Главная страница

5 Б сынып 29.11.. Кні 29. 11. 22ж


Скачать 0.59 Mb.
НазваниеКні 29. 11. 22ж
Дата29.11.2022
Размер0.59 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла5 Б сынып 29.11..docx
ТипДокументы
#819718

«Судың маңызы»


Күні: 29.11.22ж

Сынып: 5 «Б»

Мұғалімнің аты-жөні: Аюпова М.В.

Оқу мақсаты

5.А4. Шағын көлемді мәтіннің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.

5.Ж.4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау


Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Тақырып бойынша және жинақталған мәліметтермен постер құрайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, жоспарға сүйеніп баяндайды.

Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Жинақталған мәліметтер мен жоспарды пайдалана отырып, судың өмірдегі маңызын дәлелдеп, баяндайды.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып,баяндайды.

Жинақталған мәліметтерге, тақырыпқа постер құрап, қорғайды

Тілдік мақсаттар

 

Дағдыларды дамыту:

Айтылым, жазылым

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Маңызы, тіршілік, жер бетінде

Талқылау сұрақтары:

- Адам үшін судың маңызы қандай? - Сусыз табиғат тіршілік ете ала ма?

Пәнаралық байланыс

География, орыс тіл, биология

Алдыңғы оқу

Судың да сұрауы бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақ басы

3 минут

5 минут

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

Психологиялық ахуал орнату. Шаттық шеңбері:

«Шаттық шеңбер» оқушылар арасында психологиялық ахуал орнату.



«Пазл» бойынша оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру:

Серпілген сұрақтар”

  • Су қандай болады?

  • Судың түсі қандай?

  • Судың пішіні бар ма?

  • Суды қандай жерлерде кездестірдің?

  • Сусыз тіршілік бар ма?

  • Судың неше күйі болады?

  • Мұз судың қай түріне жатады?

  • Жаңбыр судың қай түріне жатады?

  • Сусыз адам, табиғат өмір сүре ала ма?

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Су деген - өмір көзі,
Тіршіліктің нәрі бұл.
Су болмаса оянбайды,
Табиғаттың барлығы.
Болмас еді шөп-шалаң,
Болмас еді тірі жан.
Сол себепті балалар,
Ысырап қылмайық суды.

  • Өлең жолдарында не туралы айтылған?

  • Бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы :«Судың маңызы».


Интербелсенді тақта

Бағалау парағы

Қима суреттер

Үлестірме қағаздар



Сабақ ортасы

3 минут

7 минут

4 минут

3 минут

10 минут


Кіріспе тапсырма. Білу.

Маңызы – важность

тіршілік – жизнь

жер бетінде – на земле

Кері байланыс: Тапсырманы орындай алғандарға мадақтайды, орындамай алмағандарға бағыт-бағдар береді.

Бағалау: бағалау парағы арқылы, оқушылар өздерін бағалайды.


Бағалау критерийі:

Дескриптор

Мәтін бойынша тірек сөздермен жұмыс жасайды

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырады

Сөйлем құрастырады

1-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс
Жер бетіндегі тіршілік үшін судың маңызы зор. Су болмаса, өсімдік өспейді. Жануарлар да, адам да сусыз тіршілік ете алмайды. Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет. Сусыз ас дайындау да мүмкін емес. Суды ішеміз, сумен жуынамыз, кір жуамыз. Адам су ішпей 5 - 7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет. Суды тамақ пісіруге, ішуге, жуынуға, кір жууға, бояуларға қосуға (бейнелеу өнері), тіпті судан электр қуатын өндіреді. Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы). Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика). Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход).
Кері байланыс: Тапсырманы орындай алғандарға мадақтайды, орындамай алмағандарға бағыт-бағдар береді.

Бағалау: бағалау парағы арқылы, оқушылар өздерін бағалайды.


Бағалау критерийі:

Дескриптор

Мәтінді түсініп оқиды, мазмұны б/ша жоспар құрады.

Жоспар құрады.

Жоспарға сүйеніп баяндайды.


Сергіту сәті: Ойын «Мимика» үнсіз түсіндіру.

Жаңбыр жауады, суға жүзу, шай құю, кір жуу, су тасу, су шашып ойнау, есіктің алдына су шашу, бас жуу, гүлге су құю.

2-тапсырма. Мәтінде қандай сұраққа жауап бар екенін белгілеңіз.

Сұрақтар


Бар

(+)

Жоқ

(-)

1. Су болмаса, өсімдік өсе ме?

+




2. Судың неше күйі болады?




