Главная страница

казтрансга. Компания туралы


Скачать 1.39 Mb.
НазваниеКомпания туралы
Дата27.04.2018
Размер1.39 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаказтрансга.docx
ТипДокументы
#42374

Компания туралы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ — еліміздің газдандырылған барлық 10 облысында магистралды және таратушы газ құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасындағы газбен жабықтаушы ірі компания.
Біздің миссиямыз — адамдарға жылу мен қуаныш сыйлау, еліміздің өркендеуіне үлес қосу.
Біздің артықшылықтарымыз – ҚР тұтынушыларын газбен жабдықтаудағы сенімділікті, қол жетімділікті және сапаны арттыру. Қызметтердің сапасын, мерзімдерін және құнын ең жақсы байланыстыруға біз жұмыстарды кәсіби орындау және тұтынушыға ерекше назар аудару арқылы қол жеткіземіз.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ пайымы:
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық Оператор – «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы бола отырып, мықты кадрлық әлеуеттімен, заманауи инновациялық және ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген жоғары материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ газбен жабдықтау саласында қызметтерді көрсету бойынша жетекші Компания бола отырып, болашақта табиғи газды сенімді жеткізуді және тасымалдауды, газбен жабдықтау қызметтерінің жоғарғы сапасын, қызметтердің тиімділігінің өсуін және ғылыми-техникалық әлеуеттің қолданылуын қамтамасыз ететін кепілгер болады.
Құндылықтары:
1. Заңдарды сақтау;
2. Кәсіпқойлық;
3. Жетекшілік;
4. Сападағы адалдық;
5. Инновациядағы және шығармашылықтағы белсенділік;
6. Демократиялық рух және корпоративтік мәдениет;
7. Кәсіби командамен жұмыс;
8. Тиімділік;
9. Өзара тиімді қызметтестік;
10. Тәртіп;
11. Тұрақты даму және оқу;
12.Мирасқорлық;
13.Адамдардың өмірінің сапасы туралы қамқорлық;
14.Әдептілік және өнегелік;
15.Адамға деген құрмет;
16.Игі салттарды қолдану;
17.Әлеуметтік қамқоршылдық, ардагерлерге қамқорлық және жастарды қолдау.
Қағидалар:
18. Тұтынушылардың, қоғамның, мемлекеттің қажеттілігін, талаптарын және үміттерін қанағаттандыруға бағдарлану;
19. ҚР индустриялы дамудың мемлекеттік стратегиясын жетілдіруге көмектесу және іске асыру;
20. Қызметтерді және технологияларды тұрақты жақсарту;
21. Қызметтерді кешенді дамыту;
22. Заманауи басқару технологияларын қолдану;
23. Корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін тұрақты көтеру;
24. Ашықтық және есеп берушілік;
25. Қызметкерлерге тең мүмкіндік және әділ қарым-қатынас;
26. Қоғамның тұрақты болашағына жауапкершілік.
Біздің компанияның құрылған күні 2002 жылдың 15 сәуірі, бұл күні КазТрансГаз» АҚ шешімімен «КазТрансГаз Дистрибьюшн» ЖАҚ құрылды.
2005 жылы «Аймақтық газ тасымалдау жүйесі» АҚ қосылғаннан кейін қайта құрылды, 2007 жылдың 25 қаңтарында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ деген жаңа атауға ие болды. 2007 жылдың 11 маусымынан бастап компания таратушы газ құбырларымен газ тасымалдауды өзінің өндірістік филиалдары арқылы жүзеге асыра бастады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жалғыз акционері «ҚазТрансГаз» АҚ болып саналады, ол 100% «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ еншілес құрылымы.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 43 мың км. таратушы және магистралды газ құбырлары және өзге қажетті инфрақұрылымды біріктірген Қазақстанның ірі газ таратушы кешеніне айналды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қала, ауыл, елді мекендерді газдандыру, сонымен қатар алдағы уақытта оларды урбанизациялау және өнеркәсіптік әлеуетін дамыту үшін газ инфроқұрылымын құру жөніндегі Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын табысты орындап келеді.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері- тауарлы газды жеткізуді, таратушы желілер бойынша көгілдір отынды тасымалдауды, аймақтарға газ тасымалдау активтерін басқаруды ұйымдастыру.
Қызметтің басты бағыты — елді мекендерге, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен авариясыз және үздіксіз қамтамасыз ету.
Бүгінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдары Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарына тауарлы газ жеткізеді.
Қазақстандағы тауарлы газды өткізу нарығындағы компанияның үлесі 95% өсті. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның абоненттер саны 1 миллион 600 мыңнан астам (8 млн тұрғын), сондай-ақ 35 мыңнан астам кəсіпорын.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығы, қызметкерлері және өндірістік филиал жұмыскерлері жоғарғы еңбек және өндірістік қызметтері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Қалаларда, елді мекендерде, кәсіпорындарда мерзімінен бұрын газдандыру жұмысын сәтті, табысты өткізгені үшін біздің компания облыс, қала әкімдерінен, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы филиалдарынан алғыс хаттар алды.

