Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН білім алушылардың білімін, шеберлілігін және дағдыларын бағалаудыңБАҚЫЛАУ- ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ Пән атауы

  • Пәннің коды

  • Ақтөбе, 2021 ж. ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ

  • АТАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ

  • АНАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ

  • ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ

  • ҚАН ЖАСАУ МҮШЕЛЕРІ

  • ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ

  • СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ

  • №2 Межелік бақылауға арналған сұрақтар. 2021-2022. Коммерциялы емес акционерлік Оамы


    Скачать 128.5 Kb.
    НазваниеКоммерциялы емес акционерлік Оамы
    Дата11.10.2022
    Размер128.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла№2 Межелік бақылауға арналған сұрақтар. 2021-2022.doc
    ТипДокументы
    #726923

    «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

    КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


    БЕКІТЕМІН

    Кафедра жетекшісі

    Көмекбай Ж.Е._____

    Хаттама № _____

    «____»________ 20___ж.

    2 МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН

    білім алушылардың білімін, шеберлілігін және дағдыларын бағалаудың

    БАҚЫЛАУ- ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ

    Пән атауы: Гистология-2

    Пәннің коды: Gist-2 2207

    Мамандығы: Жалпы медицина 5В 130100

    Кредит саны: 5

    Курсы: 2


    Тест тапсырмаларын құрастырған:

    м.ғ.к.,доцент

    ____________ Р.Е. Егембердиева

    Ақтөбе, 2021 ж.

    ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ

    1.Пациентке лабораториялық зерттеу жүргізу барысында зәрінде глюкоза бар екендігі анықталды, ал оның қан плазмасындағы мөлшері қалыпты деңгейде болып шықты. Бұл жағдайдың ең дәлірек себебі ... бұзылуы болып табылады.//

    ***

    2. Бүйректін юкстагломерулярлы аппаратының қанға бөлетін секреті://

    ***

    3.Ренин өндірілетін жасуша://

    ***

    4.Бүйрек денешіктері құралған://

    ***

    5.Бүйректің гистологиялық препаратында нефронның дисталды түтікшесінің әкелуші және әкетуші артериолалардың арасында орналасқан аймағы берілген. Түтікшенің қабырғасын түзеген жасушалардың ядролары тығыз орналасқан, базалды мембранасы жоқ. Сипатталған құрылымды анықтаңыз://

    ***

    6.Электронограммада нефронның проксимальді бөлімі эпителийінің жиектелген жасушаларының базальді бөлігінде плазмолемма қатпарлары және олардың аралығында орналасқан митохондриялар көрінеді. Бұл жасушалардың базальді бөлігі несептің қандай компоненттерінің реабсорбциясын қамтамасыз етеді://

    ***

    7.Ұрықта тұрақты бүйрек қалыптасады://

    ***

    8.Нефрон ілмегі (Генле ілмегі) түзіледі://

    ***

    9.Қуықтың кілегей қабығының эпителийін таңдау://

    ***

    10.Несепағардың кілегей қабығын тыстайтын эпителий://

    ***

    11.Біріншілік несепті белоктардың реабсорбциясы мына бүйрек түтікшелерінің қайсысында жүреді://

    ***

    12.Нефрон капсуласының сыртқы жапырақшасының эпителиальды жасушаларының пішіні://

    ***

    13.Бүйректің қыртысты затындағы жинағыш түтікшеледің қабырғасын төсейтін эпителий//

    ***

    14.Науқастың несеп анализінде қант табылған. Анализге несеп таңертең аш қарынға алынған. Бүйректің қандай құрылымдарының функциясы бұзылуымен осыны байланыстыруға болады://

    ***

    15.Дәрігер науқаста бүйрек ауруы нәтижесінде «бүйрек гипертониясы» – жалпы қан қысымының жоғырылағанын тапқан. Бұл асқынуды бүйректің қандай құрылымдарының деструкциясымен байланыстыруға болады?//

    ***

    16.Электронограммада нефронның проксимальді бөлімі эпителийінің жиектелген жасушаларының базальді бөлігінде плазмолемма қатпарлары және олардың аралығында орналасқан митохондриялар көрінеді. Бұл жасушалардың базальді бөлігі несептің қандай компоненттерінің реабсорбциясын қамтамасыз етеді://

    ***

    17.Бүйректің электронды микросуретінде органеллалары жақсы дамыған, өсінділері бар, ірі жасушалар көрінген. Жасушалар денесінен бірнеше ұзын, жуан өсінділер шығып, кейіннен ұсақ өсінділерге тармақталады. Бүйрек жасушаларының түрін анықтаңыз://

    ***

    18.Электронды микросуретте бір қабатты текше тәрізді эпителиймен астарланған бүйрек құрылымы көрсетілген. Зәр түзу процесіндегі бұл құрылымның функциялық маңызын анықтаңыз://