-

3. Адам қанша уақыт сусыз жүре алады?

+




4.Судың түсі қандай?




-


Кері байланыс: Тапсырманы орындай алғандарға мадақтайды, орындамай алмағандарға бағыт-бағдар береді.

Бағалау: бағалау парағы арқылы, оқушылар өздерін бағалайды.

Бағалау критерийі:

Дескриптор

Мәтінде қандай сұраққа жауап бар екенін анықтайды..

Жауабы бар сұрақты табады.

Жауабы жоқ сұрақты табады.



3-тапсырма.Топтық жұмыс. «Судың адам, өсімдік және жануар әлемдегі маңызы.» Постер құрау.

1 топ тапсырмасы: «Судың адам өміріндегі маңызы»





2 топ тапсырмасы: «Судың өсімдік тіршілігі үшін маңызы»


3 топ тапсырмасы: «Судың жануарлар үшін маңызы»


Кері байланыс: Тапсырманы орындай алғандарға мадақтайды, орындамай алмағандарға бағыт-бағдар береді.

Бағалау: бағалау парағы арқылы, оқушылар өздерін бағалайды.

Бағалау критерийі:

Дескриптор

Жинақталған мәліметермен, тақырыпқа постер жасайды.

Постер жасайды;

Постерді қорғайды.






үлестірме қағаздар

Кесте

Қағаз, түрлі түсті маркер,

фломастер

Сабақ соңы

3 минут


Оқушының

аты-жөні

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

бар

лығы

дескриптор

балл

дескриптор

балл

дескрип

тор

балл







1. Жоспар құрады.

1

1Жауабы бар сұрақты табады.

1

1. Постер жасайды.

1










2 Жоспарға сүйеніп баяндайды.

1

2. Жауабы жоқ сұрақты табады.

1

2. Постерді қорғайды.

1







Рефлексия : «Аяқталмаған сөйлем»
Су....................
Су...................
Су...................
Су................

Бағалау парағы


Үйге тапсырма

«Судың маңызы» туралы әңгімелеу





«Сиқырлы сандық» әдісі

Мақсаты: Оқушыларды сабақ соңында бағалауға пайдаланады. Сандықтың ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

«Кім көп біледі» Су туралы ырымдар, мақал-мәтелдер, тиым сөздер білді. Қане, кім айтады?

Б)

— Біз не білдік Судың пайдасын, қажеттілігін білдік

1 топ тапсырмасы: «Су -тіршілік көзі» тақырыбында эссе жазу

2 топ тапсырмасы: «Су -тіршілік көзі» сурет салу

3-топ тапсырмасы: «Су -тіршілік көзі» тақырыбында өлең шығару Барлық ғалам, мөлдір судан нәр алар

Сергітусәті:

.Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық,

су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап,

денемізді бұрайық.

Рефлексия: «Аяқталмаған ой» (Ойды жалғастыр)

- Мен бүгін сабақта ...... білдім.

- Мен сабақта ..... таныстым.

- Мен сабақта ..... құрастырдым.



  1. Судыңда сұрауы бар,
    2. Су анасы бұлақ,
    Сөз анасы құлақ.

  2. Су бар жерде өмір бар.



11. Сусыз өмір - тұзсыз аспен тең.
12. Су бар жерде өмір бар.

 

Судың адам өміріндегі маңызы.

Судың адам өміріне баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді, тазалықта болмайды. Су жолымен адам қатынайды , қайық , кеме жүзеді , жүк тасыйды, ағаш ағызады. Судың күшінен электр қуатын да алады.. Су арқлы үйді жылытады. Бірде бір өндіріс орыны сусыз жұмыс істей алмайды. Бояу езу, мата , тері бояу, қағаз , сабын дайындау, нан пісіру тағы басқа жұмыстар сусыз істелмейді.

 

Судың өсімдік тіршілігі үшін маңызы

 

Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады . Кез келген өсімдіктің жапырағының , сабағының сынған жерін байқасаң шырыны  шығады . Бұл өсімдік бойындағы су . Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Мысалы: Су арқылы өсімдіктер топырақтан қоректік заттар алады.Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды. Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады. 

 

 Жануарлар үшін судың маңызы

Бірде бір жануар сусыз өмір сүре алмайды. Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануарлар да бар .  Түйе сусыз қырық күнен астам уақытқа шыдайды . Оның өркешіне жиналған май оған қорек те , су да бола алады . Суда тіршілік ететін жануарлар  бар . Су олар үшін мекені . Жануарларда суда шомылады  . Мысалы: балықтар суда өмір сүреді.


написать администратору сайта