қазтрансгаз
ҚазТрансГаз» компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы №173 қаулысына сәйкес құрылған. 2004 жылғы 9 маусымнан бастап «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңына сәйкес «ҚазТрансГаз» жабық акционерлік қоғамы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы болып қайта аталған. 2004 жылғы 09 маусымдағы №13898-1901-АҚ заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігін Астана қаласының Әділет департаменті берген.
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүдесін білдіретін, Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы ірі компания болып табылады.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ оның Жалғыз акционері болып табылады. ҚазТрансГаз табиғи газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарыққа газ сатумен айналысады, құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын дайындайды, қаржыландырады, салады және пайдаланады.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі №914 қаулысына сәйкес «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды.

КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛЫМЫ


http://www.kaztransgas.kz/images/ktg_structure_kaz3.png

ҚазТрансГаз компаниялар тобына 13 еншілес және тәуелді компания кіреді, олар мынадай бизнес-бағыттар бойынша берілген:
ресурстық базаны кеңейту: «Амангелді Газ» ЖШС, «ҚМГ-Қансу оперейтинг» ЖШС, «Сарыарқа Газ Даму» ЖШС;

магистральдық тасымалдау: «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық Газ құбыры» ЖШС, «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС, «ҚазТрансГаз-Бішкек» ЖШҚ, «Астана Газ ҚМГ» АҚ;

газ тарату жүйелері бойынша тасымалдау: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ;

газбен жүргізілетін сауда операциялары: «ҚазТрансГаз - Өнімдері» ЖШС, «ҚазРосГаз» ЖШС.

өзге де ЕТҰ: «Intergas Finance B.V.»

ҚТГ МІНДЕТІ, КӨРІНУІ ЖӘНЕ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ КОМПАНИЯНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

Газ саласындағы қызметті жүзеге асыратын ҚазТрансГаз және оның еншілес және тәуелді ұйымдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамында тік интеграцияланған компаниялар тобын құрайды.

ҚазТрансГаз негiзгi стратегиялық мақсаты активтер құнының көтерiлуi мен газ саласын диверсификациялау және жаңғыртуына жәрдемдесу болып табылады.
«ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
«қазтрансгаз» ақ қызметінің басым бағыттары
ҚазТрансГаз миссиясы – Халықтың өмір сапасын жақсартып және әлемдегі әріптестікті нығайта отырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

http://www.kaztransgas.kz/images/ktg_mission_kaz.jpg

ҚазТрансГаз пайымдауы – халықаралық деңгейдегі жоғары тиімді газэнергетикалық компания.
ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

даму перспективалары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙМАҚТАРЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖОБАЛАРЫ
«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН ГАЗДАНДЫРУ» ЖОБАСЫ
Жобаны іске асыру мерзімі – 2014-2016 жж.
Жоба шеңберінде 5 елді мекен газдандырылды: Арал, Әйтеке би, Байқоңыр, Жаңақорған және Шиелі. Жоба сондай-ақ жақын арадағы ауылдарды газдандыру үшін инфрақұрылым құрады және газдандырылған қалалардың тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады. Жалпы Қызылорда қаласын газдандыру аймақтың тұрақты экономикалық өсуі үшін сенімді энергетикалық базаны құруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру шеңберінде 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 6,4 км. орта қысымды газ құбыры салынды. Жобаны іске асыру аяқталды. Жоба бойынша барлығы келесі жұмыстар орындалды: ұзындығы 1293,38 км. газ құбыры салынды, 5 АГТС, 13 ГРП, 174 ШГРП, 2 ГРЕП монтаждалды.
Мәртебесі: Жоба толығымен аяқталды. Жаңа абоненттерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН ГАЗДАНДЫРУДЫ КЕҢЕЙТУ» ЖОБАСЫ
Жобаны іске асыру мерзімі – 2016-2017 жж.
Инвестициялық жобаға 2015 жылы 17 қарашада Қостанай облысы Әкімдігі, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасында жасалған өзара қызметтестік туралы үш жақты меморандумға сәйкес бастамашылық жасалды.
Жобамен Денисов ауданы Алчановка а., Антоновка а., Қарабалық ауданы Тоғызақ а., Әулиекөл ауданы Әулиекөл а., Қашар а., Рудный қ., Октябрьск а., Лисаковск қ., Рудный қаласын келешекте газдандыру қарастырылады.
Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы шамамен 391,6 км. өткізгіш және ауылішілік газ құбырын, оның ішінде жоғары қысымды газ құбыры – 168,3 км., орта қысымды – 9,3 км., төмен қысымды – 214 км., АГТС – 1 бірлік, ГБП -14 дана, ШГРП -5 дана, ГРБ – 1 бірлік салу қарастырылған.
2016 жылы Жобаны іске асыру шеңберінде «Рудный қаласының Қашар ауылына газ тарату желілерін салу», «Лисаковск қаласы Октябрьский ауылын газдандыру» объектілері пайдалануға берілді, бұл ретте 60 км. газ құбыры салынды, 4 БГРП орнатылды.
Мәртебесі: 2016 жылдың аяғында Қашар және Октябрьский кенттеріне табиғи газ өткізілді. Қазіргі уақытта жаңа абоненттерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ГАЗ ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ» (1 КЕЗЕҢ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ)
Жобаны іске асыру мерзімі – 2010-2016жж.
Оңтүстік Қазақстан облысы «ҚТГ Аймақ» АҚ-мен жүзеге асырылатын ҚР газбен жабдықтау жүйелерін жаңғыртудағы пилоттық бағдарлама объектісі болды. 2009 жылы басталған газ таратушы желілерді жаңғырту шеңберінде бұл жерде газбен жабдықтаудың техникалық базасы жаңартылды және кеңейтілді. Тозған болат газ құбырлары пайдалану мерзімі ұзақ, электрохимиялық қорғау құралдарын қажет етпейтін полиэтилен газ құбырларына ауыстырылды, бұл оларды жөндеуге кететін шығындарды азайтады.
Жобаны іске асырудан жоспарланатын тиімділік – жоғары қысымды газ құбырын бірнеше рет сақиналандыруға байланысты жүйелердің сенімділігін арттыра отырып, 85 мың м3/сағ. - 258 мың м3/сағ. дейін өткізгіштік қабілетін арттыру.
Оңтүстік Қазақстан облысының газбен жабдықтаудың техникалық базаларын жаңарту тек жаңа газ инфрақұрылымын құруға ғана мүмкіндік беріп қоймай, тұтынушылар мен жеткізушілерге озық жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
«Шымкент қаласының ГТЖ жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы 245,7 км. газ құбыры салынды, орта қысымды газ құбыры – 146,8 км., төмен қысымды газ құбыры – 98,9 км., 4605 шкафтық пункт, 8 газ блокты пункт орнатылды. Жоба бойынша жұмыстар толық көлемде аяқталды.
01.01.2017ж. жоба бойынша барлығы 2403 км. газ құбыры салынды, 46 газ реттейтін пункт, 8 газ блокты пункт, 32 906 шкафтық пункт, 129 шкафтық газ реттейтін пункт жөнделді, 48 822 абонент қайта қосылды.
Мәртебесі: жоба аяқталды. Нәтижесінде газбен жабдықтаудың жаңа жүйесіне облыс орталығының 55 325 абоненті немесе 250 000 тұрғыны көшірілді.

«АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН ГАЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ГАЗ ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ» ЖОБАСЫ
Жобаны іске асыру мерзімі – 2015-2020жж.
2015 жылы Жобаға бастамашылық жасалды және Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, ресурстық базаны бағалау, газ тасымалдау жүйелерін, аймақты газдандыру объектілерінің техникалық және инвестициялық параметрлерін дамытумен өзара байланысқан кешен ретінде құрылды.
Ақтөбе облысын газдандыру объектілерін салу жобаларын іске асыру бойынша ұзақ мерзімді және өзара тиімді қызметтестікке қатысты 2015 жылғы 5 ақпанда Ақтөбе облысы Әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасында өзара түсіністік және қызметтестік туралы меморандумға қол қойылды.
Жоба шеңберінде агломерация және облыстың аудан орталықтарының құрамына кіретін 9 елді мекенді газдандыру, сондай-ақ жалпы қуаты 360 мың текше м/сағ. 3 АГТС салу және қолданыстағы тозығы жеткен газ құбыры желілерін жаңғырту жоспарланып отыр.
Табиғи газды тұтынушылар санын 5,4 мың абонентке көбейту, энергетикалық қауіпсіздікті және Ақтөбе облысының елді мекендерін газбен жабдықтауда олардың өсіп отырған қажеттіліктерін сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету, облыс аумағын газдандыруды жалғастыру мүмкіндігінен көрінетін қосымша мультипликативті әсер, тұрғындардың өмір сүру жағдайын арттыру, еңбек ету және өмір сүру жағдайын жақсарту Ақтөбе облысын газдандыруды іске асырудың экономикалық тиімділігі болып табылады.
Жобаны іске асыру шеңберінде 2016 жылы жалпы ұзындығы 370,3 км. газ құбыры салынды, 2 автоматтандырылған газ тарату жүйесі, 100 шкафтық газ тарату пункті, 9 блокты газ реттейтін пункт орнатылды. Жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының негізігі көлемі 2016 жылы игерілді.
Мәртебесі: жоба орындалу үстінде. Жаңа абоненттерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ГАЗ ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ» ЖОБАСЫ.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2019жж.
Тараз қаласының газ тарату желілеріне жаңғырту жүргізу қаланың газ тарату желілерін реконструкциялау бойынша кешенді шараларды іске асыру үшін, оларды пайдалану кезінде техникалық сенімділікті және қауіпсіздікті арттыру, нормативтен жоғары техникалық ысыраптарды төмендету, газ құбырларының жобалық қуаттылығын қалпына келтіру және аз қабатты секторда газбен жабдықтаудың екі сатылық жүйесіне өту үшін қажетті шаралар болып табылады, бұл газ тұтыну көлемдерін есепке алуды және бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Тараз қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту нәтижесінде өткізгіштік қабілетті 101,5 мың м3/сағ.-150,5 мың м3/сағ. дейін 49 мың м3/сағ. арттыру, газ құбырлары арқылы газдың шығуынан газдың техникалық және технологиялық ысыраптарын қысқарту, таяудағы 40-50 жылға күрделі жөндеуге арналған пайдалану шығындарын 70% дейін төмендету, қаланың газ тарату жүйелерінің қызмет ету мерзімін 50 жылға ұзарту (полиэтилен газ құбырының кепілді қызмет ету мерзімі), газды рұқсатсыз алу және ойып қосу мүмкіндіктерін жою жоспарланып отыр.
Газ тарату желілерін жаңғыртуды негіздеу үшін қала 8 (сегіз) кешенге бөлінді, кешендер жаңғырту объектілеріне бөлінді. Объектілер кешен ішінен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және қолданыстағы желіні жаңаға ауыстыруға ыңғайлы болу үшін қаланың газ тарату желілерін ажыратудың технологиялық жүйесі бойынша бөлінді.
Жоба екі кезекте жүзеге асырылуда:
- 1-ші кезек (5 іске қосу кешені 2011-2016жж.);
- 2-ші кезек (3 іске қосу кешені 2017-2019жж.).
01.01.2017 жылғы жағдай бойынша жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асырылып отыр. Есепті күнге жобаның бірінші кезегі бойынша барлық жұмыстар аяқталды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша 5-ші іске қосу кешені бойынша келесі іс-шаралар орындалды:
- ұзындығы 79,45 км. газ құбыры салынды, соның ішінде полиэтилен – 59,39 км, болат – 20,09 км; 526 дана жеке шкафтық пункттер орнатылды, техникалық және авторлық қадағалау жүргізілді;
- екінші кезеңнің 1-ші іске қосу кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, 21.12.2016 ж. Мемлекеттік қорытындыны алуға арналған шарт жасалды. Жоспарланған жұмыстар 100% орындалды.
01.01.2017ж. Жобаны іске асыру басталғаннан бері барлығы 712 км газ құбыры салынды, 14 632 шкафтық пункт орнатылды.
2017 жылы Жобаның екінші кезеңін іске асыру басталады.
Мәртебесі: Бүгінгі күні бес іске қосу кешенінен тұратын Тараз қ. газ тарату желісін жаңарту инвестициялық бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша жұмыстардың барлығы аяқталды. Өндірістік жұмыстар кестесіне сәйкес асфальт төсемін қайта қалпына келтіру жұмыстары мердігер ұйымдармен аяқталатын болады.
РЕСУРСТЫҚ БАЗАНЫ КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР
«ҚАНСУ» ЖОБАСЫ
2015 жылы 21 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (№14/2015 хаттама 17 тармақ) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 100% қатысу үлесін «ҚазТрансГаз» АҚ пайдасына иеліктен шығару мәселесі мақұлданды.
2016 жылдың 19 қаңтарында Жалғыз қатысушы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «ҚазТрансГаз» АҚ ауысуына байланысты Ақтау қ. Әділет басқармасында «КМГ-Кансу Оперейтинг» ЖШС қайта тіркеу жүргізілді.
2016 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «КМГ-Кансу Оперейтинг» ЖШС арасындағы Маңғыстау облысында орналасқан Қансу учаскесіндегі көмірсутек шикізатын барлауға арналған 2013ж.01.10. №3949-УВС Келісімшартқа Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы №2 Қосымшаға қол қойылды.
2016 жылдың 22 қыркүйегінде ҚР Энергетика министрлігінің Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының отырысында қаралды және келісілді және ҚР ЭМ-де Қансу учаскесіндегі мұнай және газға арналған іздеу жұмыстарының жобасына №1 Толықтыру (бұдан әрі - ІЖЖТ) бекітуге қабылданды.
Бекітілген ІЖЖТ сәйкес 2016-2019 жылдарға арналған Келісімшарттың Жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізілді.
2016 жылдың 1 қазанында Қансу кенорнының геологиялық моделін құру жұмыстары аяқталды. Үш өлшемді геологиялық моделдер құрылды, бор және юра шөгінділері бойынша бастапқы геологиялық қорлардың бағалауы жүргізілді.
2016 жылдың 31 қазанында «Қансу» учаскесіндегі қоршаған ортаны қазіргі жағдайының аудиті» Жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. Жұмыс жүргізілген жалпы алаң Қансу» учаскесінің келісімшарттық аумағына тең және 4374,64 кв. км. құрайды.
2016 жылдың 2 желтоқсанында ҚР ЭМ Жұмыс тобының Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты отырысы болып өтті (ҚР ЭМ Жұмыс тобының № 15 хаттамасы). Осы отырыстың қорытындысы бойынша Құзыретті орган оңтайлы шешім қабылдады және 2016 жылдың 29 желтоқсанында Келісімшартқа № 3 Толықтыруға қол қойылды.
2016 жылдың желтоқсанында «Солтүстік Қансу учаскесіндегі R1 барлау ұңғымасын салуға арналған техникалық жоба» әзірлеу қызметін сатып алу жөнінде тендер жарияланды.
2017 жылы атқарылатын істер мәртебесі
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «Солтүстік Қансу аймағында R1 іздеу ұңғымасын салу техникалық жобасын» дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба мемлекеттік бақылау органдарының қарауында.