    ***

    19.Электронды микросуретте сопақша және полигоналды бүйрек жасушалары анықталған. Бұл жасушалардың цитоплазмасында оң ШИК-реакциясын беретін, ірі секреторлы түйіршіктер бар. Бүйрек жасушаларының түрін анықтаңыз://

    ***

    20.Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста зәрдің қышқылдануы жүрмейді, сондықтан да оның бактериоцидтік қасиеті жоқ. Бүйректің зақымдалған жасушаларының түрін анықтаңыз://

    ***

    21.Пациентке лабораториялық зерттеу жүргізу барысында зәрінде глюкоза бар екендігі анықталды, ал оның қан плазмасындағы мөлшері қалыпты деңгейде болып шықты. Бұл жағдайдың ең дәлірек себебі ... бұзылуы болып табылады.//

    ***

    22.Бүйректің электронды микроскопиясында куб тәрізді эпителиймен тысталған өзекшелер анықталды. Эпителий құрамында ашық және күңгірт түсті жасушалар бар. Ашық түсті жасушаларда органеллалар аз, ал күңгірт түсті жасушалар, өзінің құрылысы мен қызметі жағынан асқазанның париеталды жасушаларына ұқсас. Бүйрек өзекшесінің типін анықтаңыз.//

    ***

    23.Несеп шығару жүйесіндегі қабыну процестерінің пайда болуына, зәрдің бактериоцидтік әлсіз қышқылдық реакциясының, ондай қабілеті жоқ - әлсіз сілтілі түріне ауысып кетуі себеп болады. Зәрдің реакциясының қышқылдануы ... іске асады.//

    ***

    24.Біріншілік зәрден белок реабсорбциясы бүйрек түтікшелерде өтеді://

    ***

    25. Несептің құрамындағы Na+ мөлшерінің ауытку ерекшеліктерін анықтап отыратын бүйректеің эндокринді аппаратының жасушалары://

    ***

    АТАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ

    1.Аталық жыныс безі препаратының көлденең кесіндісінде иректелген ұрық түтікшелері көрінеді. Олардың базальды мембранасында базальды бөлігі кең, шеттері тегіс емес ядросы орналасқан және ұшы жіңішке, түтүкшенің қуысына дейін жететін ірі жасушалар орналасқан. Берілген сипаттамаға келесі жасушалар сәйкес келеді://

    ***

    2.Гистологиялық препаратта көптеген каналшалары бар репродуктивті мүше берілген. Каналшалардың қабырғасы базальды, миоидты және талшықты қабаттардан тұратын меншікті қабықтан құралған. Базальды мембранасында сүйемелдеуші клеткалармен сперматогенді эпителий орналасқан. Препаратта қандай мүше берілгендігін көрсетіңіз.//

    ***

    3.Төбелері иірімді түтікшенің қуысына жететін пішіні пирамида тәрізді иірімді өзекшелерінің қабырғасындағы жасушалар://

    ***

    4. Андрогенбайланыстырушы белокты синтездейтін жасушалар://

    ***

    5. Еннің иректелген ұрық түтікшелеріндегі трофикалық кызмет атқаратын жасушалар://

    ***

    6.Аталық жыныс жүйесіндегі ингибинді синтездейтін жасушалар://

    ***

    7. Сперматогенездің қай сатысында сперматогониялардың митоз жолымен бөлінуі жүреді://

    ***

    8.Сперматидалардың түзілуі сперматогенездің қай сатысында жүреді://

    ***

    9.Қуық асты безі құрлысы бойынша://

    ***

    10.Бульбуретральды бездер құрылысы бойынша://

    ***

    11.Сперматогенез сатысының реттілігі://

    ***

    12.Студент қуық асты безінің препаратын зерттеді. Кіші ұлғайтқышта без бөліктерін қарады. Без бөліктері болбыр дәнекер тінімен қапталған. Қуықасты безі құрылысы бойынша қандай безге жатады://

    ***

    13.Ен препаратында ирек ен каналшаларының базальды мембранасында орналасқан клеткалар байқалады. Клеткалар пирамида пішінді, ұштары каналшалардың саңылауына дейін жетеді. Бұл сипаттамаға қай клетка сай келеді?//

    ***

    14.27 жастағы екіншілік жыныс белгілерінің қалыптасуы зақымдалған науқасты тексеру кезінде қанында тестостерон мөлшері төмен екендігі анықталды. Секреторлық белсенділігі төмен болып тұруы мүмкін және өндірілген тестостерон мөлшеріне жауапты жасушаларды анықтаңыз://

