеттік қазынада жинақтауы;

    · төлем құралы - тауарларды несиеге сатқан кезде ақша төлем құралы қызметін атқарады;

    · дүниежүзілік ақша - дүниежүзілік ақша қызметін халықарлық экономикалық қатынас кезінде атқарады. Бұл қызметті тек алтын немесе алтынға еркін айырбастала алатын валюталар ғана атқара алады.

    ХХ ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді, ешбір елде алтын ақша ретінде айналыста болмайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар - доллар, евро, иена және т.б. арқылы жүзеге асады. Сонымен, алтынның айналыстан шығуы және оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқаруды доғаруы.

    Ақша толық құнды ақшалар және толық құнды емес ақшалар болып екіге бөлінеді. Толық құнды ақшаларға – алтын, күміс сияқты асыл металдарды жатқызамыз. Ал толық құнды емес ақшаларға – қағаз ақшалар, биллиондық теңгелер және несие ақшаларды жатады:

    қағаз ақшалар дегеніміз айналысқа түсетін толық құнды ақшаларды алмастыратын ақшалық белгілер;

    биллион теңгелер – төмен сапалы күміс, мыс, алюмини сияқты металдар қорытпасынан жасалған, көрсетілген бағасы ондағы металл құннан төмен толық емес, майда, айырбас тиындар;

    несие ақшалар – қарызға берілген немесе қарызға алынған ақшалардың ерекше түрі. Оларға вексель, чек, банкнот, несие карточкалары жатады.

    Әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны яғни, ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі бірнеше элементтен тұрады: ақша бірлігі, баға ауқымы (масштабы), эмиссиялық жүйе, ақша түрлері, ақша жүйесінің институттары.


     

    Ақша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.

    Ақша айналысыдегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.

    Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

    1) ақша бірлігі, яғни елде қабылданған ақша өлшемі (теңге, сом, доллар және т.б.);

    2) баға масштабы, яғни елде қабылданған ақша бірлігі мен оның құрамындағы ақша металының салмақ мөлшері (мысалы, бір сом 100 тиыннан құралады, ал 1960-80 жылдары бір руб. 0,987672 г. алтынға теңестірілді);

    3) эмиссиялық жүйе, яғни ақша мен бағалы қағаздарды жасап шығаратын мекемелер (мысалы, Қазақстан Республикасында - Ұлттық банк, Ресейде - Орталық банк және т.б,);

    4) ақша рәміздерінің түрлері, яғни айналымда заңды төлем құралы болып саналатын - несие қағаз ақшалар, айырбас монеталар жүйесі;

    5) ақша жүйесінің ұйымдары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

    Металл ақшалардың айналыс жүйесі өзінің тарихи дамуында биметализм және монометализм дәуірін бастан өткерді.

    Биметализм ақша ретінде екі металды - алтын мен күмісті (ХҮІ-ХІХ ғ.) пайдалануға негізделді.

    Монометализм ақша ретінде тек қана алтынды пайдаланды және несие ақшалар оған еркін айырбасталатын болды.

    Монометализмнің - үш түрі қалыптасты:

    1) алтын монеталық стандарт (1821 жылдан бірінші дүниежузілік согысқа дейін) айналыста алтын монеталардың жүруімен сипатталады, қағаз және несие ақшалар алтынға еркін айырбасталды.

    2) құйма алтын стандарты (бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Англия мен Францияда қалыптасты) алтын стандарты құймасына сәйкес келетін, құн рәміздерін алтынға айырбастауды жүзеге асырды (мысалы, егер картинаның бағасы бір грамм құйма алтынның бағасына сәйкес болса, онда картина 1 грамм құйма алтынға айырбасталатын болды).

    3) алтын таңбалы (алтын девизі) стандарт (XX ғ. 20-30 жж.) алтынға алмастырылатын шетелдік валюталарды (девиздерге) банкноттарды айырбастауды жүзеге асырды.

    1929-1933 жж. дағдарыстан соң банкнотты алтынға айырбастау тоқтатылды, осылайша монометализм дәуірі келмеске кетті.

    1930 ж. бастап алмастырылмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Оның белгілері: алтынның айналыстан шеттетілуі (алтынды демонетизациялау); банкноттарға алтынды айырбастаудан бас тарту және олардың алтын құрамын жою несие ақшалардың беделін күшейтіп, айналымдарда қолма-қол емес есеп айырысуды кеңейту; ақша массасын көбейту мемлекеттің қағаз ақшаларды шығаруы мүмкіншілік берді.

    Ақша айналысы мен ақшалардың эволюциясы - тауар өндірісінің тарихи объективтік даму процесі болып табылады.

    Айналыстағы ақшалардың міндеті - алмастырылатын тауарлар құндарының өзара баламалы болуын қамтамасыз ету болды, бірақ олардың өздерінің құны болуды қамтамасыз ете алмады.

    Алтынның несие ақшаларды алмастыруы ақша қызметтерін атқаратын несие карточкалардың (банкнот, вексель, чек) одан әрі күшейтіп жіберді.

    Несие карточкалардың төлем құралы ретінде ақша қызметін атқаратын түрлері:

    1. Қайта жаңартылатын карточкалар. Бұлар дүкен-дерде, мейрамханаларда және т.б. жерде қолданылады. Қарызды өтеген соң, бұл карточкалар қайта жаңартылады.

    2. Бір айлық карточкалар, олар туристік фирмалармен есеп айырысу үшін пайдаланылады. Фирмалық карточ-калар әр айдың қарыздарын міндетті түрде төлеуі тиіс.

    3. Фирмалық карточкаларды байланыстың әр-түрлі шығындарын төлеу үшін түрлі фирмалар шығарады.

    4. Сыйға тарту, немесе «алтын», несие карточкаларын тек қана жылдық табыстары жоғары клиенттер үшін арнайы шығарады. Қазіргі таңда ақша эволюциясына электрондық ақша жүйесі тән, олардың көмегімен - банк шотынан ақшаны алу, салымдарды, төлемдерді қабыл-дау, чек кітапшаларын, дебет-карточкларын беру және т.б. сияқты ақша операциялары жүзеге асырылады.

     Ақша айналысы заңы

    Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаныңсаны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс таурлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

    Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшінқажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісінбір аттас ақша өлшемінің айналым санына ( айналым жылдамдығына) бөлгенге теңесуі керек.

    Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма – қол ақшасыз есеп айырысқандаөтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.

    Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан.Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы,төлемеушіліктің тізбегінде әлеуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б.

    Сөйтіп,айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар менқызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:

    – несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несие сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;

    – қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;

    • ақша айналысы санының өсуі.

    Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма – қол ақша, яғни айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктық айналымдағыақша түрі, яғни банктегі шоттарғ, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, яғни қолма – қол ақшаның монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма –қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесінде шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен – бірі тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма – қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.

    Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақшажиыны ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақшаның айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақшаның жиынының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс – шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер ( ақша агрегаттары ) қолданылады.

    Ақша агрегаттары


    Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:

    М – айналыстағы қолма – қол ақша ( банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер ) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;

    М – оған М агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;

    М – оған М агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;

    1. L – оған М агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.

    Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша жиынын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.

     


    написать администратору сайта