|
кмж. Жай бөлшектер. Кні 27. 10. 2022 Мектеп
Күні: 27.10.2022
| Мектеп: №53 Ғ.Мүсірепов жалпы орта мектебі КММ
| Мұғалім: А.Т.Шагдаров
| Тақырып:
| «Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу»
| 5 «ә» -сынып
| Қатысып отырғандары:
| Келмегендер саны:
| Осы сабаққа арналған оқу мақсаты
| 5.1.2.23
жай бөлшектерді, аралас сандарды бөлуді орындау
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар істей алады:
| Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлудің ережелерін пайдалану, бөлу амалын орындау.
| Оқушылардың көпшілігі істей алады:
| Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу.
| Кейбір оқушылар істей алады:
| оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұқсастық бойынша ой қорыта білуге үйрету.
|
|
| Жоспар
|
|
| Жоспарланған
мерзімдер
| Жоспарланған шаралар
| Ресурстар
|
| Сабақтың басы
(8 мин)
| Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылар санын түгендеу.
Барлық оқушыларды шаттық шеңберіне шығару.
Номерленген стикерлер ілінген тақташа ұсыну, әр оқушы алған стикердің номеніне байланысты топтарға бөлінеді.
Нәтижесінде «Аралас сан», «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек» топтары құрылады.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау мақсатындағы
« Миға шабуыл» стратегиясы
1) Жай бөлшек дегеніміз не? 2) Жай бөлшектің қандай түрлері бар? 3) Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сан дегеніміз не? 4) Жай бөлшектерді қалай қосамыз? 5) Жай бөлшектерді қалай азайтамыз? 6) Аралас сандарды қалай қосамыз? 7) Аралас сандарды қалай азайтамыз?
8) Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?
9) Аралас сандарды қалай көбейтеміз?
| Оқулық, интерактивті тақта, стикерлер.
|
| Сабақтың ортасы
(25 мин)
Сабақтың соңы
(7 мин)
| Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- Бөлу амалы көбейту амалына кері амал.
-Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлгенде,1-ші бөлшек өзі жазылып,2-ші бөлшек кері санга айналып көбейтіледі.
Мысалы: -Аралас санды аралас санға бөлгенде ең бірінші аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырып аламыз да, бөлшекті бөлшекке бөлу амалын қолданамыз.
Мысалы: -Дұрыс бөлшекті аралас санға бөлгенде 1-ші бөлшек өзі жазылады да,2-ші аралас санды дұрыс бөлшекке айналдырып аламыз да, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолданамыз.
Мысылы:
-Бөлінгіш сан болғанда натурал санды бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазып аламыз да, бөлшекті бөлу ережесін қолданамыз.
Мысалы:
2: -Натурал санды аралас санға бөлу үшін натурал санды бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазамызда,ал аралас санды бұрыс бөлшекке келтіріп ,бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолданамыз.
Мысалы: -Аралас санды натурал санға бөлгенде,ең бірінші аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырамызда,ал натурал санды бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазамызда,бөлшекке бөлу ережесін қолданамыз. Мысалы: Оқулықпен жұмыс.
№523 жатығу.
Жаттығудың 6 есебі екі-екіден әр топқа бөлініп беріледі. Топ мүшелері бірлесе шығарып, тақтаға жазып түсіндіріп береді.Есебі дұрыс топ мүшелері смайликтермен бағаланады. №525 жаттығу.
Әр топ 2-2 есептен ақылдаса шығарады. Оқушыларға жұмбақтар беріледі.
1)Бөлшектің түрлеріне енді келсек, Алымы мен бөліміне көңіл бөлсек, Алымы бөлімінен кіші болса, Кәнеки,кім айтады қандай бөлшек?
(Дұрыс бөлшек)
2) Мына жұмбақ білгенге , Қиын емес тегінде. Бөлімі алымына тең болса, Алымы бөліміне үлкен болса, Тез ойланып шеше гой,тұрма босқа!
(Бұрыс бөлшек)
3) Мен бір жұмбақ айтайын, Кім айтады шешуін. Бүтінімен бөлшегі қосылғанда, Шығады сонда қандай сан?
(Аралас сан)
Әр топқа жеке тарсырмалар беріледі.
I топтың тапсырмасы. 1. Тік төртбұрыштың 11/20 бөлігін боя.
Қандай бөлігі боялмаған? Бөлшек түрінде жаз.
II топтың тапсырмасы. 1.Тік төртбұрыштың 8/16 бөлігін боя.Қандайбөлігібоялмаған? III топтың тапсырмасы. Шеңбердің бөліктерін боя. 5/8 боя 3/6 боя 4/9 боя
1 3/
Тапсырмалар жеке парақтарға жазылған,әр топ осы тапсырманы бірге отырып орындау керек.Бір оқушы орталарынан жауап береді
Кері байланыс.
Әр оқушы қолындағы стикерге аты –жөнін жазады.
Жаңа сабақты қалай түсінгендігін білу мақсатында Кері байланыстың әр бөлігіне стикерлерді жапсыртамын.
- Сабақ қызық өтті. Тапсырмалар қызықты
-Менің сұрақтарым бар...
-Түсінген жоқпын.
-Есептері қиын болды.
-Бұл тақырыпты әлі жетік меңгере алмадым.
-Есептер шығару жеңіл болды.
Үй тапсырмасы:
№ 524 жаттығу (1,2,3,4)
| Интерактивті тақта,
смайликтер.
Стикерлер, Кері байланыс ,қима қағаздар .
|
|
| Қосымша ақпарат
|
|
| Қорытындылау
| Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
| 1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
|
|
|
| Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1.
2.
|
|
|
|
|
|