    ***

    15. Еннің торын тыстайтын эпителий://

    ***

    16.Аталық жыныс безі препаратының көлденең кесіндісінде иректелген ұрық түтүкшелері көрінеді. Олардың базальды мембранасынан алшақтау ірі дөңгелек пішінді, мейоз күйіндегі жасушалар көрінеді. Бұл жасушалардың ядроларында хроматин анық көрінеді. Берілген сипаттамаға келесі жасушалар сәйкес келеді://

    ***

    17.Адамда спермтогенез қанша тәулікке созалады?//

    ***

    18.Аталық жыныс безі препаратын зерттегенде, онда қуыстары қалыптасып келе жатқан ұрықтық каналшықтар көрінеді. Қабырғасының басым бөлігін Сертоли жасушалары құрайды, сонымен қатар сперматогонийлер кездеседі. Бұл көрініс қандай жасқа сәйкес келеді://

    ***

    19.Гистологиялық препаратта қабырғасы үш қабықтан тұратын аталық жыныс мүшесі берілген. Ішкі қабығы бір қабатты бағаналы эпителиймен қапталған және көптеген тармақталған қатпарларға жинақталған. Ортаңғы қабығы тегіс салалы бұлшық еттің 2 қабатынан тұрады. Сыртқы қабығы тығыз талшықты дәнекер тіннен түзілген. Сипатталған мүшені анықтаңыз://

    ***
    20.Шырышты қабығы кірпікшелі және безді жасушалардың топтары кезектесіп орналасқан бір қабатты эпителиймен қапталған. Ұрық шығарушы жолдың бөлімін анықтаңыз://

    ***

    21.Гистологиялық препараттағы аталық жыныс жүйесінің қосымша безінде семуге ұшыраған бөлшектер айқындалған. Бездің секреторлы бөлімі аласа призмалы эпителиоциттермен қапталған, қуысында простаталық конкрециялар бар және дәнекер тінді стромасы тығыздалған. Бұл препаратта қандай без берілген?//

    ***

    22. 25 жасар пациенттің шәуеттік сұйықтығын зерттегенде жыныстық жасушалар саны жеткіліксіз екендігі анықталды. Ер адамның жыныстық бездерінің қай жасушалары әдетте сперматозоидтар санының жеткілікті болуын қамтамасыз етеді://

    ***

    23.Жыныс бездерінің даму көздерін атап көрсету://

    ***

    24.Сперматогенез фазаларының кезектілігін атау://

    ***

    25.Аталық жыныс безінің стромасын атау://

    ***

    26.Андроген байланыстырушы белокты синтездейтін жасушаларды атау://

    ***

    АНАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ

    1.Әйел адамдарда овариальды-менструальды циклдің бірнеше кезеңдерін (фаза) ажыратады. Менструальды кезеңде эндометрий қандай өзгеріске ұшырайды://

    ***

    2. 18 жастағы қызда эстрогендердің жетіспеушілігінен етеккір жоқ және жыныстық дамудың тежелгені байқалады. Бұл жағдай аналық жыныс безінің келесі құрылымының қызметінің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін://

    ***

    3.Аналық безі препараттын зерттегенде құрамында 1-ші реттік овоцит болатын жұмыртқа төмпешігі фолликулдың көрінеді. Сипатталған фолликулдың пісіп жетілу деңгейін белгілеңіз://

    ***

    4.Лютеиндеуші гормонның әсер ету ықпалынан аналық безде прогестеронды синтездейтін құрылым пайда болады. Осы құрылымды көрсетіңіз://

    ***

    5.Жатыр түтігінің даму көзі://


    ***

    6. Аналық жыныс безі жасушаларының дамуында (овогенез) аналық безде және бірнеше кезеңді сатысы қосылады. Овогенез кезеңдерін атаңыз://

    ***

    7.Аналық жыныс бездің препаратында құрамында пигмент лютеин бар, ірі безді жасушалардан тұратын дөңгелек пішінді құрылым анықталды. Аналық жыныс безінің құрылымын көрсетіңіз://

    ***

    8.Бедеулікпен зардап шеккен әйелдің эндометрийінің биопсиялық материалында прогестерон гормонының әсеріне негізделген жатырдың эндометрий қабатында өзгерістер анықталды. Бұл гормон қайда өндіріледі?//

    ***

    9.Аналық жыныс безінің препаратында қабықтық заттың шеткері аймағында көптеген үсақ фолликулдар көрінеді. Олар бір қабат жазық фолликулярлық жасушалармен қоршалған 1 реттік ооциттен тұрады. Фолликул түрін анықтаңыздар://

    ***

    10.Аналық жыныс безінің препаратында жарқырауық қабықшамен және бір-екі қабат болып орналасқан текшелі фолликулярлық жасушалармен қоршалған 1 реттік ооциттен тұратын фолликул көрінеді. Теканың қалыптасуы басталған. Фолликул түрін анықтаңыздар://

