Главная страница

тұдлға. Температура (ҚМЖ). Кні танысты


Скачать 32.83 Kb.
НазваниеКні танысты
Анкортұдлға
Дата19.11.2021
Размер32.83 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТемпература (ҚМЖ).docx
ТипДокументы
#276404

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:




ТАНЫСТЫ

ӘБ жетекшісі:

____________________
« »______20__ж.




Мұғалімнің аты-жөні:







Сынып:







Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:






Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А: Жылу физикасы

Сабақ тақырыбы

Температура. Температураны өлшеу. Температуралық шкалалар.

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

8.3.1.3 - температураны әр түрлі температуралық шкалада ұсыну (Кельвин, Цельсий);

8.3.1.4 - жылулық ұлғаюдың негізінде температураны өлшеуді сипаттау;

8.3.1.5 - жылулық тепе-теңдкті сипаттау.

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Термометр көмегімен температураны өлшей алады;

  • Температураны 0С -нен К-ге, К-нен 0С-ге ауыстыра алады ;

  • Термометрдің жұмыс істеу принципін біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Термометрмен жұмыс кезінде температура өзгерісін жылулық ұлғаю принципі арқылы ауызша түсіндіре алады және әртүрлі тәсілдермен температураны өлшейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

каз

рус

eng

Температура

температура

temperature

Молекулалардың жылулық қозғалысы

Тепловое движение молекул

The thermal motion of the molecules


Молекулалар

Молекулы

Molecules

термометр

термометр

thermometer


сызықтық ұлғаю

Линейная зависимость

The linear dependence

сұйық көлемінің өзгеруі

расширения

extensions

термометр датчигі

Датчик термометра

The thermometer sensor

заттың ұлғаюы

расширение тел

the extension of the bodies

Көлем

объем

the volume

Тығыздық

плотность

density

Бөлшектер

частицы

particles

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біз сұйық затты қыздырғанда оның көлемі ұлғаятындығын бақыладық.

Біз қатты затты қыздырғанда ұлғаятынын анықтадық.

Үш түрлі сұйықты бірдей уақытқа қыздырғанда сұйық көлемдерінің ұлғаюын салыстырдық.

Денені қыздырғанда дене көлемі температураға байланысты ...

Эксперимент нәтижесі бойынша қысым температураға ..... тәуелді.

Біз солтүстік аймақта спиртті термометрді ғана қолданатынын түсіндік, ...

Молекулалар қозғалысы, көлемнің ұлғаюы туралы білімдерімізді толықтырдық.

Құндылықтар

Оқушылардың белсенділігін арттыру;

Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;

Коммуникативтік дағдысын жетілдіру.

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Әртүрлі елдерде термометрдің көрсеткіштерін түсіне білу.

Өмірмен байланыс

Термометрдің жұмыс істеу принципін түсіну.

Пәнаралық байланыс

Математика, биология

Алдыңғы білім

7 сынып

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер



Дереккөздер

1сабақтың басы

1-3 мин

(W) Сәлемдесу, сабақта жоқтарды белгілеу.

Миға шабуыл. «4 cурет, 1 сөз» ойыны арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсаттарын және критерийлерін анықтау.


1 слайд


2 слайд


1-сабақтың орны

4-14 мин

15-18 мин

(W) Жаңа сабақтың түсіндірілуі.

(ҰЖ)Оқушылар, сіздер күнделікті тұрмыста температура сөзін естідіңіз бе? (үйде, медицинада).

Температура – дененің заттың қаншалықты қызғанын көрсетеді. Оның өлшем бірлігі градус Цельсий. Мысалы, адамның температурасы 36,6 градус Цельсий.

Ең алдымен құрал деген сөзбен танысайық. Құрал деген не?

Құрал – бізге белгілі бір ақпарат алуға көмектесетін денелер. Термометр – температураны объективті өлшейтін құрал.

Термометрдің түрлері.

Демонстрация. Сұйықтықтың жылулық ұлғаюы ( боялған сұйықтық пен колба, горелка, штатив).

https://www.youtube.com/watch?v=l4kAJd3K_v0


3 слайд
4 слайд

Глоссарийде берілген


5 слайд
6 слайд

1 сабақтың соңы

19-20 мин

Рефлексия.