«ГАЗ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ АМАНГЕЛДІ ТОБЫН ИГЕРУ» ЖОБАСЫ
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту бағдарламасына сәйкес республиканың оңтүстік аймақтарының тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету және энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында, «ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылғы 12 желтоқсанда Көмірсутек шикізатын бірлесіп барлауға және өңдеуге арналған келісімшарт негізінде Жамбыл облысындағы газ кен орындарының Амангелді тобын игеруді жалғастырып жатыр.
Аталған Келісімшарттың әрекет ету мерзімі – 2031 жылға дейін.
Жобаны іске асыру шеңберінде «Амангелді» кен орнын өнеркәсіптік пайдалану және өзіне геологиялық барлау және сейсмикалық жұмыстар кешенін, артық қорларды санауды, тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобаларын, өңдеу ұңғымаларын салу жобаларын және кен орнын орналастыру объектісін әзірлеуді қосатын Амангелді тобының басқа кен орындарын игеру жүзеге асырылады. Амангелді тобының кен орындарындағы табиғи газдың бекітіліп өндірілетін қорлары 15 520 млн. м3 құрайды.
2008 жылдан бастап Амангелді кен орны өнеркәсіптік игеру сатысына түсті. Қазіргі кезде 33 ұңғыма пайдаланылуда.
2014 жылдың 27 қарашасында Жарқұм кен орны тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді, 5 ұңғымада өндіру жүргізіледі.
2015 жылдың 12 қарашасында барлау кезеңі 2018 жылдың 12 желтоқсанына дейін 3 (үш) жылға ұзартылды.
2014-2015 жылдары Сұлтанқұдық құрылымында ЖТНӘ 2D 257,1 қума км көлемінде сейсмикалық зерттеулер жүргізілді, оның нәтижесінде құрылымдардың параметрлері мен болжамды ресурстары, іздеу ұңғымаларының орналасқан жері мен тереңдігі анықталды. Жаңа деректердің негізінде, 2016-2018 жылдары тереңдігі 4 250м 1 тәуелсіз ұңғыманы, тереңдігі 5000 м және 2970 м 2 тәуелді іздеу ұңғымаларын, сәйкесінше КСШ өнеркәсіптік қорларын айқындайтын құрылымдардың келешегін нақтылау мақсатында бұрғылауды көздейтін «Бархан-Сұлтанқұдық аймағындағы бағалау жұмыстарының жобасы» жобалық құжаттама әзірленді.
«Батыс Сұлтанқұдық» құрылымында жобаланған тереңдігі 4 250 м, +/-250 м құрайтын №R-1 бағалау ұңғымасы бұрғыланды (4500 м).
Өнеркәсіптік игеру басталғалы бері Амангелді кен орнында 4,03 млрд. м3 табиғи газ және 303,15 мың тонна газ конденсаты өндірілді. Соның ішінде 2016 жылы 311,31 млн. м3 табиғи газ, 20,67 мың тонна газ конденсаты өндірілді.
Өнеркәсіптік игеру басталғалы бері Жарқұм кен орнында 37,97 млн. м3 табиғи газ және 348,5 тонна газ конденсаты, соның ішінде 2016 жылы 15,91 млн. м3 табиғи газ, 80,90 мың тонна газ конденсаты өндірілді.
2017 жылғы 01.01. жағдай бойынша «Амангелді Газ» ЖШС 4,072 млрд. м3 табиғи газ, 303,5 тонна газ конденсатын өндірді.
2017 жылы атқарылатын істер мәртебесі
Қазіргі уақытта Серіктестік «Айрақты кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға беру жобасы» негізінде Айрақты кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға беруге дайындалу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, Амангелді кен орнында бір игерім ұңғымасын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«ИМАШЕВСКИЙ КЕН ОРНЫН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАРЛАУ» ЖОБАСЫ
2005 жылдың 18 қаңтарында ҚР мен РФ арасында қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы туралы мемлекетаралық шарт жасалды, оның нәтижесінде Имашевский кен орны трансшекаралық кен орын мәртебесін иеленді.