    ***

    11.Аналық жыныс безінің препаратында жарқырауық қабықшамен және көп қабатты фолликулярлық эпителиймен қоршалған 1 реттік ооциттен тұратын фолликул көрінеді. Эпителийде сұйықтыққа толы қуыстар пайда болады, ал текаға қан тамырлары өтеді және ол ішкі және сыртқы қабаттарға бөлінеді. Фолликул түрін анықтаңыздар://

    ***

    12.Аналық безі қыртысты затынының препаратында атретикалық және ақ денелер көрінеді. Даму барысындағы фолликулдар байқалмайды. Бұл көрініс қандай жасқа сәйкес келеді://

    ***

    13.Аналық жыныс мүшесінің гистологиялық препаратында ірі, тармақталған қатпарларға жиналған екі қабаттан тұратын қабық көрсетілген. Бірінші қабаты кірпікшелі және безді жасушалардан тұратын бір призмалы эпителийден, екінші қабаты борпылдақ талшықты дәнекер тіннен түзілген. Мүшені және оның қабығын анықтаңыз://

    ***

    14.Сары дененің даму кезені – толысу – сипатталады://

    ***

    15.Сот-медициналық сараптамаға белгісіз әйелдің мәйіті жеткізілді. Секциялық зерттеу кезінде анабезде диаметрі 5см, сары түсті пигменті бар, домалақ құрылым анықталды. Бұл құрылым ... жасушалардан тұрады.//

    ***

    16.Гинекологиялық бөлімшеде бедеулік диагнозы бар әйелге эндометридің диагностикалық биопсиясы жасалады. Микроскопиялық зерттеу эндометридің өте ісінгенін, жатыр бездерінің иірімденгенін және ішінде қою секретке толы екендігін көрсетті. Бұндай өзгерістер эндометриге ... әсерімен байланысты болады.//

    ***

    17.Овориальды циклдын фолликулярлық фазасында анықталатын аналық бездің құрылымдары://

    ***

    18.Аналық жыныс безінің препаратында құрамында пигмент лютеин бар, ірі безді жасушалардан тұратын дөңгелек пішінді құрылым анықталды. Аналық жыныс безінің құрылымын көрсетіңіз://

    ***

    19.Сары дененің даму кезеңдері://

    ***

    20.Жатыр түтіктерінің, жатырдың және қынаптың даму көзін атау://

    ***

    21.Аналық бездің жетілген фолликуласының қабықтарын ретімен таңдау://

    ***

    22.Аналық бездің стромасын атау://

    ***

    23.Фолликулинді өндіретін аналық жыныс без фолликуласының жасушаларын тізу://

    ***

    24.Жатырдың кілегей қабығының эпителийін таңдау://

    ***

    ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ
    1.Плацента бірқатар гормондарды бөліп шығарады да, уақытша эндокриндік бездің қызметін атқарады. Медициналық тәжірибеде жүктілікті ертерек сатыда диагноздау үшін қолданылатын гормонды атаңыз://

    ***

    2.Соматотропин гормоны бөлінеді: //

    ***

    3.Катехоламиндерді бөлетін бүйрек үсті безінің эндокриноциттері орналасады://

    ***

    4. Қалқанша маңы безі дамиды://

    ***

    5.Адамның эпифизінің дамуының шарықтау кезеңі: //

    ***

    6.Паратирин гормонын өндіретін без: //

    ***

    7.Нейрогипофиздегі Херринг денешіктері бұл: //

    ***

    8.Бүйрекүсті безінің альдестерон синтездейтін эндокриноциттері: //

    ***

    9.Қалқанша безінің парафолликулярлы жасушалары орналасады://

    ***

    10.Дәрігерге 45 жастағы ер адам қаралуға келді. Ол мұрын, табан, жақ, қас үсті доғаларының, қол ұштарының өлшемі ұлғайып кету туралы шағымданды. Оған акромегалия диагнозы қойылды. Осы науқаста гипофиздің қандай жасушаларының функциясы күшейген://

    ***

    11.Бүйрек үсті безінің қыртысты затының зақымдануы қалыптасып, ол альдостеронның өндірілуін бұзды. Бүйрек үсті безінде альдостеронның бөлінуіне жауапты морфологиялық құрылымның орналасатын жерін анықтаңыз://

    ***

    12.Әйелдің бала босануы кезінде жатыр жиырылуының төмендеуі байқалған. Миометрийдің жиырылғыш функциясын ынталандыратын гипоталамустың гормонын көрсетіңіз://

    ***

    13.Қалқанша безінің құрылымдық-функционалдық бірлігі://

    ***

    14.Қалқанша безі фолликулдарының секреторлы циклының фазалары://

    ***

    15.Кортикостероидтарды синтездейтін бүйрек үсті безінің жасушалары://

    ***

    16.Қалқанша безінің кальцитонин бөлетін жасушалары://

    ***

    17.Аденогипофиздің гистологиялық препаратын зерттегенде, ядросы шетінде орналасқан, макуласы бар базофильді жасушалар көрінеді. Олар жыныс бездердің функцияларын реттейтін гормондарды секрециялайды. Осы жасушаларды көрсетіңіз://