Нәтижелерді талдау.

7 слайд

2 сабақтың басы

1-2 мин

Сабақ тақырыбын, мақсаттарын және бағалау критерийлерін қайталау.

8 слайд

2 сабақтың ортасы

3-10 мин

11-17 мин


(W) Термометрдің градуирлеуі.

Термометрді градирлеу үшін 2 шектік нүкте алынады, оларға – мұздың еру температурасы (00С) және судың қайнау (1000С) жатады.

Температура шкалалары туралы айту. (Цельсий, Фаренгейт, Реомер, Кельвин)

Халықаралық Бірліктер Жүйесінде абсолют термодинамикалық температура шкаласы еңгіізілген- Кельвин шкаласы.

Шектік нүктелері – абсолют нөл (0 К), шекті ең төмен температура, екінші шектік нүкте 273,15 К, бұл кезде су үш агрегаттық күйде бола алатын температура.

Цельсий және Кельвин шкалалары арасындағы байланыс.

Т=(t+273) K немесе t=(T-273)0C.

(І/W) Сұйықтықтық термометр арқылы температураның мәнін алу алгоритмі:

  1. Термометрде жазылған кез-келген көршілес санды аламыз. Мысалы: 10-20.

  2. Жоғарғы саннан төменгі санды азайтамыз. 20-10.

  3. Алынған мәнді жазып аламыз. 10.

  4. Енді сол екі көршілес сандар арасындағы кішкентай бөліктер санын санаймыз. 10.

  5. Жазып алған мәнді бөліктер сандарына бөлеміз.

  6. Сонда бір кішкентай бөлік бізде 1 градус Цельсий.

Есеп шығару үлгісі.

Суретте көрсетілген термометрдің:

бөлік құны – 10С

температураның көрсеткіші – 270С

Цельсий шкаласындағы шаманың Кельвин шкаласындағы көрсеткіші – T(K)=270C+273=300 K.

Цельсий шкаласындағы шаманың Фарангейт шкаласындағы көрсеткіші – T(F)=270C*9/5+32=80,6F.

Дескрипторлар:

  • Термометрдің бөлік құнын анықтай алады;

  • Сурет бойынша термометр көрсеткішін анықтай алады;

  • Алынған шаманы Кельвинге өрнектей алады;

  • Алынған шаманы Фарангейтке өрнектей алады.

Тапсырмалар.

  • Дені сау адам денесінің абсолют температурасы неге тең?

  • Арктиканы зерттеушілер неліктен сынапты термометрді емес, спиртті термометрді таңдап алатынын түсіндіріңдер.

  • Неліктен бөлме температурасында медициналық термометрдің құтысы сынаппен толық толтырылмағанын түсіндіріңдер.

Дескрипторлар:

  • Термометр түрлерін ажырата алады;

  • Термометрдің түрлерін ажырата алады;

  • Термометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіре алады;

  • Алынған шаманы Кельвинге өрнектей алады.

Есептер шығару.

  • Дене температурасы 250С-тан 750С-қа дейін артса, онда оның бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы неше есе өзгереді?

  • Абсалюттік шкала бойынша дене температурасы 20 К. Цельсий шкаласы бойынша дене температурасы неге тең?

  • Цельсий шкаласы бойынша температура-730С. Абсолюттік шкала бойынша осы температура неге тең?

  • 4 К, 313 К және 250 К температураларын Цельсий шкаласымен өрнекте.

Дескрипторлар:

  • Температураның ерекшелігін айқындай алады;

  • Температураның шкалаларының шамаларын өрнектеу формулаларын қолдана алады;

  • Температураны Цельсийден Кельвинге өрнектей алады.

9 слайд


10-12 слайдтар

13-15 cлайдтар

Сабақтың ортасы

18-20 мин


Рефлексия «Сөйлемді аяқта»

  • Бүгін мен білдім…

  • Қызықты болды…

  • Мен иелендім…

  • Мені таңқалдырды…

  • Өмір үшін сабақ маған берді…

  • Мен қаладым …

16 слайд

Үй жұмысы

Ғарыш пен Жердегі температуралары туралы қызықты деректер.

15 слайд

Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Оқушылар танысқандығы туралы белгі қалдырады

Қорытынды бағалау

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




написать администратору сайта