2010 жылдың 7 қыркүйегінде ҚР мен РФ Үкіметі арасында Имашевский трансшекаралық газ конденсаттық кен орнын геологиялық зерттеу және барлау бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды.

Келісім бойынша уәкілетті органдар: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 50% және «Газпром» ААҚ– 50%, Имашевский кен орнын геологиялық зерттеу барысында шығындарды тең бөледі.
2013 жылдың 11 қарашасында Келісім бойынша Оператор - «КазРосГаз» ЖШС-не ҚР және РФ аумағында Имашевский кен орнында геологиялық зерттеуге (РФ) және барлауға (ҚР) жер қойнауларын пайдалану құқығын беру үшін Келісімге өзгерістер Хаттамасына қол қойылды. Хаттама 2014 жылдың 18 сәуірінде күшіне енді.

2015 жылдың 22 маусымында «КазРосГаз» ЖШС ҚМГ 50% қатысу үлесі «ҚазТрансГаз» АҚ берілді.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2015-2021ж.
2015 жылы жоба бойынша ҚР геологиялық ақпараттың ішінара жиынтығы алынды, геологиялық зерттеуге және барлауға арналған Бірыңғай жоба әзірленді.
2016 жылдың 21 қарашасында Имашевский кен орнын геологиялық зерттеуге және барлауға арналған Бірыңғай жоба ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтті.
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мен «Газпром» ААҚ ұстанымдарына сәйкес «Имашев кен орнын дамыту жобасын іске асыру келешегі туралы» мәселені «КазРосГаз» ЖШС Қадағалау кеңесінің қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.

«ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙНІНІҢ КӨМІР ҚАБАТЫНЫҢ МЕТАНЫН ӨНДІРУ» ЖОБАСЫ (ҒЗТҚЖ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ГБЖ 1-ШІ КЕЗЕҢ)
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының шешімімен «Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабатының метанын өндіру» жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2014-2018 жылдарға арналған инновациялық-технологиялық даму стратегиясын» іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының инновациялық жобаларының тізбесіне қосылған.
2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрімен Мемлекет басшысының Көмір қабаттарының метанын (КҚМ) барлау және өндіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бекітілді. Осы Жоспарға сәйкес «ҚазТрансГаз» АҚ Қарағанды көмір бассейнінің Шерубайнұра көмірлі ауданындағы жер қойнауын пайдаланушы «Сарыарқа» ӘКБ» ҰК АҚ келісімшарттық аумағында ҒЗТҚЖ шеңберінде геологиялық балау жұмыстарын – Жобаның 1-ші кезеңін жалғастыруда (2015ж.03.04. Келісімге сәйкес).
Қоғам КҚМ барлау және өндіру мәселелерімен айналысатын жетекші отандық ғалымдармен және жер қойнауын пайдаланушылармен, қазіргі әлемдік көмір метанын барлау және өндіру технологиялары мен тәжірибелері бар шетелдік компаниялармен ұдайы кездесулер өткізіп тұрады.
КҚМ геологиялық барлау жұмыстары күрделі ғылыми-техникалық міндеттерді қамтиды, ҒЗТҚЖ шеңберінде жүргізіледі және нақты аумақтың газдылығын зерттеуге, КҚМ өндірудің аса қолайлы технологияларын жасауға бағытталған. ҒЗТҚЖ шеңберінде қазіргі шетелдік технологияларды/ұңғымаларды салу әдістерін қолдану, халықаралық тәжірибе есебімен және білікті сервистік мердігер ұйымдарды және т.б. тарта отырып, КҚМ дебиттерін игеру және қарқындату бойынша ықтимал нұсқаларды қабылдайды.
Қазіргі кезде Жобаның 1-ші кезеңі бойынша барлау және тәжірибелік-эксплуатациялық ұңғымалар бұрғыланды, алғашқы газ алынды. Жетекші халықаралық зертханадан алынған (АҚШ, ҚХР, Еуропа) керн талдамасының деректеріне сәйкес Шерубайнұра учаскесінің көмірінің сипаттамасы АҚШ-тың ірі кен орындарымен ұқсас (Блэк Варриор КҚМ барлау жылына 1,5 млрд. текше м дейін).
2017 жылы Жол картасына сәйкес геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда: Қазақстан Республикасының теңгеріміне қойып, қорларды есептеу жүргізілуде, зерттелетін келісімшарттық аумақтың КҚМ өндіру және коммерциялау келешегін бағалау мақсатында техникалық-экономикалық есептер (ТЭЕ) әзірленуде. ТЭЕ Бірінші ұсыныстары бойынша олардағы геофизикалық зерттеу кешенімен 3 ұңғыма салуды орындауға арналған тендер рәсімдері жүргізіліп жатыр. Геологиялық барлау жұмыстарының қорытындыларын алғаннан кейін (ҒЗТҚЖ шеңберінде ГБЖ Жобасының 1-ші кезеңі) Жобаны одан әрі іске асыру туралы түпкілікті шешім қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасы аймақтарының халқы үшін КҚМ тауар газының оңтайлы бағасын қалыптастыруға және инвестиция тартуға қолайлы жағдай тудыру мақсатында, ҚТГ уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Жол картасына сәйкес КҚМ барлау және өндіру қызметін мемлекеттік қолдауға бастама білдіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр:
КҚМ барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды (ҚазМұнайГаз/ҚазТрансГаз үшін) конкурссыз алу жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын алу;

Елбасымен 2016 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды, оның шеңберінде қолданыстағы салық және инвестициялық артықшылықтарды алу үшін КҚМ барлау және өндіру қызметін мемлекеттік қолдау бекітілген. Заңға тәуелді НҚА қол қою жұмыстары жүргізілуде.

Көмір қабаттарын алдын ала газсыздандыру және КҚМ қызметін тиімді реттеу мәселелері бойынша ұсыныстар, КҚМ барлауға қатысты ҒЗТҚЖ қаржыландыру бойынша мүдделі жер қойнауын пайдаланушылар міндеттемелерінің қолданыстағы механизмін қайта қарау бойынша ұсыныстар «Жер қойнаулары және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне Тұжырымдамаға бағытталған. Кодексті баптар бойынша талдап әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

КҚМ энергетиканың баламалы көзі ретінде қосу жөніндегі ұсыныс Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған «жасыл экономикаға» өту жөніндегі Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына бағытталды.

2017 жылы атқарылатын істер мәртебесі
Қорлардың саналып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік теңгеріміне қойылуы бойынша жұмыс атқарылып жатыр.

Зерттеліп отырған келісімшарттық аумақтағы КҚМ барлау және коммерциялаудың келешегін бағалаудың техникалық-экономикалық есебі (ТЭЕ) аяқталды.

ТЭЕ алғашқы кеңестеріне сәйкес геофизикалық зерттеулері бірге ұсынылатын 3 ұңғыманың құрылысын жүргізу жұмыстарына тендерлік шаралар өткізілді. Геологиялық барлау жұмыстарының (ҒЗТҚЖ аясындағы ГБЖ жобасының 1-ші кезеңі) нәтижелері шыққаннан кейін Жобаның одан әрі жүргізілуі бойынша соңғы шешім қабылданатын болады.

Әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Кодексінің жобасын дайындауға қатысудамыз.


ЭКСПОРТТЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЛАР ЖОБАСЫ
«ҚАРАӨЗЕК КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯСЫН САЛУ» ЖОБАСЫ
Қысқа мерзімнің ішінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізу қабілетін жылына 10 млрд.м3 дейін жеткізу мақсатында, 2016 жылдың 25 мамырында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Инвестициялық комитетінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның күшімен және қаражатымен «Қараөзек» КС салудың мақсаттылығы туралы шешім қабылданды.
2016-2017 ж. Жобаны іске асыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
«Мақат» компрессорлық станциясынан газ айдайтын агрегаттарды ауыстыру аяқталды;

Жобаның ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды;

2017 жылдың 3 тоқсанында Қараөзек компрессорлық станциясын пайдалануға беру жоспарланды.

ҚОЖАСАЙ КЕН ОРНЫНАН «БҰХАРА-ОРАЛ» МГҚ КС-12 ДЕЙІН МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ» ЖОБАСЫ
Ақтөбе облысының кен орындарында ілеспе газды жағу және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры үшін ресурстық базаны ұлғайту мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның инвестициялық комитетімен 2016 жылғы 21 қыркүйекте Қожасай кен орнынан «Бұхара-Орал» МГҚ КС-12 дейін магистральдық газ құбырын салу» жобасын іске асыру туралы №13-16 шешім қабылданды.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2016-2017 жж.
Жобаны іске асыру мақсатында 2016 жылы мыналар орындалды:
Жобаны іске асыру үшін материалдар мен жабдықтарды сатып алу және жеткізу жүзеге асырылды;

168 км болатын газ құбырының 30 км төселді;

2017 жылдың 2 тоқсанында магистральдық газ құбырын пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.


«ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ МГ ҚУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ (1-ШІ УЧАСКЕ)» ЖОБАСЫ
2011 жылдың 27 шілдесінде «ҚР мен Қытай Үкіметі аралығында 2007 жылғы 18 тамызда жасалған Қазақстан-Қытай газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 2 Қосымшаға қол қойылды, оған сәйкес Тараптар «Қазақстан-Қытай» МГҚ бірінші учаскесінің қуаттылығын жылына 25 млрд. м3 арттыруға келісті, оның жылына 20 млрд. м3 қытай тарапының ҚХР-на түркімен және өзбекстан газын тасымалдауды жүзеге асыру мақсатында пайдалануға арналады, ал жылына 5 млрд. м3 қазақстан тарапы үшін ҚР ішкі нарығының газға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚХР-ға газды экспорттау мақсатына арналады.
Жоба бойынша өткізу қабілеті жылына 25 млрд. м3 болатын, ұзындығы 1 308 км магистральдық газ құбырын салу жобаланады.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2017 жылдар.
2011 жылдың 26 қыркүйегінде ҚМГ, ҚТГ және TAPLine арасында «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші учаскесінің «С» желісін жобалауды, қаржыландыруды, салуды және пайдалануды ұйымдастырудың негізгі қағидалары туралы Келісімге қол қойылды.
2016 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жоба бойынша келесі негізгі жұмыстар атқарылды:
2015 жылдың 9 шілдесінде газ құбырдың желілік бөлігі пайдалануға берілді;

2015 жылдың 16 шілдесінде №6 компрессорлық станция пайдлануға берілді;

2015 жылдың 23 шілдесінде №2 компрессорлық станция пайдлануға берілді;

2015 жылдың 3 тамызында №4 компрессорлық станция пайдлануға берілді;

2015 жылдың 10 тамызында №8 компрессорлық станция пайдлануға берілді;

2015 жылдың 31 желтоқсанында ТМРжБҚКД №278-НҚ бұйрығымен 2016-2019 жылдар аралығы кезеңінде магистральдық газ құбыры арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметтерінің тарифі ҚҚС қоспағанда 1000 м3 үшін 3 494 теңге мөлшерде бекітілді.

Қазіргі кезде жылына 20 млрд.м3 дейінгі көлемде жобалық қуаттылыққа қол жеткізілді, келешекте 2017 жылы №1, №3, №5, №7 компрессорлық станцияларды салу есебімен газ құбырдың қуаттылығын жылына 25 млрд. м3 дейін арттыру жоспарланып отыр.
2017 жылдың 5 ақпанындағы жағдай бойынша газ құбыры пайдалануға енгізілген сәттен бастап 21 млрд.м3 газ көлемі тасымалданды.
2017 жылы атқарылатын істер мәртебесі:
№1 компрессорлық станцияның құрылысы мен іске қосу жұмыстары жүргізілуде;

№3 компрессорлық станцияның құрылысы жүргізілуде;

№5 компрессорлық станцияның құрылысы жүргізілуде;

№7 компрессорлық станцияның құрылысы жүргізілуде

SCADA жүйесі мен Телекоммуникация құрылысы жүргізілуде;

«Қазақстан – Қытай» ГҚ қуатын ұлғайту» «С» желісі инвестициялық жобасы құрылыс, іске қосу жұмыстарының мерзімін ұзарту және нысандарды 2018 жылдың соңына дейін пайдалануға беру бойынша түзетулер енгізу (бірінші аумақ) бойынша материалдар «ҚазТрансГаз» АҚ Инвестициялық комитетінің 24.03.2017 жылғы №5 хаттамалық шешімімен мақұлданып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инвестициялық комитетінің қарауына жіберілді.