    ***

    18. 7 жастағы баланың бойы 4 жасар баланың бойына сәйкес, ақыл-есінің дамуы бұзылмаған. Бұл жағдай келесі бездің қызметінің зақымдануымен байланысты болуы мүмкін://

    ***

    19.Тироциттер - қалқанша безінің фолликулаларының қабырғаларының көп бөлігін құрайтын безді жасушалар. Қызметі қалыпты жағдайда тироциттерпішіні куб тәрізді болады, бірақ қызметтік белсенділігі өзгергенде жасуша пішіні өзгереді. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде тироциттердің пішіні қандай болады?//

    ***

    20.Гистологиялық препаратта эндокринді жүйенің мүшесі берілген. Мүше үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Алдыңғы бөлігінің паренхимасы синусоидты капиллярлармен қоршалған эпителиалды трабекулалармен түзілген. Осындай морфологиялық сипаттамасы бар мүшені анықтаңыз.//

    ***

    21.Гистологиялық препаратта эндокринді жүйенің мүшесі - бүйрек үсті безі берілген. Оның - қыртысты және милы заттарын ажыратады. Қыртысты затында үш аймақ бар. Бүйрек үсті безінің қай аймағында альдостерон синтезделеді?//

    ***

    22.Экспериментальды жануардың эндокринді безін алып тастағаннан кейін уақытынан бұрын жыныстық жетілуі болды. Қай без алынып тасталған?//

    ***

    23. 16 жастағы жасөспірімнің бойы 185 см. және ол одан ары өсіп жатыр.Соматотропин гормонының секрециясыжоғарылаған. Соматотропин гормоны қай жерде өндіріледі?//

    ***

    24.Өсу гормонын өндіретін гипофиздің жасушалары://

    ***

    25.Эндокриндік жүйенің орталық реттеуші құрылымдарын атау://

    ***

    26.Соматотропин гормонын шығаратын гипофиз бөлімін атау://

    ***

    27.Қан мен сүйек тініндегі кальций деңгейін реттейтін безді таңдау://

    ***

    28.Аденогипофиздің эмбрионалды даму көзін атау://

    ***

    29.Қалқанша безінің гипофункциясы кезіндегі фолликулдың эпителийін атау://

    ***

    30.Қалқанша безінің гиперфункциясы кезіндегі фолликулдардың эпителийін атау://

    ***

    31.Альдостерон синтезделетін бүйрек үсті безіндегі аймақты атау://

    ***

    32.Қалқанша безінің нормофункциясы кезіндегі фолликулдардың эпителийін атау://

    ***

    ҚАН ЖАСАУ МҮШЕЛЕРІ
    1.Айыршық без бөлікшесінің қыртысты затының құрылымы://

    ***

    2.Көкбауырдың шығу тегі://

    ***

    3.Жастық инволюцияға бейім қан жасау және иммундық қорғаныс мүшесі://

    ***

    4.Лимфа түйінінде ажыратылатын аймақтар://

    ***

    5.Лимфа түйіншіктерінің лимфа түйінінде орналасқан аймағы://

    ***

    6.Талақтың ұлпасын құрайтын тін://

    ***

    7.Сүйек диафизіндегі қызыл сүйек кемігі сары сүйек кемігіне алмасады://

    ***
    8.Ретикулярлы клеткалар мен В-лимфобластардан тұратын талақтың лимфа түйіншіктерінің аймағы://

    ***

    9. Айыршық безінің капсула асты аймағында орналасады: //

    ***

    10.Лимфа түйінде В-лимфоциттердің пролиферациясы мен дифференциялануы мыналардың ұайсысында жүреді://

    ***

    11.Негізінен кіші В-лимфоциттерден тұратын көкбауырдың лимфа түйіншіктерінің аймағы://

    ***

    12.Дәрігер балаға профилактикалық қарау жүргізді. Лимфа түйіндерінің жағдайы қалыпты екендігін анықтады. Лимфа түйіндерінің толық қалыптасуы қай жаста болады?//

    ***

    13.Патологиялық үдерістің нәтижесінде эритроцитопоэз, гранулоцитопоэз, моноцитопоэз, тромбоцитопоэз зақымдалды. Бұл бұзылыстар келесі қан түзуші мүшенің патологиялық өзгерістерін білдіреді://

    ***

    14.Студент көкбауыр препаратын зерттеу барысында көкбауырдың лимфоидты түйіншелерінің ретикулярлы жасушалар және пролиферацияланушы В – лимфобласттардан құралған аймағын анықтай алмады. Сипаттамаға сай келетін аймақты көрсетіңіз.//

    ***

    15.Дәрігерге баласының көптеген жұқпалы ауруларға сезімтал және жиі ауыратындығына шағымданып әйел келді. Баланың қан анализінде лейкоциттердің айқын төмендеуі анықталды. Иммундық қорғаныш мүшелерінің қайсысы мұндай өзгерістерге алып клеуі мүмкін?//

    ***

    16.Науқастың қан анализінде эритроциттер саны қалыпты, бірақ гемоглобин мөлшерінің төмен болуы табылды. Қай қан жасау мүшесінің қызметі бұзылған?//

    ***

    17.Қанға тимозин, тимулин, тимопоэтин гормондарын бөлетін қан түзетін мүше://

    ***

    18.Айыршық безінің құрылысы://

    ***

    19.Лимфа түйінінде Т-лимфоциттер орналасады://

    ***

    20.Талақтың капсуласың құрайтын тін://

    ***

    21.Шеткі қан жасау және иммундық қорғаныш мүшелеріне жатады: //

    ***

    22.Лимфа түйінінің негізін құрайтын тін://

    ***

    23.Иммунндық реактивтілігі бұзылған балада Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз пролиферациясы мен түрленуі зерттелді. Зерттеу үшін қандай мүшенің пунктанты алынды?//

    ***

    24.Науқастың организмінен тимозинге қарсы антиденер табылған. Пациентте бірінші кезекте қандай жасушалардың дифференциялануы бұзылған?//

    ***

    25.Гистологиялық препараттарда әр түрлі қан түзуші мүшелердің лимфалық түйіндері берілген. Олардың арасынан көк бауырдың лимфалық түйінін келесі морфологиялық белгісінің болуы бойынша анықтауға болады://

    ***

    26. Гистологиялық препаратты микроскопиялық зерттеу кезінде қан түзуші мүшелердің бірінің құрамында мегакариоциттер анықталды. Бұл жасушалардың болуы келесі қан түзуші мүшеге тән://

    ***

    27.Асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеген жағдайда темірдің сіңірілу үрдісі зақымдалады. Бұл жағдайда келесі қан түзуші мүшеде гемопоэздің келесі түрі зақымдалады://

    ***

    28.Сан сүйегі эпифизінің пунктатын зерттегенде гистологиялық препаратта гемопоэтикалық жасушалар, синусоидты капиллярлар және ретикулярлы тін көрінеді. Гемопоэтикалық жасушалардың арасында капиллярлармен шектескен алып көпядролы жасушалар айқындаған. Осы жасушаларды көрсетіңіз://

    ***

    29.Гистологиялық препараттарда әртүрлі лимфоидты ағзалар көрсетілген. Қандай критерий бойынша олардың ішінде көкбауырды ажыратуға болады://

    ***

    30.Қан түзейтін және иммундық қорғаныс мүшелеріне жатады://

    ***

    31.Эмбриональді қантүзілуі процесінде саруыз қапшығының қабырғасында, бауырда, көкбауырда, сүйектің қызыл кемігінде, лимфа түйіндерінде және тимуста жүретін бірнеше кезендерді ажыратады. Интраваскулярлы қантүзілу жүретін ағзаны көрсетіңіз://

    ***

    32.Миелопоэз жүреді://

    ***

    33. Жаңа туған және кіші жастағы балалардың қалқанша маңы бездерінің паренхимасында басым болатын жасушалар://

    ***

    34.Сүйектің сары кемігінің құрамындағы пигменттің түрі://

    ***

    35.Қан түзудің шеткі мүшелерінің даму көзін таңдау://

    ***

    36.Қан түзудің орталық мүшелерін тізімдеу://

    ***

    37.Миелопоэзге қатысатын мүшені таңдау://

    ***

    38.Қызыл сүйек кемігінің стромасын атау://

    ***

    ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
    1.Мишық қыртысының дәнді қабатындағы нейрондарды таңдау://

    ***

    2. Жұлын түйінінің клеткасын таңдау://

    ***

    3.Бас миының үлкен жарты шарларының қыртысының препаратында аздаған ұсақ нейрондардан және жүйке талшықтарының тангенциалды өрімінен құралған беткейлік қабат ажыратылды. Бұл қыртыстың келесі қабаты болып табылады://

    ***

    4.Полиомелитпен ауырған науқаста жұлынның зақымдалуымен қатар қанқа бұлшықеттерінің функциясы бұзылған. Қандай ядролар нейрондарының деструкциясымен осыны түсіндіруге болады://

    ***
    5.Гистологиялық препаратта ақ және сұр заттан тұратын нерв жүйесінің ағзасы берілген. Сұр заты шеткі аймақтарында орналасқан. Нейрондар үш қабатты құрайды: молекулярлы, ганглионарлы және дәнді. Ағзаны көрсетіңіз://