«БЕЙНЕУ-БОЗОЙ-ШЫМКЕНТ ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ» ЖОБАСЫ
ҚР оңтүстік аймақтарының газға қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету, импорттық газға тәуелділікті азайту және ҚР энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу» жобасын іске асыру жалғастырылуда (Бозой және Қараөзек компрессорлық станцияларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр).
Газ құбырдың бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтары арқылы өтеді және негізгі техникалық сипаттары мынадай: 1-ші кезең – 2012-2017ж. өткізу қабілеті жылына 6 млрд. м3 дейін; 2-ші кезең – 2013-2017ж. өткізу қабілеті жылына 10 млрд.м3 дейін, нақты ұзындығы 1 454,2 км (біртізбекті орындау).
2010-2016ж. Жобаны іске асыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
ҚР мен Қытай Үкіметі арасында 2007 жылғы 18 тамызда Қазақстан-Қытай газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды;

2010 жылы 12 маусымда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапарының шеңберінде «Қазақстан-Қытай» газ құбырын салудың және пайдаланудың негізгі қағидалары туралы келісімге (НҚК) қол қойылды.

2011 жылдың 18 қаңтарында Жобаны ҚР аумағында іске асыру мақсатында бірлескен Қазақстан-қытай жобалық компания – «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылды;

2013 жылдың 2 желтоқсанында мемлекеттік қабылдау комиссиясының «Бозой» ГӨС өткізу қабілеті жылына 2,5 млрд. м3, «Бозой-Шымкент» учаскесінің (311-1453 км) желілік бөлігін пайдалануға енгізу туралы актісіне қол қойылды;

2015 жылдың 31 желтоқсанында ҚР ТМРжБҚКД №278-ОД бұйрығымен магистральдық газ құбыры арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифі 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолднысқа енгізілетін, ҚҚС қоспағанда 1000 м3 үшін 18 071 теңге мөлшерде бекітілді;

2016 жылдың 30 желтоқсанында қабылдау комиссиясының өткізу қабілеті жылына 5 млрд.м3 дейінгі «Бейнеу-Бозой» учаскесінің (0-311км) желілік бөлігін пайдалануға енгізу туралы актісіне қол қойылды;

2017 жылғы 1 мамыр жағдай бойынша тасымалдау басталғалы бері 6,4 млрд.м3 газ көлемі тасымалданды;

2017 жылдың 1 мамырындағы ахуалы бойынша тасымалдау басталғаннан бері 6,4 млрд м3 газ тасымалданды.

Трасса бойындағы жолдарды, «Шорнақ», «Қараөзек», «Ақсуат» және «Сексеуіл» ӨЭБ және ВА, «Бозой» КС және ВА (компрессорлық станция мен вахталық ауыл ) салу жұмыстары жалғасуда.


СЫРТҚЫ АУДИТОР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«ҚазТрансГаз» АҚ ( одан әрі - Қоғам) сыртқы аудиторы - «Эрнст энд Янг » ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйымы болып табылады.
2014 жыл бойынша қаржылық есептiлiктiң аудитiн өткізуі үшін сыртқы аудиторға берілген сый 18 417 496 тенге құрды.
Аудиторлық қызметтерден басқа, аудиторлық емес қызметтерді сыртқы аудитор көрсеткен жоқ.
«Эрнст энд Янг» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйымы 2002 жылдан 2014 жылға дейін Қоғамның сыртқы аудиторы болып табылады.

«ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ ТӘУЕКЕЛДІКТЕРІН БАСҚАРУ
Компанияның және оның еншiлес ұйымдары мен тәуелдi қоғамдарының қызметiне тәуекелдердің әсерi бар. ҚазТрансГаз компаниялар Тобының беделiне және құнына әсер ете алатын тәуекелдердiң деңгейiн төмендету бойынша шаралар қабылдау және оларды дер кезінде идентификациялауға бағытталған корпоративтiк басқару жүйесiнiң маңызды құрамдас бөлігі ретінде тәуекелдерді басқарудың маңыздылығына зор мән береді.
Қоғамның тәуекелдерін басқарудағы көзделетін мақсат - бизнестің стратегиялық және жедел тұрақтылығын жеткілікті сенiмдiлікпен қамтамасыз ету болып табылады.
Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiн жүйелеу және бiрiздендiру мақсатында Қоғам мына құжаттарды өңдеп, өзектi сипат бердi және бекітті:
«КазТрансГаз» АҚ ішкi бақылау жүйесі туралы ереже (Директорлар кеңесiнiң 01.07.11ж. №9 шешiмi);

2013 жылға дейiн «КазТрансГаз» АҚ тәуекелдерiн басқару саясаты;

«КазТрансГаз» АҚ тәуекелдерін бiрдейлендiру және бағалау ережелері;

«КазТрансГаз» АҚ тәуекелдері бойынша комитет туралы ереже (Директорлар кеңесiнiң 26.10.ж. №14 шешiмi);

«КазТрансГаз» АҚ тәуекелдерiнiң жiктеуiшi және оның ЕТҚ (Басқарманың 2014ж. 12 қыркүйектегі №29 шешiм ).


http://www.uralskweek.kz/wp-content/uploads/2015/06/ajmak-1-700x525.jpg
https://tengrinews.kz/userdata/news/2015/news_281888/photo_168305.jpg

https://img.lada.kz/2014-08/1408087446_logo.jpg

c:\users\karina\desktop\п\новая папка\я\2017-09-15-13-21-08-492.jpg

c:\users\karina\desktop\п\новая папка\я\2017-09-15-13-21-36-796.jpg

c:\users\karina\desktop\п\новая папка\я\img-20170911-wa0123.jpg



написать администратору сайта