    ***

    6.Бас миы үлкен жартышарлары қыртысының микропрепаратында қабат түзіп орналасқан нейроциттер көрінеді. Алып Бец жасушалары орналасатын қабатты көрсетіңіз://

    ***
    7.Мишық қыртысының препаратында бір қатар құрап орналасқан, ірі, пішіні алмұрт тәрізді жасушалардан құралған қабат ажыратылды. Сипаттамаға сәйкес мүшенің келесі құрылымы://

    ***

    8.Ми жартышарын аймақтарын байланыстыратын талшықтар://

    ***

    9.Үлкен ми жартышарының ганглионарлы қабатын түзетін жасушалар://

    ***

    10. Бас миының үлкен жарты шарларының қыртысының препаратында аздаған ұсақ нейрондардан және жүйке талшықтарының тангенциалды өрімінен құралған беткейлік қабат ажыратылды. Бұл қыртыстың келесі қабаты болып табылады://

    ***

    11.Мишық қыртысының молекулярлы қабатында орналасқан нейрондар://

    ***

    12.Жұлынның қозғалтқыш нейрондарының орналасқан жері://

    ***

    13.Нерв түтігінін шеткі пердесінен дамиды://

    ***

    14.Үлкен ми қыртысында пішіні пирамида тәрізді, биіктігі 120 мкм болатын нейрондары орналасқан қабаты://

    ***

    15.Жұлын сұйықтығын өндіруге қатысатын глиоциттер://

    ***

    16.Мишықтың алмұрт тәрізді нейрондары құрамына кіреді://

    ***

    17.Мишықтағы шырмауық тәрізді нерв талшықтары қандай байланыс түзеді://

    ***

    18.Мишықтағы мүк тәрізді нерв талшықтары мишық шумақтарындағы қай жасушалардың дендриттерімен байланысады://

    ***

    19.Үнемі алкоголь ішімдігін қолданатын науқаста дұрыс қозғалу және тепе-теңдік сақтаудың бұзылғандығы белгілі. Бұл жағдай қандай құрылымдардың қызметінің бұзылғандығына байланысты://

    ***

    20.Гистологиялық препарат берілген. Кіші ұлғайтқышта дәнекер тінді капсуламен қоршалған сопақша пішінді түйін көрінеді. Түйіннің ішкі жағында псевдоуниполярлы нейрондар ұя тәрізді орналасқан. Сипаттама сәйкес келетін мүше://

    ***

    21.Гистологиялық препаратта сұр және ақ заттан тұратын орталық нерв жүйесінің мүшесі анықталады. Сұр заты орталығында орналасқан және көбелек тәрізді пішінге ие. Нейрондар сұр затында топтасып, ядро түзіп орналасқан. Бұл морфологиялық белгілер қай мүшеге тән?//

    ***

    22.Дәрігерге оң қолының сезімталдығының жоғалуы шағымымен науқас қаралды. Зерттеуден кейін кальций тұздарының шөгуіне байланысты төменгі мойын және жоғарғы кеуде омыртқаларының деформациясы анықталды. Қандай жасушалардың қызметі бұзылған?//

    ***

    23.Гистологиялық препаратта ақ және сұр заттан тұратын нерв жүйесінің ағзасы берілген. Сұр заты шеткі аймақтарында орналасқан. Нейрондар үш қабатты құрайды: молекулярлы, ганглионарлы және дәнді. Ағзаны көрсетіңіз://

    ***

    24.Жұлын түйіндерінің стромасын құрайтын тінді таңдау://

    ***

    СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ
    1.Көздің түбін тексеру барысында сыртқысынан басқа барлық қабаттарының шетке ығыстырылып, жарық сәулесінің өтуін жеңілдететін және қалыпты жағдайда ең жақсы көруді қамтамасыз ететін аймақта зақымдану бар екені анықталды. Торлы қабықшаның келесі аймағы зақымдануға ұшырады:

    ***

    2.Көздің түбін тексеру барысында ганглионарлық қабаттың барлық мультиполярлық нейрондарының аксондары түйісетін аймақта зақымдану бар екені анықталды. Торлы қабықшаның келесі аймағы зақымдануға ұшырады:

    ***


    3.Глаукомамен ауыратын науқаста көз іші қысымы кірпікшелік дененің сулы ылғалды дұрыс бөліп шығаруына қарамастан, жоғарылауы анықталды. Көз алмасының алдыңғы камерасынан сұйықтықтың ағымының бұзылуы ... зақымдануымен байланысты.

    ***

    4.Көздің қосалқы аппаратының құрамына жатады://


    ***

    5.Автомобильді басқару мүмкіндігіне медициналық тексеруге келген ер адамда түстерді ажыратудың зақымдалғандығы (дальтонизм) анықталды. Бұл құбылыс көздің торлы қабықшасының келесі жасушаларының гендік деңгейде шарттастырылған жоқтығымен байланысты://

    ***

    6.Көру анализаторының өткізу жолдарын студент зерттеу барысында көру жүйкесін қалыптастыратын нейрондардың орналасуын анықтауға қиынсынды. Осы нейрондардың көздің торлы қабығындағы орналасу орнын көрсетіңіз://

    ***

    7.Науқаста цилиарлы дене зақымдалған. Бұл жағдайда көздің қай аппаратының қызметі бұзылады?//

    ***

    8.Көру мүшесінің келесі аппараттарын ажыратады://

    ***

    9.Көз дәрігері тексеру барысында пациент көк және жасыл түстерді ажырата алмайтындығы, ал қалған түстерді қалыпты жағдайда қабылдайтындығы анықталды. Бұл құбылыс көздің торлы қабығындағы қандай нейрондардың қызметтерінің бұзылуына байланысты?//

    ***

    10.Сезім мүшелерінің электронды микросуретінде түкті жасушалар көрінеді, оның апикальды бөлігінде қысқа микробүрлі стереоцилии және полярлы ығысқан киноциялиялары бар. Бұл жасушалар қай сезім мүшесіне тән?//

    ***

    11.Дабыл жарғағының сыртқы беткейін тыстайтын эпителийді атаңыз.//

    ***

    12.Антибиотиктер (стрептомицин), хинин және басқа фармакологиялық препараттардың үлкен өлшемдерімен емдеу барысында есту қабілетінің зақымдалуы жиі байқалады. Бұл жағдайда қандай жасушалардың қызметінің бұзылуы және анализатордың қай бөлігінің зақымдалуы мүмкін екенін анықтаңыз://

    ***

    13.Ұлу мүшесінің сыртқы сенсорлы эпителиоцитінің пішіні://

    ***

    14.Жарғақты лабиринттің ұлу каналының қуысы толтырылған://

    ***

    15.Науқаста бас жарақатының салдарынан тепе-теңдік мүшесінің жартылай айналмалы каналшаларының ампулярлы айдаршықтары зақымдалған. Қандай тітіргендіргіштерді қабылдау бұзылады?//

    ***

    16.Гистологиялық препаратта қан капиллярлары бар, көп қатарлы эпителийден түзілген жарғақты лабиринттің аймағы берілген. Аталған элементті анықтаңыз://

    ***

    17.Электронограммада мұрын қуысының кілегей қабығының эпителийі құрамында болатын, нейральды бастамадан дамыған жасуша берілген. Жасушаның перифериялық өсіндісінің дистальды бөлігі түйреуіш тәрізді бұлтиып, одан кірпікшелер таралған. Бұл қай жасуша екендігін анықтаңыз//

    ***

    18.Бокспен айналысатын спортшы мұрнынан жарақат алғаннан кейін иіс сезу қабілетінің бұзылғанын байқады. Иіс сезу қабілетінің жоғалуы қандай жасушалардың зақымдануынан болады?//

    ***

    19. Сенсорлы жасушаларда қысқа дендриттері мен ұзын аксоны бар. Дендриттердің ұшы түйреуіш тәрізді жуандалып, аяқталған. Ал аксондары бірігіп, 20-40 жіпше тәрізді бағаналарын түзетін сезім мүшесін табыңыз://

    ***

    20.Иіс сезу төсенішінің жасушалары://

    ***

    21. Отолитті мембрананың орналасқан жері://

    ***

    22. Құрамындағы сенсорлық және тіректік жасушаларының пішіні қоңырау тәрізді, қуысы жоқ, үсті желатин тәрізді мөлдір затпен жабылған мына мүшелердің қайсы://

    ***

    23. Тепе-тендік сақтау мүшесіндегі эллипс тәрізді және дөңгелек қапшықтарындағы есту дағының жасушалары://

    ***

    24.Көздегі Шлеммов каналының кызметі://

    ***

    25.Сыртқы есту жолын тыстайтын эпителий қайсы://

    ***

    26.Дабыл жарғағының ішкі бөлігін тыстайтын эпителиі://

    ***

    27. Жарғақты лабиринттің кіреберіс қуысы неге толы://

    ***

    28.Ортаңғы құлақтағы дабыл құысы неге толы://

    ***

    29.Көз бұршағының шығу тегін атау://

    ***

    30.Иіс сезу мүшесінің шығу тегін атау://

    ***

    31.Сыртқы құлақтың құрамын сипаттау://

    ***



    Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары (аралық бақылау арналған). Бесінші басылым.

    Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Издание пятое.

    F PRO WKMU 703-08-2020. Measuring instruments (for intermediate control). Fifth edition.



    написать администратору сайта